Инфоурок Другое Конспекты"Дәндерден кұстар жасау" ашық сабақ

"Дәндерден кұстар жасау" ашық сабақ

Скачать материал

 

Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Балалар мен жапөспірімдер орталығы

 коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы:

 

Дәндерден кұстар

 жасау.

 

 

 

 

«Сәндік қолданбалы қолөнер»

үйірмесінің мұғалімі: Ережепбаева Г.Ә.

 

 

 

 

 

Дәндерден кұстар жасау.

 

Тақырыбы: Дәндерден кұстар жасау

 

 Мақсаты;

Білімділік

: Табиғи материалдардан әр түрлі бұйымдар, ойыншықтар, бейнелер жасап үйренудің әдіс-тәсілдерін үйрете отырып,табиғи материалдардың қасиетін меңгерту.

құштарлығын,қызығушылығын дамыт

 

Дамытушылық; жалпы құстар туралы олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағұлмат беру.
в) құстарды қорғауға қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. г) балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелілігі: Отанын, жерін, орманын, табиғатты қорғауға баулу. Уақытты тиімді пайдалануға, бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.


Әдісі: дәстүрлі, сұрақ - жауап, жұмбақтар шешкізу, таратпа материалдармен жұмыс жасау.
Көрнекілігі: құстардың суреттері, буклет, альбом, әр балаға таратпа материалдар, сөз жұмбақ. Құстардың дауысы жазылған үн таспа: Дәннен жасалған картина

Картинки по запросу кпртинки своими руками прородный материаловКартинки по запросу кпртинки своими руками прородный материалов

І. Ұйымдастыру кезеңі;
Психологиялық сәт. Нұр құшып алапты
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер көкті оятты
Қайырлы таң қонақтар.

ІІ Оқушының білімін тексеру; Сұрақ-жауап арқылы.
- Балалар бізді не қоршап тұр?
- Табиғат жер ана қоршап тұр.
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Адамдар, жануарлар, құстар, өсімдіктер, балықтар

-Табиғат адам өміріне не үшін қажет:

ІІІ  Сабақтын мақсаты; Оқушыларға  құстар туралы мағұлмат беру.Оларды

табиғи  дәндермен жапсыру арқылы бұйым жасау.

ІҮ жаңа сабақ;

Сүйейік табиғатты аялайық
Бізде одан жақсылықты аямайық
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша дем алайық

-Ал балалар кім айтады табиғат дегеніміз не?

– Құстар туралы не білеміз?
Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Адамдар ежелден - ақ құстарға әуес. Оларға деген сүйіспеншілігі шексіз болған. Ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы, өз ықыласын көпке аян еткен. Құстар бау - бақшаның әні емшісі. Құстар біздің досымыз.
Құстардың қандай пайдасы бар?
Олар ағашты, жердегі зиянды құрттарды жейді. Құстан ән салып көңілімізді көтереді. Олар бақтың сәні.
6)- Негізі құстар нешеге бөлінеді?
1. Жыл құстары, үй құстары, тұз құстары.
2. Көктемде бірінші келетін құстар.
Нәузек қарлығаш, көкек, қараторғай.
3. Қыстап қалатын құстар.

 «Ойға  шабуыл»  Суретті  жұмбақтар    шешу

Өзі сақ,өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын,өзі ала

Бұл қандай құс?    (Сауысқан)

Көлдің көркі,сәні екен

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған

Бұл қандай құс?     (Аққу)

Тоқ-тоқ етіп

Ағашты ояды.

Ондағы құрттарды

Тауысып қояды.    (Тоқылдақ)

Жер көкті кезіп

Тамағын табады.

Үйіме үйін

Балшықтан салады.  (Қарлығаш)

-Адам қай құсты аң  аулауға пайдаланады?  (Бүркіт)

Жаңа  сабақ.

Жануарлар әлеміне не  жатады?

Ж а н у а р л а р

Құстар-қанатты  жануарлар деп аталады.Олар өз беттерінше өмір сүреді.Дамиды,көбейеді.

Құстардың түрлері өте көп.Олардың көбі пайдалы.Мысалы: егістікке зиян келтіретін насекомдармен қоректенеді.Оларды еті үшін аулайды
Ж а б а й ы   қ ұ с т а р
Ү й    қ ұ с т а р ы

Қарға кептер сауысқан шымшық .Сондықтан да мен сіздерге тырна туралы  толығырақ айтқым келіп отыр.

Тырна. Тырналар — ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды.

Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады. Бұлар далалы және батпақты жердің барлығында да кезде-седі. Бізде тырналар (Gгuіdае) деген тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиірек кездесетіні сұр тырна (Gгиs dгиs). Бұл ұзындыры 120 см салмағы 6 кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. ¥я-яарын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде дала-ларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2—3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын еркегі мен ұрғашысы кезектесіп басады. Жұмыртқадан балапандары щирақ болып шығады. Тырналар өсімдік тамырларымен, құрттармен, насекомдармен, бақалармен, рептилермен, тышқандармен қоректенеді. Жаздың соңғы кездерінде топтанып астық далаларына барып, шаруа-шылыққа аздап зиянын тигізеді. Оңтүстіктің далалы аудандарында кіші тырна, немесе ақбас тырна (Grus virgo) дейтін түрі ұялайды. Мұның салмағы 2,5 кг болады. Сибирьде, Қазақстанда ақ тырна немесе стрех (G. Іеисоgегапиs) деген түрі мекен етеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары, Оңтүстік Азияда және Африкада қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы шамалы .

 .Өте ерте заманда адамдар тағам өнімдерін алу үшін дақылдар өсіріп, оның сабағын(сабанын) қолданған және шаруашылық қажетіне пайдаланған.Сабаннан жасалған төбе жабындысы, егер дұрыс және шеберлікпен реттеліп жабылса, ондаған жылдарға жарамды қызмет етеді. Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.

Осы тырналарды дәндермен жапмырмаласақ қалай болады екен.

Картинки по запросу тырна туралы ертегі 

 


Тырна мен түлкі Картинки по запросу тырна туралы ертегі Картинки по запросу тырна туралы ертегі Картинки по запросу тырна туралы ертегі

·          Картинки по запросу тырна туралы ертегі

 

 

Түлкі мен тырна достасып, бірге тұрмақ болыпты, Екеуі бір жерге қоныстаныпты. Ішіп-жемегі ортақ. Бірі жем іздеп, саяхатқа кеткенде, біреуі балапандар мен күшіктердің жанында қалады.

         Күндердің күнінде тырнаның таз балапандарына жүн шығып, жорғалайтын болады. Түлкінің күшіктері пұшпақ болып құлпырады. Аналары балаларын ауық-ауық жатақтың жанындағы жайдаққа серуенге алып шығып жүреді.

         Бір күні тырна саяхатқа кетіп, түлкі балаларды бағып үйде қалады. Бәрін серуенге алып шығады, Балапандар мен күшіктер апыр-топыр алысып, ойнап жүреді. Оны көріп отырған түлкіге ой түседі:

         — Осы, менің мұным не, мына тырнаның тұқымдарының мекені - аспан. Жайшылықта бұлар Құдайдан тілеп ала алмайтын тамақ қой. Бұл әрі-беріден соң, ұшады да кетеді. Санды соғып біз қаламыз. Достасатын, бұлар менің екі туып, бір қалғаным ба? Менің мына күшіктерім де құс ұстауға үйренуі керек. Қой, кісі баласы кісіге бала болмайды. Одан да, – деп, тырнаның бір балапанын тыритып алып ұрып, күшіктеріне қалай ұстап, қалай өлтіріп, қалай жеуді көрсетеді.

         Сөйте-сөйте күшіктер анасының баулуымен бар балапандардың басын құртады. Өлтірген балапандарын аулаққа апарып, тығып тастайды да қайтып жатаққа жайласады. Кешінде тырна қайтады. Түлкі тырнаның алдынан шығып, жыламсырайды.

         Тырна:

         — Ей, не болды? – дейді.

         Түлкі:

         — Әу, білмеймін. Балалардың саны аз көрінеді – дейді.

         Тырна апалақтай сасқалақтап:

         — Жоғы сенікі ме, менікі ме? – деп сұрайды.

         Тырнаны қыжырта кекетіп:

         — Әй, байғұс-ай, ойыңның арамы-ай, қанша бауырға тартсам да бөлектенген сөзіңнің ұшқыны шығады да тұрады. Балапандарды сенікі, менікі деуші ме едік, – депті қу түлкі.

Ертегіні талдау. Жағымды жағымсыз жақтарын балалармен бөлісу

Ү Сабақты түсінгенін тексеру.

Үн таспадан құстардың дыбысын тыңдату.
Сұрақтар, тапсырмалар.
1) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2) құстар қандай түрлерін білесін. ?.

3)Ертегіден қандай әсер алдын  

4)Викториналық сұрақтар.
5)Тал басында бір үй бар Ұя.
6). Хат тасушы құс Көгершін
7) Қай құста мүлде ұя болмайды Көкек
 
8Аң аулайтын құс Бүркіт
9) Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады. 960 рет
Сарамандық жұмыс; Қауіпсіздік ережесі.

Қажет құралдар: қажетсіз компьютер дискісі, диаметрі 0,7см қызыл моншақтар, итмұрынның кепкен жемісі, күзгі үлкен және майда жапырақтар, жасанды гүлдер, тығын, пышақ, әмбебап желім, дәндер ,тұқымдар тб

Жұмыстын жапсырмалау реті.

1Үлгі дайындау. Суретін салу.

2 Суретті бояу.

3 Суретке дәндер таңдау.

4 Желім жағу.

5 Суретке дәндерді жапсырмалау

6Дәндерді бояу

7Түс үйлесімдігін сақтау.

8 Еңбек қауіпсіздігі ережесін сақтау.

9 Композиция құрастыру.

Сергіту:

Қанат жаям жалма - жан
Талпынғандай ұшуға
Иіліп келіп қол созам
Аяғымның ұшына
57) Мақал - мәтел, өлең - шумақтар.
Аққу құстың патшасы
Тең келмейді басқасы.
Балық ілгіш шағала
Көк теңізді жағала
Аққуды атпа, досыңды сатпа
Қарға, қарғаның көзін шұқымас.
Қуаныш сыйлап көңілге
Даланың сансыз торғайды
Күнімен мөлдір көгімде
Әндетіп тұрса болғаны.
Құс сұлуы аққуым
Табиғат көркем сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған
Әлемге мәлім елімнің
Тоқылдақ толы орманы
Ажарын ашып елімнің
Тербеліп тұрса болғаны.
Құстың ұясын бұзба

ҮІ Сабақты бекіту:

Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?  

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат құбылыстары деген не?   

Табиғат заттарына нелер жатады?

Табиғи нешеге бөлінеді?

 

Бағалау.

 

Ұқсастығы. Айырмашылығы .Үй құстарымен дала құстары.

 

 

 

 

ҮІ -Үйге тапсырма            Тырна бейнесін  үйден жапсырмалауды жалғастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Картинки по запросу поделки из семечек

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дәндерден кұстар жасау" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 478 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 4711
    • DOCX 472 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джелдикбаева Гулжан Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 267895
    • Всего материалов: 90

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой