Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДүниетану пәнінен ашық сабақ "Су" 2-сынып

Дүниетан пәнінен ашық сабақ "Су" 2-сынып

Скачать материал

Маңғыстау  облысы

Түпқараған  ауданы

Ақшұқыр  мектеп-лицейі

 

 

 

 

 

«Су.  Судың  қасиеті» 

тақырыбында  дүниетану  пәнінен 

өткізілген  ашық  сабақ

  

2   сынып

 

 

Мұғалім: 

Венера  Кыдырбаева

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:                      Су.  Судың  қасиеттері.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі:                Оқушыларды  судың  қандай  күйде  болатынымен  таныстыру.  Практикалық  жұмыс  барысында  бақылау,  талдау,  салыстыру  және  қорытынды  шығара  білуге  үйрету.

Дамытушылығы:      Оқушылардың  өз  ойларын  жүйелі  түрде  баяндауын,  түсініп  оқу, 

ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелілігі:              Табиғатты  сүюге,  оны  қорғауға  тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі:         Интерактивті  тақта,  слайдтар,  суреттер,  жарты  шарлар  картасы,                                      тәжірибеге  қажетті  заттар.

Сабақтың  типі:                    Жаңа  материалды  меңгерту  сабағы.

Сабақтың  әдісі:                    Сұрақ-жауап,  түсіндіру,  әңгімелеу,  топтастыру,  сызба, топпен  жұмыс,  практикалық  жұмыс,  тест.

Пәнаралық  байланыс:         Әдебиеттік  оқу,  математика

Сабақтың  барысы:

 

І. Ұйымдастыру  бөлімі:

1. Психологиялық  дайындық

            Күндей  күлімдеп,

            Айдай  арайлап,

            Жұлдыздай  жарқырап,

            Судай  мөлдір,  таза  көңілмен

            Біз  сабақты  бастаймыз!

ІІ. Негізгі  бөлім.

2. Үй  тапсырмасын  тексеру.  Топпен  жұмыс.

Ø  Тест:

1.      Адам  ауасыз  қанша  уақыт  шыдай  алады ?

а) 1 күн                      ә) 1  ай                                    б) 1 минут

2.      Ауаның  дәмі  қандай ?

а) ащы                                    ә) дәмсіз                     б) тәтті

3.      Ауаның  иісі  бар  ма ?

а) иә, иісі бар             ә) жоқ, иіссіз              б) кейде иіссіз, кейде иісі бар

4.      Ауа  ...

а) жылуды  сақтайды           ә) отты  сөндіреді      б) сығылмайды

5.      Мақалды  жалғастыр:          Таза  ауа - ...

а) наны  тәтті             ә) дертке  дауа                      б) жер  болмас

Ø  Топтық  жұмыс:

І топ    1. Ауаның  қандай  қасиеттері  бар ?

(мөлдір,  түссіз,  салмағы  жоқ,  пішіні,  иісі  жоқ,  сығылады,  серпіледі,  ауасыз  от  жанбайды)

ІІ топ   2. Ауаның  маңызы  туралы  не  білеміз ?

(Ауасыз  адам  да,  өсімдік  те,  жануарлар  да  тіршілік  ете  алмайды.  Ауасыз  адам  бірнеше  минут  қана  өмір  сүре  алады.  Ауа  жерді  күн  сәулесінің  өте  қатты  күйдіріп  жіберуінен  сақтайды.  Сондықтан  біз  ауаны  ластамауымыз  керек.

ІІІ топ 3. Ауаның  ластану  себептерін  атау:

( түрлі қалдықтар, улы газдар, түтіндер, радиация, орман-тоғайлардың өртенуі т. б)

3. Жаңа  сабақ

Ø  Су  туралы  жұмбақ  шешу.

Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,

Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.

Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ

Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)

 

Ø  Сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатын  хабарлау

Ø  Су  туралы  не  білеміз ?

Ø  Су  туралы  түсіндіру,  әңгімелеу.

Картада  су  көк  түспен  белгіленген.  Су  жердің  төрттен  үш  бөлігін  алып  жатыр.  Сусыз  өмір  жоқ.  Су – тіршілік  көзі.  Ол – сұйық  зат.  Өзен,  көл,  теңіз,  мұхиттарды  құрайды. 

Ø  Практикалық  жұмыс

Судың  қандай  қасиеттері  бар?  Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.

1-тәжірибе:      Су – түссіз.

Стаканға  сүт,  ал  екіншісіне  су  құйып,  екеуін  салыстыру.  Сүт – ақ,  ал  су – түссіз.  Суды  аз  мөлшерде  алсақ,  ол  түссіз.  Ал  өзен,  көл  суларының  сулары  әр  түрлі  болады.  Оның  себебі  судың  тереңдігіне  байланысты,  терең  жердің  суы  көгілдір  болады.

2-тәжірибе:      Су – мөлдір.

Екі  стаканның  біреуіне  сүт,  біреуіне  су  құю.  Олардың ішіне қасық салу.  Қайсысы  анық  көрінеді.  Неге ? 

3-тәжірибе:      Су – дәмсіз,  таза  судың  дәмі  болмайды.

4-тәжірибе:      Су – иіссіз,  таза  судың  иісі  болмайды

5-тәжірибе:      Судың  тұрақты  пішіні  болмайды. 

Стакандағы  суды  кесеге,  тәрелкеге  құю.  Ол  қандай  ыдысқа  құйылса,  сондай  пішінге  ие  болады.

6-тәжірибе:      Су – сұйық,  ол  ағады.

Суды  кез-келген  беті  тегіс  нәрсеге  құйып  көру.  Ол  жан-жағына  аға  бастайды.  Себебі,  ол – сұйық.

7-тәжірибе:      Су – жабысқақ. 

Тасты  суға  малып  алсаң,  ол  су-су  болып  шыға  келеді.  Яғни,  су – жабысқақ.

Ø  Тәжірибені  қорытындылау.

1. Судың нақты пішіні болмайды.

2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.

3. Су – мөлдір.

4. Судың дәмі жоқ.

5. Судың иісі жоқ.

6. Су сұйық. Ол ағады.

Ø  Судың  күйлерімен  таныстыру

Сұйық – су

Қатты – мұз

Газ – бу  

            4. Оқулықпен  жұмыс

·         Сурет  бойынша  жұмыс

·         Жұмбақты  шешу

·         Өлеңді  мәнерлеп  оқу

5. Сергіту  сәті

            Жауын,  найзағайдың  дыбысын  тыңдау.

            Оқушылардың  өздеріне  жасату:

-      Жел  тұрды

-      Найзағай  ойнады

-      Жауын  жауды

-      Жауын  жай  жауды

-      Жауын  қатты  жауды

-      Жауын  басылды

-      Күн  ашылды

6. Дәптермен  жұмыс

Күннің  жадын,  сабақ  тақырыбын  жазу.

Судың  қасиетіне  жататындарды  теріп  жазу.

Мөлдіртүссіз,  иісі  бар,  иіссіз,  жасыл,  дөңгелек,  дәмсіз,  тәтті.

7. Су  туралы  бейнефильм  көру.

            «Су  туралы  не  білесің ?»

            8. Топтық  жұмыс

                        Сәйкестендіру  тесті

                        Дұрыс  пікірді  бағыттауыш  сызықпен  қосу

                                    Ерігенде                    су  мұзға  айналады.

                                    Қатқанда                   су  буға  айналады.

                                    Буланғанда                мұз  суға  айналады.

            9. Ой  толғаныс:

І топ:   Судың  қандай  қасиеттерін  білесіңдер?

ІІ топ: Судың  қандай  пайдасы  бар?

ІІІ топ:            Су-бу-мұз.  Осы  үшеуін  байланыстырып  әңгімеле.

10. Суға  байланысты  ырымдар  мен  тыйымдар:

Суды  босқа  төкпе.

Су  ішкен  құдығыңа  түкірме.

Түнде  суға  барма.

Кірдің  суын  өзенге  төкпе.

            11. Суға  байланысты  мақал-мәтелдер:

·         Сулы  жер – нулы  жер.

·         Бұлақ  көрсең,  көзін  аш.

·         Өзен  бар  жерде  өмір  бар.

12. Миға  шабуыл:                Ойлан,  тап!

 

            Каспий  теңізі  туралы  әңгімелеу.

13. Артық  болмас  білгенің

            Судың  емдік  қасиеттері  туралы  әңгімелеу:

            Су – адам  ағзасына  өте  қажет. Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша  судың  біз  білмейтін  20-дан  астам  емдік  қасиеттері  бар.  Су  жүрек,  асқазан,  жүйке,  ұйқысыздық,  қан  сұйылту,  салмақ  қосу,  тері  ауруларының  сауығуына  әсер  етеді.  Сонымен  қатар  жер  астынан  шығатын  минералды  суларға  шомылу  арқылы  да  түрлі  аурулардан  айығуға  болады.  (Сарыағаш,  Құрық, фонтан)

ІІІ. Қорытынды  бөлім

            14. Үйге  тапсырма:  41-43  беттерді  оқу,  мазмұнын  айтуға  дайындалу.

            15. Сабақты  қорыту.

Судың  адам  өмірі  үшін  бағасы  өлшеусіз

Сусыз  тамақ  піспейді,  тазалық  та  болмайды

Су  жолымен  адамдар  қатынайды,  қайық,  кеме  жүзеді,  жүк  тасиды

Судың  күшінен  электр  қуатын  да  алады

Су  арқылы  үйді  жылытады

Өндіріс  орындары  сусыз  жұмыс  істей  алмайды

Судың  өсімдік  және  жан-жануарларға  да  пайдасы  мол

Судың  адам  денсаулығына  пайдасы

Қорыта  келгенде, табиғат-ана  бізді  аялап,  қастерлеп,  еш  планетада  жоқ  суды  бізге  сыйлаған.  Ата-бабамыздан  қалған  табиғи  мұралардың  ең  бастысы  су  көзі  болып  табылатынын  біле  білген  жөн.  Қазақ  халқы  «судың  да  сұрауы  бар  деген».  Сусыз  тіршілік  көзінің  жойылатыны  айдан  анық.  Құрметті  оқушылар,  суды  аялап,  оны  қастерлеп  күту  керек  екенін  естен  шығармаңыздар!  

            16. Оқушыларды  бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану пәнінен ашық сабақ "Су" 2-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 879 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.06.2016 1148
    • DOCX 29.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кыдырбаева Венера Алкеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кыдырбаева Венера Алкеевна
    Кыдырбаева Венера Алкеевна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10190
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 412 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек
Прямой эфир Загрузка...

Прямо сейчас в эфире

Инфофорум: «Всё, что волнует педагогов»