Инфоурок Другое Статьи«Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі».

«Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі».

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі».

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі

туралы білім беру;

Дамытушылық: статистикалық мәліметтерді өңдеу, оны практикада пайдалану және сандық мәліметтермен жұмыс.

Көрнекті құралдар: Дүние жүзі халықтарының картасы, Дүние жүзінің саяси картасы.-

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

 

Халықтар географиясы зерттейді:

Халықтың санын

Тығыздығын

Жастық, жыныстық құрамын

Халық санының ұдайы өсуі

Еңбек ресурстарын

Көші-қон

Қоныстану түрлері

Ұлттық құрамы

Діни құрамы

Нәсілдік құрамы

Демографиялық саясат

 

Халықтар географиясындағы нысандарды зерттейтін ғылымдар:

Демография – халықтың санын, табиғи өсуін, жасы мен жыныстық құрамын зерттейді. 1855 жылдан бастап енді.

Этнография – белгілі бір халықтар тобының шығу тегін, мәдениеті мен тұрмысын зерттейді.

Антропология – адамның шығу тегі мен даму ерекшеліктерін зерттейді. Сонымен бірге социология, политология, экология ғылымдарымен байланысты

 

III Дүние жүзі халқының саны. Демографиялық көрсеткіштер.

Адамзаттың демографиялық тарихында шартты түрде үлкен екі кезеңді саралауға болады.

Аграрлық өркениет деп аталады – шамамен XVII ғасырдың II жартысына дейін. Бұл кезеңде халықтың өсімі біршама төмен болды. XVII ғасырда 500 млг адам болды.

XVII ғасырдың II жартысында – қазіргі күнге дейін. Әсіресе XX ғасырдың халық санының айрықша жылдам артуы байқалды.

1900 жыл – Жер шары халқының саны – 1,6 млрд адам

 

1930 жыл – 2 млрд

1960 жыл – 3 млрд

2000 жыл – 6 млрд

2010 жыл – 6,9 млрд

2016 жыл - 7,3 млрд

 

Дүние жүзі халқының бірінші екі еселенуіне XX ғасырда 60 жылдан астам уақыт қажет болды, бірақ, келесі екі еселенуге не бары 40 жыл кетті. Халықтың өсіп-көбеюінің дүниежүзілік тарихтағы ең жоғарғы қарқыны 20% жуық XX ғасырдың 60-жылдары болды. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Халық өнімінің крт азаюы мен олардағы туудың дәстүрлі деңгейінің сақталуы нәтижесінде халықтың өсімі жоғары болады. Дегенмен, 1980 жылдың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастайды. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақталып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтатылды. Егер туу көрсеткіші төмен болса, бұл елдер демографиялық дағдарысқа ұшырайды. Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы халықтың ұдайы өсуінің тежелуі. Кері табиғи өсімді көрсететін Еуропа елдері.

Жер шары тұрғындары 7,3млрд адам, оның 0,22% біздің Отанның тұрғындары.

Әр секунд сайын – Жер бетінде орта есеппен 4,2 нәресте дүниеге келіп, 1,7 адамды ажал құшады.

Әр минутта – 250 адам

Әр сағат сайын – 15000 жан дүние есігін ташады

Әр тәулікте – 255 мың жаңа тұрғындар

Әр апта сайын – 1,9 млн адам

Әр ай сайын – 8 млн

Әр жыл сайын – 80 млн-ға артып отырады.

 

 

Туу коэффициенті – 1 жыл ішінде туғандар санын халықтың жалпы санына қатынасы.

Өлу коэффициенті – 1 жыл ішіндегі қайтыс болғандар санының халықтың жалпы санына қатынасы.

Табиғи өсу коэффициенті – 1 жыл ішіндегі туғандар мен қайтыс болғандар айырмасының халықтың жалпы санына қатынасы.

Сәбилер өлімінің коэффициенті – 1 жыл ішінде 1 жасқа толмағандардың өлімі.

Адамдардың өмір жасының ұзақтығы – экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік, тұрақтылық, экологиялық жағдай, денсаулық сақтау жүйесі әсер етеді.

 

Туу көрсеткіші ең жоғары:

 

30-50% Африка елдері

 

20-30% Оңт. Азия, Латын Америкас ы елдері.

 

 

 

Өлім көрсеткіші ең жоғары:

 

15-30% Африка елдері.

 

Дүние жүзі бойынша адамның өмір жасының ұзақтығы 71 жас. Қазақстандағы адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 69 жасқа тең. Әйелдер – 73,8; ер адамдар – 64,2 жас.

 

 

 

IV Халық санының ұдайы өсуі. Демографиялық саясат.

 

 

 

Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткішінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.

 

Халықтың ұдайы өсуіне бірнеше факторлар әсер етеді:

 

Табиғи-биологиялық факторлар - әр түрлі климат және табиғат жағдайлары.

 

Әлеуметтік-экономикалық факторлар – халықтың тұрмысын, хал-ахуа деңгей, денсаулық сақтау шараларының дамуы, әйлердің қоғамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі (жыл сайын жер шарында 14 млн адам, оның ішінде 6 млн сәби аштықтан көз жұмады).

 

Демографиялық факторлар – халықтың жастық және жыныстық құрамы, некелесу және ажырасу факторлары (жастық және жыныстық құрамында жас балалар мен қарттар көп болса, онда мөлшері де аз болады).

 

Мәдени-әлеуметтік және психологиялық факторлар, көп балалы болу, әдет-ғұрыптың сақталуы т.б.

 

Соғыс және стихиялық апаттар – 1 д/ж соғыста 10 млн-нан аса адам көз жұмса, 2 д/ж соғыста 50 млн-ға жуық. Табиғат апаттары жыл сайын мыңдаған адамдардың өмірін қиюда.

 

 

Халықтың ұдайы өсуінің типтері: дәстүрлі, өтпелі, қазіргі. Кестеге байланысты сұрақтар:

 

Неге дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткіші жоғары?

 

Өтпелі тән болатын елдерде өлімнің азаюы не себепті? Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

5 937 685 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2018 6285
    • DOCX 17.8 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жортугулова Жулдыз Мейремовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жортугулова Жулдыз Мейремовна
    Жортугулова Жулдыз Мейремовна
    • На сайте: 4 года и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6932
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой