Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Дүниетану. Ашық сабақ. "Өсімдіктердің көбеюі" 2-сынып

Дүниетану. Ашық сабақ. "Өсімдіктердің көбеюі" 2-сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Өсімдіктердің көбеюі


Дүниетану. 2-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің көбеюінің тәсілдерін білу. Өсімдіктердің тұқымының таралу жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарларға орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, тест.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, музыка, бейнелеу.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
- Кәне балалар, сәлемдесіп алайықшы.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
«Сәлеметсіздер ме?»
ІІ. Өткен сабақты сұрау. 3 - 4 оқушыдан түсінгендерін сұрау.
Тірек - сызба арқылы білімдерін бекіту.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме. Біздің елімізде өсімдіктердің түрі өте көп. Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі әр түрлі. Кейбір өсімдіктер бірнеше ай, енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді. Көбею - барлық тірі табиғатқа тән қасиет. Көбею дегеніміз - әр өсімдіктің өзі сияқты ұрпақ қалдыруы. Сол өсімдіктің санын көбейту. Өсімдік тұқымнан, түйнектен, пиязшықтан көбейеді.
2. Сурет бойынша түсіндіру.
3. Оқулықпен жұмыс.
Сыныпты топтарға бөліп, мәтінді бөлік бойынша оқыту. Содан соң өсімдіктің көбеюінің бір тәсілі туралы бір оқушы өз еркімен әңгімелеп беруін сұрау. 5 - 6 оқушыны тыңдау.
4. Дәптермен жұмыс. Кестені сызу.
Кесте толтырылғаннан кейін, қорытынды жасау.

Сұрақтар:
1. Өсімдіктің көбеюінің тәсілдерін тізіп айту
2. Өсімдіктерді отырғызатын жыл мезгілін атаңдар.
3. Көбеюдің түрлі әдістеріне мысал келтіріңдер.

ІҮ. Ой - қиял. Топтық жұмыс Тапсырма.
Осы өсімдіктің атауын және оның көбею тәсілдерін анықтау. Жұмысқа арналған материалдарды ыдыста таратамын: картоп, пияз, шекілдеуік, қысқа шыбық, бұршақ. Оқушылар талқылап бір пікірге келеді.
Жұмысқа берілген уақыт 3 - 5 минут
Ү. Ойын «Адасқан әріптер» Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойдырып, өсімдік аттарын таптыру

ҮІІ. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін тест арқылы тексеру.
1. Ылғалды жерде өсетін өсімдіктің тамыры қандай болады?
А) ұзын; ә) қысқа; б) биік.
2. Өсімдіктің қай мүшесі топырақтың астында жатады?
А) жапырақ; ә) тамыр; б) бұтақ
3. Өсімдіктің неше түрі бар?
А) бес; ә) үш; б) төрт.
4. Құрғақ жемістерге не жатады?
А) жүгері; ә) шие; б) өрік.
5. Ағаштардың жапырақтары қашан түседі?
А) жазда; ә) қыста; б) күзде.
6. Ағаштың сабағы қалай аталады?
А) бұта; ә) тамыр; б) дің.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау. Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты бекіту.
ІХ. Бағалау.
Х. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқып келу. Жүзім өсімдігінің көбею жолын әңгімелеп келу.



Автор
Дата добавления 12.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров172
Номер материала ДВ-448226
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх