Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Дүниетану. Ашық сабақ. Тақырыбы: Табиғаттағы су. Бұлт және тұман. 3 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Дүниетану. Ашық сабақ. Тақырыбы: Табиғаттағы су. Бұлт және тұман. 3 сынып

библиотека
материалов

Пәні: Дүниетану

Күні: 11.12.15ж

Сыныбы: 3 «Ж»


Тақырыбы

Табиғаттағы су. Бұлт және тұман

Мақсаты

Балалардың ауа мен су жайлы білімін ұштау; балаларға ауаның жер бетіне қалай таралатынын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

Осы сабақ барысында оқушылар бұлттың түзілу себептерін, жауын-шашынның қалай пайда болатынын түсінеді.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам, Жигсо, миға шабуыл, ББҮ кестесі, топтастыру, ыстық орындық

Қолданылатын ресурстар

А3 форматы, маркерлер, стикерлер, интербелсенді тақта

Ұйымдастыру кезеңі

















Топқа бөлу кезеңі






Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын.

Психологиялық дайындық

Самал желі биледі. (қолдарын жоғары көтеріп қимылдатады)

Қабат-қабат бұлт келді, (қолдарын сермейді)

Жауын-шашын төгілді.(аяқтарымен тарсылдатады)

Үлкен-кіші көңілді. (құшақтарын ашады)



Оқушыларды төрт топқа бөлемін

I топ «Жаңбыр»

II топ «Су»

III топ «Бұлт»

IV топ «Тұман» болып бөлінеді

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шеңбер құрып, психологиялық ахуал жасайды.


Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім


Қызығушылық

тарын ояту

Үй тапсырмасын сұрау


«Миға шабуыл»











Жеке жұмыс

«Сәйкестендір» ойы

Ауа және оның қасиеті. Жер бетінің ауаны жылытуы. Жел

-Мазмұнын сұрау

-Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Ауа,жел.

-Ауа бізге не үшін керек?

-Ауа бізге тыныс алу үшін керек.

-Ауа қалай қозғалады?

-Ауа түрлі жылдамдықпен қозғалады.

-Жел дегеніміз не?

- Ауаның жер бетімен қозғалысын жел деп айтамыз.


Ауаның қасиеті солтүстік желі, батыс желі

Желдің түрлері ауаны тазартып отырады

Желдің пайдасы мөлдір, түссіз, иіссіз, көзге көрінбейді

Желдің соғуы самал жел, күшті жел, дауыл

Мұғалім берген тапсырманы орындау,

әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді

Түсіну

«ББҮ кестесі» әдісі
















Электронды оқулық

-Балалар бір жылда қанша мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қандай табиғи құбылыстарды білесіңдер? (жаңбыр, қар, бұршақ, мұздақ жауды, күн бұлттанады, тұман түседі)

-Бұлар қалай пайда болады?

Төрт топқа тапсырмалар беріледі, яғни «ББҮ» кестесіні білемін бөлігін толтырады.

1-ші топ Жаңбыр, қар

2-ші топ Су

3-ші топ Бұлт

4-ші топ Тұман

Білетіндерін кестеге түсіреді.

Интербелсенді тақтадан жаңа сабақ түсіндіріледі.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

«ЖИГСО әдісі» пайдаланамыз

Жұппен жұмыс

«Ыстық орындық» әдісі

Жаңа сабақты төрт бөлімге бөліп 4 топқа оқыту. Жұптар өзара бір- біріне түсінгендерін айтып талқылайды.

Топ ішінен бір оқушы шығып ыстық орындыққа отырып түсінгенін ортаға салады.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді.


Дәптермен жұмыс

Су- табиғат байлығы. Тіршіліктің қайнар көзі

Оқушылар дәптерлеріне берілген тапсырманы сауатты орындайды.

Сергіту сәті

«Аяқпенен топ, топ-топ » атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

Сыныптық жұмыс

Шығармашылық тапсырма

«Тақырыпты біз былай түсінеміз» (кітап,суретпен жұмыс)

-Жердегі тіршілік сан алуан табиғат құбылыстары сумен байланысты екенін әңгімеле.

-Суретте қандай бұлттардың түрлері бейнеленген? Одан қандай жағдайларды күтуге болады?


Берілген тапсырманы уақытылы орындау,

Өз ойларын толық жеткізу

Жинақтау

Топпен жұмыс

«ББҮ» кестесінің білдім бөлігіне берілген тапсырмаларын жазады.

1-ші топ Жауын шашын түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық және қырау.

2-ші топ Судың қасиеті: мөлдір, түссіз, иісі және дәмі болмайды.

3-ші топ Бұлт түрлері: шарбы бұлт, будақ бұлт және қабат бұлт

4-ші топ Судың күйлері: сұйық, қатты және газ тәріздес


Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын қағазға жазып береді

Бағалау

Бағалау критер

Бағдаршаммен, бағалау парақшасы бағалау

Өзін өзі және топпн бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

«ББҮ» кестесінің үйренгім келеді бөлігін оушылар стикерге жазып іледі

Ұсынылған стикерді толтыру



































абақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Бұлт және тұман.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балалардың ауа мен су жайлы білімін ұштау; балаларға ауаның жер бетіне қалай таралатынын түсіндіру.

Дамытушылығы: осы сабақ барысында оқушылар бұлттың түзілу себептерін, жауын-шашынның қалай пайда болатынын түсінеді.

Тәрбиелігі : Табиғатты қорғауға, елін жерін сүюге. Отанын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жауын-шашын,бұлт кестелері; слайдтар.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру,түртіп алу стратегиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабаққа жалпы шолу жасау.

ІІІ. Жаңа сабақ.



І. Шаттық шеңбері:

Жер дегенде -2 қолды көтеру,

Су дегенде -2 қолмен төмен қарай желпу

Ауа дегенде -2 қолды сыртқа қарай желпу

Күн дегенде алысқа қарау

Хормен: Күн, ауа, су, жер –біздің достарымыз.

-өте жақсы балалар. Орындарыңа отыра қойыңдар.

ІІ. –Ал, қане балалар біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?

-Ауа,жел.

-Ауа бізге не үшін керек?

-Ауа бізге тыныс алу үшін керек.

-Ауа қалай қозғалады?

-Ауа түрлі жылдамдықпен қозғалады.

-Жел дегеніміз не?

- Ауаның жер бетімен қозғалысын жел деп айтамыз.

- Желдің қандай түрлері болады?

-Самал жел, күшті жел,дауыл.

ІІІ. Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бұлт. Жауын-шашын»

Балалар кім айтады, бұлт дегеніміз не?

(мұнда оқушылардың ойлары мен жауаптары тыңдалады)

1.Бұлт туралы түсінік жүргізіледі:

Жер бетінде су көп. Су өзен,көл,теңіз,мұхит түрінде таралған. Су ұдайы буланады. Ауада көзге көрінбейтін су буы әрқашанда бар. Ауа салқындағанда будан судың өте майда тамшылары пайда болады. Тұман және бұлт осындай тамшылардан тұрады.Тұман төмен жер бетінде, ал бұлт биік аспанда болады.Бұлттағы майда су тамшылары бір-бірімен бірігіп, іріленеді. Бұлт түнеріп, бірте-бірте қара бұлтқа айналады.

Бұлттар көшіп жүреді. Оларды жердің бетімен жел айдайды.



Бұлттың түрлері






Шарбы бұлт Будақ бұлт Қабатты бұлт

Слайдтармен жұмыс жүргізу.










hello_html_m4dc1de75.png

Шарбы бұлт: ең биіктікте жүреді және ең жеңілі 6км.-18км.биіктікте түзіледі.

Будақ бұлт- 2-ден-6км дейінгі биіктікте. Будақ бұлттың түсі сұрдан қараға дейінгі аралықта.

Қабатты бұлт-ең ауыр және төменде орналасқан. Олар жер бетінен 2км. Биіктікте пайда болады.

2. Жауын-шашын туралы түсінік.

Жаңағы айтып кеттік қой майда тамшылар бір-бірімен бірігіп,іріленеді бұлтқа айналады.Су тамшылары ауырлайды да, ауа оларды ұстап тұра алмайды. Олар жерге жаңбыр болып жауады

Жаңбыр-жылдың жылы мезгілінде жауады.

Қыста будан қар ұлпалары түзіледі.

Жазда ауаға су буы жинақталады. Түнде жер беті ауаға қарағанда тезірек салқындайды. Жылы ауа салқын жер бетімен жанасқанда, одан су тамшылары бөлініп шығады. Су тамшылары шөпке, топырақтың бетіне түседі. Ол-шық. Күздің соңы мен қыста қырау пайда болады.







hello_html_m2816bc30.jpg

hello_html_52f12a6b.png




Ағаштардағы қырау.




hello_html_10ebb66d.jpg

Жаздағы өсімдік жапырағындағы шық.

Жауын-шашанның түрлері:



Жаңбыр

қар Бұршақ шық қырау

Балалар қане кішкене денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Самал желі биледі.

Қабат-қабат бұлт келді,

Жауын-шашын төгілді.

Үлкен-кіші көңілді.





3. Түртіп алу стратегиясы.

+ Білемін

-Білмеймін

V Қызық екен

? Білгім келеді

























(Оқушылар жаңа сабақтан алған білімдерін тізбектейді)

Сабақты бекіту:

-Сонымен балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?

-Тұман мен бұлт неден тұрады екен?

-Жаңбыр мен қар қалай пайда болады?

-Бұршақ қалай түзіледі?

-Бұлттың қандай түрлері бар?

Оқулықпен жұмыс. Сәйкестігін тап: 
1.Будақ бұлттар А.Ұзаққа созылған ақ жаңбыр жауады. 
2.Шарбы бұлттар Ә. Түтіліп үйіліп жатқан жүнге, мақтаға ұқсайды 
3.Қабат бұлттар Б.Малдың ішкі шарбы майына ұқсайды 
Жауабы: 1- Ә, 2-Б, 3-А. 
Мақалды толықтыр: 
Жел дауылды айдайды, (бұлт жауынды айдайды) 
... – жаңбыр хабаршысы. (Бұлт) 
ІІІ.Ой – толғаныс. 
1.«Тұманның пайдасы мен зияны» 
2. «Ойланайық!» 
Салтанат аспанды торлаған бұлттарға қарап, әр нәрсенің бейнесіне ұқсатып отырды. Құрбысы оған телефон соғып, көл маңына серуендеп келуге шақырды. Салтанат барар – бармасын білмей ойланып қалды. Қандай кеңес берер едіңдер? Ауа райы өзгеруі мүмкін бе? 
Оқушыларды бағалау 
Үйге тапсырма: Бұлттың ерекшелігіне байланысты кесте толтыру.









Сабақтың тақырыбы: Бұлт және тұман.

Жауын-шашын.


Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: 1. Оқушыға бұлт,тұман,жауын-шашын туралы 

ұғымдарды түсіндіріп,дүниетанымын кеңейту.

Дамытушылығы: 2. Қосымша тапсырмалар,сөзжұмбақ орындату 

арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын 

молайту.

Тәрбиелігі: 3. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, 

табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны 

қорғауға тәрбиелеу.


Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру (интерактивті тақтаны 

қолдану)


Сабақтың түрі: жаңа сабақ.


Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, бейнелеу


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Денелер,Заттар,Құбылыстар бөлімін қайталау.


Сұрақтар: 


  1. Дене дегеніміз не? Денелер нешеге бөлінеді?


  2. Табиғи денелер нешеге бөлінеді?


  3. Өлі табиғат, тірі табибат дегеніміз не? Мысал келтір.



Суретпен жұмыс. 


- тірі табиғат жасыл





- өлі табиғат қоңыр


Тірі табиғат қоректенеді, өсіп-өнеді, көбейеді.

Өлі табиғат қоректенбейді, өсіп-өнбейді, көбеймейді.

http://kze.docdat.com/tw_files2/urls_8/168/d-167176/7z-docs/1_html_75d3d79c.gifhttp://kze.docdat.com/tw_files2/urls_8/168/d-167176/7z-docs/1_html_75d3d79c.gif


  1. Табиғат құбылыстарына не жатады?( бұлттың торлауы, жауын-шашынның жаууы, найзағайдың ойнауы, күннің күркіреуі, желдің , боранның соғуы, судың тасуы.


  2. Географиялық карта дегеніміз не?( жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесі)


Физикалық карта дегеніміз не? (өзен, көл, жер бедері бейнеленген карта)

Саяси карта дегеніміз не? ( мемлекеттер мен олардың бөліктері көрсетілген карта)


  1. Картадан көкжиек тұстарын қалай анықтаймыз? (картаға тура қарағанда оның жоғарғы жағы- солтүстік, төменгі жағы- оңтүстік, сол жағы - батыс, оң жағы-шығыс.


  2. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?(Ресей,Қытый,Өзбекстан,Қырғызстан,Түркменстан)


  3. Картаның шартты белгілері қандай?(қаланы- дөңгелекпен, жазықтарды-жасыл,қыраттарды-сарғыш,тауларды-қоңыр,көл және теңіздерді- көгілдір)
     



Суретті диктант.


3. Жаңа сабақ. Бұлт және тұман. Жауын-шашын.


Күн жылуының әсерінен өзен,көл,теңіз бетінен су үнемі буланып жатады. Неғұрлым күн ыстық болса, соғұрлым су көбірек буланады.

Су бетінен көтерілген бу ауаға араласып,көрінбей кетеді. Оның әрі қарай қандай өзгеріске ұшырайтынын білу үшін тәжірибе жасайық.

Тәжірибе.Ыстық су құйылған ыдыстың бетіне табақша қояйық. Біраздан кейін табақшаның түбінде су тамшылары пайда болады. Тамшылар қайдан келді? Олар табақшаның түбіне жанасқын будан бөлініп шыққан су. 


Суретпен жұмыс Судың буға айналу үрдісі.

Яғни,су бетінен көтерілген бу ауаға араласып,онда күн қызуымен буға айналып,бұлттар пайда болады, бұлттар қайтадан жаңбыр күйінде жерге түседі. Осылайша су табиғатта үнемі айналыста болады.

Жылы ауа қар немесе топырақ бетімен жанасқанда ұсақ су тамшыларының шоғырлануынан жер бетіне тұман түседі.

Жер бетінен жоғары көтерілгенде де ауа салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларын құрап шығарады. Олар шоғырланып бұлт құрайды.


Бұлттардың суреті.

Пішініне қарай бұлт бірнеше түрге бөлінеді.

Будақ бұлт- түтіліп,үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Жеке будақтар, сұрғылт түсті келеді. Олар біріге келе түнеріп, будақ бұлт жаңбыр бұлтына айналады. Одан нөсер жаңбыр жауады.


Шарбы бұлт- өте үлкен биіктікте ұсақ су тамшылары қатып, мұз кристалдарына айналуынан пайда болады. Ақ түсті, нәзік шілтерге ұқсайды. Шарбы бұлттан жауын шашын жаумайды.

Қабат бұлт- тұманға ұқсас бірсыдырғы сұрғылт қабат құрайды. Қабат бұлт аспанды түгел торлап алады да, одан ұзаққа созылған ақ жауын жауады.


Бұлтты құрайтын су тамшылары бірігіп ауырлайды да, жерге жаңбыр болып жауады.


Суретпен жұмыс. Жаңбырдың түрлері.

Нөсер жауын- жел аралас,ұйытқып жауатын нөсер жауын.

Ақ жауын-таңертең басталса кешке дейін жауып тұрып алатын ақ жауын.

Сылбыр жауын( сіркіреген) – яғни сылбыр жауын ұсақ жауын, ол ұзақ жаумайды.

Найзағайлы жауын- аспанды қап-қара бұлт торлап, күн күркіреп найзағай ойнап жауатын жауын.0,


Суретпен жұмыс. Ылғалдың булануы.

Кейде жер беті қатты қызғанда ауаның жоғары өрлеген күшті ағыны пайда болады.

Жаңбыр бұлты мұндай жерге тап келсе, одан бөлінген су тамшылары қайтадан жоғары көтеріліп кетеді. Үлкен биіктікке жеткенде су тамшылары қатып, мұз түйіршіктеріне айналады. Мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады да, үлкейе түседі. Соның нәтижесінде бұршақ жауады.

Бұршақ шаруашылыққа үлкен зиянын келтіреді.Жаңа шығып келе жатқан егінді қиратып кетеді.Жеміс ағашьары мен бұталарының гүлін, жемістерін қағып түсіреді.

Қыста үлкен биіктікте су тамшылары қатып, мұз түйіршіктерін түзеді. Кейін олар бір-біріне жабысып, қар ұлпасына айналады.

Сонымен балалар, жаңбыр, бұршақ, қар- жауын шашынның түрлері.

Ал енді балалар сергіту жасайық. Бойымызды , ойымызды сергітейік Барлығымыз бірігіп сөзжұмбақ құрастырайық.



  1. Тері, құлақ, мұрын , тіл, көз- қандай мүшелер (сезім)


  2. Ас қорыту жұмысына қатысатын қандай без? (ұйқы)


  3. Дала гүлі (лала)


  4. Айналадағы заттар мен құбылыстарды естіп, тыңдау арқылы тануды не дейміз?( бақылау)


  5. Табиғатың бір бөлігі, бірақ саналылығымен ерекшеленетін тіршілік иесі? (адам)



Енді сендерге жұмбақ жасырайын.


  1. Етек жеңі жиналмай,


Дауыл тұрса дым қалмай,

Түйдектеліп көшеді,

Тоз- тоз болып өшеді

Бұлт


  1. Жарқ-жұрқ етіп қанжары


Көк теңізді осады.

Жалт-жұлт етіп жон жалы

Арыстан даусын қосады. 

Найзағай


  1. Дауыл ақ дән ұшырып,


Шашып өтті аспаннан.

Шекемізді ісіріп,

Қаштық үйге сасқаннан 

Бұршақ


  1. Әжемнің қара түбітін


Жел ұшырды күні-түн.

Бұлт


  1. Көктен жетеді,


Шөпке сүңгіп кетеді.

Жаңбыр


  1. Көрінбейді өзі,


Терезені ұрады.

Айтатын жоқ сөзі,

Ысқырып тұрады.

Болмаса да аяқ-көзі

Серуен де құрады.

Бұл не? Боран 


Балалар мен сендерге ауа-райын болжайтын қанатты жәндіктер туралы айтып берейін:

Нағыз ауа-райын болжайтын «мекеме»- омарта.

Егер аралар ертеңгісін ұясынан ұшып шықпай, гуілдеп отыра берсе, таяудағы 6-8 сағатта жаңбыр жауады деп күте беріңдер.

Егер аралар кешқұрым ұясынан ұшып шықпаса, таяудағы тәуліктерде ашық ауа райы сақталады. Араның кеш ұшуы ауа райының бұзылайын деп тұрғанын көрсетеді.

Аралар да ауа-райын таяудағы уақытта ғана емес, айтарлықтай ұзақ мерзімге болжай алады. Егер олар күзде омарта тесігін кішкентай ғана саңылау қалдырса, қыс қатты болады. Қыс жылы боларды ара омарта тесігін ашық қалдырады. 

Құмырсқалар да ауа-райын тамаша болжайды. Күзде құмырсқа шоғыры неғұрлым көп болса қыс қатты болады.

Ал, шыбындар қалай болжайдыекен. Егер үй-жайда шыбын қабырғаға жабысып, қозғалмастан қаптап отырса, ол- жаңбыр жауып, жел соғады деген сөз.

Түнге қарай айналаның бәрі мүлгіп, жел шөптің басын баяу қимылдатып тұрған шақта жасыл шегірткенің шырылы ұзаққа созылатын кезі болады. Ол ертең таңертең ауа-райы желсіз, ашық болатынын әнге қосып айтып тұр.


4. Сабақ қорытылады.



  1. Оқушылар бағаланады.

  2. Сырылдатады шәйнегн,

  3. Ұнатпаса да жұрт, мейлі.

  4. Тереземіздің әйнегін

  5. Жуады,

  6. Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)

  7. Киіз үйімнің төбесі

  8. Түбітке толы. О несі?    (Бұлттар)

  9. Ат шаптырым аумағы,

  10. Байқалмайды салмағы.

  11. Мың кессең де ол мейлі,

  12. Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)

  13. Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

  14.  

  15. Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

  16.  

  17. Күніне талай жерге кетер кезіп,

  18.  

  19. Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)

  20.  




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров437
Номер материала ДВ-321410
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх