Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Дүниенің кереметтері" 3 сынып

"Дүниенің кереметтері" 3 сынып

Скачать материал

Әлемнің ескі жеті кереметі

1.           Мысыр пирамидалары

Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі - Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлемге паш ету еді.

Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр,  әр қырының ұзындығы 232 метр.

2. Галикарнас кесенесі

Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерлері жер-жерлерден әйгілі құрылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді.  Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын салуға пайдаланған.

3. Артемида ғибадатханасы

Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады.

Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді.

4. Александрия шамшырағы

Александрия қаласының атын әлемге танытқан Александрия  шамшырағы біздің заманымыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған шамшырақтың биіктігі – 124 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат есімдә шебер. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген.

5. Семирамиданың аспалы бағы

Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы керемет туындылардың бірі. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Семирамидаға құда түсіп үйленеді. Жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-тұрса елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде жарының бабын табамын» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы топыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті, хош иісті райхан гүлдерін  отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның әсемдігі Семирамида ханшайымды қуанышқа бөлейді...

Вавилонның құлдырауынан кейін сутасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.

6. Зевс мүсіні

Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орталық алаңындағы Зевс ғибадатханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиетті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар.

Зевс мүсіні ІV ғасыршамасында  үлкен бір өрт кезінде жойылып кеткен деген жорамал бар.

7. Родос алыбы

Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құдайы Гелиос аралды өз қолымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген. Мұндай алып мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола мен 8 тонна темір пайдаланылған көрінеді. Зор ескерткіштің кереметтігі соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін өтетін болған. Бар-жоғы 56 жыл «өмір сүрген» мүсін б.з.д. 220 жылы аралда болған қатты жер сілкінісі кезінде қирап қалды.

 

 

 

 

 

 

 

Әлемнің жаңа жеті кереметі

Ұлы Қытай қорғаны (он мың шақырымдық қамал)– Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті.

Колизе́й (лат. Colosseum, итал. Colosseo) — амфитеатрЕжелгі Римдегі архитектуралық ескерткіш (біздің заманымыздың 75 — 80 ж.). Құрылыс тас кесек, кірпіш және түрлі бетон қоспаларынан салынған. Колизей амфитеатры гладиаторлар шайқасы мен цирк ойындарын тамашалау мақсатында тұрғызылған. Ортада ойын көрсететін алаңы, айнала сатылап жоғарылай беретін 4 қабатты орындықтары болған (50 мыңдай адам сыйған). Отыратын орындар мәрмәр тастармен көмкеріліп, қасбеттері түрлі мүсіндермен толтырылған. Колизей — Ежелгі Рим амфитеатрларының ең ірісі және ежелгі дәуір өнерінің көрнекті ескерткіші.

Мачу-Пикчу (испанша: Machu Picchu, кечуа: Machu Piqchu, мағынасы "ежелгі тау" деген сөз;) - Перу аймағында орналасқан Колумбдан бұрынғы көне Инк империясының қала қалдығы, оңтүстік Америка құрлығындағы тарихы сырлы, көрінісі айбынды ежелгі қала. Батыс солтүстік жағында Кускодан 130км қашықта, бүкіл қала теңіз деңгейінен 2350—2430 биіктегі тау қырқасына орналасып, Урубамба өзені шатқалына биіктен қарап жатыр.[1][2] Ол қазіргі заманғы Әлемнің жаңа жеті кереметінің бірі есептеледі.

Мачу-Пикчу – инктер қаласының шын аты емес болатын. Бұл жергілікті тұрғындардың қойған аты. Оның шын әуелдегі аты белгісіз. Сонымен қатар, қаланың не себепті мемлекет астанасынан алыс және 2057 метр биіктікте салынғаны әлі де құпия болып отыр.

Қала 3 бөлікке бөлінген: ғибадатханалар ауданы, адамдар тұратын аймақ және молалар. Біздің заманымызға дейін Үш Терезе ғибадатханасы сақталған. Терезеден түсетін күн сәулесі инк империясының негізін қалаушыларды білдіреді.

Петра ((араб.البتراء‎); Ежелгі Грекия: Πέτρα) – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иордания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда РимВизантияАраб шапқыншылары жаулап алды. Әр шапқыншы қаладағы сәулет өнерінің өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда.

Тәж Махал (Hindiताज महलпарсышаتاج محل) - Үндістандағы ең әйгілі ғимарат және ЮНЕСКО әлемдік мұра нысаны. Делиден 204 шақырым жерде орналасқан. Әлемге танымал бұл монумент Аграның жанындағы Жанума өзенінің жағалауында орналасқан.

Тәж Махал кесенесін Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шах 13 бала туып, 14-інші баладан қайтыс болған тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған. Кейіннен құсадан қайтыс болған шахтың өзі де сүйікті жарының қасына жерленген. 1630 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. Тәж Махал – әлемдегі жеті кереметтің бірі.

Құтқарушы Иса Мәсіх мүсіні (порт. Cristo RedentorРио-де-Жанейро қаласындағы Корковаду тауында орналасқан Иса Мәсіхтің танымал мүсіні.

Mүсінінің өлшемдері: биіктігі — 38 метр, сонымен қатар іргетасы — 8 м; салмағы — 1145 тонн; қолдардың құлашы — 30 метр. 

Стеаниттен (сабын тастан) және бетоннан құйылған. 1921 жылы Бразилияның тәуелсіздігінің жүз жылдығына арнап, инженер Эктор Силва да Коста жасаған.

Мүсіннің тас табаны - ішіне 150-дей адам сыятын шіркеу, оған жету үшін төбенің басына дейін трамвай желісімен, кейін 220 басқышты баспалдақпен көтерілу қажет.

Чичен-Ица (ис. Chichén Itzá) - Мексика мемлекетінің Юкатан түбегінде орналасқан әлемнің жаңа жеті кереметінің бірі.

Мексикада орналасқан Юкатан жартылай аралда көне қала Чичен-Ица майя өркениетінің дамуында мәдение және саяси рөл атқарды. Бірақ, белгісіз себептермен Чичен-Ица қаласы иесіз қалды. Испан конкистадорлары құпия жермен байланысты барлық манускрипттерді жойып жіберді. Биіктігі 30 метрге жететін 9 сатылы Кукульканапирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны болып табылады. Пирамида ішінде ягуар тағы бар. Мысыр елінің пирамидаларымен салыстырғанда Кукульканаайтарлықтай кішкентай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның жеті кереметі

1. Таңбалы тас суреттері Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Алматы облысындағы таңбалы тас суреттер - бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарына жатады.

2. 1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адам да қазақтың жеті кереметіне енді.

3. Киіз үй- көптеген ғасырлар бойы ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ  доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) - киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.

4.Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі - домбыра туралы. Домбыра - халық даналығы. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең көп тараған аспапты бірі болғандығын дәлелдейді. Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкіндік туғызды. Сондықтан, домбыра да қазақтың жеті кереметі қатарында.

5.Келесі сөз Қ. А. Иассауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағзым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәулім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы.Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.

6. Бекет Ата жер асты мешіті- Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл күнде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды.

7.«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биікке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады.Бәйтеректің негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  нобайы негізінде өмірге келді.       Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді.

Астана қаласында Архитекторлар одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде "Бәйтерек" кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.

Маңғыстаудың жеті кереметі

Ақтау әуежайына табан тіреген әрбір адам облыс орталығына жеткенше жол бойына орнатылған ескерткіштерді тамашалайды. «Маңғыстаудың жеті кереметі» деген атауға ие болған бұл ескерткіштер арқылы қала қонақтары Маңғыстаумен алғашқы таныстығын бастайды.

Ал, дәл қазір  назарларыңызға өлкенің жеті кереметі.

Көзіңізге алдымен шалынар Маңғыстау өлкесінің эмблемасы. Биік тұғырға орнатылған эмблема бұл өлкенің көрерге көз керек тарихи-архитектуралық ескерткіштерінде, жартас беттеріне салынған ежелгі, бізге беймәлім суретшінің туындысынан алынған. Бір қараған адамға қарапайым, қарадүрсіндеу көрінгенмен осы бір жартас бетінде салынып бүгінге жеткен суреттің сізге айтар сыры көп сияқты.

Арқарлар

Маңғыстауға тән көріністердің бірі арқарлар болатын. Қаратаудың бойында, анау Үстіртке иек артсаң болды, шың жағалап алыстан көз тіккен, сол жердің қожасындай өзін еркін сезінген шаңырақ мүйіз арқарлар жүретін. Қазір «Қызыл кітапқа» еніп, көзі азайған арқарлар бір кездері осы жердің сәні болған-ды. Өйткені халық осы бір дала еркесін әу бастанда киелі санап оны асқақтықтың, бекзаттықтың символы санаған.

Шерқала тауы

Шерқала – Бозашыдан Хорезм мен Хиуаға баратын жол бойындағы тау, қамал аты. Арабшадан аударғанда «жолбарыс» деген мағынаны білдіреді. Төңкерілген кеседей болған таудың жан-жағы биік құз, шығатын жол жоқ. Қамалдың ұзындығы 300 метр. Ернеуінде сыйымдылығы екі-үш адамдық атқыш-садақшылар үшін орын бар.

Кеңес одағының бүкіл жұртшылығы Шерқала тауына тәнті болған. Бұл тау Маңғыстау өңіріндегі табиғаты сұлу, көрікті жерлердің бірі болып табылады.

Балбал тас. Маңғыстаудағы әулиелі орындар.

Ел аузында Маңғыстаудың қара ойында 360 әулие барлығы айтылады. Шындығында да еліміздегі тарихи ескерткіштердің жартысына жуығы біздің өлкемізде шоғырланған. Әрқайсысының өзіндік тарихы, шежіресі мол. Өз бастауын әріден алатын жер асты мешіттері тек Маңғыстау жерінде ғана кездеседі. Көрерге көз керек небір асыл туындыларды өмірге әкелген, тастан түйін түйген шеберлердің туындылары күні бүгінге дейін өзіне табындырып, таңқалдырумен келе жатыр.

Бәйті жерінен табылған балбал тастар туралы 1984 жылы КСРО ҒА-ның Волга-Урал археологиялық экспедициясын басқарған Л.Галкин «Бізді Бәйті құдығына жақын жердегі балбал тастар шындығында да таң қалдырды. Олар әр түрлі, бірі төрт метрге дейін жетсе, біреулері екі, кейбірі метрдей. Бізді ерекше таң қалдырғаны олардың жетпіске жуық көптігі» - деп айтып өткен.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Дүниенің кереметтері" 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 524 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.03.2017 2330
    • DOCX 41.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сеидова Джупар Худайбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8430
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1106 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 19 283 человека

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2676 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 478 человек

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек