Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Для мероприятий недели языков
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Для мероприятий недели языков

библиотека
материалов

Т. Айбергенов атындағы орта мектеп























Сайыс











Өткізген: Бердібаева А















2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Тіл тірегі

Мақсаты: Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Білімділік: Ана тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлеуіне, шешендік сөздердің қыр-

сырын ұғына білуге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Ана тілін қадірлуге, қазақ елін қастерлеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Көрнекілігі: мультимедиялық проектор және экран.

Әдісі: сайыс



Жоспары

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі

  3. Негізгі бөлім

  4. Сайыс шартымен таныстыру

  • Тіл –сөз сайысы

  • «Құпия хат» фразеологизмдердің мағынасын ашу

  • Тіл туралы ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу

  • «Сөзден сөз құра» топтық жұмыс

  1. Қорытындылау

  2. Марапаттау



Барысы



  1. Сәлеметсіздер ме, қадірменді ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі «Тілім менің-тірегім» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Мақсатымыз: тіл туралы білімімізді кеңейту, фразеологизмдер арқылы танымдық қабілетімізді арттыру, сөздік қорымызды молайту.

Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады. Шарттарымен экран арқылы танысуға болады. Енді төрелік етер әділқазыларымызды сайлап алайық.

  1. Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қонақжай қазақ елінің «Тіл мерекесімен» шын жүректен құттықтаймын. Мағжан ақын айтқандай: Тіл-адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді. Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, ұлт үшін де қымбат. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады.»

Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, сал-дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ұлттыұ асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі-өнегесінің сырын кетірмей қастерлеп, жүзеге асыруымыз қажет. Елімізді басқа мемлекеттер танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы-тіл, себебі ол ұлттың тарихи көрінісі болып табылады. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс.

Тіл мәселесі –қазіргі таңда ең өзекті мәселе. Тілдің бүгінгі халы мен ертеңгі болашағына алаңдаушылық бар. Сіздер, оқушылар, келешектің азаматысыздар. Келешек сіздің қолыңызда, дәріптеу, ұлықтау сіздердің Отан алдындағы борышыңыз!

Енді ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. Бірінші тобымыз- Кемеңгер тобы. 8 класс оқушылары. Екінші тобымыз- Ұлағат тобы. Қатысушылары 9 класс оқушылары.

Енді, Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ,- деп, тапқырлықтарыңыз бен жылдамдықтарыңызды дәлелдейтін мезет жетті.

«Тіл» - сөз сайысын бастайық. Ортада әріптер жасырулы. Әрқайсысыңыз келіп бір әріптен таңдап аласыздар. Сол әріптен басталатын сұраққа жауап бересіздер. Ойлануға бір минут беріледі. Ал, сәттілік!

-Кемеңгер тобы, ортаға!

Ә- әрпінің сұрақтары.

  • Мир сөзінің аудармасы?

  • «Абай жолының» авторы?

  • Таңда оятатын құстын атын айт.

  • «Әдемілік» сөзінің синонимі.

  • Қазақ ханының есімі.

  • Білімнің бастауы...

  • Аюға таяқпен үйреткен нәрсе не?

  • Асқар тау кім?

  • Салтанатты түрде орындалатын ән.

  • Нені білмеген әлекке түседі?

Қ-сөзінің сұрақтары.

  • Долг – сөзінің аудармасы.

  • Біздің қандай елде тұрамыз?

  • ...бір қарын майды шірітеді.

  • Қырсыққанда не іриді?

  • «Жылдам» сөзінің фразеологизмін ата.

  • Күй атасы.

  • Күш атасы.

  • Ақ күріштің отаны?

  • «Шаттану» сөзінің синонимі.

  • Ұшарын жел, қонарын сай білетін өсімдік?

Т сөзінің сұрақтары.

  • Шын ниетпен айтылар арнау сөз?

  • Адамға көзілдіріктің қай кезде қажеті жоқ?

  • «Ашуланды» сөзінің фразеологизмін ата.

  • Алғашқы қазақ космонавты.

  • «Азат» сөзінің синонимі.

  • Мәдениет ошағы.

  • Үш бидің бірі.

  • Қазақтың ұлттық ойыны

  • Бойына сеніп жылдан құр қалған кім?

  • Алғаш қадам жасағанда орындалар салт-дәстүр.

Ш – сөзінің сұрақтары.

  • Вальс королі кім?

  • Қуанышта шашылатын не?

  • «Сок» сөзінің аудармасы

  • Сүт өнімі.

  • Қыздардың әсемдік бұйымы.

  • Қандай топта сөз бастау қиын?

  • Мақтаның отаны?

  • Спорттың девизі.

  • Жер не тәрізді?

  • Шырылдап жүріп ән айтқан қай жәндік?

Сұрақтар тәмәм. Әділ-қазылардан қатысушыларымыздың тапқырлығы мен жылдамдығын қалай бағалады екен, білейік.

Енді келесі бөлімімізге көшейік.

Бізге құпия хат келіп түсті. Оның ішіндегісін оқу үшін қатысушыларымыз сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Кемеңгер тобы.

  1. «Ши шықты» сөзі нені білдіреді?

  2. «Көкейінде сайрап тұр» сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.

  3. «Аузынан сөзі, қолынан бөзі түсіп» сөзтіркесінің мағынасы.

  4. «Айтқанын екі еткізбеді»

  5. «Көзі жайнап кетті»

  6. «Ши шықты».

  7. «Уысынан шығарып алды».

  8. «Күміс көмей»

  9. «Шорт кесті»

  10. «Шаң қаптырып кетті»

Ұлағат тобы.

  1. «Тілін тістеді»

  2. «Көз ілестірмеді»

  3. «Шаң жуытпады».

  4. «Басы қатты»

  5. «Қиюы кетті»

  6. «Тонның ішкі бауындай»

  7. «Екі өкпесін қолына алып»

  8. «Тілінен бал тамған»

  9. «Атын атап, түсін түстеп»

  10. «Қабырғасы қайысты»

  1. Ана тілін жырлап өткен талайлар

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған алау бар,- деп сайысымыздың келесі бөліміміз қатысушыларымыз ақын-жазушылардың тіл туралы шығармаларын тауып мәнерлеп оқып келуі тиіс болатын. Тыңдайық.

  1. Сайысымыздың соңғы бөлімі – сөз құрау. Ортада тақтада «Әдебиет» сөзі. Сол сөзден мейлінше көп сөз құрау керек. Берілетін уақыт 2 минут.

  2. Әділ-қазыларымызды ортаға шақырып марапаттауңа кезек берсек. Жеңімпазымыз кім екен?

  3. Қасиетің ана тілі аз ба сенің?

Өзің барда ескірмес, тозбас елім.

Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып

Мұқағали отты өлең жазбас еді.

Ана тіліміздің асыл қасиеттерін бойымызға сіңіріп, оның қадірі мен қасиетін терең ұғынып, еліміз бен жеріміздің гүлденуіне мол үлесімізді қоса білейік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық тіліміздің шұбарлануына жол бермей, таза да мөлдір күйінде ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра берейік,- деп Тілдер мерекесіне арналған сайысымызды аяқтаймыз. Көріскенше күн жақсы болғай!

Автор
Дата добавления 07.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров89
Номер материала ДБ-015239
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх