Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Дизайн бұл шындық пен әдемілік және адамдар мен қарым-қатынас пішіні" 3010

"Дизайн бұл шындық пен әдемілік және адамдар мен қарым-қатынас пішіні" 3010



  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШАРА

«Дизайн – бұл шындық пен әдемілік және адамдар мен

қарым-қатынас пішіні»


«Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы,

ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі:

Досжанова Галия Есенгелдиевна



«Сәулет және дизайн» кафедрасының апталығында «Дизайн – бұл шындық пен әдемілік және адамдар мен қарым-қатынас пішіні» атты шығармашылық шара ұйымдастырдым. Бұл шараға жетекшілік ететін тобым 1417000 - «Тұрғын үйлерді дизайнерлік тұрғыда қайта жөндеу мен қайта қалпына келтіру» мамандығының 3010 тобы қатысты. Және ұстаздарға арналған фуршет ұйымдастырылды.


Шығармашылық шараның мақсаты:

  • оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру,

  • патриоттық сезімге,

  • дүниетанымдылыққа баулу.


Өткізілу барысы:


3010 тобының білім алушысы Зағыпар Айнұр:

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар және білім алушылар!

Бүгінгі біздің топ жетекшіміздің ұйымдастыруымен дайындалған 3010 тобының «Дизайн – бұл шындық пен әдемілік және адамдар мен қарым-қатынас пішіні» атты кішігірім көрмемізге қош келдіңіздер.

Өздеріңіз білетіндей 25-ші сәуір күні «Ашық есік күніне» байланысты өткізілген көрмеде, 3Д картиналар мен тірі (живая) картиналарды назарларыңызға ұсынған едік. Сол себептен біз оны қайталап жасауды жөн көрмей, сіздердің назарларыңызға «Дизайн» және «Сәулет» мамандықтарының шығармашылық жұмыстарын топтап көрсетуді, сонымен қатар, өзіміздің шағын шығармашылығымыз – Әлемнің жеті кереметінің бірі Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналатын Мысыр пирамидасын тамашалауға шақырамыз!

(көрермендерді кабинетке кіргізу, кабинетте жарық сөндірулі, шамдар жағылған)

Алдарыңыздағы Мысыр пирамидасы – бұл Мысыр перғауындарының немесе патшаларының өзіндік үлгідегі мазары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Бұл пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Ыстық аптапты Египет аспаны астында халықтар, мыңдаған адам тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген, Олар – мына жанындағы адамдар. (пирамиданың екі жанындағы адамдарды көрсету). Бұл алып құрылыс осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Сондықтанда бұл пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.

Енді сіздерге осы Египет пирамидасының қасиеттілігін де айтып өткіміз келеді.

Пирамида – архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы ту биіктегі бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Барлыңыңызға белгілі халық арасында: «Тіршілік уақыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады», - деген қанатты сөз бар. Бұл - пирамиданың мәңгілік ескерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды аһ ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады. Ғалымдардың пайымдауынша, пирамиданың өзіндік қасиеті бар. Ішінде жерленген перғауынның денесі шірімей, тас болып қатып қалуына пирамиданың таңғажайып қасиетінің әсер еткеніне ғалымдар таласпайды. Өйткені, пирамида ішінде кез келген ет сасымайды, бұзылмайды, тастап кеткен ұстара қайта жаңарып, өткір қалпына келеді. Пирамиданың таңғажайып құпия сырға толылығы, оның қуыстарының, бөлмелерінің құпиясын ашқан ғалымдардың, зерттеушілердің, археологтардың бірінен соң бірінің еш себепсіз көз жұмғандығы. Ғалымдар «Пирамиданың әрекет-әсерін» зерттеп, нақты бар болғанымен, түсінуге келмейтін бірқатар тосын жағдайлардың бетін ашқан. Соның бір шоғыры мынандай:

  • Ерітпе кофе пирамиданың астында біраз тұрса, табиғи кофе тәрізді дәмі шығады;

  • Арзан сигареттер хош иістеніп, ең бағалы сигареттерден ажырағыссыз болып шығады;

  • Балық, ет, жұмыртқа сияқты өнімдер бұзылмай, тек қатып, семіп қалады;

  • Су борсымайды;

  • Сүт көпке дейін ашымайды;

  • Сыр көгермейді;

  • Пирамида астында су құйып тұрса, қиып салған гүл отыз екі күнге дейін солмайды;

  • Кір, тот басқан зергерлік заттар өз-өзінен тазарады;

  • «Пирамида» суымен жуса шаштағы ақ кетеді;

  • Күніне ең болмаса он бес минут пирамида астында тұрған адамның көңілі көтеріліп, сергіп, тыңайып қалады.

Пирамида мұндай керемет қасиетке не себепті ие болып отырғаны әлі күнге дейін жұмбақ сыры ашылмаған құпия. Пирамиданың осындай таңғажайып қасиеттеріне тәнті болған батыстағы көптеген фирмалар қазіргі таңда құрылымы алуан түрлі «тұрмыстық пирамидаларды» жасап, халық игілігіне жаратуда.

Осы таңғажайып құпия мен қасиетке толы пирамидаға ұқсас ғибадатхана тұғыры, осындай сәулет өнерінің тамаша ескерткіші Қазақстанның Астана қаласында 2006 жылғы қыркүйек айында шаңырақ көтеріп, ол «Бейбітшілік және келісім» сарайына айналды. (Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайының суретін көрсету).

«Бейбітшілік және Келісім» сарайына айналған бұл пирамида ғимараты идеясының түп авторы – Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазір Бейбітшілік және келісім сарайында бай акустикаға негізделген 1500 орындық опера залы мен маңызды келісімдерге қол қойылатын аспалы зал, мұражай, көрме залы, кітапхана, барлық дәстүрлі дін өкілдерінің кеңселері жұмыс істейді. Бұл ғимарат халықаралық деңгейдегі қай шараны өткізуге де өте қолайлы.

3010 тобының білім алушысы Зағыпар Айнұр:

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


3010 тобының білім алушысы Махатова Мөлдір:

Енді мына беттегі суреттерге назар аударсаңыздар!

Бұл жерде «Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарының шығармашылық жұмыстары, яғни, планшетте орындалған холстқа майлы бояу техникасымен салынған суреттері.

Ал төменгі жақта орналасқан бұйымдар бұл - жіптерді керіп үйлестіре сәндеп жасалған студенттер жұмыстары және «Сәулет» мамандықтарының макеттері, соның ішінде «Руханият» Ақтөбе қаласы музейінде ұйымдастырылған көрмеде «Ең көрнекті макет» номинациясын жеңіп алған 3052 топ студенті жасаған Әйтеке би аудандық мешітінің макеті. (Әйтеке би аудандық мешітінің макетін көрсету).


3010 тобының білім алушысы Өмірзақова Гүлжайна:

Құрметті ұстаздар енді сіздерге «Фотосуреттер – сыр шертеді» тақырыбындағы фотосуреттерді және қолөнер бұйымдарды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Бұл «Фотосуреттер – сыр шертеді» тақырыбындағы фотосуреттер 2060 және 3010 топтары, «Дизайн» мамандығы студенттерінің «Фото ісі» сабағында танысқан фото жанрлары және әр түрлі тақырыптық фотосурет түсірілімдері. Бұл жерде сабақта танысып талқыланған, және сол тақырып бойынша өздерінің қызығушылығымен түсірілген 16 тақырып бойынша фотосуреттер, атап айтқанда:

  1. Сәулет

  2. Аэротүсіру. Ғарыш

  3. Атақты адамдар

  4. Сән

  5. Натюрморт

  6. Су астындағы түсірілім

  7. Портрет

  8. Саяхаттау

  9. Жарнама

  10. Үйлену тойды түсіру

  11. Көркем фотосурет

  12. Ракурс таңдау. Ракурстық түсірілім

  13. Концерттерді түсіру. Сахна көрінісін түсіру

  14. Хайуанаттар

  15. Түндегі түсірілім

  16. Спортты түсіру

Ал мына жердегі жұмыстар студенттердің өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдары.


3010 тобы және топ жетекшісі Г.Е.Досжанова:

Арнайы дайындалған дастарханымыздан дәм татуларыңызды сұраймыз және бұйымдарды жақын келіп қарауларыңызға да рұқсат!


Көрме сәттерінен


hello_html_38f1912e.jpghello_html_m679dd14c.jpg

hello_html_49f5cea6.jpg

hello_html_m232152ee.jpghello_html_m3a60f160.jpg



hello_html_5ed97294.jpghello_html_m1ab7e445.jpg




hello_html_131311cd.jpghello_html_m5359d3f5.jpg


Автор
Дата добавления 22.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров58
Номер материала ДБ-093948
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх