Инфоурок Технология Рабочие программыДәнекерлеу жабдықтарын пайдалану және жөндеу

Дәнекерлеу жабдықтарын пайдалану және жөндеу

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

 «ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ» /КМҚК/

 /Бекітемін/

                                                                                  Электротехника колледжінің

                                                                                                                  директоры

                                                                                  ________________ А.Т. Сарпеков

                «02»  қыркүйек  2017  ж.

 

 

«Дәнекерлеу жабдықтарын пайдалану, жөндеу және реттеу»

                  ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

      Топ СД 341

              Мамандық:  1114000 «Дәнекерлеу ісі»

  Біліктілігі: 1114063 «Техник-механик»

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2017 жыл

БАҒДАРЛАМА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ ЖӘНЕ «Дәнекерлеу жабдықтарын пайдалану, жөндеу және реттеу» ПӘНІ БОЙЫНША ТИПТІК ОҚУ  (ҚР білім және ғылым министрлігінің №595 БҰЙРЫҒЫМЕН, 25.12.2009 ж.) НЕГІЗІНДЕ ӨНДЕЛГЕН

1114000 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

 

 

15 % ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУІМЕН ӨНДЕЛГЕН

 

 

ОҚЫТУШЫ :  Жаппаров П. А.

Бағдарлама  Арнайы  пәндер циклы

КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАРАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАНҒАН

 

 

ХАТТАМА № 1 , 02.09.2017 ж.

ПЦК ЖЕТЕКШІСІ________________________ В. М. Кантарбаева

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ:                               

                                                   ОӘБ әдіскері_________________ Д.М. Сулейменова

                                                    әдіскер_________________ А. С. Касымжанова

ОӨЖ бойынша директордың орынбасары _____________ А. Г. Молдиярова

1.Түсіндірме жазба

«Дәнекерлеу жабдықтарын пайдалану, жөндеу және реттеу» пәнінен даярланған осы оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес (ҚР МЖМБС тіркеу № 4.05.040 -2008) 1114000- «Дәнекерлеу ісі» мамандығының білім берудің барлық нысандарында оқыту міндетті болып саналады.

   Осы оқу жұмыс бағдарламасы бойынша пәнді оқытудың мақсаты – дәнекерлеу жабдықтарын пайдалану, жөндеу және реттеуде техник-механик біліктілігінен арнайы және кәсіптік құзыреттіліктерді меңгертуге ықпал ету.

Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға осы пәннің рөлі мен мәні - білім алушыларға дәнекерлеу жабдықтарын реттеу мен қызмет көрсету жолдарын үйрету.

Осы оқу жұмыс бағдарламасы орта буын мамаңы деңгейі бойынша төмендегі біліктіліктерді жүзеге асырады:

   -орта буын маманы

   1114053 техник

   1114063 техник-механик

«Дәнекерлеу жабдықтарын пайдалану, жөндеу және реттеу»пәнінің оқу жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру үшін білім беруді ұйымдастырудың келесідей нысандары ұсынылады: дәрістер,семинарлар,экскурсиялар, бақылау жұмысы және басқалар.

Оқу материалдарының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты білім берудің келесідей әдістері ұсынылады: сұхбаттасу, пікірсайыс, жағдаяттық тапсырмаларды шешу, өндірістік жағдаяттарды талдау, рөлдік және іскерлік ойындар, миға шабуыл, материалды презентациялау, шағын топтарда жұмыс істеу тағы басқалар.

Оқылатын курс келесі пәндерден меңгерген білімдерге негізделеді:

   -Сызу;

   -Стандарттау және метрология;

   -Дәнекерлеу құрылғысы;

Курсты оқу барысында меңгерген білімдер келесі пәндерді оқуда қолданылады:

   -Арнайы технология.

Пәнді игеру мақсатында 30 теория, 10 ЗТЖ, 20 курстық жұмыс, емтихан өткізу қарастырылған.

   Осы оқу жұмыс бағдарламасы материалдарын ойдағыдай меңгеруге мүмкіндік туғызу үшін өндірістік сабақтар өткізуді, жәнеде өндірістік келелі мәселелерді шешу дағдысын қалыптастыруды алдын-ала ескеруді көздейді.

 

 

 

2. «Дәнекерлеу жабдықтарын пайдалану, жөндеу және реттеу» пәнін оқытудың жоспарланған нәтижелері

Стандарт пен білім беру бағдарламасында жоспарланған оқытудың нәтижелері

 

 

Оқу жұмыс бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Білім алушы меңгеруі тиіс құзыреттіліктер:

Базалық:

БҚ 9. Қажетті аппараттарды табу және қолдану

 

 

 

 

 

 

БҚ 11. Ұйымның өндірістік процестері мен шешім қабылдау мәселелеріне талдау жасау

 

 

 

 

 

Кәсіби:

КҚ 1. Сызбаларды, техникалық құжаттамаларды оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

КҚ 2. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Біледі:

-          Физика,математика, информатика пәндерінің негізгі анықтамаларын;

-          Қарапайым математикалық есептеулерді орындауды, механика мен электрлендіру бөлімдерін, қажетті ақпараттарды табуды

Дағдыланады:

-          Әртүрлі режимде кесудің арнайы есептеуге;

Құзіретті:

-          Қарапайым есептеулер бойынша берілген тапсырмаларды орындауға.

 

Біледі:

-          Ұйымның өндірістік процестеріндегі мәселелерді қалай таңдауды;

Дағдыланады:

-          Қатесі бар ведомстваларды құрастыру мен құжаттармен жұмыс жасауды;

Құзіретті:

-          Анықталған мәселелерді жою біліктілігіне.

 

Біледі:

-          Сызбаларды безендіру ережелерін-кеспелердің құрылысын;

-          Құрамалы сызбаларды;

Меңгереді:

-          Сызбаларды оқуды;

-          Құрамалы сызбаларды;

Дағдыланады:

-          Сызбаларды орындауға;

Құзіретті:

-          Сызбалар мен техникалық құжаттаманы оқуға;

 

Біледі:

-          Өндірістік санитария туралы жалпы мәліметтерді;

-          Техника қауіпсіздігін;

-          Электр қауіпсіздігі негіздерін;

-          Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы мәлімет;

Меңгереді:

-          Техника қауіпсіздігін сақтауды;

-          Өндірістік жарақаттануда көмек көрсетуді;

-          Өрт қауіпсіздігін сақтауды, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануды.

Дағдыланады:

-          Дәнекерлеу жұмыстарында қауіпсіздік ережелерін ұстауға;

Құзіретті:

-          Дәнекерлеуді қауіпсіз орындауға;

 

 

 

КҚ 5. Электротехника негіздері білімдерін қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КҚ 8. Стандарттау,метралогия, сертификаттандыру білімін қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚ 1.2 Контактылы машинада дәнекерлеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚ 1.4 Автоматты және жартылай автоматты машиналарда дәнекерлеу.

 

 

 

Біледі:

-          Электротехника негіздері, оның құрылымы және жұмыс принциптерін;

-          Электрлік машиналарды;

-          Электрондық құрылғыларды;

-          Электр қауіпсіздігін.

Меңгереді:

-          Электрлік желіліермен қамтамасыз етілген құрылғыларды пайдалану, қосу және ажырата білу; электр қауіпсіздігін сақтау, электр тоғы ұрғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

Дағдыланады:

-          Электрлік сызбаны оқуға;

Құзіретті:

-          Электрлік сызбаны оқуға;

 

Біледі:

-          Тетіктердің өзара алмастылығы;

-          Техникалық өлшем тетіктерінің өзара ауыстырылуы;

Меңгереді:

-          Өлшеу жүргізу;

-          Техникалық құжаттармен жұмыс істеу.

Дағдыланады:

-          Өлшегіш құралдармен жұмыс істеуге;

Құзіретті:

-          Өлшегіш құралдарын пайдалануда, өңдеуде МАСТ сақтауға.

 

Біледі:

-          Қолданылатын контактылы машинаның жұмыс істеу принциптері және олардың қызмет көрсету ережелері;

-          Пісірілетін және электрод материалдарының механикалық және техникалық қасиеттері;

-          Дәнекерлеу кезінде ақаулардың туындау себептері және оларды ескерудің тәсілдері.

Меңгереді:

-          Металды дәнекерлеуге дайындау кезінде атқарылатын слесарлық жұмыстар;

-          Дәнекерлеу тәртібін түзету, іріктеу, орнатуды;

-          Контактылы машина электродтарын түзету және қорғау;

-          Құрастыру мен дәнекерлеп ұштастыруды сырттай бақылау;

Дағдыланады:

-          Контактылы машинада жұмыс жасауға;

Құзіретті:

-          Түрлі контактылы машинада нүктелі және тігімтеп дәнекерлеуге.

Біледі:

-          Автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған дәнекерлеу машиналарының тасымалдау шарттары, істі атқару принциптері, белгілеу және орнатуды;

-          Дәнекерлеу тігістерін дәнекерлеу тәртібін тандап алудың әсерін;

-          Дәнекерлеу кезіндегі ақауларды ескерту және жою;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚ 6.1 дәнекерлеу мен әрқилы кесу түрлеріне қажетті дәнекерлік құрал-жабдықтарды реттеу, жөндеу және қызмет көрсету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арнайы:

АҚ 11. Металл кесуші станоктардың электрлік қондырғыларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының алдын алу.

 

Меңгереді:

-          Слесарлық жұмысты орындауда металды дәнекерлеуге дайындауды;

-          Электродпен ерітілмейтін газды қорғанысы бар ортада автоматтандырылған дәнекерлеу жұмысын жасауды;

-          Қиын жағдайда жұмыс істейтін құрылыс және технологиялық құрастыруды автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған дәнекерлеу жұмысын орындауды;

-          Дәнекерлеу кезіндегі ақауларды ескерту және жою;

Дағдыланады:

-          Газдан қорғану ортасында автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған машиналарда еріту және дәнекерлеу жұмыстарын атқаруға;

Құзіретті:

-          автоматтандырылған және жартылай  автоматтандырылған машиналарда еріту және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізеді.

 

Біледі:

-          автоматтандыру құрал-жабдықтарын реттеу және монтаждау тәсілдерін;

-          дәнекерлеу доғасының қуат алу көздерін анықтауды;

-          автоматтандыру жүйесін және құралдарды пайдалану қызметін ұйымдастыруды;

-          дәнекерлеу құрылғысын реттеу және пайдалану ережелерін.

Меңгереді:

-          дәнекерлеу құрылғыларын реттеу және монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру;

-          электротехникалық қондырғыларды, автоматика құрылғылары мен құрал-жабдықтарын пайдалануға беру;

-          АБЖ ТП есептеуіш техникасының құрал жабдықтарын жинақтау.

Дағдыланады:

-          Дәнекерлеу құрылғыларын реттеу және техникалық қызмет көрсету.

Құзіретті:

-          Дәнекерлеу құрылғыларына қызмет көрсетуге.

 

Біледі:

-          Элементтердің басқару жүйесі блоктарының жұмыс істеу ерекшеліктері және тағайындалуы, сонымен қатар, олардың металл өңдеу процесіндегі тәжірбиелік қолданылуын;

Меңгереді:

-          Металл кесуші қондырғылардың басқару жүйесінің сипаттамасын және қолайлы әдістерін анықтау және сараптауды;

Дағдыланады:

-          Металл кесуші станоктардың электрлік қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуге;

Құзіретті:

-          Машина құрылымы қондырғыларына қызмет көрсетуге.

 

 

 

3.«Дәнекерлеу жабдықтарын пайдалану, жөндеу және реттеу» пәнінің тақырыптық жоспары мен мазмұны

   3.1 «Дәнекерлеу жабдықтарын пайдалану, жөндеу және реттеу» пәнінің тақырыптық жоспары

 

 

Бөлімдердің және тақырыптардың аталуы

Күндізгі оқу түріндегі аудиоторлық оқу уақытының саны

Барлығы

ЗТЖ

1

Кіріспе

2

 

2

1-бөлім. Слесарлық жұмыстар

4

 

3

2-бөлім. Машиналар мен механизмдер туралы түсінік

4

 

4

3-бөлім. Дәнекерлеу құрылғылары бөлшектерінің тозуы

4

4

5

4-бөлім. Дәнекерлеу құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу технологиясы

20

 

6

4.1 Дәнекерлеу автоматтары

4

 

7

4.2 Дәнекерлеу жартылай автоматтары

2

 

8

4.3 Электрошлакты дәнекерлеуге арналған құрылғыларды пайдаланудың ерекшеліктері

2

2

9

4.4 Плазмалы-доғалық дәнекерлеуге арналған құрылғыларды реттеу және пайдалану ерекшеліктері

2

 

10

4.5 Оттегімен кесетін машиналарды реттеу және пайдалану ерекшеліктері

2

 

11

4.6 Контактілі дәнекерлеуге арналған құрылғыларды реттеу және пайдалану ерекшеліктері

2

 

12

4.7 Лазерлі, диффузиялық, электронды-сәулелі дәнекерлеуге арналған құрылғыларды реттеу және пайдалану ерекшеліктері

6

2

13

5-бөлім. Дәнекерлеу құрылғыларын монтаждау және реттеу

4

2

14

6-бөлім. Жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы

2

 

 

Барлығы пән бойынша

40

 

 

 

 

 

3.2 «Дәнекерлеу құрылғысын пайдалану, жөндеу және реттеу» пәнінің мазмұны

Кіріспе

«Дәнекерлеу құрылғысын пайдалану, жөндеу және реттеу» пәнінің рөлі, мақсаттары және мазмұны. Басқадай оқу пәндерімен байланысы.

1-бөлім. Слесарлық жұмыстар

Слесардың жұмыс орны. Жазықтық және кеңістікті белгілеу. Металды жону, түзеу және иіу. Металды бүрку. Тесікті бұрғылау, орау. Резьбалардың профилі. Ішкі және сыртқы резьбаларды салу. Резьбалық біріктіру. Аралау. Беткі қабатын.

1 – бөлімді оқып үйренгеннен кейін студенттер білу керек:

Қарапайым есептеулер бойынша берілген тапсырмаларды орындауға.

-          Қатесі бар ведомстваларды құрастыру мен құжаттармен жұмыс жасауды;

-          Ұйымның өндірістік процестеріндегі мәселелерді қалай таңдауды;

-          Анықталған мәселелерді жою біліктілігіне.

 

Істей алу керек:

-          Слесарлық жұмысты орындауда металды дәнекерлеуге дайындауды;

-          Өлшегіш құралдарын пайдалануда, өңдеуде МАСТ сақтауға Әртүрлі режимде кесудің арнайы есептеуге;

2-бөлім. Машиналар мен механизмдер туралы түсінік

Машина,тетік,бөлшек,механизм,агрегат және басқалар туралы негізгі ұғым. Айналдырушы қозғалтқышты қосқыштар. Қозғалысты түрлендіруші механизмдер. Валдар мен остер. Сырғанақты және тербетіліс подшипниктері. Муфталар. Құбырөткізгіш жүйесі.Зауыт жүйесінің электр қуатынан дәнекерлеу құрылғыларының қорек алуы.

   Құрылғыларды қосу және өшіру жолдары. Қорек көздерін қорғау.

2– бөлімді оқып үйренгеннен кейін студенттер білу керек:

-          Тетіктердің өзара алмастылығы;

-          Өлшегіш құралдармен жұмыс істеуге;

-          Өлшеу жүргізу;

Істей алу керек:

-          Техникалық құжаттармен жұмыс істеу.

-          Техникалық өлшем тетіктерінің өзара ауыстырылуы;

 

3-бөлім. Дәнекерлеу құрылғылары бөлшектерінің тозуы

   Тозудың түрлері. Дәнекерлеу құрылғысының техникалық сипаттамасы. Дәнекерлеу құрылғысынын жарамсыздық мүмкіндіктері.

   Доғамен дәнекерлеу құрылымы, доғамен дәнекерлеудің қорек көздері және оларға қойылатын талаптар.

Доғамен дәнекерлеудің физикалық процестері. Доғамен дәнекерлеу жұмысына сипаттама.

   Электлік доғамен дәнекерлеу. Доғаның үлгісі және оған электр күштерін орналастыру. Доғамен дәнекерлеуді қажет етуді туындату шаралары. Доғаның тұрақты жануына әсер ететін факторлар. Доғаның жануының тұрақтануы. Электродтардың металл және көмірден жасалған түрлері. Газдан қорғау ортасында дәнекерлеуде электродтармен сапалы қабаттауда доғаның металға айналу ерекшелігі. Еріту, балқыту, жоғалту коэфиценттері. Магнитті аландардың доғаға әсері және оның доғамен дәнекерлеп жануғы ықпалы.

Зауыт электр жүйесінен дәнекерлеу құрылғыларының қорек алуы. Құрылғыларды қосу және ажырату. Дәнекерлеу құрылғысы мен қорек көздерінің жұмыс тәртібі. Қорек көздерін сыртқы әсерлерден қорғау. Қорек көздері туралы қысқаша мәлімет. Дәнекерлеу трансформаторлары. Дәнекерлеу трансформаторларымен қатар жүргізілетін жұмыстар. Дәнекерлеп түзеткіш. Тұрақты тоқ генераторы.

Доғамен дәнекерлеудің қорек көздері классификациясы. Доғамен дәнекерлеудің қорек көздеріне қойылатын талаптар. Қорек көздеріндегі ең кіші ток қуаттары күші. Сыртқы вольтамперге сипаттама, сипаттаудың түрлері. Дәнекерлеу трансформаторлары және олардың классификациясы. Магнитпен ұлғайту трансформаторлары. Дәнекерлеу трансформаторларын орнату, көп тараған түрлеріне техникалық сипаттама. Транзисторлы және тиристорлы түзеткіштер. Дәнекерлеп құрастыру және оның классификациясы. Газбен қорғауда электродтармен қабаттап дәнекерлеу. Дәнекерлеу агрегаттарына жалпы мәлімет. Плазмалы доғаның қорек көздері. Қорек көздерін қатар қосу. Доғамен дәнекерлеудің импульсты қоздырғышы. Түзету мүмкіндіктері, олардың пайда болуы себептері мен жою. Доғамен дәнекерлеу жұмысы барысындағы еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

3 – бөлімді оқып үйренгеннен кейін студенттер білу керек:

-          Қолданылатын контактылы машинаның жұмыс істеу принциптері және олардың қызмет көрсету ережелері;

-          Пісірілетін және электрод материалдарының механикалық және техникалық қасиеттері;

-          Металды дәнекерлеуге дайындау кезінде атқарылатын слесарлық жұмыстар;

-          Дәнекерлеу тәртібін түзету, іріктеу, орнатуды;

-          Контактылы машина электродтарын түзету және қорғау;

Істей алу керек:

-          Құрастыру мен дәнекерлеп ұштастыруды сырттай бақылау;

-          Дәнекерлеу кезінде ақаулардың туындау себептері және оларды ескерудің тәсілдері.

-          Автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған дәнекерлеу машиналарының тасымалдау шарттары, істі атқару принциптері, белгілеу және орнатуды;

-          Дәнекерлеу тігістерін дәнекерлеу тәртібін тандап алудың әсерін;

-          Дәнекерлеу кезіндегі ақауларды ескерту және жою;

 

4-бөлім. Дәнекерлеу құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу технологиясы

   4.1-тақырып. Дәнекерлеу автоматтары

Дәнекерлеу автоматтарының негізгі бөліктері. Дәнекерлеу головкалары, түрлері және құрылысы. Дәнекерлеу тракторлары. Дәнекерлеу головкасының орыналмастыру механизмы. Көтермелі үлгідегі автоматтар. Флюс астында және қорғаныш газдарда дәнекерлеу автоматтары, олардың құрылыстары және пайдалану ерекшеліктері. Дәнекерлеу автоматтарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері. Электродты сымдарды беру жылдамдығын реттеу. Доғаның ұзындығын автоматты түрде реттеудің электрлік схемасы.

Әртүрлі үлгідегі дәнекерлеу автоматтарын пайдалану және реттеу ерекшеліктері.

   АДГ-502, АДГ-602, АДСВ-5, АДСВ-6, ОДА-1С, ОДА-2С, ОДА-3С АСТ үлгісіндегі автоматтары, УПС-301У4, УДГ-350, УДГУ-302, УДГ-501-1 қондырғылары және басқалар.

   Қорғаныш газдарда дәнекерлейтін газдық аппаратура.

   Флюс астында дәнекерлейтін құрылғы (АДФ-1002). А-1416 автоматы. А-1412 өздігінен жүретін автомат, ГДФ1001У3 головкасы және басқалар.

4.2-тақырып. Дәнекерлеу жартылай автоматтары

Дәнекерлеу сымдарын механикаландырылған түрде беруді қамтамасыз ететін аппаратар. Жартылыай автоматтардың жіктелуі. Жартылыай автоматтардың құрылымы және негізгі тетіктері. Жартылыай автоматтардың үлгілік схемасы. Сымдарды беру механизмі. Дәнекерлеу жартылый автоматтарын басқару блогы. Жартылыай автоматтардың құрастырушы ерекшеліктері. Қорғаныш газдарда доғалық дәнекерлеуге арналған жартылай автоматтардың негізгі техникалық мәліметтері және құрастырушы ерекшеліктері.

4.3-тақырып. Электркүлді дәнекерлеу құрылғысын пайдалану ерекшеліктері

   А-372, А433Р рельстік үлгідегі автоматтар. Рельстік емес үлгідегі аппараттар. Ілгішті үлгісіндегі аппараттар.

4.4-тақырып. Плазмалы-доғалық дәнекерлеу құрылғысын пайдалану және реттеу ерекшеліктері

Плазмалық доғалы дәнекерлеуге арналған горелканың схемасы. УПНС-304, УПО-302-1, УПВ-301, УПН-303-1 және басқадай плазмалы дәнекерлеу, бүрку, қатайту және құрыштандыру құрылғыларының негізгі техникалық мәліметтері. Оларға қызмет көрсету және реттеу еркшеліктері. Көмекші электротехникалық қондырғылар.

4.5-тақырып. Оттегілік кесуге арналған машинаны пайдалану және реттеу ерекшеліктері

Термиялық кесуге арналған машинаның жіктелуі және тағайындалуы.

   Термиялық кесуге арналған машинаның схемасы. Әртүрлі үлгідегі оттегілік кесуге арналған машиналарды пайдалану және оған қызмет көрсету ерекшеліктері.

4.6-тақырып. Контактылы дәнекерлеуге арналған құрылғыларды пайдалану және реттеу ерекшкліктері

Контактылы дәнекерлеуге арналған машиналардың жіктелуі.

4.7-тақырып. Лазерлі, диффузиялық, электронды-сәулелі дәнекерлеуге арналған құрылғыларды пайдалану және реттеу ерекшкліктері

   Агрегатты іске қосуға дайындау. Алаңды дайындау. Белдіктің тартылғанын тексеру. Контактыны тексеру. Режимін тандау.

4– бөлімді оқып үйренгеннен кейін студенттер білу керек:

-          Электродпен ерітілмейтін газды қорғанысы бар ортада автоматтандырылған дәнекерлеу жұмысын жасауды;

-          Қиын жағдайда жұмыс істейтін құрылыс және технологиялық құрастыруды автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған дәнекерлеу жұмысын орындауды;

-          Дәнекерлеу кезіндегі ақауларды ескерту және жою;

-          Газдан қорғану ортасында автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған машиналарда еріту және дәнекерлеу жұмыстарын атқаруға;

Істей алу керек:

-          автоматтандырылған және жартылай  автоматтандырылған машиналарда еріту және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізеді.

-          автоматтандыру құрал-жабдықтарын реттеу және монтаждау тәсілдерін;

-          дәнекерлеу доғасының қуат алу көздерін анықтауды;

-          автоматтандыру жүйесін және құралдарды пайдалану қызметін ұйымдастыруды;

-          дәнекерлеу құрылғысын реттеу және пайдалану ережелерін.

-          Дәнекерлеу құрылғыларына қызмет көрсетуге.

-          Дәнекерлеу құрылғыларын реттеу және техникалық қызмет көрсету.

 

5-бөлім. Дәнекерлеу құрылғыларын монтождау және реттеу

Агрегаттарды іске қосуға дайындау. Алаңды дайындау. Белдіктің тартылғанын тексеру. Контактыны тексеру. Режимін тандау. Дәнекерлеу агрегаттарына, автоматтарына, жартылай автоматтарға, арнайы құрылғыларға және газбен кесетін машиналарға техникалық қызмет көрсету. Күнделікті және мерзімді қызмет көрсету.

5 – бөлімді оқып үйренгеннен кейін студенттер білу керек:

 

-          Элементтердің басқару жүйесі блоктарының жұмыс істеу ерекшеліктері және тағайындалуы, сонымен қатар, олардың металл өңдеу процесіндегі тәжірбиелік қолданылуын;

-          Металл кесуші қондырғылардың басқару жүйесінің сипаттамасын және қолайлы әдістерін анықтау және сараптауды ;

Істей алу керек:

-          Металл кесуші станоктардың электрлік қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуге;

-          Машина құрылымы қондырғыларына қызмет көрсетуге.

 

6-бөлім. Жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы

Дәнекерлеу агрегаттарымен, автоматтарымен, жартылай автоматтармен, арнай құрылғылармен жұмыс істеу барысындағы техникалық қауіпсіздіктің негізгі ережелері. Электрлі дәнекерлеу жұмыстарына рұқсат беру. Жөндеу жұмыстарына рұқсат беру. Қуаттылығы 1000 В электр құрылғыларында негізгі пайдалану жұмыстарын (қайта қосу, тексеру, тазалау және ерігіш қосындыларды алмастыру) жүргізудегі техникалық қауіпсіздігі. Іске қосылған электр қондырғыларында жөндеу және басқа жұмыстарды жүргізуде электрлік қауіпсіздіктің техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары. Қуаттылығы 1000 В электр құрылғыларында жұмыс істеу шарттары.

6 – бөлімді оқып үйренгеннен кейін студенттер білу керек:

-          Өндірістік санитария туралы жалпы мәліметтерді;

-          Техника қауіпсіздігін;

-          Электр қауіпсіздігі негіздерін;

-          Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы мәлімет;

-          Техника қауіпсіздігін сақтауды;

Істей алу керек:

-          Өндірістік жарақаттануда көмек көрсетуді;

-          Өрт қауіпсіздігін сақтауды, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануды.

-          Дәнекерлеу жұмыстарында қауіпсіздік ережелерін ұстауға;

-          Дәнекерлеуді қауіпсіз орындауға;

-          Электрлік желіліермен қамтамасыз етілген құрылғыларды пайдалану, қосу және ажырата білу; электр қауіпсіздігін сақтау, электр тоғы ұрғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

 

4. Жоспарланған оқу нәтижесін бақылау

   Бақылау құзыретті-бағытталған тапсырмалармен тестілік тапсырмалармен жүргізіледі.

   Осы оқу жұмыс бағдарламасын жүзеге асыруда әрбір біліктілікке сәйкес төмендегі бағалау нысандары қарастырылған:

-сапаны тәуелсіз бағалау.

   Тестілік тапсырмалар кәсіби біліктіліктің әрбір деңгейіне үш негізгі күрделілік (минималды,орташа,күрделі) деңгейін қарастыруы тиіс.

   Тест тапсырмаларына төмендегі бөлімдер бойынша сұрақтар енгізілуі тиіс:

1-      Бөлім. Слесарлық жұмыстар                                                      -5%

2-      Бөлім. Машиналар мен механизмдер туралы түсінік              -10%

3-      Бөлім. Дәнекерлеу құрылғысы бөлшектерінің тозуы              -10%

4-      Бөлім. Дәнекерлеу құрылғысына қызмет көрсету және жөндеу технологиясы -25%

5-      Бөлім. Жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы   -25%

6-      Бөлім. Дәнекерлеу құрылғыларын мотаждау және реттеу      -25%

 

 

 

5. Әдебиеттер мен оқу құралдар тізімі

Негізгі әдебиет:

1.Барашкова О.Н. Источники питания сварочной дуги. М. Высшая школа, 2002.

 2.Розаков Ю.Н. Оборудование и технологий автоматической и полуавтоматической сварки. М. Машиностроение, 2007.

 3.Шебеко Л.П. Оборудование и технологий автоматической и полуавтоматической сварки. М. Высшая школа, 2005.

 4.Электрическая сварка и наплавка – Под.Ред. Б.Е.Патона. М. Машиностроение, 2009.

 5.Микроплазменная сварка – Под.Ред. Б.Е.Патона. М. Машиностроение, 2009.

 6.Электросварочное оборудование. Справочник Т – 1.

 7.Оборудование для сварки плавлением. Энергоатомаздат, 2005.

 8.Сварка и свариваемые материалы. Справочник Т – 2. М. Из-во МГТУ им.Баумана, 2005.

 

 

Пән бойынша тест сұрақтары:

І - нұсқа

1/ Металдардың сұйық күйден қатты күйге өту процесі?

а/ кристалдану                          c/ аллотропия

b/ қатаю                                     d/ темірлену                       e/дұрыс жауап жоқ

2/ Д.К.Чернов кристалдану процесін нешеге бөледі?

а/ 3                                            c/ 2

b/ 4                                            d/ 5                                       e/дұрыс жауап жоқ

3/ Сұйық күйден қатты күйге өткенде металдың бос энергиясы не істейді?

а/ өседі                                     c/ артады

b/ теңеледі                               d/ кемиді                              e/дұрыс жауап жоқ

4/ Металда магниттік қасиет тудыратын температура

а/ Петров әдісі                        c/ Өсу нүктесі

b/ Кюри әдісі                           d/ Бенардос әдісі                  e/дұрыс жауап жоқ

5/ Егер қорытпаның компоненттері балқыған күйде бірі екіншісінде шексіз еріп, қатты күйде өз ара ерімесе, онда қорытпа қатайғанда нені құрайды?

а/ кристалдану процесін                                             c/ күй диаграммасын

b/ механикалық қоспа                                                  d/ химиялық қосылыс

                                  e/дұрыс жауап жоқ

6/ Қорытпа құраушылары мен олардың концентрациясының температураға байланысты өзгерістерін не сипаттайды?

а/ күй диаграммасы                                                       c/ химиялық қосылыс

b/ механикалық қоспа                                                    d/ эвтектика

                                 e/дұрыс жауап жоқ

7/ Құрамында 2 ℅ тен 6,67 ℅-ке дейін көміртегі бар көміртекті темір қорытпалары?

а/ темір                                      c/ шойын

b/ болат                                      d/ каучук                      e/дұрыс жауап жоқ

8/ Структурасына байланысты шойындар қалай бөлінеді?

a/ ақ және сұр                                                                  c/ қара және сұр

b/ графит түрінде                                                            d/ темір және шойын

e/дұрыс жауап жоқ

9/ Металдар мен металл қорытпаларының физика-химиялық қасиеттерін өзгерту үшін оларды ......... әдіспен өңдейді

а/ механикалық                                                                    c/ термиялық

b/ химиялық                                                                          d/ созу әдісі бойынша

e/дұрыс жауап жоқ

10/ Металға сыртқы дененің енуіне оның көрсететін қарсы әсер күшін не деп атайды?

а/ соғу                                                                                    c/ кері әсер денесі

b/ шынықтыру                                                                      d/ қаттылық

e/дұрыс жауап жоқ

11/ Халық шаруашылығында пісірудің қай әдісі кең таралған?

а/ газбен                                                                           c/ электрмен

b/ контактілі                                                                    d/ көрікпен

e/дұрыс жауап жоқ

12/ Электрмен пісіру әдісі қалай бөлінеді?

а/ газбен-термитпен c/газбен-көрікпен-термитпен

b/ электр доғалық-контактілі                                d/ электр доғалық пісіру

e/дұрыс жауап жоқ

13/ Металдарды химиялық жолмен пісіру нешеге бөлінеді?

а/ 2                                                           c/ 3

b/ 4                                                           d/ 5

e/дұрыс жауап жоқ

14/ Металдарды химиялық жолмен пісіру әдісі қалай бөлінеді?

а/ газбен-термитпен

b/ электр доғалық-контактілі

c/газбен-көрікпен-термитпен

d/ электр доғалық пісіру

e/дұрыс жауап жоқ

15/ Пештерде қыздырылғаннан кейін шыңдалып, пісірілу

а/ көрікпенc/ газбен

b/ термитпен                                                       d/ доғалық

e/дұрыс жауап жоқ

16/ Пісіру арқылы қосудың түрлері нешеге бөлінеді?

a/ 3                                                                c/ 5

b/ 2                                                                d/ 4

e/дұрыс жауап жоқ

17/ 1888ж. Доғалық пісіру әдісін кім ұсынды?

а/ В.В.Петров c/ Н.Н.Бенардос

b/ Н.Г.Славянов                                           d/ Д.М.Менделеев

e/дұрыс жауап жоқ

18/ Металды қыздыруға жұмсалатын жылу энергиясын алу жолына байланысты пісіру нешеге бөлінеді?

а/ 4                                                                      c/ 2

b/ 5                                                                      d/ 3

                                   e/дұрыс жауап жоқ

19/ 1802ж. Электр доғасында пісіруді кім ашты?

а/ В.В.Петровc/ Н.Н.Бенардос

b/ Н.Г.Славяновd/ Д.М.Менделеев

e/дұрыс жауап жоқ

20/ Металдың көлденен қимасының ауданын азайтып, ұзындығын арттыру

а/ созу c/ престеу

b/ штамптау                                            d/ пісіру

e/дұрыс жауап жоқ

21/ Бір ғана металдың бірнеше түрлі кристалдық  торға ие болуы

а/ кристалдану c/ аллотропия

b/ металға айналуыd/ штамптау

e/дұрыс жауап жоқ

22/ Бұрыс формалы кристалдар

а/ кристалдану c/ аллотропия

b/ металға айналуы d/ кристалиттер

e/дұрыс жауап жоқ

23/ Қатты заттар, кристалдық құрылысына байланысты нешеге бөлінеді?

а/ 3c/ 5

b/ 4d/ 2

e/дұрыс жауап жоқ

24/ Кристал формасы тарамдалған ағаш бұтақтары сияқты болып келуі не деп аталады ?

а/ денгритc/ денкрит

b/дендритd/ денприт

e/дұрыс жауап жоқ

25/ Металдар немесе металл мен металлоидтардың әрекеттесуінен пайда болуы?

а/ темір          c/ шойын

b/ болатd/ қорытпа

e/дұрыс жауап жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІI – нұсқа

 

1/  Дәнекерлеу. . . . . . .  тоқ өткізгіш элемент-вентильдерден тұрады.

а/ түзеткіштері                             c/ генераторлары

b/ трансформаторлары                d/ тұрақты                e/дұрыс жауап жоқ

2/  Түзеткіш қондырғылары . . . . . . . . мен шала өткізгіш түзеткіштен тұрады.

а/ түзеткіш                              c/ генератор

b/ трансформатор                   d/ тұрақты тоқғы            e/дұрыс жауап жоқ

3/  Сырты қажетті қоспалармен әртүрлі қалындықта сыланған металл талшық.

а/ термит                                 c/ электрод

b/ дәнекер                               d/ тұрақты тоқ                e/дұрыс жауап жоқ

4/  Бенардос әдісімен дәнекерлегенде электрод диаметрі мен ұзындығы:

а/  10-40, 100-250                               c/ 1-6, 200-300

b/ 6-30, 200-300                                  d/ 1,6-12, 150-450

e/дұрыс жауап жоқ

5/  Славянов әдісімен дәнекерлегенде электрод диаметрі мен ұзындығы:

а/  10-40, 100-250                               c/ 1-6, 200-300

b/ 6-30, 200-300                                  d/ 1,6-12, 150-450

e/дұрыс жауап жоқ

6/  Болат сымдары доғалы дәнекерлеуге:

а/ екеуі де дұрыс                             c/ болмайды

b/ г мен в                                          d/ болады               e/дұрыс жауап жоқ

7/  Болаттарды дәнекерлеу  үшін электродтарды . . . . . . . бойынша дәнекерленетін болат сымдарынан жасайды.

а/  МЕСТ 3646-09                                 c/ МЕСТ 2223-71

b/ МЕСТ 2246-70                                  d/ МЕСТ 2156-70

                             e/дұрыс жауап жоқ

8/  Көміртекті және аз легірленген конструкциялық созғанда көрсететін беріктігі 60 кГс/мм2-ге дейінгі болаттарды дәнекерлеуге арналған.

а/  В -  . . . . . . .                               c/  У -  . . . . . . .

b/ Т -  . . . . . . .                                d/ Л -  . . . . . . .                 e/дұрыс жауап жоқ

9/  Легірленген конструкциялық созғандағы беріктігі 60 кГс/мм- ден артық болаттарды дәнекерлеуге арналған.

а/  В -  . . . . . . .                               c/  У -  . . . . . . .

b/ Т -  . . . . . . .                                d/ Л -  . . . . . . .              e/дұрыс жауап жоқ

10/  Легірленген қыздыруға төзімді болаттарды дәнекерлеуге арналған.

а/  В -  . . . . . . .                               c/  У -  . . . . . . .

b/ Т -  . . . . . . .                                d/ Л -  . . . . . . .              e/дұрыс жауап жоқ

11/  Жоғары легірленген айрықша қасиетті болаттарды дәнекерлеуге арналған.

а/  В -  . . . . . . .                               c/  У -  . . . . . . .

b/ Т -  . . . . . . .                                d/ Л -  . . . . . . .                  e/дұрыс жауап жоқ

12/  Айрықша қасиетті үстіңгі қабатын балқытып жапсарлап қалыптастыруға арналған.

а/  В -  . . . . . . .                               c/  У -  . . . . . . .

b/ Т -  . . . . . . .                                d/ Н -  . . . . . . .               e/дұрыс жауап жоқ

13/  Электродтың технологиялық сипаттамасын оның . . . . . . . көрсетеді.

а/ диаметрі                                   c/ маркасы

b/ типі                                           d/ көрсеткіші                   e/дұрыс жауап жоқ

14/  Қолмен, автоматты және жартылай автоматты дәнекерлеудегі қосудың неше түрі бар?

а/ үш                                 c/алты

b/екі                                  d/төрт                         e/дұрыс жауап жоқ

15/  Доғалық  дәнекерлеудегі қосу жігінің стандарты?

а/  МЕСТ 3646-90                                 c/ МЕСТ 2223-71

b/ МЕСТ 5264-80                                  d/ МЕСТ 2156-70

                                  e/дұрыс жауап жоқ

16/  . . . . . . . дәнекерлеуде дәнекерленетін металдың қалыңдығына қарай жиегін бүгіп, жиегін жонбай 1 жақтама және 2 жақтама симметриялы н/е симметриясыз етіп, 1 н/е 2 жиегін де жонып жалғастырады.

а/ Таврлы                                             c/ Тоғыстырып

b/ Айқастырып                                     d/ Бұрыштап

                               e/дұрыс жауап жоқ

17/ Табақ темірлердің қалыңдығы . . . . . . . болғанда симметриялы екі жақты қисық сызықты формалы етіп жалғастырылады.

а/ 20-80 мм                                      c/ 4-10 мм

b/ 100-300 мм                                  d/ 30-100 мм

                               e/дұрыс жауап жоқ

18/  . . . . . . . дәнекерлеудің негізгі параметрлері н/е электорд диаметрі мен дәнекерлеу тоғының күші, дәнекерлеу жылдамдығы жатады.

а/ Қысыммен                                         c/ Қолмен доғалық

b/ Айқастырып                                      d/ Газ-оттегілі

                         e/дұрыс жауап жоқ

19/  Дәнекерлеу тоғының күші негізінен электрод . . . . . . . байланысты.

а/ диаметріне                                 c/ маркасына

b/ типіне                                         d/ көрсеткішіне

                         e/дұрыс жауап жоқ

20/ Элетрод диаметрі дәнекерленетін металдың . . . . . . . . .  сәйкес алынады.

а/  еніне                                              c/ маркасына

b/ ұзындығына                                  d/ қалыңдығына

                         e/дұрыс жауап жоқ

21/ Қолмен доғалық дәнекерлегенде металдың қалыңдығы 1-2 болса, электрод қандай болуы керек?

а/ 5-6 мм                                  c/ 4-5 мм

b/ 2-3 мм                                  d/ 3-4 мм                e/дұрыс жауап жоқ

22/ Қолмен доғалық дәнекерлегенде металдың қалыңдығы 4-10 болса, электрод қандай болуы керек?

а/ 5-6 мм                                      c/ 4-5 мм

b/ 2-3 мм                                      d/ 3-4 мм              e/дұрыс жауап жоқ

23/  Қолмен доғалық дәнекерлегенде металдың қалыңдығы 3-5 болса, электрод қандай болуы керек?

а/ 5-6 мм                                      c/ 4-5 мм

b/ 2-3 мм                                      d/ 3-4 мм                e/дұрыс жауап жоқ

24/ Қолмен доғалық дәнекерлегенде металдың қалыңдығы 12-24 болса, электрод қандай болуы керек?

а/ 3-4 мм                                      c/ 4-5 мм

b/ 5-6 мм                                      d/ 2-3 мм              e/дұрыс жауап жоқ

25/ Қолмен дәнекерлеуде электрод диаметрі нешеден артық болмайды?

а/ 3 мм                                      c/ 4 мм

b/ 6 мм                                      d/ 5 мм                   e/дұрыс жауап жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест жауаптары:

І - нұсқа

ІІ - нұсқа

   1

A

   1

A

2

C

2

B

3

D

3

C

4

B

4

B

5

B

5

D

6

A

6

C

7

C

7

B

8

A

8

C

9

C

9

D

10

D

10

B

11

C

11

A

12

B

12

D

13

C

13

C

14

C

14

D

15

A

15

B

16

D

16

C

17

B

17

D

18

C

18

C

19

A

19

A

20

A

20

D

21

C

21

B

22

D

22

C

23

D

23

D

24

B

24

B

25

D

25

D

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дәнекерлеу жабдықтарын пайдалану және жөндеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 413 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.12.2017 10019
    • DOCX 43 кбайт
    • 110 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаппаров Перизат Ахатаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаппаров Перизат Ахатаевич
    Жаппаров Перизат Ахатаевич
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68146
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 085 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 238 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 414 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 47 человек