1548717
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииДін және руханият .

Дін және руханият .

IV Международный дистанционный конкурс «Старт» Идёт приём заявок Для дошкольников и учеников 1-11 классов 16 предметов ОРГВЗНОС 25 Р. ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
 Дін және руханият

Описание презентации по отдельным слайдам:

1 слайд  Дін және руханият
Описание слайда:

Дін және руханият

2 слайд Мазмұны • 1 Қазақстан жеріндегі дін тарихы o	 Зороастризм o	 Тәңірлік дін o
Описание слайда:

Мазмұны • 1 Қазақстан жеріндегі дін тарихы o Зороастризм o Тәңірлік дін o Шаманизм o Буддизм o Несториандық бағыттағы христиан діні o Манихей діні • 2 Ислам діні • 3 Қазақтың ілім-білімдері • 4 Қазақша ай аттарының мәні • 5 Мүшел

3 слайд Қазақстан жеріндегі дін тарихы Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеол
Описание слайда:

Қазақстан жеріндегі дін тарихы Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді.Бір жағынан,қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні-Тәңірге табыну,шаманизм болса,екінші жағынан,бұл өмірде зороастризм дінінің,буддизмнің,христиандықтың ықпалдары болды.

4 слайд Зороастризм Қазақ жеріндегі ең көне діндердің бірі — зороастризм. Бұл діннің
Описание слайда:

Зороастризм Қазақ жеріндегі ең көне діндердің бірі — зороастризм. Бұл діннің негізін Заратуштра деген адам салған. Кейіннен зороастризм діні ирандықтардың, ауғандықтардың ресми дініне айналған. Бұлар да орта ғасырларда зороастризмнен мұсылмандыққа көшкен. Зороастризм дінінің негізгі табынатын, мінәжат ететін стихиясы — от, бір сөзбен айтқанда, отқа құлшылық ету діні. Зороастризмнің екінші бір қағидасы — дүниенің екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы болмыстардан тұратындығы туралы ұғым. Мысалы, рухани—тәндік, пайдалы—зиянкес, адал—арам, ақ—қара, жақсы—жаман, т.б. Қазақстан жерінен зороастризм орындары ашылған. Соның бірі — Тараздағы Тектұрмас жерлеу орны. Онда адамның сүйегін өртеп, ассуарт деп аталатын қыштан жасалған ыдысқа күлін салып қоятын болған

5 слайд Тәңірлік дін Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі. Кө
Описание слайда:

Тәңірлік дін Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі. Көне түріктер "Бір Тәңірі" деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық "Алла", "Құдай" ұғымдарына жақын келеді Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы ең көне бірқұдайлық дін. Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер, Суға да мінәжат еткен. Адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың арғы бабалары Күнге, Айға да табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады.

6 слайд Шаманизм Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізг
Описание слайда:

Шаманизм Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар. Тотемизм дегеніміз — адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі. Фетишизм — белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Анимизм — бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру. Магия — жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті..

7 слайд Буддизм Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұл
Описание слайда:

Буддизм Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұлы Мақан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бұл жұмыс Таспар қаған кезінде де жалғасқан. Түркі кағандарын буддизмнің: "Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе" деген уағыздары қызықтырған болса керек. Будда храмдары (ғибадатханасы) Жетісу жерінде Ақбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда (Испиджаб) табылды.

8 слайд Несториандық бағыттағы христиан діні Қазақ жеріне V ғасырда несториандық бағы
Описание слайда:

Несториандық бағыттағы христиан діні Қазақ жеріне V ғасырда несториандық бағыттағы христиан діні де аздап таралды. Римдік діндар Нестор Христосты "Құдай емес, — адам, Құдайдың жердегі өкілі ғана" дегені үшін Шығыс Рим империясынан қуылған еді. Христиан дінінің осы несториандық ағымы VII—VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде христиандық шіркеулерді көптеп салған. XIV ғасырда қазақ жерінен жүріп өткен Вильгельм Рубрук Қойлық қаласында (Іле жазығы) қасиетті Матвейдің монастыры болғанын хабарлайды. . Несториандық христиан дінінің ең бір кең тараған белгісі — крест пен көгершін.

9 слайд Минахей діні Түркі қағанаты заманында Орталық Азия мен Қазақстан жерінде мани
Описание слайда:

Минахей діні Түркі қағанаты заманында Орталық Азия мен Қазақстан жерінде манихей діні де таралды. Манихей діні — зороастризм, шаманизм, буддизм, христиандық діндердің қосындысынан шыққан қойыртпақ дін. Оны месопотамиялық жазушы, суретші Мани деген ойлап тапқан. Оның қасиетті қағидалары "Бал ашу кітабында" жазылған. Қазақ жерінде манихейліктің орталығы Тараз қаласында болды. Манихейліктің негізгі қағидасы — дуализм, ол бойынша дүниеде екі түрлі күш бар, оның бірі — адалдық күші де, екіншісі — арамдық (жауыздық) күші.. Дегенмен де манихейлік дін біздің жерімізде кең тамыр жая алған жоқ.

10 слайд Ислам діні Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырдан бастап ене бастады. Ислам, а
Описание слайда:

Ислам діні Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырдан бастап ене бастады. Ислам, алдымен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріне таралды. X ғасырда ислам діні Қарахандар мемлекетінің ресми дініне айналды Ислам діні — өте икемшіл дін. Ол құранда жазылған уағыздар, шариғатта көрсетілген талаптарды халық бойына сіңіре отырып, сол халықтардың жергілікті әдет-ғұрыптарына икемделе де білген, олармен санасқан. Мұсылмандық: ''суннит'', шийттік болып екіге бөлінеді. Қазақтар оның сунниттік бағытына жатады. Ислам діні — қазақ халқын мұсылмандық мәдениетке жақындастырып, ғылым-білімнің, әдебиеттің дамуына да оң әсер етті. Исламның адамды жақсы істерге, ой тазалығына, қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеуі — қалың бұқара арасында бұл дін уағыздарының кең таралуына жағдай жасады.

11 слайд Қазақтың ілім-білімдері Қазақтың аспан әлемі, жұлдыздар жөніндегі түсініктері
Описание слайда:

Қазақтың ілім-білімдері Қазақтың аспан әлемі, жұлдыздар жөніндегі түсініктері өте бай. Түнде жол жүріп келе жатқан жолаушы өзінің бағытын, уақыттың мезгілін жұлдыздар арқылы анықтаған. Қазақтың жол жүргенде басты бағдары болған жұлдыз — ол солтүстікте орналасқан Темірқазық жұлдызы. Темірқазық десе, темір қазық, ол ешқашан орнынан қозғалмайды. Темірқазықты айналып жүретін жеті жұлдызды Жетіқарақшы дейді. Қазақтар дүниенің бағытын бетін шығысқа қаратып тұрып анықтаған. Шығысқа беттеп тұрған адамның маңдай алды шығыс, арқасы — батыс, оң қолы — оңтүстік, сол қолы — солтүстікті бағыттаған. Қазақтар Құс жолы деп аталатын, оңтүстіктен солтүстікке қарай ақ жолақ болып жатқан мыңдаған жұлдыздар шоғырын да бағдарлық белгі ретінде пайдаланған. Таң ата туатын жазғы жұлдызды Шолпан деп атаған. Алысқа аттанатын жолаушы таң Шолпаны көрінісімен жолға шығатын болған. Қыста малды кешкі Шолпан жұлдызына қарап қораға кіргізген.

12 слайд Қазақша ай аттарының мәні Қазақта жыл басы — наурыз. Бұл ай атауы бізге Соғды
Описание слайда:

Қазақша ай аттарының мәні Қазақта жыл басы — наурыз. Бұл ай атауы бізге Соғды мен Хорезм арқылы ежелгі парсы тілінен келген. Мамыр — семірген дала қазының ұша алмай мамырлап қалуынан шыққан деседі. Маусым айының қазақта екі түрлі атауы бар: маусым және отамалы. Отамалы деген жер отайып, мал көкке қарық болды деген сөз. Шілде — парсының "чіллә" — қырық деген сөзінен шыққан. Тамыз айын қазақтар сарша тамыз деп атаған. Сарша — шөптің сарғая бастағанын білдірсе керек. Қыркүйек — бұл ай күйектің алынатын кезі, сондықтан қыркүйек атанған. Қазан — бұл ай атауына байланысты нақты дәлелді түсіндіру жоқ.. Қараша айында жер такырланып, қарайып қалады, содан шыққан деген түсінік бар. Желтоқсан (тоқсан деп те атайды) — жылдың ақырғы ширегі, наурызға дейін 90 күн қыс бар деген ұғымнан шыққан. Қаңтар — күннің "қаңтарылып байланатын", одан ары қысқара алмайтын айы.Ақпан — малдың жұтауы, суық желден ығатын кезі.

13 слайд Мүшел Мүшелге кіретін 12 жылдың әрқайсысы хайуанаттардың атымен аталады. 1.	ж
Описание слайда:

Мүшел Мүшелге кіретін 12 жылдың әрқайсысы хайуанаттардың атымен аталады. 1. жыл — тышқан 2 жыл-сиыр. 3 жыл — барыс, 4 жыл — қоян, 5. жыл — ұлу, 6. жыл — жылан, 7. жыл — жылқы, 8. жыл — қой, 9. жыл — мешін, 10. жыл — тауық, 11. жыл — ит, 12. жыл — доңыз. Мүшел есебін көптеген елдер пайдаланады. Шығысында Жапониядан, батысында Болгарияға дейінгі, оңтүстікте Бирмадан бастап солтүстікте Сібір халықтарына дейінгі елдердің көпшілігі бұл жыл есебін жақсы білген. Әрбір 12 жылда бір мүшел аяқталады, одан соң екінші мүшел басталады. Қазақ адам жасын мүшелмен есептеген және мүшел жас адамға ауыр болады деп түсінген. Сондықтан мүшел жаста адам сақтанып, күтініп жүрген. Бірінші мүшел 12 жас пен 13-тің арасы, екінші мүшел 24 пен 25-тің арасы, үшінші мүшел 36-дан 37-ге шыққанда, төртінші мүшел 48 бен 49 жастың арасы, бесінші 60 пен 61 аралығы, алтыншы 72-ден 73-ке толғанша, жетінші мүшел 84-тен 85-ке қараған, сегізінші мүшел 96 мен 97 жас аралығында болады

14 слайд  Назарларыңызға рахмет
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет

Курс профессиональной переподготовки
Учитель истории и обществознания
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді.Бір жағынан,қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні-Тәңірге табыну,шаманизм болса,екінші жағынан,бұл өмірде зороастризм дінінің,буддизмнің,христиандықтың ықпалдары болды.Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді.Бір жағынан,қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні-Тәңірге табыну,шаманизм болса,екінші жағынан,бұл өмірде зороастризм дінінің,буддизмнің,христиандықтың ықпалдары болды. Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді.Бір жағынан,қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні-Тәңірге табыну,шаманизм болса,екінші жағынан,бұл өмірде зороастризм дінінің,буддизмнің,христиандықтың ықпалдары болды.

 

 

Общая информация
ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку
IV Международный дистанционный конкурс «Старт» Для дошкольников и учеников 1-11 классов Рекордно низкий оргвзнос 25 Р. 16 предметов ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.