Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Әдістемелік талдау "Айналу осі бар және көпжақты геометриялық денелерді үш проекция жазықтығына кескіндеу".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Әдістемелік талдау "Айналу осі бар және көпжақты геометриялық денелерді үш проекция жазықтығына кескіндеу".

библиотека
материалов

Ф-БЕ10/9 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ,ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ


«Жалпыкәсіптік пәндер» циклдік комиссиясы







ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУ


(ашық сабақ)









Орындаған: Умирбекова Э.Т











Шымкент



Сабақтың тақырыбы: Айналу осі бар және көпжақты геометриялық денелерді үш проекция жазықтығына кескіндеу.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға : айналу осі бар және көпжақты геометриялық денелерді үш проекция жазықтығына кескіндеу жөнінде кең – көлемде мағлұмат беру.

ә) дамытушылық:Оқушылардың сызбаларды орындаудағы, оларды оқудағы жаттығулар жүйесін игеруін, кеңістіктегі заттардың кескінін көз алдына елестете білуге және ойлау қабілетін арттыру, көру, қадағалау, оларды салыстыру, талдау, синтездеу қабілетін қалыптастыру.

б) тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, бастаған ісін толық аяқтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өз мамандығына баулу және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы

Пән аралық байланыс: геометрия,математика,физика

Сабақты жабдықтау: Оқулықтар мен құрал - жабдықтар

а) сабақтың көрнекілігі:

  1. Ұтымды-көрнекі суреттер (плакаттар)

  2. Геометриялық денелердің модельдері

  3. Бұрын орындаған оқушылардың графикалық жұмыстары (үлгі ретінде)



ә) үлестірмелі материалдар:

  1. Оқулықтар

  2. Жеке үлестірмелі кеспе-қағаздар

  3. Сызу құралдары



б) оқытудың техникалық жабдықтары:

  1. Компьютер, проектор, экран



в) оқыту орны: № 203 – «Сызу» дәрісханасы

Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі:


  • Оқушыларды оқу журналы бойынша тексеріп, назарын сабаққа аудару.

  • Оқушылардың сабаққа қажетті құрал жабдықтарының толықтығын анықтау.

  • Кабинеттің тазалығына назар аудару.

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу:

1.AutoCAD бағдарламасында қандай шрифтімен жазып орындайды?

2.Проекциялаудың қандай түрлері бар?

3.Сызбада өлшемдер қандай бірлікпен көрсетіледі?

4. Масштаб деп нені атаймыз және ол сызбада қалай белгіленеді?

5.Контур сызығынан қандай қашықтықта өлшем сызықтары жүргізіледі?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Пирамида.Табаныдепаталатынкөпбұрышпенжәнебүйіржақтарыдепаталатынүшб9рыштарменшектелгенкөпжақты - пирамидадепатайды (67-сурет). Егерпирамиданың табаны пбұрышты фигура болса, онда оны п бұрышты пирамида дейді. 67-суреттегі пирамиданың табаны бесбұрыш АВСDЕ, сондықтан оны бесбұрышты пирамида дейді. Бүйір жақтарының ортақ нүктесі S пирамиданың төбесі болады. Пирамидаларды дұрыс және дұрыс емес деп екі топқа бөлуге болады. Дұрыс пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш болады және оның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр табанындағы көпбұрыштың центріне түседі. Горизонталь проекциялар жазықтығында тұрған дұрыс үшбұрышты пирамиданың сызбасы 68,а-суретте кескінделген. Алдымен пирамиданың горизонталь проекциясын тұрғызып аламыз. Пирамиданың табаны горизонталь проекциялар жазықтығында жатқандықтан, бұрмаланбай нақты шамасына проекцияланады. Абсцисса осін қалауымызша орналастырып, онымен қиылыспайтын және төмен орналасқан шеңбер жүргіземіз. Шеңбердің центрі S2 пирамида төбесінің горизонталь проекциясын береді.S2 нүктесі арқылы вертикаль түзу жүргізіп, оның шеңбермен қиылысу нүктесін пирамида төбелерінің бірінің горизонталь проекциясы ретінде қабылдаймыз. Ол нүктені А2 деп белгілейік. Бір төбесі А2 нүктесі болатын шеңберге іштей дұрыс үшбұрыш сызамыз. Бұл үшбұрыштың бір қабырғасы ВС фронталь проекциялар жазықтығына параллель. Табылған A2, В2 және С2 нүктелерін өзара және S2 нүктесімен қоссақ, пирамиданың горизонталь проекциясы шығады. А2, В2 және С2 нүктелері арқылы вертикаль байланыс сызықтарын х осіне дейін жүргізіп, A1, В1, және С1 нүктелерін аламыз. Пирамиданың биіктігіне тең A1S1 кесіндісін салып, нүктесін табамыз. ТабылғанA1, В1, С1 және S1 нүктелерін кесінділермен қосудың нәтижесінде пирамиданың фронталь проекциясын шығарып аламыз. Профиль проекцияны тұрғызу үшін қалауымызша z осін жүргізіп (оны вертикаль орналастыру қажет), S, А, В және С нүктелерінің профиль проекцияларын — S3, А3, В3 және С3 нүктелерін саламыз. Пирамиданың бүйір жағы — SВС үшбұрышы профиль проекциялаушы фигура болғандықтан, оның профиль проекциясы кесіндіге кескінделген, ал қыры SА профиль орналасқан кесінді болғандықтан, п3 жазықтығына нақты шамасында проекцияланған. 68, ә-суретте үшбұрышты дұрыс пирамиданың тікбұрышты изометриясы көрсетілген. Дұрыс үшбұрышты пирамиданың моделін картоннан немесе қатты кағаздан жасауға болады. Ол үшін пирамида бетінің жаймасын (68, б-сурет) салу керек. Көпжақты беттің жаймасы жазықтыққа бір-біріне түйістіре салған жақтардың нақты шамаларынан тұрады. Біздер қарастырып отырған мысалда, алдымен пирамиданың табанын салып алған дұрыс. А2В2С2 үшбұрышына тең А0В0С0 үшбұрышын саламыз. Осы үшбұрыштың қабырғаларына бірдей теңбүйірлі А0S0B0, В0S0С0 және С0S0A0 үшбұрыштарын тұрғызамыз. Модель жасау үшін жайманы қиып алып, қос нүктелі үзілме сызықтар бойынша бүгіп, S0 нүктелерін бір нүктеге біріктіру керек. Содан кейін пирамиданың бүйір қырларын желімдеу керек. 69, а-суретте дұрыс бесбұрышты пирамиданың проекциялары көрсетілген. Мұнда да алдымен горизонталь проекция салынады. Шеңберге іштей дұрыс бесбұрыш тұрғызылады. Пирамиданың горизонталь проекциясы бойынша фронталь проекциясы, ал фронталь және горизонталь проекциялары бойынша оның профиль проекциясы салынады. 69, ә-суреттеSАВСDЕ бесбұрышты пирамиданың қиғашбұрышты фронталь диметриясы сызылған. hello_html_m1f04097b.jpghello_html_m473f9464.jpg



Призма. Табандары деп аталатын екі жағы параллель және тең көпбұрыштар, ал қалған бүйір жақтары параллелограмдар болатын көпжақты - призма деп атайды. Егер табаны пбұрышты фигура болса, онда призма nұрышты призма деп аталады. Призмаларды тік және көлбеу призмалар деп екі топқа бөледі. Тік призманың жақтары тіктөртбұрыштар болады және табандарымен 90° бұрыш жасайды. Табаны дұрыс п бұрыш болатын тік призманы дұрыс n-бұрышты призма дейді. 70, а-суретте дұрыс алтыбұрышты призманың сызбасы, ал 70, ә-суретте оның қиғашбұрышты фронталь диметриясы көрсетілген. Призманы фронталь проекцияда оның үш жағы көрінетіндей етіп орналастырады, оның себебі кейінірек айтылады. Алдымен горизонталь проекциясын салып алған дұрыс. Призманың табандары горизонталь орналасқан, сондықтан олар2 жазықтығына нақты шамасына проекцияланған. Призманың алты бүйір жағы - горизонталь проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан тіктөртбұрыштар. Олардың екеуі фронталь проекция жазықтығына параллель. Бүйір қырлары - горизонталь проекциялаушы кесінділер, ал табан қырлары – горизонталь орналасқан кесінділер. 71-суретте үшбұрышты көлбеу призманың фронталь, горизонталь және профиль проекциялары салынған.hello_html_168c0a1b.jpghello_html_m1b51fa03.jpghello_html_875959e.jpg


Цилиндр. Цилиндр туралы жоғарыда айтылған. Математикакурсында цилиндрді тіктөртбұрыш өзінің бір қабырғасынан айналғанда шығатын айналу денесі дептүсіндіреді. Тіктөртбұрыштың қозғалмайтын қабырғасын цилиндрдіңосі деп атайды, ал оған қарама-қарсы қабырғасы - жасаушысы. Жасаушысы цилиндрдің бүйір бетін және қалған екі қабырғасы цилиндрдіңтабандары болатын бірдей екі дөңгелекті сызып шығады. 72-суретте горизонталь проекциялар жазықтығында тұрған цилиндрдіңсызбасы және тікбұрышты изометриясы сызылған. Цилиндрдің фронталь және профиль проекциялары - тең тіктөртбұрыштар, ал горизонталь проекциясышеңбер болатынын көреміз. Айналу цилиндрініңосі табан жазықтықтарына перпендикуляр. Цилиндрдің бетінде жататын оның осіне параллель кесінді жүргізугеболады. 72-суретте осындай кесінділердің бірі АВ

көрсетілген. Осындай кесіндіні, мысалы, АВ кесіндісін, цилиндрдің жасаушысы деп атайды. Оның себебі АВ кесіндісін осьтенайналдырса, онда ол кесінді цилиндрдің бүйір бетін жасайды. Цилиндрді картоннан жасап алуға болады. Ол үшін оның жаймасын салу керек. 72, б-суретте цилиндр бетінің жаймасы келтірілген. Жайма тіктөртбұрыштан және екі дөңгелектен тұрады. Дөңгелектер - цилиндрдің табандары, ал тіктөртбұрыш - оның бүйір бетінің жаймасы. Тіктөртбұрыштың биіктігі цилиндрдің биіктігіне тең, ал ұзындығы оның табанындағы дөңгелек
шеңберінің ұзындығына тең. Шеңбердің ұзындығы с болсын, ал диаметрі
d болсын. Олардың қатынасын гректің ("пи" деп оқылады) әрпімен белгілейді. Сонда Осыдан с = , ал  3,14. Жоғарыда қарастырылған цилиндрді тік цилиндр дейді. Жасаушылары табан жазықтықтарына көлбеу болатын цилиндрді көлбеу цилиндр деп атайды. Көлбеу цилиндрдің табандарындағы дөңгелектердің центрлерін қосатын түзу (цилиндрдің осі) оның табан жазыкқтықтарына перпендикуляр болмайтындығын байқау қиын емес. Көлбеу цилиндрдің сызбасы 73-суретте көрсетілген.
hello_html_22b65584.jpghello_html_39f62e8a.jpg


Конус. Тікбұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуінен айналдырғанда шығатын айналу денесін конус дейді. Тікбұрышты үшбұрыштың қозғалмайтын катеті конустың осі, гипотенуза - жасаушысы деп аталады, ал екінші катет конустың табаны болатын дөңгелекті жасайды. 74, а-суретте айналу конусының сызбасы, ал 74, ә-суретте аксонометриясы кескінделген. S нүктесі конустың төбесі деп аталады. Сонда конустың фронталь және профиль проекциялары теңбүйірлі үшбұрыштар, ал горизонталь проекциясы табанына тең дөңгелек болады. Конустың төбесі2 жазықтығына өзінің горизонталь проекциясы болатын дөңгелектің центріне проекцияланады. Конустың аксонометриясын салу үшін аксонометриялық осьтер жүргізіп, табанының центрі - О' нүктесі координаталары бойынша салынады. Одан кейін конустың табанындағы шеңбердің кескіні болатын сопақша сызылады. Конус төбесінің аксонометриясы - S' нүктесі координаталары бойынша салынады. S' нүктесінен сопақшаға жанамалар жүргізіледі (74, ә-сурет). Конусты картоннан жасау үшін, оның бетінің жаймасын салуды қарастырайық (74, б-сурет). Қалауымызша S0 нүктесін алып, центрі осы S0 нүктесі болатын, радиусы конус жасаушысының ұзындығына тең шеңбер доғасын жүргіземіз. Доғаның бір ұшын А0 деп белгілейік. Доғаның бойына А0 нүктесінен бастап шеңбердің (конустың табанындағы) ұзындығын салу керек. Бұл арада жуықтап салу әдісін пайдаланған тиімді. Шеңберді тең 12 бөлікке (одан да көп тең бөліктерге) бөледі. А2В2 - шеңбердің 1/12 бөлігі болсын. А2В2 кесіндісін өлшеуішпен (шеңберсызармен) өлшеп алып, доғаның бойына А0 нүктесінен бастап 12 рет саламыз. Ең соңғы нүктені және А0 нүктесін S0 нүктесімен кесінді арқылы қосамыз. Сонда конустың бүйір бетінің жаймасы шығады. Оның толық бетінің жаймасын алу үшін бүйір бетінің жаймасына тақап конустың табанын салса болады. Егер төбесі мен табанының центрін қосатын түзу оның табанына перпендикуляр болмаса, конусты көлбеу конус дейді. Көлбеу конустың мысалы 75-суретте келтірілген.hello_html_cd219d3.jpghello_html_m73001820.jpg

Шар. Дөңгелекті диаметрлерінің біреуінен айналдырғанда пайда болатын денені шар деп атайды. Шардың бетін сфера дейді, оның проекциялары өзара тең шеңберлер болады (76-сурет).

hello_html_m2dde37ab.jpg






















ІV. Оқушының білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және бекіту (пысықтау):

1.Айналу осі бар денелер деп қандай денелерді айтамыз?

2.Көпжақты геометриялық денелер деп қандай денелерді айтамыз?

3.Сфера деген не?

4.Шар ,цилиндр, конус, призма пішінді заттарды атаңдар?

5.Техникада қолданылатын қорабты және

лекалды қисықтар деген қандай фигура?

V. Сабақты қорытындылау.

1.Сызу пәнімен байланысты пән аты? (геометрия)

2.Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі қалай аталады? (Стандарт)

3.Нәрсенің кескінінің өлшем сызықтарының нақты өзіне қатынасы дегеніміз не? (масштаб)

4.Детальдың бірінші көрінісін салатын жазықтық атауы (Фронталь)

5.Проекциялаудың түрлерін атаңдар.

6.Сызба құралы? (циркуль)



 VІ. Үйге тапсырма беру:


НО-1,62-74 беттерді оқу, №5 графикалық жұмысты орындау.





Қолданылған әдебиеттер


1.Есмұханов Жанұзақ Мұхитұлы «Сызу». Жалпы білім беретін орта мектепке арналған оқулық. Алматы, «Рауан», 1996ж.

2.С.К.Боголюбов «Черчение». Учебник для ССУЗ-ов. Москва, «Машиностроитель»,1989г

3.А.Д.Ботвинников «Сызу». Орта мектепке арналған оқулық. Алматы, «Рауан», 1980ж. «Мектеп»



































































Автор
Дата добавления 07.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров133
Номер материала ДБ-112966
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх