Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Әдістемелік талдау "Бір рет қана пайдалануға арналған конструкторлық құжат болып табылатын эскиздер туралы".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Әдістемелік талдау "Бір рет қана пайдалануға арналған конструкторлық құжат болып табылатын эскиздер туралы".

библиотека
материалов

Ф-БЕ-10/9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ


«Жалпыкәсіптік пәндер» циклдік комиссиясы







ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАУ

(ашық сабақ)






Орындаған: Қожақұлова Б.Н.






Жалпыкәсіптік (пәндік) циклдік

комиссиясында талқыланып,

қаралған.

Хаттама №____ «____»___20__ж.

Төраға: ________Кушерова Т.М.

(қолы)









Шымкент

Күні: 26.03.2016 Топ: ОДД-9-151

Сабақтың тақырыбы: Бір рет қана пайдалануға арналған конструкторлық құжат болып табылатын эскиздер туралы. Қарапайым детальдардың эскиздерін орындаудың кезеңдері мен оны орындау. Өлшемдер қою. Өлшеуіш құралдармен детальды өлшеу тәсілі.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға осы тақырып бойынша детальдардың эскиздерін сызуды үйрету, жаңа мағлұмат беру және т.б.

ә) дамытушылық:Оқушылардың сызбаларды орындаудағы, оларды оқудағы жаттығулар жүйесін игеруін, кеңістіктегі заттардың кескінін көз алдына елестете білуге және ойлау қабілетін арттыру, көру, қадағалау, оларды салыстыру, талдау, синтездеу қабілетін қалыптастыру.

б) тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, бастаған ісін толық аяқтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өз мамандығына баулу және пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы

Пән аралық байланыс: геометрия,математика,физика

Сабақты жабдықтау: Оқулықтар мен құрал - жабдықтар

а) сабақтың көрнекілігі:

  1. Ұтымды-көрнекі суреттер (плакаттар)

  2. Геометриялық денелердің модельдері

  3. Бұрын орындаған оқушылардың графикалық жұмыстары (үлгі ретінде)



ә) үлестірмелі материалдар:

  1. Оқулықтар

  2. Жеке үлестірмелі кеспе-қағаздар

  3. Сызу құралдары



б) оқытудың техникалық жабдықтары:

  1. Компьютер, проектор, экран



в) оқыту орны: № 209 – «Сызу» дәрісханасы



Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі:


  • Оқушыларды оқу журналы бойынша тексеріп, назарын сабаққа аудару.

  • Оқушылардың сабаққа қажетті құрал жабдықтарының толықтығын анықтау.

  • Кабинеттің тазалығына назар аудару.

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу:

Өткен тақырыпқа байланысты алдын-ала дайындалған сұрақтар бойынша оқушылардан жауап алу:

  1. Деталь сызбасы деп қандай документті айтады?

  2. Деталь сызбасы қандай талаптарға сай орындалады?

  3. Деталь бетінің адыр-бұдырлығы туралы не айта аласыңдар?

  4. Сызбада адыр-бұдырлықты қалай көрсетеді?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Эскиз деп өндірісте тек бір ғана рет пайдалануға арналған конструкторлык документті айтады. Эскиз нәрсенің кескіндерінен және басқа да нәрсе туралы мәліметтерден тұрады. Эскизде нәрсені өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау әдісімен кескіндейді, бірақ ол қолдан сызба аспаптарының көмегінсіз салынады. Сондықтан эскизде масштаб болмайды. Алайда кескінделетін бұйым бөліктерінің арасындағы пропорционалдықты шамамен сақтай отырып, эскизді көз мөлшері масштабымен орындау керек..

Ғалымдар, инженерлер жаңа машинаның жобаларын жасағанда эскиздерді кең түрде пайдаланады. Алдымен эскиздік жоба жасалады, оған бірнеше рет өзгерістер енгізіледі. Эскизді масштабсыз қолдан сызатын болғандықтан, оны салу оңай. Көңілге ұнамаған нәрсенің эскизін қайта-қайта салу онша қиындыққа соқпайды. Сондай-ақ эскиздер машиналарды жөндегенде, яғни істен шыққан детальдың орнына жаңа деталь жасау қажет болғанда, қолданылады. Бұл жағдайда эскизді істен шыққан детальдың өзіне карап отырып салады. Кейде өндіріс орындарында детальды тікелей эскиз бойынша жасайды. Сондықтан эскиз техникалық маңызы зор конструкторлық документ болып есептеледі. Эскизде кеткен қателік, оның сызбасына ауысады, ал одан кейін машинаның өзі де ақаулы болып шығады.

Эскиздер өмірде өте кең түрде пайдаланылады. Оны сызу сабағынан баска пәндерде де орындайсыңдар. Мысалы, физика және химия пәндеріндегі лабораториялық аспаптардың және құралдардың эскиздерін салуға тура келеді. Геометрия есептерін шығармас бұрын, есептің шартындағы геометриялық фигуралардың эскиздерін (техникалық суреттерін) салып алу керек. Осындай зскиздер физиканы, химияны, геометрияны, тіпті жалпы алғанда техниканы меңгеруге көмегін тигізеді.

Сонымен детальдың эскизі деп оның кескіндерінен тұратын және детальды жасау үшін керекті маліметтер түгелдей бар конструкторлық документті атайды. Детальдың сызбасы қандай міндетті атқарса, оның эскизі де сондай міндетті атқарады.

Эскизді, әдетте, миллиметрше деп аталатын кағазға салады. Ал сендерге эскизді торкөз дәптер бетіне салу қолайлы болады. Торкөз бойынша параллель және перпендикуляр сызықтарды жүргізу, детальды кескіндегенде оның бөліктерінің пропорционалдығын сақтау, қағазға сызықтар бойымен түзу сызықтар жүргізу оңай.

Эскизде шеңберлерді және олардың доғаларын қолдан жүргізуге тура келеді. Бұл жұмыс бастапқыда сендерге оңай болмайды. Сондықтан циркульді пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ кейіннен шеңберлер және оның доғалары қолмен бастырыла жүргізілулері қажет.

Эскиздегі сызықтар біркелкі және айқын болуға тиіс. Сызықтар жұмсақ қарындаштармен {М немесе 2М) жургізіледі. Жазулар түгелдей сызба шрифтісімен орындалады.

Детальдың өзіне карап отырып, оның эскизін салуды қарастыралық. Эскизге деталь кескінін мынадай кезеңдерге бөліп орындау тиімді.

1-кезең. Детальдың пішінімен танысу. Детальды қолға алып, оны аударып-төңкеріп караймыз; оның пішінімен танысамыз. Тұтас детальдың және оның жеке бөліктерінің геометриялық пішіндерін айқын ұғыну үшін, детальды ойша қарапайым денелерге ажырату немесе толықтыру пайдалы. Мысалы, біз «фланец» деп аталатын детальдың эскиздерін салудағы негізгі кезеңдерге тоқталайық (45, а-сурет). Оның пішініне геометриялық талдау жасау үшін, фланецті ойша екі бөлікке ажыратуға болады (45, ә-сурет). Бірінші бөліктің пішіні өте қарапайым, екі жазықтық және екі ортақ осі бар цилиндр беттерімен шектелген. Екінші бөліктің пішіні одан күрделірек. Оны тесіктерін бітеп толықтыруға болады. Диаметрлері бірдей екі цилиндр және диаметрі үлкенірек үшінші цилиндр алып, оларды осьтері бір жазыктықта және үлкен цилиндр ортасында орналасатындай етіп орналастыралық. Цилиндрлерді қоршайтын төрт жанама жазықтық және оларға перпендикуляр екі жазықтық жүргізіледі. Енді осы үш цилиндр және алты жазықтық анықтайтын фигураны аламыз. Алынған фигураны үш жерден дөңгелектеп тессек екінші дене (45, ә-сурет) шығады.

Осы кезеңде детальдың қолданылатын жері, атқаратын жұмысы, материалы туралы да ойластырған жөн. Детальға ат қою керек.

2-кезең. Деталь кескіндерінің жеткілікті санын анықтау.

Басты кескінді таңдап ала білу керек. Ол детальдың пішіні туралы айқын түсінік беруге тиіс. Тіліктерді, қималарды, Ø және □ танбаларын, сондай-ақ детальдың қалыңдығын, ұзындығьн көрсететін шартты белгілерді пайдалана отырып, кескіндердің санын мүмкіндігінше азайту керек. Фланец тесіктерінің осьтері арқылы жазықтық жүргізсек, ол жазықтық симметрия жазықтығы болады. Басты кескін осы симметрия жазықтығына параллель жазыктықка тікбұрыштап проекциялаудың нәтижесінде алынады. Детальдың фронталь проекциясы симметриялы болғандықтан басты кескінде жарты көріністі жарты (фронталь) тілікпен жалғастыруға болады, Фланец үшін кескіндердің жеткілікті саны екеу. Басты кескіннен басқа үстіңгі көріністі салу керек.

3-кезең. Эскиз салатын форматты таңдау. Форматтың өлшемдері белгіленген кескіндерді және түсірілетін өлшемдерді орналастыруға мүмкіндік беретіндей болуы кажет.

Торкөз дәптердің ортасын бекітетін темірін ақырындап босатыңдар. Сонда алынган парақтардың ендері А4 форматының еніндей, ал ұзындықтары сәл үлкенірек; ұзындықтарын 6...8 торкөзге кыскарту арқылы эскиз салуға болатын қағаз аласыңдар.

4-кезең. Таңдап алынған форматты эскиз салуға дайындау.

Форматтың, өлшемдеріне сәйкес оның шетін көрсететін тік төртбұрышты салады. Сызбаның рамкасын сызады. Рамканы форматтың үстіңгі, оң және төменгі жақтарынан 5 мм қашықтықта, ал сол жағынан 20 мм кашыктықта жургізетінін білесіңдер. Форматтың оң жақ төменгі бұрышынан негізгі жазуға орын қалдырады. Бұл орынның ұзындығы шамамен 185 мм, ал ені 55 мм болуы кажет.


hello_html_m79bb771c.png

5-кезең. Кескіндерді форматқа алдын ала орналастыру.

Көз мөлшері масштабын тандап алу керек, ягни детальды зскизде үлкейту немесе кішірейту кажеттігін анықтау керек. Мысалы, детальды шамамен 1,5 есе үлкейтігі немесе шамамен 3 есе кішірейтіп салуға болады. Ал мұндай масштабтардың жоқ екенін білесіңдер. Детальдың габарит өлшемдері арасындағы пропорциялык қатынастар анықталады. Онын биіктігі шамамен ұзындығынан неше есе кіші немесе неше есе үлкен? Ұзындығы оның енінен неше есе үлкен немесе неше есе кіші? Бұл жерде детальды өлшеудің қажеті жоқ, аталған қатынастарды шамамен детальға қарап отырьп анықтау керек. Осыдан кейін эскизде әрбір кескін үшін габариттік тік төртбұрыштарды жұмсақ карындашпен көрінер-көрінбес етіп жүргізеді. Шығару және өлшем сызықтары осы тік төртбұрыштардың ішінде орналасады деп есептеледі (46. а-сурет).

6-кезең. Детальдың көріністерін жіңішке сызықтармен салу. Алдымен ось сызықтарын, симметрия осьтерін жүргізіп алады. Проекциялық байланыстарды сақтау шарт, яғни үстінгі көрініс басты көріністің дәл төменгі жағына, сол жақ көрініс онын оң жак қатарына салынады. Әсіресе көз мөлшері масштабын сақтауға көп көңіл бөлінеді.

7-кезең. Деталь кескіндерін салуды аяқтау. Көріністердің біразын тіліктермен алмастыру; қималарды, жергілікті тіліктерді, жергілікті және қосымша көріністерді салу. Бұранда кескіндерін ыкшамдап көрсету, көмекші сызыктарды өшіру және тіліктер мен кималарды штрихтау. Мысалы, 7-кезеңнен кейінгі алынған кескін 46, ә-суретте берілген.

8-кезең. Шығару және өлшем сызықтарын жүргізу. Бұл кезеңде шығару және өлшем сызықтарын жүргізумен қатар диаметрдің, радиустың, квадраттың, көлбеуліктің, конустылықтың, бұранданың шартты белгілері жазылады (47, а-сурет).

9-кезең. Сызбаға детальдың өлшемдерін түсіру. Детальдың барлық өлшемдерін өлшеу аспаптары мен кұралдарын пайдаланып анықтайды. Аныкталған өлшемдерді өлшем сызықтарының үстіне жазады.

10-кезең. Детальдың, эскизін салуды аяқтау. Негізгі жазу графаларын толтырады. Салынған кескіндердің, түсірілген өлшемдердің дұрыстығын тексереді.

Эскизді жұмсақ қарындашпен бастыра жүргізеді. 47. (ә-сурет).

Эскиз салуда үш қарындаш пайдаланған орынды. Ол қарын- даштардын біреуін жінішке сызықтарды, екіншісін жуан сызықтарды жүргізу үшін, ал үшіншісін сызбадағы жазуларды жазу үшін колданады.


hello_html_m5e88dd1.png



hello_html_352f9655.pnghello_html_5cd51b45.png

47-сурет

Сызбаның дұрыс салынғанын тексере білудің маңызы бар. Тексеру үшін сызбаны оқи білу керек. Эскизді тексергенде төмендегі сұрақтарға жауаптар ізделінеді.

Детальдың басты кескіні дұрыс таңдап алынған ба?

Сызбада басы артық кескін бар ма?

Детальдың геометриялық пішінін толық түсіну үшін салынған кескіндер жеткілікті ме?

Өлшемдер түгел дұрыс түсірілген бе? Қайталанылатын өлшемдер жоқ па?

Негізгі жазу дұрыс толтырылған ба?

Эскиздің дұрыстығы детальдың эскизіне қарап, оның сызбасын салғанда анықталады. Осы мақсатта окушыларға мынадай тапсырма беріледі: дәрісханада окушы оқытушының бақылауымен кабинетте бар детальдың біреуінің эскизін салады; ал үйде осы детальдың эскизі бойынша сызбасын салады.

Сызбаны алдымен жіңішке сызықтардың көмегімен салып алады. Сызба салу реттілігінің эскиз салу кезеңдерінен айырмашылығы жоқ. Ең ақырында сызбаны бастыра жүргізетінін білесіңдер. Оны мынадай реттілікпен орындаған тиімді:

осьтік және центрлік сызықтар бастырылып жүргізіледі;

шығару және өлшем сызықтары бастырылып жүргізіледі;

өлшем сызықтарының стрелкалары салынады;

көрінбейтін қисық сызықтар бастырылып жүргізіледі;

көрінетін қисық сызықтар бастырылып жүргізіледі;

алдымен горизонталь, кейін вертикаль және соңында көлбеу көрінбейтін сызықтар бастырылып жүргізіледі;

цифрлар мен жазуларды бастырып жүргізеді.

Сызбаны бастырып жүргізуде әр типтегі сызықтардың қа-

лыңдығын мұқият сақтау керек. Бөлек қағазға әр типтегі сызықтың үлгісін сызып қойып, сол қалыңдықты сызба салудың басынан аяғына дейін сақтау қажет. Жазуларды және жуан негізгі тұтас сызықтарды М қарындашымен, үзілме сызықтарды ТМ қарындашымен және жіңішке сызықтарды Т қарындашымен бастырып жүргізеді.

Детальды өлшеу тәсілдері

Эскизде детальдың өлшемдерін түсіру үшін, оны өлшеу керек. Детальдың өлшемдерін анықтау үшін әр түрлі өлшеу құралдары қолданылады. Қарапайым өлшеу құралдарына масштабтық бөліктері көрсетілген темір сызғыш, нутромер және кронциркуль жатады. Масштабты сызғышты тікелей пайдаланып, детальдың түзу сызықты бөліктерінің ұзындықтарын анықтауға болады. Оның габарит өлшемдерін (ұзындығын, биіктігін және енін) масштабты сызғышпен өлшейді (49, а-сурет). Деталь кырларының ұзындығын өлшеу оңай.

hello_html_54f603b3.png



hello_html_m47874145.pnghello_html_1c2fb3f.png





hello_html_61898238.pnghello_html_37b5dfcb.png

б)

49-сурет



Кронциркуль бір-бірімен топсалап ұстатылған екі қисық сирақтан тұрады (49, ә-сурет). Оны масштабты сызғышпен бірге пайдаланады. Кронциркульді детальдың сыртқы қисық беттерінің өлшемдерін, әсіресе айналу беттерінің диаметрін, анықтауда қолданады.

Нутромердің кронциркульден айырмашылығы оның сирақтары түзу (49, б-сурет). Оны детальдың ішкі беттерінің өлшемдерін анықтауда қолданады. Нутромер айналу беттерінің ішкі диаметрлерін өлшеуге қолайлы. Кронциркульді немесе нутромерді топсаларынан ұстап, олардың сирақтарын ара қашықтығы өлшенетін беттерге жайлап тақайды. Одан кейін сирақтарының арасын өзгертпей тұрып, масштабты темір сызғышпен сирақтардың аралығын өлшейді.



1-мысал. Екі тесіктің осьтері арасындағы қашықтықты өлшеу (эскиз салуда жиі кез- деседі). Екі тесіктің диаметрлері бірдей болса, сызғыштың масштабты қырын тесіктердің центрлері арқылы өтетіндейhello_html_328ee0d0.png

етіп орналастырады (50, а-сурет). Одан кейін шеңберлердің сәйкес нүктелері А және В аралығын өлшейді. Ал тесіктердің диа- метрлері бірдей болмаса, онда шеңберлердің өзара жақын орналасқан нүктелері М және N аралығын өлшейді (50, ә-сурет). Тесіктер осьтерінің ара қашықтығы а бірінші жағдайда өлшенген аралыққа тең, ал екінші жағдайда өлшенген аралыққа тесіктердің радиустарын қосу керек. Бірінші жағдай үшін а=АВ, ал екінші жағдай үшін а = MN+R1+R2 мұндағы R1 және R2 тесіктердің радиусы. Осы мақсат үшін кронциркульді пайдалануға да болады.

51-сурет 2 - м ы с а л. Деталь қабырғасының қалыңдығын

b анықтау (51-сурет). Бұл жағдайда қабырғаның

қалыңдығын тікелей өлшеуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан кронциркуль мен сызғышты пайдаланып, 51-суретте көрсетілген екі өлшемді (а мен с) таба- мыз. Іздеп отырған қалыңдықты (b) осы екі өлшемнің айырымы түрінде анықтайды: b= a-c

Аталған құралдардың өлшеу дәлдіктері төмен, олар 0,5 мм-ден аспайды.





ІV. Оқушының түсінген білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және бекіту (пысықтау):

  1. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша қойылған сұрақтарына жауап беру.

  1. Эскиз деп қандай контрукторлық документті айтады?

  2. Эскиз кескіндері қалай салынады?

  3. Оның масштабы болдыма? Көз мөлшері масшатын қалай түсіндіресіңдер?

  4. Эскизді қандай жағдайларда пайдаланады? Оның адам өміріндегі, өндірістегі маңызы қандай?

  5. Эскиз қандай қағазға салынады? Эскизде шеңберді және шеңбер доғаларын циркульмен жүргізуге бола ма?

  1. Жұмыс дәптерге жаттығу орындау.



V. Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасын орындаған және сабақты бекіту кезінде қойылған сұрақтарға жауап берген, сызбаларды сызып бітірген оқушыларды біліміне сәйкес бағалау.

  1. _______________________

  2. _______________________

  3. _______________________

  4. _______________________



VІ.Үйге тапсырма беру:

НО-1, 169-172 беттерді оқу, №13 граф.жұмысты орындау













Қолданылған әдебиеттер


  1. Есмұханов Жанұзақ Мұхитұлы «Сызу». Жалпы білім беретін орта мектепке арналған оқулық. Алматы, «Рауан», 1996ж.

  2. С.К.Боголюбов «Черчение». Учебник для ССУЗ-ов. Москва, «Машиностроитель»,1989г

  3. А.Д.Ботвинников «Сызу». Орта мектепке арналған оқулық. Алматы, «Рауан», 1980ж. «Мектеп»





Автор
Дата добавления 01.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров93
Номер материала ДБ-106680
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх