Инфоурок Начальные классы КонспектыӘдістемелік әзірлеме "Ұлттық тәрбие"

Әдістемелік әзірлеме "Ұлттық тәрбие"

Скачать материал

 

 

 

 

 

Құрастырушы: Даумова Гулимай Исатаевна

 

Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі

 

Білім беру ұйымы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, №2жалпы орта білім беретін мектеп

 

E-mail: gulimai_87@mail.ru

 

Номинация атауы: Әдістемелік әзірлемелер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе. Тәрбие адам тағдырын  ойластырады, болжайды, алдын-ала  адамның рухани өмірінің көптеген негіздерін сақтайды. Тәрбие ұлылар өсиетін сақтата отырып, адамгершілік құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Тәрбиелі болу тек түзу жүріп, таза киіну емес. Ол – Отанды сүю, ана тілді қадірлеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, деннің саулығы, рухани биіктігі, имандылық, еңбексүйгіштік, сұлулық, дүниетаным кеңдігі, сабырлылық , әділдік, әдептілік. Осы барлық тәрбиенің өзегі – адамгершілік тәрбиесі. Қазақ халқының  ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Ал «ұлттық» тәрбиенің астарында тілімізге, дінімізге, елге, жерге деген құрмет жатыр.

«Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» -деп  халқымыздың дана сөздерінде айтқандай , осы бағытта «Атадан қалған асыл сөз», «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі», «Бабалар сөзі – даналық көзі», «Қош келдің, Наурыз», «Рақымдылық жүрегімде» т.б. атты тәрбие сағаттары сыныпта жиі өткізілуде. Соның ішіндегі  байқауға ұсынып отырған тәрбиелік ашық шараның бірі «Ұлттық тәрбие –  болашаққа бастар жол».  Бұл  әдістемелік әзірлемені құрғандағы мақсатым қазақ халқының сан ғасырлардан бергі ата-бабадан қалған, ұрпақтан-ұрпаққа өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан, салт-дәстүрлерді, халық ауыз әдебиет түрлерін  жаңа бағытқа негіздей отырып, олардың жеке тұлға ретінде өз ойларын еркін айтып, сыныптастарымен пікірлесе отырып мәдениетті сөйлеу тілін, ұшқыр ойлауын қалыптастыру. Оқушыларды ұлттық салт- дәстүр негізінде   ұлттық сана – сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің  дамуына үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбиелік шарада интербелсенді тақтаны, көрнекіліктер ретінде асықтарды, тақырыпқа байланысты суреттерді пайдаландым. Тәрбие сағаты сайыс түрінде өткізілгендіктен әділқазы алқасы сайланды. Сайысқа баға берген әділқазылар  мүшесі:

1.     Оқу ісінің меңгерушісі: Кенжеғалиева А.С.

     2. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Айткулова А.

     3. Бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшісі: Алманова Ж.

     4. Бастауыш сынып мұғалімі: Тауғыстауова Д.

Шараны оқушыларды топқа бөлуден бастаймын. Оқушылар топтарға  қоржыннан асықты  суыру арқылы  бөлінеді. Қоржынға екі түсті асықтар салынады. Қызыл түсті асық таңдаған оқушылар «Тұлпар» тобына. Жасыл түсті таңдаған оқушылар «Сәйгүлік» тобына бөлінеді. Халқымыз ежелден төрт түлік малдың төресі деп жылқы малын таныған. Оны ерекше  күтіп баққан. Түріне, түсіне қарай ат қойған.

1.     Топ: «Тұлпар» 

2.     Топ: «Сәйгүлік»

Әр топқа сұрақ қойылады. 1 топ: «Тұлпар» - жылқы малының қандай түрі тұлпар деп атаймыз? (асыл тұқымды, аса төзімді, белді, жүйрік, батырлар мінген жылқы).

2 топ: «Сәйгүлік» - жылқы малының қандай түріне жатады? (шашасына шаң жұқпаған, жүйрік жылқы).

Екі топқа ортақ сұрақ: - Батырларға серік болған қандай тұлпарларды білесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалды.Балалар батырларға серік болған тұлпарларды Исатайдың Ақтабаны, Амангелді ба­тырдың Шалқасқасын, Ақан­ның Құлагерін, сонымен қатар батырлар жырындағы Қам­бардың Қарақасқасы,Қо­б­ыландының Тайбурылы,  Ер Тарғынның тарланы Ал­памыстың Байшұбары, Қаба­н­бай­дың Қубасы, Бөгенбайдың Қы­зыл аты, Қарабектің Қарасы, Қамыстың Шұ­­бары, т.б сәйгүліктерді атады.

Бұл шара сегіз бөлімнен тұрады.

1.     Шаңырақ

2.     Бәйге (үй тапсырмасы)

3.     Алтыбақан

4.     Бүркіт салу

5.     Асық ойыны

6.     Арқан тартыс

І. Сайысымыз «Шаңырақ» ойынымен басталады. Слайдтан киіз үйдің негізгі бөлігі шаңырақта жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы өтеді.

1.     Қазақтың байырғы баспанасы қалай аталады?

2.     Киіз үй неше қанаттан тұрады?

3. Шаңырақ қандай мағынаны білдіреді? (үй, отбасы)
4. Киіз үйдің негізгі құрылым жабдықтарын ата. (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық)
5.Сандықтың астына қоятын жиһаз. (жүкаяқ)
6. Әбдіре дегеніміз не? (зат, бұйым, киім салып қоятын үлкен сандық)
7. Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді? (төртке: төр, оң жақ, сол жақ, от орны)
8. Киіз үйдің сүйектерін жасайтын адамды кім деп атайды? (үйші)

    9. Сырмақ дегеніміз не? (киізден сырылып, оюлап жасалған төсеніш )
   10. Киіз үйге байланысты қандай өлең жолдарын білесіңдер? – сұрақтарға жауап алынғаннан кейін, оқушыларға киіз үй туралы толық мағлұмат беріледі.

Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының ұлттық мұрасы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен - жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Тағы бір ерекше айта кететін жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Оның ең үлкені он сегіз қанатты болады. Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Оқушылар шаңырақ дегенді  қалай түсінетіндерін айтады.

ІІ бөлім: «Бәйге». Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Осы ойын арқылы қазақ халқының салт-дәстүріне, өнеріне оқушылардың қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.

Бұл бөлімде әр топ үй тапсырмасы ретінде берілген шешендік сөздерге байланысты сахналық көрініс көрсетеді. Шешендік сөздерді алғандағы мақсатым қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерімен таныстыру. Кемеңгер шешендердің — үлгі-насихатқа  даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, халықтық мұра - шешендік сөздерді және халықтық салт - дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. 

1 топ: «Атадан ұл туса  игі...»

 1740 жылы қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле бастаған ел Ташкенттен қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты әкімдікке тағайындайды. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қол астында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр: «Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ» деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:
Атадан ұл туса игі
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені
Ортасынан қуса игі! – деп шы­рық бұзғандарды жиыннан қу­дырып жібереді. Содан соң айна­ла­сындағыларға қарап:
Уа, көсіле шабар жерің бар,
Ту көтерген ерің бар,
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Арылмайтын сорың бар…
Құлдық ұрсаң дұшпанға,
Еркек болып туды деп
Мына сені кім айтар? – деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіріпті деседі.

2 топ: «Сырымның Хиуа ханына жауабы»

Сырым батыр елден сырғып, Хиуа хандығында жүрсе, бір той үстінде мақтанған Хиуа ханы  Сырымға:

-Қазақта «ас-мас», «ат-мат», «жігіт-мігіт» деген жалғама сөздер көп көрінеді, солардың мәнісі не?- деп сұрайды.

-Сұрауыңызға тойдан кейін жауап берейін, - дейді  Сырым батыр.

Тойда Сырымның аты бәйгеден озып келеді. Жолдасы палуан күресінде жығып, бәйге алады. Тойдың ойын – қызығы бітіп, жұрт тарқар алдында  Сырым ханның бағанағы сұрағына былай деп жауап қайырады:

- Бізде той жасағанда жұртқа қой сойып – құйрық, жылқы сойып - қазы тартады. Сусынға қымыз беріледі. Соны «ас» дейді. Ал мынадай тас табаққа салып таратқан шөп-шалам мен сусынға береген шайды «мас» дейді. Сәйгүлік жарысында озып келген жүйрікті «ат» дейді, артында қалған тұғырды «мат» дейді. Алқа топтың алдында палуан жарысқа түсіп, алып ұрған ерді «жігіт» дейді, жер қауып жығылған еркекті «мігіт» дейді. Қазақтың «ас-мас», «жігіт-мігіт», «ат-мат» дейтін жалғас сөздерінің мағынасы осы, хан ием.

Нәтижесінде оқушылар шешендік сөздерді еске сақтауы, 
адамзат бойындағы жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіруі қажет. 

Сахналық көріністен соң оқушылар халық арасында шешендігімен,тапқырлығымен елге ерекше танылған Төле би,Қаз дауысты Қазыбек би,Әйтеке би, Малайсары би,Сырым батыр,Жиренше шешен,Бөлтірік шешен т.б атақты шешендердің  қандай шешендік сөздерін

білетіндерін атап өтеді.

ІІІ сайысымыз – «Алтыбақан». Алтыбақан ұлттық ойындардың бір түрі. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастар кешкілікте бас қосып, халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл оспақ, назды күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын – сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол. Ол – ауылдық жерде әлі де қызықты ойындардың бірі. Бұл сайыста әр топтан екі оқушыдан шығып мақал-мәтел айтып жарысады.Мақал-мәтелдердің тақырыбы   салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы болады. Әр топ салт-дәстүр, әдет-ғұрып тақырыбында бір-бірімен мақал айтып жарысады.«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал - мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал - мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.Оқушылар  мақал – мәтелдерді  ұлттық құндылық ретінде құрметтеп бағалай білуге, олардан тағылым алуға, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиеленеді.

1.Жаңылмас жақ болмас,

Сүрінбес тұяқ болмас.

2.Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

3.Жорғаң қатты болса,бәске сал,

Ісің ақ болса,көпке сал.

4.Тойған тамақ түске жетпес,

Ықылас естен кетпес.

5. Сыпайының сыры мол.

6. Қолыңмен істегенді мойныңмен көтер.

7. Аққа  қара жұқпайды.

8. Қонақ атаңнан да ұлы. 

9. Заманына қарай заңы, 
Тоғайына қарай аңы. 
10. Жасы құрдас, құрдас емес, 
Заманы бір құрдас. 

ІҮ. «Бүркіт салу». Бұл тапсырма интербелсенді тақтада суретпен жұмыс түрінде жүргізіледі.   Оқушылар бүркітті жасырын тұрған аңдардың суретіне салады. Сол суретте көрсетілген аңдар туралы білгендерін айтады.

Халқымыз ежелден өзінің та­биғатпен табыса алатын, тілдесе білетін қасиетімен танылған. Сондай табысудың бір түрі – жабайы құстарды, соның ішінде қырандарды баулып, баптай білу. Қазақ халқының кең тараған аңшылық өнерінің бірі- бүркітпен аң аулау. Бұл ептілікті, тапқырлықты  қажет етеді. Бүркіт жемтігін ауларда қара күшке мініп қаһарланады. Арпалыс кезінде бүркіт түлкі мен қасқырды да  аулайды.

Нағыз қазақ жігітінің қазынаға қосқан бір серігі қыран бүркітті ата-бабаларымыз текті құс деп бағалаған. Бүркітті қадірлейтіндігі соншалықты, ол өлсе, иесі оны қауырсын, мамығы, құйрығы, басы, тұяғымен, кейде «бітеу» немесе жара сойып, үй төріне қанатын кере іліп қоятын болған. Бұл «бүркіттен пәле-жала қашады» деген нанымнан туса керек. Бүркіттің мамығын жастыққа салып жатса, басты пәледен сақтайды деседі. Құстың саусағын, тырнақтарын тұмар ретінде қолданған. Балалардан бүркіт салуға байланысты А. Құнанбаев атамыздың  «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңімен байланыстырып Абай атамыздың өмірі, шығармашылығы, өлеңдері, қара сөздері туралы оқушылар білгендерін айтады.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға», өлеңін ақын 1897 жылы  жазған, көшіп-қонып жүрген ата-бабамыздың сүйікті кәсібінің бірі- тазы жүгіртіп, қыран құс салу екендігі, әрі аң-құстарды бей-берекет ауламағандығы туралы атап өтемін.Осы өлеңге байланысты бейнеролик көрсетемін. Аңшылық, саятшылық жайлы түсініктерін кеңейтемін.

Қазақ үшін қыстың қызығы – қансонар. Ал қансонар қызығы ит жүгіртіп құс салу. Қансонар – жаңа жауған қардағы із.

Тазы жүгірткен –діңкәсі қатып алар, Бүркіт салған- қызыққа батып алар» осылайша оқып шығып мақалдың мағынасын ашамын.

Ү. Асық ойыны. Бұл ойын жұмбақ жарыс ретінде өтеді. Оқушылар тақтадан нөмірленген асықтарды таңдау арқылы жұмбақтардың шешуін табады. Жұмбақтардың тақырыбы ұлттық тәрбиеге байланысты.

Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі – сақа. Әдетте оны үлкен оңқай  асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған.

ҮІ. Арқан тартыс. Бұл бөлім дебат түрінде өтеді. Қазіргі заман талабына сай әр оқушы өз ойын ашық, еркін айтуға міндетті. Сол себепті екі топқа мынадай тапсырмалар беріледі.

1 топ: «Атадан қалған ұлттық құндылықтар қажет»

2 топ: «Атадан қалған ұлттық құндылықтар қажет емес» - осы тақырыпқа байланысты екі топ өз пікірлерін ортаға салып, қорғап шығады.

Қорытынды: Тәрбие алуды бала ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіруіміз қажет. Біздің қазақ халқы ғасырлар бойы өзінің салт-дәстүрін сақтап, соның салиқалы жолымен өмір сүріп келген халық. Ұлттық тәрбиенің көздері фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектерін­дегі тәрбие қағидалары болып табылады. Сондықтан да балалар сендер елдің болашағысыңдар, ел қорғайтын, ұрпақты жалғастырушысыңдар. Сендерді тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін. Әділқазылар  екі топтың тапсырмаларды орындауына қарай бағаларын береді.

Осы тәрбиелік шараның нәтижесінде оқушылар ұлттық рух,  ұлттық намыс,  ұлттық сана ұғымдарының мәнін ұғынып, елін, Отанын сүю сезімі қалыптасып, ерлік рухы оянады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдістемелік әзірлеме "Ұлттық тәрбие""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 946 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2016 2021
    • DOCX 39.6 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Даумова Гулимай Исатаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Даумова Гулимай Исатаевна
    Даумова Гулимай Исатаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23827
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 199 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек