Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Дүниетану пәні бойынша 4 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

Дүниетану пәні бойынша 4 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Адам қайдан , қалай пайда болған?

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Адам мен маймылдың шыққан тегі бір деген тұжырымды айғақты мағлұматтарға сүйеніп дәлелдеуге үйрету; қоршаған орта туралы түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
1. Білімділік: Аданың шыққан тегі туралы ғылыми түсінік ұғымдарын білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Әңгімелеу, сипаттау, талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Адам жасаған заттардың суреттері.
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау,

Психологиялық ахуал

Адам мен маймыл түрі мен іс - әрекетерін салыстыр
Адамға қатысты сөздерді қорша:
Көз, үстел, нан, қарындаш, жер, құлақ, жел,
Шаш, жануар, ойыншық, көйлек, өсімдік

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://abc-24.info/uploads/posts/2012-02/1330360639_homo.jpghttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRnnYUVCvBSBSvTFe6Z5In7CuH9_hCEOFNhUTNXDsxBXOAzK2rXnQ

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі:Бұл сұрақ адамдарды бұрынғы заманнан бері ойландырып келе жатыр . Ғылым әлі дамымаған кезеңдерде адамның қалай пайда болғандығы туралы көптеген аңыздар бар . Мысалы , ертедегі Құдай тағала алғашқы адамды балшықтан мүсіндеп, пеште қыздырып , одан кейін оған жан салып жаратқан деген аңыз тараған . Мұндай аңыздар ежелгі гректер мен басқа елдере де болған . Адамның жаралуы айындағы аңыз әңгімелер қасиетті діни кітаптардан да тиісінше орын алды . Ол кітаптарда Алла тағала өз құдіретімен әуелі жер – дүние , жан – жануарларды одан кейін барып , топырақтан ең алғашқы адамды , яғни АдамАтаны жаратқаны айтылады . https://lh5.googleusercontent.com/aKh3aLC696mNsRHJOTq__NnRJqxT2NPCd1kFa1m1x8iloM1WF8ngE57WI5avI4KM7f9MYMxbWt4VO6EQ44ZZR4R_MY8SqqeM4KmaVfe9DhAdraKIyvZDwU-HSq-qrti0TAznKJm17Jc

Сергіту сәті

Ұшқандай боп кекiлiк,

Биiк-биiк секiрiп,

Ойнап-ойнап, тез өсiп,

Кетемiз бiз жетiлiп.

Ой толғаныс

Жаңа білімді бекіту:
1. Алла әуелі нені жаратқан?
2. Адам - қайдан, қалай пайда болған?
3. Адамның жаралуы туралы ғылым не дейді?
4. Ағылшын зерттеуші кім?

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Алғашқы адам

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін және біздің заманымыздың ерекшеліктерін айқындау

Сабақтың нәтежиесі: Ежелгі адамдардың өмірі мен қазіргі адам трішілігінің едәуір айырмашылығын салыстырады.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Топтастыру» Блум таксономиясы  «Көрме» әдісі.

Психологиялық ахуал

Жұп жазбастан жүреміз,    

Біздің сынып – мақтаулы.    

Біздің сынып -өнерлі.

Өйтені біз сүйеміз            

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTakjy75YIn2MRUUyXv1AIAXqWrlAoySzOO8MPc70_WvEvntNe6http://www.darwinmuseum.ru/img/news/2010/toumai-3.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі: Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеоантроптар, кейде неандерталь адамдары деп те атайды. Палеоантроптар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл – ойы және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған. 1856 жылы Батыс Германия жеріндегі Неандерталь өзенінің аңғарынан ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтары табылды. Ертедегі адамдардың қоныс мекендері, кейіннен Ресейдің көрнекті антрополог ғалымы М. М. Герасимов ертедегі адамдардың бас сүйегінің құрылыс ерекшелігіне қарап, олардың бейнесін жасап, ғылымға зор үлес қосты.
Палеоантроптар бұдан 1, 5 - 250 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ертедегі адамдардың бойының ұзындығы 155 - 165 см, ал миының көлемі 1400 см2 болған. Архантроптармен салыстырғанда палеоантроптардың сөйлеуге байланысты алдыңғы ми сыңарларының маңдай бөлігі жақсы дамыған және астыңғы жақ сүйегі кішірейген. Ертедегі адамдардың қоныстарынан табылған түрлі құралдардың жасалуы да едәуір күрделенген. Олар жануарлардың терісін өңдейтін құралдар да жасай білген. Ірі жануарлардың сүйектерін жинап, өздеріне баспана салғандығы да анықталып отыр. Палеоантроптардың ойлау қабілеті жақсы дамыған. Бұл кезде түрлі қолөнер салалары пайда болған. Қоғамдық сана қалыптасып, түрлі наным – сенімдер, тасқа, сүйекке ойып сурет салу және өлген адамдарды жерлеу салты болған.
Ертедегі адамдар ауа райы қолайсыз ауыр жағдайларда үңгірлерде тұрып, үнемі отты пайдаланған. Олар топтасып аң аулаған және Жер шарының көп аймақтарында өмір сүрген. Африканың солтүстік өңірінен табылған ертедегі адамдардың қаңқа қалдықтарына өте ұқсас. Сондықтанда ертедегі адамдар көптеген аймақтарда бір мезгілде өмір сүрген деген пікірлер бар. 1938 жылы орыс ғалымы А. П. Окладников (1908 - 1981 жж) Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен ертедегі адамдардың сүйек қалдықтарын тапты. Бұл ғылымда дүниежүзілік мәні бар үлкен жаңалық болды. Ертедегі адамдардың мекенжайлары, пайдаланған тас құралдары және аулаған жануарларының сүйек қалдықтары Қазақстан жерінен де көптеп табылды. Қазақстандық ғалым Х. А. Алпысбаев 1958 - 1962 жылдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау өңірінен ертедегі адамдардың қоныстарын тауып зерттеп, ғылымға көп жаңалық болды. Ертедегі адамдардың пайдаланған тас құралдары Орталық Қазақстан, Бетпақдала өңірінен де табылды.
Көрнекті ғұлама ғалым Ә. Х. Марғұланның бұл салада сіңірген еңбегі орасан зор. Ғылымда бұл дәуірді тас дәуірі тас дәуірі (немесе тас ғасыры ) деп аталады.

Сергіту сәті

Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бр тұрып
Біз тынығып алайық.

Ой толғаныс

Табыс критериі:

- Өткен өмірді тану;

-Тарихшы ғалымдардың дәлелдемелері;

-Археологтардың қазба жұмыстарындағы жетістіктері

-Адамдардың жаралуы туралы ғылым не дейді? Табыс критериі бойынша «Көрме» ұйымдастырады А4 қағаз

5мин 2.Түсіну.  Т-кестесі

Адам мен маймылдың ұқсастығы бар ма? Салыстыр.

Үйге тапсырма

Мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Адамды адам еткен – еңбек

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

«Адамды адам еткен еңбек»деген ұғымның мағынасын ашу.
Сабақ міндеттері:
1. Оқушыларға жануарлардың тіршілігі бақылауды үйрету. «Адам - табиғаттың бір бөлігі»деген тұжырымды дәлелдеу.
2. Адамның іс – әрекетін жануарлардан ажырата білу дағдысын дамыту, есте сақтау, шыдамдылық, жіті бақылау, логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру.
3. Сабақ барысында еңбекқорлыққа, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Жануарлар әлемі» бейнетаспасы, суреттер, «Тарихи деректеме» кестесі»

Психологиялық ахуал

Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты ― еңбек.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://angimeler.files.wordpress.com/2009/06/imagesca2jfybc.jpghttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRA4DPWJyzhyDGs0PMkQaqVrdycd2itMUtxW5--G-tgkWDeWqBS

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі:
1. «Адамды адам еткен еңбек» мәтінін оқытып, негізгі мағынасын белгілету.
2. Мәтін бойынша қазіргі заман адамының ерекшелігін көрсететін салыстырмалы саралау жұмысын жүргізу. Тірек сызба құрастырылады.
Қазіргі заман адамы --------------------------- Жануарлар
Үй, қабырға, қоршаулар соғады ----------- Аралар, құстардың ұясы
Аспанға ұшу -------------------------------------- Құстардың ұшуы
Оқушылар салыстыруды жалғастырады.
«Адамды адам еткен еңбек екенін білу үшін қандай тарихи деректемелер пайдаланады?» деген сұраққа жауап алу.Жалпа адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе? 

     Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.

     «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады. Мысалы: Бамбук ағашының қалай өсетініне назар аударайық. Алдымен топыраққа бамбук ағашының тұқымы егіліп, бес жылға дейін суарылып, ықыласпен күтіледі. Алайда алтыншы жылға қараған кезде ғана сабағы өсе бастайды. Бір қызығы, бұл сабақтың алты аптаның ішінде 27 метрге дейін өсіп, бес жылдың ішінде өскен ағаштармен теңесуі.


/upd/2014/0220/1392874165530592b5572277.61855176.jpegСонда бамбук ағашы бес жылдың ішінде өседі ме, әлде алты аптаның ішінде өседі ме?- деген сұраққа өсірген адамдар «Алты аптаның ішінде»,- десе, ал сырт көзбен қарайтындар үшін бес жылдың ішінде өсіп жетілетіні айдан анық. Дегенмен топыраққа тұқым егіліп, оны ықыласпен суарып тұру, күн көзінен, жаңбыр және желден қорғау сияқты ұзақ уақытқа созылған қажырлы еңбек пен үлкен сабырлылықтың арқасында ғана бамбук ағашы өсіп жетілуде. Міне, сондықтан да жұмсалған еңбектің бостан-босқа кетпейтініне және сабыр түбі – сары алтын екендігіне сенуіміз керек. Ал сенімсіздікпен жасалған іс ешқашан да алға баспайды.

Сергіту сәті

Тік ұста бойыңды
Жоғары соз қолыңды.
Соз қолыңды тағы да,
Жеткіз жираф мойнына.

Ой толғаныс

Заттық дереккөз – Еңбек құралдары, үй шаруашылығындағы ұстайтын аспаптар, қару жарақ, әшекейлер, қираған ғимараттар.
Жазбаша дереккөз - Шежіре, хаттар, хандардың жарлығы, іс - қағаздары, әңгімелер т. б.
Ауызекі дереккөз - Ертегі, мысал, жыр, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыздар.

Үйге тапсырма

Еңбек жайында тақпақтар жаттап келу .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Техника , құрылыс – ой мен еңбектің жемісі .

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға адам еңбегі жайлы айтып , техника м құрылыс жайында түсіндіру .

Психологиялық ахуал

Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTUPk2xIgHJE4yX6b_HNnt80SJvqYgUJDVqSN1fesNoYpkG5LWThttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQjwoBWTaHbuJnKUymS5rWQAYU94X8B35EQChuLLurgZBuPlfZr

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі: Адам-табиғат перзенті .Ол табиғат ортасында өмір сүріп , тіршілік етеді . Саналы ойлаудың арқасына ол өзінің адам ретінде алғашқы пайда болған дәуірінен бастады . Табиғаттың , оның ішінде әсіресе тірі табиғаттың алуан түрлі құбылыстарына таңданады . Оған қызыға қарап , өзі де сондай дегенді қиялдап , ойланатын болды Мысалы , адам құс тәрізді аспанда ұшуды , балық сияқты аспанда жүзуді армандады . Әрине , ол кезде бұл қиял ғана еді .Бірақ ойланудың , армандаудың , ынталанудың нәтижесінде «адам да оны жасай алады ғой» деген пікірге келеді .Сөйтіп , адам табиғат сырын , құпиясын зерделеді . Оның»техникасын» меңгерді . Құс пен инеліктің ұшуын бақылап – ұшақ , тікұшақ жасады . Бал арасының ұясын , ағаш жапырақтарының діңі , бұтақтарының оналасуын , құрылымын , т. б. зерделеп , алуан түрлі ғимараттар салды , құмырысқа илеуіне негзделген қалалар тұрғызды . Әрине , адам аса терең ойдың иесі болғандықтан , тірі табиғатты дәлме- дәл сол күйінде қайталамайды . Ғимараттарды , техниканы өз жағдайына икемді , өз қажетіне неғұрлым қолайлы , күнделікті тіршілігіне ыңғайлы етіп , жетілдіреді . Демек , тіршілігіміздің барлық саласындағы әр жаңалықтың басты себепшісі -

Алдымен адамдадың ақыл – ойы . Ал , адамға ой салушы , жетелеуші табиғаттың өзі .

Сергіту сәті

Сол аяқ, оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.

Ой толғаныс

Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?

Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?

Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Өнер , мәдениет – ақыл – ойдың , сезімталдықтың жемісі .

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қазақ халқының өнері, сурет және қолданбалы өнері сонымен қатар музыка өнерімен сазгер – күйшілер жайлы түсінік беру, алу.
1. Қазақ халқының қолданбалы өнері, сурет өнері, музыка өнері олардың халық арасында дамуы, халық арасында қолдау табуы, өнерге жол ашуы жайлы мәлімет алады.
2. Қазақ өнерінің дамуы ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып қалуы, өнер қайраткерлерінің өмір деректерін, олардың туындыларының ел арасында кең қолдау табуының ерекшеліктерін дамыта айту.
3. Халықтың мәдени - рухани мұралары қазақ халқаның өнерінің алар орны келешек ұрпаққа үлгі – өнеге.
Өнерге, музыкаға деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не? • Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://img.nur.kz/n/shardzha/0c/a/altyn_adam.jpghttps://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQ6SNaMs-GmeJ9T3VDG_XYI_1hR0WhLWAMVYXUa9WVM3eDxOqY4

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі: Адамның өз өміріне , тіршілігіне қажетті жағдайлар оның еңбегі арқылы жасалады . Ақыл ойы да дами түседі . Айналадағы дүние заттары мен құбылыстарына таңданып , қуанды . Оларды өзіне қауіптілерінен қорқу тәрізі сезімдік қасиеттері де туындап , жетілді . Мұны біз өз халқымыздың тарихынан білуімізге болады . Осыдан мыңдаған жыл бұрын Орта Азия мен Еуропаның көп жерін алып жатқан Ұлы дала тұрғындары көшпелі өмір кешкен .Ғалымдар оларды біздің халқымыздың ата тегі деп болжам айтады .Сол дәуірде ақ көші – қонға қолайлы мал түрлері - қой , ешкі , сиыр , жылқы қолға үйретіліп , мал шаруашылығы пайда болған . Көшпелі өмір-табиғи ортаға бейімделіп , тіршілік ету қажеттілігінен туындаған Ұшы – қиыры жоқ ұлы далада сұлулықты , табиғатпен тамаша үйлесімділікті бойына сіңіре білген . Адам мәдениет пен өнердің тамаша үлгілерін де жасады . Бұған «Алтын адам» , «Ахмет Йассауи кесенесі» т. б. көне дәуір мұралары дәлел бола алады . Міне , адам ақыл – ой еңбегі мен сұлулық – әсемдікті сезінуінің рухани жемісі – өнердің ең биік шыңы деуге болатын тарихи дүниелер осылар . Бұл – адамның қоғам перзенті екендігінің тағы бір өте маңызды айғағы.

Сергіту сәті

Қане балалар, тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.

Ой толғаныс

«Сәйкестендіру тесті» толтыртып, жауаптарын толықтырып, қорытамын. Иә,балалар, біз бүгінгі сабағымызда Яссауи бабамыздың даналығын байқадық . Қорыта келгенде,ол:
-Халқыңа,еліңе әділ бол,жаныңды Отан құрбаны қыл;
-Қолыңа түскенді жоқ-жітіктен аяма,жомарт бол;
-Дүниеқұмар,пейілсіз болма.
-Қанағат,рақым сақта;
-Үлкен сөзін,ғұлама сөзін,ұстаз сөзін,ақылдарын екі кетпей тыңдап,ұғын,нағыз тура жол осы,-дейді.

Үйге тапсырма

«Ахмет Йасауи-ақын,асқан ойшыл» тақырыбын оқу, ізденіп реферат дайындау. «Йасауи  шығармаларының тәрбиелік мәні » тақырыбында ойтолғау жазу.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Мәдени - өнр мұраларын сақтау , қорғау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: оқушыларды ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының рухани мәдениетін, соның ішінде бейнелеу өнері, ақындық өнері мен сазгерлік өнерінің даму барысымен, оны дамытуға үлес қосқан көрнекті қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.
Сабақтың әдісі: интерактивті:
Сабақтың көрнекілігі:Кестелер, семантикалық карта.

Психологиялық ахуал

Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің құрылысы жайлы не білесің? Кесенені кім салдырды, қандай мақсат көзделді?

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://massaget.kz/userdata/users/user_10621/1397723432.JPGhttps://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRTqxqE0KwJ7aTH0rCH-TyzGId6Dd6NzxamJ0LLl3gOKQRjICKO

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі: Мәдени – өнер мұралары жее өнер адамдары ой – сезімінің жемісі екені рас . Бірақ оларды жаауға қаншама адам қол еңбегімен көмектескенін ұмытпау керек . Ерте дәуірлерде дүниеге келген тарихи–мәдени ескерткіштер–осындай еңбектің жемісі . Кейінгі ұрпақтар қаншама уақыт өтсе де , сол шеберлердің өнеріне , еңбегіне сүйсініп , оны тамашалауда . Мұндай тарихи ескерткіштер бүкіл халықтың , ұлттың рухани – мәдени , ақыл – ойы деңгейін көрсететін өлшемге айналды . Мысалы , біздің жеріміздегі «Алтын адам» , «Ахмет Йассауи кесенесі» т. б. тарихи мәдени ескерткіштер қазір ЮНЕСКО – ның есебіне алынып , адамзат мәдениетінің озық үлгілері ретінде әлемге әйгілі болды . Мәдени – тарихи өнер мұралары әр елде мемлекеттік заңмен , ал оның кейбір озық үлгілері халықаралық ережелермен қорғалады . Біздің лімізде 1953 жылдан бастап тарихи құрылыс ескерткіштері мен өнер мұралыры есепке алынып келеді .Олардың бұзыла бастағандарын қалпына кеіру , әрі қарай бүлінуден сақтайды . Оларды халықтың мәдени – рухани қажетіне пайдалану жұмыстары үздіксіз жүргізілуде . Еліміздегі Ахмет Йассауи ,Айша бибі , Жошы хан күмбездері , Бескүмбез мазары , Арыстан баб кесенесі сияқты көптеген тарихи ескерткіштер жөндуден өтіп , қалпына келтірілді . Жыл сайын жүздеген саяхатшылар болып , сол жерді тамашалайы .

Сергіту сәті

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған

Ой толғаныс

«Сөзжұмбақ» станциясы. Сөзжұмбақ  шешу арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыру.
1. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған ұлы адам. (Темір).
2. Отырардағы ерекше көңіл аударылған архитектуралық құрылыс.(Монша).
3. Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы кітапхана қиратылған қала. (Отырар).
4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы.(
Арыстан баб).
5. Кесене сөзінің синонимі. (Күмбез).

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері  жайлы мағлұмат беру. Бақылаудың түрлерін таныстыру,тәжірибенің адамның тіршілігі үшін өте құнды екенін түсіндіру. Ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойын анық жеткізе білу дағдысын дамыту.  Табиғатқа жанашыр болуға,  адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер  

Психологиялық ахуал

Жөңкиді бұлттар дүркіреп,
Жауады жаңбыр күркіреп.
Аспанның жүзі жарқ етті,
Ақ найза жерге сарт етті.
(Найзағай)
Үй үстінде ұсақ тас. (Жұлдыз)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

04

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі : Адам баласы ерте заманнан ақ өзін айнала қоршаған табиғатпен танысып , оның сан қилы қырын ұғынуға тырысқан . Олар аспан денелері – Күн , Ай жұлдыздары . Жер бетіндегі ауа , су жануарлар мен өсімдіктерді зер салып , бақылаған . Ол табиғат денелері мен құбылыстарының бір – бірімен байланыс заңдылықтарын ашуға тырысқан . Мысалға күн нліктен тұтылады? Жерде болып жататын таиғи құбылыстардың аспан денелерімен байланысы қандай? Неліктен жаз ыстық , қыс суық? Неге күкн күркіреп , найзағай ойнайы? Табиғатты зерттеу жұмыстарында өте ертеден бастап қазіргі кезге дейін бақылауәісі қолданылып келеді . Бақылаудың түрлері көп. аспан денелерін , ауа райын , өсімдіктер мен жануардарың тіршілігін , т.б бақылау . Мектеп ауласында , үй маңында , табиғат аясында бақылау жүргізу арылы сендер де көптеген денелермен және құбылыстармен таныстыңдар . Қазіргі кезде алыс жерлерді бақылап зерттеу үшін арнаулы ғылыми экспедициялар ұйымдастырылады . Олардың ғылым үшін маңызы өте зор.

Сергіту сәті

Саусақтар күшін сынасақ,
Ойнақы епті шынашақ.
Еркелеп өскен кенжесі,
Қамқоршы оған өзгесі

Ой толғаныс

Шахмат атының жүрісімен кестедегі мақалды дұрыс тауып, физикалық баламасын түсіндіреді.
Сүмбіле ------------- Басқа ---------------------------- Су суыр
Үркерлі ------------- Найзағай ойнайды ---------- Бәрі қыс
Нөсер --------------- Туса ------------------------------- Аты
Әр айдың ---------- Айдың --------------------------- Алдында

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Бағдарлау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

жалпы өлшеуішер туралы бағдар беру.
Төрт жыл мезгілі, ай, апта күндері, күндізгі, түнгі мезгілді қамтитын 24 сағаттың да уақыт өлшеуіштері екендігіне мағлұмат беру. Уақытты бағдарлай біліп қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдер:: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу
Көрнекіліктер:: суреттер, әліппе - дәптер, жұмбақтар, элек. сұрақтар.
Сабақ барысы:

Психологиялық ахуал

бағытты анықтау сызығы. Бағдарлау сызығы жер бетінде және карта арқылы бағдарлауда жиі кездеседі. Бағдарлау кезінде негізгі сызық болып географиялық, магниттік және осьтік меридиандар немесе оларға параллель сызықтар алынады. Бағдарлау сызықтарының көмегімен карта бетінде жүру бағытын, елді мекендерді, нысананы және тағы да басқалары анықтауға болады.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

C:\Users\User\Фото002.jpghttp://image.slidesharecdn.com/82-131019054052-phpapp02/95/8-2-17-638.jpg?cb=1382179362

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі : Адамның күнделікті өмірінде бағыт анықтау қажеттігі жиі туады . Қалалар мен ауылдарда көшенің аты , үйдің рет саны , алаңдар мен шаршылар , биік үйлер , саяжайлар және басқа ғимарттар мен бағытты анықтауға болады . Ал енді мекеннен тыс жүрсең бір жаққа бару үшін өзің тұрған жерден көрінетін бір затты белгілеп аласың . Сонан кейін белгіленген заттың көкжиектің қай тұсында екенін білуің керек .Ол үшін сн алдымен солтүстік , оңтүстік , батыс және шығыстың қай жақта екенін анықтайсың . Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау бағдарлау деп аталады .Көкжиек тұстарын түсбағдарсыз Күнге , Темірқазық жұлдызына және басқа табиғи белгілерге қарап шамамен табуға болады . Жазғы уақытқа көшкеннен кейін таңертеңгі сағат 8 – де күн шамамен шығыста , түскі 2 – де оңтүстікте , кешкі сағат 8 – де батыста тұрады . Түнде Темірқазық жұлдызына қарап бағдарлауға болады . Ол қай жерде жүрсең де , тек солтүстік жақты көрсетеді . Түнгі аспаннан бұл жұлдызды тауып алу онша қиын емес . Ол үшін:

  1. Нобайы шалқасынан жатқан ожау тәрізді Жетіқарақшы

шоқжұлдызын тауып ал . Ол жарқыраған жеті жұлдыздан тұрады .

  1. Жетіқарақшының екі шеткі жұлдызын ойша сызықпен қос

Осы екі жұлдызың арақашықтығын жоғары қарай – сол бағытымен бес есе созсаң , жарық жұлдызға тап боласың . Ол – Темірқазық .

Мүк пен қына ағаштың , тастың , ағаштан салынған ескі ғимараттардың солтүстік жағына шоғырланады . Бұл олардың көлеңкені сағалап өсуіне байланысты .

Ағаш қабығының оңтүстік жағымен салыстырғанда солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді . Бұл әсіресе қайыңның қабығынан анық байқалады .

Сергіту сәті

Төменде үш қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады,
Өзеннен көрдік екеуін.
Айтқын, қаз нешеу екенін?

Ой толғаныс

Берілген терминдерді тауып , ережесін айт.

1. Р б о т и а

2. Л а п е н а т

3. І і к с б е

4. А к в э о т р

5. Б г у о л с

6. А к г а л т к а и


Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Еліміздің географиялық картадағы орны

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері  жайлы мағлұмат беру. Бақылаудың түрлерін таныстыру,тәжірибенің адамның тіршілігі үшін өте құнды екенін түсіндіру. Ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойын анық жеткізе білу дағдысын дамыту.  Табиғатқа жанашыр болуға,  адамгершілікке тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер  Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал

Туған жер – қамқор анамыз,

Біз болашақ панамыз.

Шаттық берген өмірде,

Шамшырақтай жанамыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRMSbn9z0vdSxqToclsfPSDY5OyY9KBj-PNz-_N3GzVqBJI-hZjhttp://5fan.info/files/21/329123b7cf51a03b1687c296b8c1c9fb.html_files/rId7.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі : Біздің еліміз – қазақстан немее Қазақстан Республикасы деп аталады . Қазақ жері ұлан – байтақ кең . Ол 2 миллион 724 мың шаршы километр аумақты алып жатыр . қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде 9 – орын алады . Оның аумағына батыстағы ірі деген бірнеше мемлекет сыйып кетер еді . Кең байтақ жерді алып жатқандықтан , еліміздің табиғат жағдайлары алуан түрлі және табиғи байлықтарға барынша бай

Қазақстанның физикалық картасына қарасақ , оның жерінің басым көпшілігі жасыл және сарғыш бояумен боялғаны көзге түседі . Олар ойпатты және биік жазықтар . Оңтүстік – шығысы мен шығысында басы бұлттан асақан қарлы шыңдары бар биік тау жоталары созылып жатыр . Республикамыздың солтүстігі – қара топырақты дала . Бұл өңірде миллиондаған гектар жерге егін егіліп, жыл сайын астықтан мол өнім алынады . Көп жерін шөлейт пен шөл алып жатыр Бұл өңірлерде негізінен , қой , жылқы , сиыр , түйе малы өсіріеді . Өзен бойлары мен тау алды өңірі суармалы егіске пайдаланылады .

Сергіту сәті

Әр қолына Нүриден
Төрт өріктен бердім мен.
Бала санай білмеді,
Неше өрік ол жеді?

Ой толғаныс

http://azbyka.kz/images/3260/1.gif

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жазықтар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

а) Білімділік. Жазықтар, олардың түрлері мен пайда болуы жайлы түсінік беру
б) Тәрбиелік Өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін дамыту, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
в) Дамытушылық. Оқушылардың ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Жер бедері, жазықтар туралы ой - өрістерін дамыту.
Өтетін орны: Мультимедия кабинеті
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, өзіндік жұмыс істеу, тірек сызбалар пайдалану.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, химия
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар. Электронды оқулық.
Дүние жүзінің физикалық картасы, «География және табиғат» журналы, Атлас

Психологиялық ахуал

Географиялық диктант
1) Таулардың көпшілігі........(қатпарлардан) тұрады.
2) Қатпарлы тауларға......................(Альпі, Кавказ, Кордильер) таулары жатады.
3) Тау жыныстарының қатпарлануға ұшыраған қабаттары.......................(үлкен қысымның) әсерінен алғашқы иілгіштік қасиетін жоғалтады.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мәтінді тыңдап сызбаны толтыру.

http://azbyka.kz/images/2362/2.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :
Атласпен жұмыс
Дүниежүзінің физикалық картасынан ірі жазықтарды табыңдар.
Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін жаңа сабақтың мазмұнына арналған тірек - сызба көрсетіледі.
Электронды оқулықпен жұмыс.
Электронды оқулықта Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі
тақырыбында берілген дыбысты мәтінді тыңдау.
Жазықтардың биіктік айырмашылықтары (слайдтан сызбаны көрсету)
Оқулықпен жұмыс. 43 – сурет.
Жазықтардың пайда болуы.
Бұрын теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтарды алғашқы жазықтар деп атайды. Осындай жазыққа Каспий маңы ойпаты жатады.
Жер шарында өзендердің тосқындары мен шөгінділерінен пайда болған жазықтарда бар. Мұндай жазықтарға Ұлы Қытай жазығы, Ла – Плата,.

Уақытша ағыстардың әрекетінің нәтижесінде жыралар мен сайлар түзіледі. Жыра әдетте өсімдігінен айрылған жалаңаш беткейлерді судың жыруынан пайда болады. Сай да – жыра сияқты ұзынша ойыс. Құм төбелердің төменгі екі жақ шеті ыққа қарай созылып, айшық тәріздес пішінге ие болады. Мұндай құм төбелер шағыл деп аталады.

Сергіту сәті

Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанда5 есек.
3-і ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (2)

Ой толғаныс

http://azbyka.kz/images/2362/4.gif

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

. https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Таулар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік:Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығын таныту. Таудың түзілу жолдарымен таныстыру. Адамның тауды пайдалану жолдары.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз беттерімен іздене білу дағдыларын дамыту. Электронды оқулықпен жұмыс жасауға машықтандыру. Картамен жұмыс.
Тәрбиелік: Туған елінің әсем табиғатын сүйе білуге және алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивтік тақтада слайдтар. Оқушылардың кіші ғылыми жұмыстары. Қазақстанның физикалық карта.

Психологиялық ахуал

- Табиғат туралы бір - екі ауыз сөз (әр оқушы)
- Табиғаттың кереметі
- Табиғатты аялайық!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://lh6.googleusercontent.com/b0Djb4mnZ5esvmwb1ox2VWdThAea7l6aliGz-Cyp2wOPNxrdVF-HeB185q_UreUdDa9e3zBKoEP1dRGgEW443QME5AnyOym0WmcV3dY-VjHxbpcl4qr8rGKPqDlxvG-HCjvhM_I

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Биік тау Аласа тау
Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығы.
Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді.
Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды.
Аласа таулар Сарыарқада көп.

https://lh6.googleusercontent.com/hh4ZOPQA8nhVU-6V4XbhqhO0uBrlzi22wjpp43pLMyQuOaGJtotg_daYVkrSRJ-vktxtlDRDyS0nismhxUIYj8a0Tb2MdUZGhLRcErcnSWoKf11ZrYX_HGrfZfz7c-Zclzt3KGMhttp://referatikz.ru/skrinwottar/geographia1/zher_bederi.jpg
ІV. Ғылыми зерттеуге сүйенсек
Қарқаралы өңірі: Қарқаралының тау сілімдері әсем табиғи ерекшелігімен әркімді қызықтырары сөзсіз.
Қарқаралы облыстың оңтүстік шығысындағы тау аты. Таудың ұзындығы – 40 шақырым. Ені 20 - 25 шақырым. Ең биік жері – 1338 метр.
Алатауда үнемі қар жатады. Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тау жүйесі. Биіктігі – 3500 – 4000 метр. Ол шығыс және батысқа қарай төмендеп аласа таулармен жалғасады. Бұл жердің табиғаты өзгеше. Үнемі күшті жел соғады. Тау ішінде бұлақтар, сарқырамалар, мөлдір таза көлдер, ағысы жылдам өзендер кездеседі.
Ұзындығы 40км - 40000метр.
Ені 25км – 25000метр.
Биіктігі 1338метр – 133800см.

Сергіту сәті

Мен екімін балалар,
Екі деген баға бар,
Аз болған соң талабы,
Үлгіре алмай қалады.

Ой толғаныс

Таулардың пайдасы:
1. Тау – дем алуға қыдырып танығуға таптырмайтын орын
2. Таудағы жайлауда мал жайылады
3. Шипажайлар: Көкшетауда, Баянауылда, Қарқаралы тауларында
4. Тау етегінде егін егеді, жеміс бағы мен бақша өсірілді
5.
Медеу спорт кешені, ондағы спорт кешені әлемге әйгілі.

Үйге тапсырма

- Таулар тақырыбы бойынша мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту.
- Таулар туралы қосымша деректер жинау.
- Таулардың суретін салу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Үгілу

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Үгілу туралы ақпарат беру. Үгілудің неден пайда болатынын ұғындыру. Ой-өрісін кеңейту, әңгімелеп ойын толық жеткізуге дағдыландыру. Қоршаған ортаны әрқашан қорғай білуге ,табиғат жанашыры болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі:Суреттер, үлестірмелер.

Психологиялық ахуал

Табиғат – біздің анамыз

Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTdb4quQVtErdlKoVOswAfh65kB5W0_1DGISTwkkV2DFmrzJeW13Ahttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_4/55/d-54085/7z-docs/1_html_m6d173770.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі : Үгілу деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?(өздеріне білгенін айтқызу) Оқулық бойынша жаңа сабаққа мұғалімнің түсіндірмесі. Суық шыны ыдысқа ыстық су құйғанда ол сынып кетеді.Себебі оның көлемі суынғанда кішірейіп, қызғанда кенет үлкейеді. Осы сияқты тау жыныстары да суынғанда көлемі кішірейіп,жылынғанда ұлғаяды. Ауа температурасы тәулік ішінде ауытқып тұрады. Тау жыныстары да күндіз қызып, түнде салқындайды.Мұндай өзгеріс тәулік ішінде ғана емес,жыл мезгілдерінде де жүріп жатады.Температураның тәулік және жыл ішіндегі өзгерістерінің әсерінен қатты тау жыныстарының көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейеді.Соның әсерінен оларға жарықшақтар пайда болады.Сол жарықшақтарға су толып, күзде,көктемде түнге қарай қатады. Мұзға айналғанда су көлемі ұлғаяды. Тау жыныстарындағы жарықшақтар осылай үлкейіп кетеді. Өсімдіктер де тау жыныстарының бұзылуына әсер етеді. Тас бетінде қына өскенін көргенсіңдер,жел осы қына тұқымын айдап жарықшақтарға тығады. Ол өзіне қажет қоректік заттарды тастан ылғалмен бірге сорып алады.Нәтижесінде тастағы жарықшақ кеңи түседі. Енді ол жерге майда қоқымдар толады. Сол араға шөп,бұта, бара-бара ағаш ұрығының өсуіне жағдай туады. Ағаш тамыры жыл сайын үлкейіп,жарықшаққа тереңдей ді, жуандайды.Жылдар өткен сайын тау жыныстары бірте-бірте бұзыла береді. Қатты тау жыныстарының бөлшектеніп,ұсақталуын ү г і л у деп атайды.

Сергіту сәті

Бірім артық екіден,
Аздығыма өкінем,
Кедерлі аттай тұсалып,
Жүр біреулер, «үш» алып.

Ой толғаныс

Сарамандық жұмыс. Оқулықта берілген сарамандық жұмысты орындау. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

Үйге тапсырма

Күн ретін ,ауа райын жазу. Дәптерге үгілудің анықтамасын жазып келу .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жер беті қалай өзгереді?

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.Тіл байлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу
Түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:суреттер ,слайдтар,карта.

Психологиялық ахуал

Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQcbOom9wLazqoV3OYYLvAZL8j3wcNaAnTbjMAJlb1OWuEiN-D4http://adyrna.kz/wp-content/uploads/qubyra.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі. «Кім тапқыр?» ойыны
Шарты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп артында жасырынған суретті табу
1.Жер беті адамның қандай әрекетінен өзгереді?
2.Террикондар деген не?
3.Оба деген не?
4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
5.Қазақстанның жер көлемі қанша?
Суреттер: жазық,тау,өзен
2-бөлім.Білімге құштарлық
IV.Жаңа сабақ
Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру (кесте бойынша)
Жер көлемі 2.7млн км
Көрші елдері Солтүстік және солтүстік-батысында Ресеймен,оңтүстікте Қырғызстанмен,Өзбекстанмен.Түркменстанмен,шығыста Қытаймен шектеседі
Ең биік нүктесі (м) Хантәңірі (6995)
Ең төмен нүктесі (м) Қарақия ойысы (-132)
Табиғат зонасы Орманды дала (3%), дала (26%),шөлейт (14%),шөп (44%), биік белдеу(13%)
Қазақстанның жер бедері
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедері дегеніміз - пішіні мен көлемі ,жаратылысы мен жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипаты.

Қазақстанның жер бедері жазықтар,ойпаттар,үстірттерден және қыраттар мен биік,аласа таулардан тұрады.
Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктері
1.Жер бедерінің жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында,солтүстігінде және орталығында орналасқан.
2.Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік - шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.
4.Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.
3-бөлім. «Кітап - білім бұлағы»

Менің ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1.Әркімге өз жері-мысыр шаһары
2.Отан үшін күрес, елге тиген үлес
3.Отансыз адам-қанатсыз құспен тең
4.Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық
5.Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол
6.Ел іші-алтын бесік
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді іштей,тізбектей дауыстап оқыту.

Сергіту сәті

Қолымды көкке көтерсем
Көрсетеді солтүстік.
Аяқ бассам оңтүстік.
Оң қолым шығысым,
Ал сол қолым батысым.
Бағыттарды анықтап,
Айналамын жер шарын.

Ой толғаныс

Сарамандық жұмыс
Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту.
Ойпатты,қыратты жазықтарды қалай ажыратамыз?
Тауларды ше?
Мұздықтардың шартты белгісі қандай?
Картадан тауып көрсету.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

оқушыларға адамның әсерінен жер бетінде, әлемде үлкен өзгерістер болып жатқанын меңгерту. Қоршаған ортаны, жан-жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қандай әрекеттер керек екенін, адам мен табиғат арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндіру. Оқушылар топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмыс істеуге дағдыланады, ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды, жауапкершілікке ұмтылады, бір-бірін сыйлайды.

Психологиялық ахуал

Көрсетеді солтүстік.
Аяқ бассам оңтүстік.
Оң қолым шығысым,
Ал сол қолым батысым.
Бағыттарды анықтап,
Айналамын жер шарын.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRzd2v7VjcnEgIFQtf8haev-MRe5nLthtrE9g9WUK4gCup1rX3Shttps://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSIwPsMd5kVV39DXFK7TXEgppIUc7HcqKQviFWjd10AcH0a9PWD

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Жер бетін өзгертуде адам әрекеті де айтарлықтай орын алады . Адам өзендерді бөгеп , су қоймаларын жасайды , жер қойнауын кеулеп , түрлі пайдалы қазбалар өндіреді . Жер суару үшін каналдар қазады . Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады . Жер бетін қазіргі заманғы жағдайда қозғамау мүмкін емес . Бірақ жер бетіне әсер етудің салдарын да ойлаған жөн . Өйткені зиян екі жақты болып отыр Ауыл шаруашылығына үздіксіз пайдаланылған жерлер азып – тозады . Оған түрлі тыңайтқыштар беру арқылы қалпына келтіріп отыру керек

Сергіту сәті

Достар мені«төрт» дейді,
Беске бірім жетпейді.
Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның.

Ой толғаныс

Сарамандық жұмыс
Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту.
Ойпатты,қыратты жазықтарды қалай ажыратамыз?
Тауларды ше?
Мұздықтардың шартты белгісі қандай?
Картадан тауып көрсету.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазақстанның жер бедері

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.Тіл байлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу .
Түрі:аралас сабақ .
Көрнекілігі:суреттер ,слайдтар,карта.

Көрнекілік құралдар: Қазақстанның физикалық және пайдалы қазбалар картасы, кескін карталар, жұмыс дәптерлері.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс

Психологиялық ахуал

Бұл қызық!
Ең, ең,ең
Қазақстандағы ең ұзын өзен-Ертіс
Ең терең көл-Байкал
Ең терең ойпат – Қарақия ойпаты

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://sabaq.kz/wp-content/uploads/2014/05/qola-200x140.jpghttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_4/45/d-44029/7z-docs/1_html_m64f2b3be.png

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Балалар, бүгін біз сабақта топпен жұмыс істейміз. Әр топқа – топ басшысын тағайындайық. Мына кестеге жауаптарын белгілейміз.

Эпиграф: «Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын».

Балалар біз өткен сабақтарда қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары туралы үлкен тарауды оқып, таныстық.

Ал, Қазақстанда жер бедерінің қандай түрлері кездеседі?

Ойпат, жазық (Ккаспий, шығыс Еуропа, Батыс Сібір)

Үстірт «Үстірт. Торғай үстірті. Жем)

Аласа таулар: Сарыарқа, Мұғалжар

Биік тау (Алтай, сауыр – Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь – Шань).

(Бәрін картадан көрсету)

Міне, жер бедерін мына суреттен көрейік, көрікті де әсем жерлерін

Міне, жер бедерін мына суреттен көрейік, көрікті де әсем жерлерін Батысты – Теңіз деңгейінен төмен жатқан – Қарарқия ойысы – 132 метр мен ең биік тау – Тянь – Шань – 6995 метр – Хан Тәңірі.

Ал енді Шығыс Қазақстан өңірінің көрікті жерлерін теледидардан көрейік. Жақсылап назар салыңыздар.

Видеокөрініс

Осындай тамаша жер бедері қалай пайда болғанына тоқталайық. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Тақырыбын тақтадан жазады. Енді өзіміз танысқан терминдерді есімізге түсірейік:

1. Платформа

Геосинклиналь

Тектоника

Сейсмология

Сергіту сәті

Әр қолда саусақ бес-бестен,
Шықпас тегін ол естен,
Біліп соның шамасын,
Мысал ойлап табасың

Ой толғаныс

Балалардың алдында Сарамандық жұмыстың тапсырмалары таратылады

Алдарыңдағы тапсырмамен оқып, танысыңдар. Қане 1 – ші тапсырманы оқып жіберейік. Тапсырма түсінікті болса әр топ эраларды таңдап алыңдар. (Оқушыларға 5 минут беріледі), Дайындалып болған соң әр топ өз жұмыстарын қорғап шығады. Енді 2 – ші тапсырмаға көңіл бөліңдер. Кім оқып жібереді?

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Кенді пайдалы қазбалар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Кенді пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу, Алматыдағы геологиялық мұражайлар туралы мағлұмат беру;
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Психологиялық ахуал

Жер - Ана, кен - байлық, табиғатты сүйетін
Әрбір сабақ
Үйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатын
Әрбір ісім
Тірлік, бірлік, адалдық пен шыншылдық
Әрбір күнім
Білімге зейін салатын.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/52/Coal_lump.jpg/220px-Coal_lump.jpghttp://sabaq.kz/wp-content/uploads/2013/11/ph.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Пайдалы қазбалардың түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, олар туралы білім түсініктерімізді кеңейтеміз
«Ой қозғау»
- Көмір қандай зат? Оның қасиеті (жанады)
- Темір нелерден жасалады, қалай аталады? (металлдан)
- Ас тұзы не үшін қажет? Жерді тыңайту үшін қандай қазбаның түрін қолданамыз?
Оқушылардың ойларын тыңдай отырып, осы әрбір айтылған қазбаның түрлі топтарға бөлінетіндігін айту.
Ү. Жаңа сабақ
Мұғалім түсіндірмесі
Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді
(жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба)
Жанғыш - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ.
Кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырыш
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру)
Жанғыш пайдалы қазбалар
Тас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды.
Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.

Кенді пайдалы қазбалар
Бұларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий сияқты металдар алынады. кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.
Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету.
Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз
Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде
Газ - Ақтау, Орал облыстарында
Алюминий – Арқалықта
Мыс кені – Жезқазғанда
Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде
Темір кені - Қостанай өңірінде
Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен
« Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар 493 кен орыны белгілі.
Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен»
«Бақытты ұлы Отан» әнін шырқаймыз.
Пайдалы қазбалардың шартты белгісімен таныстыру

Сергіту сәті

Бір мен екі алмаңдар!
Үшке алданып қалмаңдар!
Кілең төрттік алғандар,
Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков)

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс
Пайдалы қазбалардың түрлерін жаздырту
Шығармашылық тапсырма
Пайдалы қазбалардың қажеттілігі туралы өз ойларынан өлең шығару
Көзге сергіту (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер қойнауынан табуға болады екен.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, мазмұндау. іздену. Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу. Шартты белгілерін жатқа жаза білуге дайындық жасау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қара металл кендері

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі:  Қазақстанның қара металлургия өнеркәсібі туралы мағлұмат беру. 

Дамытушылығы:  Қара металлургия кәсіпорындарының орналастыру заңдылықтарын анықтай отыра, оқушылардың ой-өрсін дамыту.

Тәрбиелігі: Елбасымыз  Н. Ә. Назарбаевтың  қиын  да  қызықты  металлургия  саласында  қызмет  атқарғанын  айтып  өту.  Металлургия кәсіпорындары өнімдерінің экспортқа бағытталуына тоқтала отырып, оқушыларға металлургия мамандығын үлгі ету.

Көрнекілігі: флипчарт, ҚР экономикалық картасы, металл үлгілері, электронды оқулық.

Сабақтың  түрі:  дәстүрлі

Сабақтың  типі:  аралас

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:  баяндау,  сұрақ-жауап,  тірек-сызба,  т. б.

Психологиялық ахуал

Қиын да  қызықты  металлургия  саласында  еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев  өз  еңбек  жолын  бастаған.(презентация)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://www.psu.kz/images/stories/psu_photo/metall1.jpghttp://baq.kz/foto/434_7d4bbee28cf9f50953bb9d237ad23d55.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

(электронды оқулық арқылы тарихы сипатталады)

         Қазақстандағы қара металлургия негізі 1938 жылдан бастап қаланып, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан жас сала.

         Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Ұшқыш Сургутанов өзінің кішкентай ПО-2 ұшағының Сарбай көлінің ұшып жүріп, тұсбағардың тілшесінің өзгеретінің байқап жүрді. Сургутанов Николаевка ауылында орналасқан Аят экспедициясында тасымалдау жұмыстарын жасап жүрді. 12 ақпан 1949 жылы- тарихи күн болды. Сургутанов геологтарға өз ойын айтып, геологиялық және геофизикалық жұмыстар өткізуге сұраныс жасайды. 9 сәуірде Орал геологиялық басқармасында Сарыбай кен орны туралы анықтама жазылады. Геофизик Носиков өткізген геологиялық жұмыстар нәтижесінде Соколов кен орны да ашылды.

         Қазақстанда металлургиялық зауыт салу туралы бірінші мемлекеттік құжат 1942 жылдын сәуірінде шықты. Қарағанды қаласының қасындағы Самарканд ауылының 1944 жылы, қысқа уақытта салынған зауыт, бірінші мартен балқытуын берді. Темір кені қорынан Қазақстан дүниежүзінде 8, ал ТМД-да 3 орында.

         Қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иінінде Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Жылына 30-40 млн т темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған.  Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды. Шойынды темір кенінен кен қорытатын пеште өндіреді. Ал болатты мартен, конвертор, электр пештерінде балқытып алады. Болаттан дайын өнім – прокат алынады.

         Қазіргі кезде қара металлургияның толық циклді және қайта қорыту өндіріс орындары бар. Қара металлургия өнеркәсіптерінде темір кенін өндіріп, шойын, болат балқытып, прокат және ферроқорытпаларды жасап шығарады. Қара металлургия өнімі – темір мен көміртектің қорытпасы. Оның құрамында сонымен бірге – кремний, марганец, фосфор, күкірт элементтері де болады. Қара металдың қасиеті, негізінен, оның құрамында көміртектің аз не көп болуына байланысты. Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды. Шойынды темір кенінен кен қорытатын пеште өндіреді. Ал болатты мартен, конвертор, электр пештерінде балқытып алады. Болаттан дайын өнім – прокат алынады.


Сергіту сәті

Металға  байланысты  мақал-мәтелдер  айту

Қызықты  дерек:

Адамның денесінде ертінді түрінде  3-4г темір болады. Ол қанға қызыл  түс береді.  Қан құрамындағы темір  азайып кетсе, адам тез шаршайды,  басы айналады, көңіл күйі  нашарлайды. Мұндайда дәрігер оған  құрамында темірі  бар дәрі ішу  керектігін ескертеді. 

Ой толғаныс

Тест  тапсырмалары:

1. Ең  ірі  ферроқорытпа  зауыты  қай  облыста?

а) Алматы

ә) Өскемен

б) Ақтөбе

2. Металды  қорыту  үшін  пайдаланатын  отын.

а) ағаш

ә) кокс

б) мұнай

3. Қазақастан  қара  еталлургиясының  негізі  қай  жылы  қаланды?

а) 1938

ә) 1991

б) 1956

Үйге тапсырма

1. Республикадағы темір, марганец, хромит кен орындарына реферат жазу.

2. Қара металлургия кәсіпорындарын кескін картаға түсіріп, осы тақырыпты оқып келу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Түсті метелл кендері

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Түсті металл кендері туралы түсінігін толықтыру. Ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау, ойын толық айту қабілеттерін дамыту. Туған елін сүюге, оның әрбір байлығын қадірлеуге, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, түсті металл түрлері.

Психологиялық ахуал

Аққан Қаратаудағы,

Алтын шыға Алтайдан,

Жарқырап күндей жайнады.

Қарсақпайдан мыс ағып,

Бұлақтайын саулады,

Мақта көктеп Шымкенттен,

Ақтөбенің егіні,

Өрге өргелен өнімі.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://kze.docdat.com/tw_files2/urls_12/3/d-2720/2720_html_4a663989.jpghttp://minerals.kazntu.kz/sites/default/files/minerals_11.JPG

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Түсті металл туралы түсінік беру. Әр бір түсті металл ,өздері күнде көріп жүрген түсті металл туралы жеке –жеке тоқталып түсіндіру. Түсті металл ішіндегі ең көп тарағаны  алюминий екенін айту, оларды тұрмысымызда қалай пайдаланып жүргенімізді айту. Мысты  күнделікті қайдан көреміз? Алюминий –ең жеңіл түсті металл. Мырыш  ---көкшіл сұр түсті металл. Шелек, леген, астау мырыштан жасалады. Мырышты тот баспайды.Қорғасын мен мырыш қосылып  полиметалл кенін құрайды.Поли—көп деген сөз. Сарамандық жұмыс. Картадан түсті металдарды  шартты белгісі бойынша  табу. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу Түсті металдарды, олардың қасиеттерін  әр оқушы айтып қорғайды. VI. Бекіту кезеңі: Сонымен, түсті металдардың қандай кені бар? -Түсті металдың ішіндегі ең көп көргендерің қайсысы? -Мыс, алюминий,қорғасын,мырыштан не жасалады?

Сергіту сәті

Саусақтар күшін сынасақ,
Ойнақы епті шынашақ.
Еркелеп өскен кенжесі,
Қамқоршы оған өзгесі.

Ой толғаныс

Циклдің өндірістік құрамын анықтайтын  сұрақтар

1 Циклдің негізгі өндірісі қандай?

2 Негізгі өндіріске не қажет?

3 Не себепті кенді байытады?

4 Қалдықтар не үшін пайдаланылады?

5 Қосалқы өндіріс немен айналысады?

Үйге тапсырма

Кескін картаға металлургия орталықтарын түсіру.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жанғыш пайдалы қазбалар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімдік: Пайдалы қазбалардың түрлері мен олардың өндірісте қолданылу аясын меңгерту. Экономикалық, экологиялық білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Мәтінді түсініп оқуға төселдіру. Оқушыларды өз бетінше ой
қорытып сөйлеуге машықтандыру. Сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларда қоршаған ортаны, табиғатты зерделеуге бағытталған іс - әрекет қалыптастыру, табиғат байлықтарын қорғай білуге тәрбиелеу.
Карта түрі: « Ауызша сабақ - 1»
Сабақтың әдісі: ізденушілік, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, проблемалық т. б.
Пәнаралық байланыс: география, физика, химия
Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер, кесте

Психологиялық ахуал

Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.
Бұл не?
/Көмір/

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://sabaq.kz/wp-content/uploads/2013/11/ph.jpghttp://bnews.kz/picture/380/news/190def6d8192604442059b0ca933ac64.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Мәтін бойынша тірек сөздерді тақтаға жазу
(Мұғалім тақырыптан 7 кілтті сөз таңдап, жаттап алуға 30 секунд уақыт береді)
Түрлері
тас көмір
мұнай
газ
темір
тұз
фосфорит
Тірек сөздерді дәптерге жатқа жазу ( ООМ енгізу )
(Тақта жабылады да, балалар жаттап алған сөздерді 30 секунд көлемінде жазады. Егер 63% оқушы 7-6 сөз жазса, норматив тапсырылды деп есептелінеді)
Тексеру
(Оқушылар сөздерді жазып болғаннан кейін блок ашылады да, қалып қойған сөздерін толықтырып жазады)
Мәтінді оқушылардың өз бетінше оқуы
( Оқушылар берілген мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді мағынасын ашуға дайындалады. Сонымен бірге мәтінді өте көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде көңілін әрбір детальға аудару керек)
Оқу уақыты: 1 бетке – 3 минут, 2 бетке – 6 минут
Берілген тірек сөздердің мағынасын ашу ( ООМ енгізу )
(Оқушылар тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндауы тиіс. Мұғалім барлық оқушыдан сұрап, оқушылардың отырғызу матрицасына енгізуі керек)

1. Пайдалы қазбалардың түрлері өте көп. (Иә)
2. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 4 топқа бөлінеді.(Жоқ. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 3 топқа бөлінеді )
3. Жанғыш пайдалы қазбаларға темір, мыс, қорғасын жатады.( Жоқ. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай, газ жатады.)
4. Тас көмір – өте аз өндірілетін пайдалы қазба. (Жоқ. Тас көмір – ең көп өндірілетін пайдалы қазба)
5. Тас көмір тек отын ретінде ғана пайдаланылмайды, одан басқа да көптеген заттар алынады. (Иә.)
6. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте аз.(Жоқ. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол)
7. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды мен Екібастұзда көмір шахталық әдіспен өндіріледі. (Жоқ. Қарағанды мен Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі)
8. Мұнай – қызуы аз отын. (Жоқ. Мұнай – өте қызулы отын).
9. Мұнай күл қалдырмай түгел жанып кетеді. (Иә.)
10. Көмірді айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алады.(
Жоқ. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы, т. б. алынады.
11. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде тас көмірдің аса бай кен орындары бар.( Жоқ. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.)
12. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында мұнай кездесетін тау жыныстары жатады. (Жоқ. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады.)
13. Кенді пайдалы қазбаларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий және т. б. металдар алынады.(Иә.)
14. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Батыс Қазақстанда көп шоғырланған.(Жоқ Орталық Қазақстанда көп шоғырланған.)
15. Жезқазған және Қоңырат темір кен орны әлемге әйгілі.(Жоқ. Жезқазған және Қоңырат мыс кен орны әлемге әйгілі.)
16. Кенді пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады.(Жоқ. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады.)
17. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз, т. б. жатады.(Иә)
18. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қоры біздің елімізде өте аз.(Жоқ. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қоры біздің елімізде баршылық.)
19. Қаратаудағы гранит кен орны қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатарды иеленеді.(Жоқ. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатарды иеленеді.)
20. Фосфоритті ұнтақтап, әктас алынады.(Жоқ. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді.)

Сергіту сәті

Белге қолды қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға біз
Бір, екі, үш: бір, екі, үш.
Жоғары қолды созамыз,
Тып - тыныш боп отырамыз.

Ой толғаныс

Кестені толтыр .

Кенді пайдалы қазбалар Кенге жатпайтын пайдалы
қазбалар Жанғыш пайдалы қазбалар

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Кене жатпайтын пайдалы қазбалар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, оны игеру жолдарымен таныстыру.

2. Балаларды кенге жатпайтын пайдалы қазбалармен, оның қасиеттерімен, өндіру, пайдалану жолдарымен таныстырып, танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу білігін жетілдіру, балалардың сөйлеу, логикалық ойлау, салыстыру, қорытынды жасау қаблетін дамыту.

3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, кесте т.б.


Психологиялық ахуал

Сүйейік табиғатты аялайық!
Экология – өмірдің
Соғып тұрған жүрегі
Ей, табиғат, балаңмын
Ертеңіңе алаңмын
Денсаулығы ғаламның –
Амандығы адамның.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://sabaq.kz/wp-content/uploads/2014/01/%D0%BF%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B0-200x140.jpghttp://www.syrboyi.kz/uploads/posts/2013-11/1383976082_redkie-metally.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Пайдалы қазбалардың бірқатары қышқыл алуға , тыңайтқыштар өндір -уге және құрылыс қажетіне жұмсалатыны саған белгілі . Олардың құрамынан металл қорытып алынбайтындықтан кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деп аталады . Пайдалы қазбалардың бұл тобының ішінде ең көп таралғаны – тұз . Тұз дегенде біз әдетте ас тұзын түсінеміз . Ас тұзын тұзды көлдерде өндіреді .Көл суы жаздың аптап ыстығында көкп буланады да , еріген тұз түбіне шөге береді . Оны өндіру үшін тұз сорғыш машина қолданылады. Мұндай машинаның орасан зор түтігі мен сорғыш сорабы болады. Түтік арқылы көл түбіндегі тұз суымен қоса тартып алынады . Машина тұзды айырып , бірден кішкене вагондарға тиейді .Машина да , вагондар да көл табына салынған рельсті бойлап жылжып отырады . Әрбір адамның тамағына күніне 2 грамм шамасында ас тұзы жұмсалады . Тұздан сода , хлор және басқа заттар алынады . Тұздың бұдан басқа да көптеген түрі бар Олардың біразын дәрі ретінде пайдаланамыз . Кейбіреулері , мысалға калий тұзы топырақты тыңайтуға жұмсалады .

Сергіту сәті

Төменде үш қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады,
Өзеннен көрдік екеуін.
Айтқын, қаз нешеу екенін?

Ой толғаныс

«Стикердегі диолог» стратегиясы

(2 түрі): 4 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға  жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. (диалогтік оқу)

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Табиғаттағы су айналымы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік. Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық. Оқушылардың оқыған тақырып бойынша ойын жинақтап, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру.

Тәрбиелік.Тіршілік судың қатысымен жүзеге асатынын ұғындыра отырып, суды қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтағы әдіс-тәсілдер: Психологиялық тренинг, тест тапрсырмалары, СТО стратегиялары, шығармашылық жұмыс,

Сабақ көрнекілігі: сабаққа презентация, электронды оқулық, бейне таспа, оқулық, су айналымы салынған кесте, дәптер, тест тапсырмалары, тақырыпқа сай схемалар.

Психологиялық ахуал

«Күн шуағы»Қол ұстасып бәріміз,Жылылықты сезейік.

Шуақ шашқан күндей боп,

Күлімсіреп жүрейік.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_11/38/d-37142/37142_html_m68cd2ce.pnghttp://erketai.kz/wp-content/uploads/2013/04/su.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Су-ғажайып зат.Сусыз тіршілік етпейтін ағза кездеспейді. Су-табиғатты ең көп таралған зат.Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.(Глобустан көрсету) Судың кереметі- оның жер бетінде тынымсыз айналыста жүруі./Судың табиғаттағы айналымы слайд б-ша түсіндіріледі./

1. Күн сәулесінің қызуынан мұхит,теңіз,көл,өзен суы буланып,ауа қабатына барады.Сонымен қатар топырақ,өсімдік,жануарлардан буланған субуы ауа қабатына көтеріледі.

Ауаның салқын қабатында су буы қоюланып,бұлт түзеді.Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрлыққа оралады.Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді./Бұлт туралы білімдерін еске түсіру./

Күн қыздырғаннда қайтадан буланып,ауаға көтеріледі.

Мәтінмен жұмыс.Білімді алғашқы бекіту.

Оқушыларға тізбектей оқыту.

Ойын «Иә», «Жоқ»

-Жер бетінің үштен бір бөлігін су алып жатыр./жоқ/

-Су табиғатта тынымсыз айналыста болады./иә/

-Күн сәулесінің қызуынан су буланып, ауа қабатына бармайды./жоқ/

-Ауаның салқын қабатында су буы бұлт түзбейді./жоқ/

-Сусыз тіршілік ететін ағза кездеседі./жоқ/

-Ағзалар денесі ден пайызына дейін судан тұрмайды./жоқ/

Сергіту сәті

Беспайда бар5 іні,
Естайда бар2 іні,
Қоссақ5 пен2-ні,
Қанша болар шешуі?
(7)

Ой толғаныс

Деректер мен дәйектер.

1,5 литр су адам ағзасында азайса, адам шөлдейді.

6-8 % су азайса адам есінен танады.

10% азайса, сілекейін жұтады.

12 % азайса, адам өліп кетеді.

Адам су ішпей 1 апта ғана шыдай алады.

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жер асты сулары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Жер асты суларының маңыздылығы, типтері, таралуы туралы білім беру.
Дамытушылық: Ойлау есте сақтау, баяндау қабілеттерін дамыта отырып, жеке шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбиелік: Адамгершілік - рухани тәрбие беру, табиғат байлықтарын қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: СТО, тірек - сызба
Пән аралық байланысы: химия, физика, биология, экология
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, электронды оқулық, слайдтар

Психологиялық ахуал

Су - пәктік кепілі, ол денсаулықтың
О, баста тіршілік болып судан шықтың
Бұлақ, көл, өзен, теңіз, мұхиттардың,
Молдықтан қасиетін келмейді ұққың.
Бомбаңды қылмыс суда сынауың әр,
Сынаған сайын жаным тым ауырар
Жаулары жарық дүние жадыңда ұста

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://img.nur.kz/n/08/e/1323928217_reka-irtysh.jpghttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSd-CtsKP4oe0ztNnlu3weNwEBr5auv1kvBnM5NmYpg5qyANXDh

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

«Судың да,- дейді қазақ - сұрауы бар» деп О. Асқар ағамыз жырлағандай, су тіршіліктің өзегі болып табылады. Соның ішінде жер асты суы да өте бағалы пайдалы қазба болып есептеледі.
XX ғасырда ұдайы өсіп келе жатқан техногендік әрекеттерге байланысты экологиялық жағдай күрт шиеленісті. Жер бетіндегі сулар ластанды. Осындай жағдайға байланысты жер асты суларының маңызы өте күшейді. Әсіресе адамзатты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің маңызы зор.
Жер асты сулары жалпы көлемі жағынан теңіздер мен мұхиттардағы сулардан кейінгі екінші орында. Судың еріткіш рөлі аса зор. Жер қойнауындағы химиялық заттар су ерітіндісі арқылы көптеген жаңа қосылыстар түзе алады.
Көкпар (сұрақ жауап)
1. Қазақстанда ірілі - ұзақты 85000 өзен бар (иә ).
2. Ертіс, Есіл, Тобыл Арал теңізіне барып құяды (жоқ).
3. Каспий теңізі алабына Сырдария өзені жатады (жоқ).
4. Өзеннің жыл бойындағы ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды (жоқ).
5. Ертіс - Қарағанды каналының ұзындығы 458 шығынын (иә).
6. Сырдария Қазақстан Республикасында ең таза өзен (жоқ).

Тереңдік жағдайларына қарай жер асты сулары екіге бөлінеді:
І. Грунт
ІІ. Артезиан
Мойынқұмда 300 - 500м тереңдікте 50 мың шаршы км жер асты теңізі бар. Қазақстанда Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан және 300 - ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталды.
Экологиялық есеп
Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стакан су ағады. Осылай тұра берсе 1 сағатта және 1 тәулікте қанша литр су бекерге ағып шығын болады? Шешуі: *60= 10 стакан 24*10=240 стакан

Сергіту сәті

Құралай тақтаға екі
Үшбұрыш, үш шаршы,
Тікбұрыш, шеңбер және
Сопақша салды.
Құралай
Тақтаға қанша төртбұрыш салды

Ой толғаныс

Кім жылдам?
1. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
2. Ертіс өзенінің сол жақ саласы (Тобыл)
3. Сырдария өзеніндегі бөген (Шардара)
4. Қапшағай бөгені салынған өзен (Іле)
5. Шығыс Қазақстандағы көл (Зайсан)

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Өзен және көл

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың білім-біліктілігін сұрақ арқылы анықтау.

Әр оқушыны өзіндік ойын жеткізу арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.

Өмірде қолдана білуге машықтандыру.

Күтілетін нәтиже:

Ойларын жетік жеткізе біледі;

Сыни тұрұыдан ойлау қабілеті дамиды;

Жұмыс нәтижесін көрсетеді.

Тапсырмалар: топтастыру әдістері, постермен жұмыс, компьютерлік  тест, диалогтік тәсіл.

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ,

Сабақтың әдісі: блум таксономиясы, СТО, диалог, топпен жұмыс, қозғалмалы топпен жұмыс.

Көрнекілігікарта, карточкалар,т.б

Психологиялық ахуал

Күн мен сені сүйемін.
Саған басымды иемін,
Жылу бер, шуақ бер.
Мейірімді қуат бер.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTqRgTt5susvWG3PQSenfooKtQDqye_CighXltD71ifDCuerBeuhttp://static.nmn.kz/media/upload/79/2013/07/23/c7387805b3bf3ab03c8889213166d28a.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Қазақстанда ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде жоғарыда аталған жеті өзеннің ұзындығы мың км - ден асады. 48 мыңнан астам көлдер бар. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл ірі көлдер. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Тау өзендерінің ағысы қатты болады. Өз ауданымызда да өзендер мен көлдер бар. Олар Елек, Ырғыз, Ойыл, Жем т. б.
Өз жеріміздегі Елек өзені туралы не білеміз? Елек өзені 47 разъезд қасындағы Жайық өзенінің маңындағы бұлақтан басталады. Елек өзені Жайық өзеніне құяды. Жайық өзені суы үлкен көл - Каспий теңізіне құяды.
Елек өзені жағасында
Кішкентай Алға қаласында
Оқып білім алудамыз,
Ата - ана, ұстаз арқасында.
Венн диаграммасы. Өзен, көл.
Жылғалар бір - бірімен қосылып өзен құрайды. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атаймыз.
Шығармашылықпен жұмыс.
І - топ Өзеннің суретін салу.
ІІ - топ Көлдің суретін салу.
ІІІ - топ Өзен және Көлге өлең шығару.

Өзен қалай пайда болады?
Өзеннің басталатын жері қалай аталады?
Өзеннің сағасы деген не?
Өзен физикалық картада қалай бейнеленеді?
Картамен жұмыс.
Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді табайық.
(Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)
Көл деген не?
Көлдердің көлемін қандай болады?
Көлдердің суы қандай болады?

Сергіту сәті

Оқуға дос барғанда,
Риза мені алғанға,
Қуанады мамасы,
Төрт алғанда баласы.

Ой толғаныс

Жұмбақ шешу
Еліміздегі ең сулы өзен
Таситын кезі ең жылы кезең.
Шаруашылықта маңызы зор
Табасың оны, ойлансаң, сезем. (Ертіс)
Бекіре балық байлығы болар,
Тасыған кезде арнасы толар.
Кемелер жүзіп еліміз үшін,
Бұл өзен тасымал шаруаға жарар. (Жайық)
Алады басын аласа таудан
Ағатын маңы жазықты аудан.
Жаныңа жақын таныс бір өзен,
Айтпастан бұрын жақсылап ойлан. (Жем)

Үйге тапсырма

Өзен және көлге сипаттама жазу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Суды қорғау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

табиғаттағы су көздері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Суды үнемдей білуге, таза ұстауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі; баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: инт. тақта, карта, тәжірибе жасауға қажетті құралдар

Психологиялық ахуал

Табиғат сен - тіршілік тұнып тұрған,
Сен - күнсің, көтеріліп күліп қырдан.
Сен - көлсің, сен ормансың, сен бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты сен ұқтырған - деп

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/7b/Aralship2.jpg/400px-Aralship2.jpghttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS9-9I6YULicCaE3Tbvfix6UHTpYl7UCz1TUeO6_l99zdFYjDIv

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.
Біздің Бейнеу ауданымыз осы кісінің атымен аталады. Ауданымызға биыл 40 жыл. Мерекеге арнап туған жер түлектерінің шығарған «Бейнеу - бағым»
Әнін орындайық.
Б. Өз беттерімен оқу. В. Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс.
1. Судың қасиеті - жақсы еріткіштігі. Тәжірибе жасау.(Ас тұзын стақандағы суға салып еріту)
2. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минералды заттарын ерітеді. Физикалық қасиетін өзгертеді, дәм және иіс п. б
3. Минералды су жарамды, жарамсыз болады. Ішуге жарамды минералды судың 1 литрінде 2 - 20 г. еріген тұздары болады. Адам ағзасына пайдалы әрі сырқаттарынан айыруға көмектеседі. Сондықтан оларды «Шипалы су»деп атайды. «Сарыағаш», «Тассай», «Қарағайлы», «Вита» т. б
4. Сарыағаш курорты туралы деректі кітаптан оқыту. Суреттерін көрсету.
5. Өз ауданымыздан шығарылатын су «Қарағайлы» суы туралы әңгіме.
Г. Сен білесің бе?(Оқулықтан 1оқушыға оқыту).
Сабақты қорытындылау. «Жаңбыр тамшылары» арқылы сұраққа жауап алу.
А. Егер өсімдік сусыз қалса не болады?
Ә. Терек бір жазда неше литр суды буға айналдырады?
Б. Маңында өзен - көлі жоқ елді мекен суды қайдан алады?
В. Каспий теңізінің суды қалай тазартады?
Г. Біздің ауылымызда қандай минер алды су бар? Шаршағанды басатын,
Сарайыңды ашатын.
Су болмайды қашанда,
Қарағайлы суынан асатын.
Тәуелсіз елім, тәуелсіз болсын жерімде,
Жарқырап көзің ай, жұлдыз кулсін көгіңде.
Сулы да болып, нулы да болып Бейнеуім,
Төрт түлігім жайылып жүрсін төріңде - деп сабақты аяқтаймыз.
8. Оқушыларды бағалау.

Сергіту сәті

Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:
1 - топ. Су туралы мақал - мәтел жазу.
2 - топ. Жұмбақ шешу.

3 - топ. Тыйым сөздер жазу.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ауаның құрамы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: 1. Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру.
Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
2. Сөздік қорын кеңейту, көз алдына елестету мүмкіндігін, өзінің ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту.
3. Табиғатты қорғай білуге, аялауға, өз үлесін тигізе білетін азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, тәжірибе жасау.
Көрнекілігі: Тірек сызба, доп, шар, интерактивті тақта.

Психологиялық ахуал

Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – Үйрену, ұғыну, ұлағат,
Әрбір ісің – Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – Шындық, бірлік, адалдық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/1/140/140_html_m772f30d6.jpghttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTr8dE3M-jNTZbcUvqTcOydax6zbKDjZ5-elK70eb_aLxKGg8Ei

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

«Көрінбейтін сиқыршы»
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім - ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Барма жоқпа оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (ауа)
2. Мағынаны тану.
- Ауа туралы не білесіңдер? Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз.
Ауа - физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де жоқ. Мұның себебі ауаның құрамына кіретін газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сіңіріп отырады.
1) Сытырлақ дорбаны үрлеп ауа толтырамыз. Аузын қолымызбен бекітеміз және жайлап қысамыз.
- Тез қысылама?
2) Кішкентай шприцке ауа толтырамыз. Аузын саусағымызбен бекітеміз. Енді тұтқасын итерейік. Итере аламыз ба? Ал егер саусағымызды жіберсек, не болады?
Жер шары көзге көрінбейтін мөлдір жабынды - ауамен жабылған.
Жел - ауаның қозғалысы. Атмосфера деп – біздің ғаламшарымызды және бізді қоршап тұрған ауа қабатын айтамыз. Жердің ауа қабығын көбінесе бесінші мұхит деп атайды.
- Адамдар, жануарлар, өсімдіктер бесінші ауа мұхитының түбінде өмір сүреді.
Ауасыз жер бетінде мәңгі тыныштық пен бос кеңістік болар еді. Егер жер ауаны жоғалтса, ол Ай секілді тіршіліксіз аспан денесі болар еді.
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ - яғни азот 78%, оттегі - 21%, ал 1%- ы көмірқАуаның барлық жерде бар екенін білеміз. Дәптерлеріңді көтеріңдер, оның ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
- Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал, сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көре алатынымыз дәлел.
- Бөлме өсімдіктері қандай түсте?
- Жасыл.
- Партамыз қандай түсте?
- Көк.
- Ауа қандай түсте?
- Ол түссіз. Иә, бұл ауаның тағы бір қасиеті.
Сен әртүрлі бөлмелерде әртүрлі иіс бар екенін сезесің. Тамақ пісіретін бөлмеде, шаштаразда, дәріханаларда иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі бар ма?
- Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз.
Сонымен бірге ауа серпіледі, сығылады.
Допты алайық.. Оны қолыммен қысамын. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымды жіберсем, серпіліп орнына келеді. Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа.
Тәжірибе жасау.
Ауаның қыздырғанда ұлғаятындығын, ал салқындағанда
қысылатынын 3 - сыныптан білесіңдер.
Ауаның тағы бір қасиеті - ол жылуды жай өткізеді. Қыста қар астында қалған көптеген өсімдіктердің үсімей қалатын себебі қардың салқын түйіршіктерінің арасында көп ауа болады. Ал қалың қар өсімдіктердің сабақтары мен тамырларын жауып жатқан жылы көрпе сияқты.
- Күзде көптеген аңдардың тиін, қоян, қасқыр т. б. аңдардың түлейтінін білеміз. Жазғы жүннен гөрі олардың қысқы жүні қалыңырақ және үлпілдек. Қалың жүн арасында ауа көбірек болады да қыстағы ауа қорқынышты емес.ышқыл газы.

Сергіту сәті

Саусақпен мұрын қысайық,
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екен ұғайық..

Ой толғаныс

Неліктен сұрақтары?
1. Неліктен қыста үйлердің терезесіне екі қабат әйнек салынады?
2. Неліктен ауа қоспаларға жатады? Оның қасиеті туралы білетініңді айтып бер.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ауа қабығы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

мазмұнын меңгерте отырып, жүйелі қолдана білуге үйрету.

2.Жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тілдерін дамыту.

3.Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданатын әдіс-тәсіл: түсіндіру, тәжірибе көрсету, сұрақ-жауап, топтастыру.

Көрнекілігі: смайлингтер, слайд, үлестірмелі құрал.

Психологиялық ахуал

Табиғат сыры әр алуан,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген,

Дүниетану сабағы.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://baq.kz/foto/600_9d46fb8e73dd89e00f8521cb15ec0d7e.jpghttp://www.syrboyi.kz/uploads/posts/2013-11/1384522800_aua-rayy.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігін құрайды. Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот. Сонда азот 78%, оттегі 21%, көмірқышқыл газы 1%.

Ауа Жер шарын тегіс қоршап, қабат түзеді. Оның қалыңдығы бірнеше жүз киллометрге жетеді. Біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз.
Ауа қабығы бірнеше қабаттан тұрады. Жер бетіне жақын бөлігінде су буынан бұлттар түзіледі, яғни атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіліп, жауын — шашын жауады. Екінші бөлігін де газдар сирейді. Бұлттар түзілмейді, өйткені су буы өте аз. Үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады.
Әр қабат ауа шарлары, ұшақтар жасанды Жер серіктері, ғарыш кемелері арқылы мұқият зерттелген.
Жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы да анықталған.

6. Оқулықпен жұмыс.

(Оқушыларға кезекпен оқыту)

1.Ауа-газдарың қоспасы екенін дәлелдейтін абзацты тауып оқы.

2.Жұмсалған оттегінің орнын толтыратын бөлімді тауып оқы.

3.Тіршілік үшін қажетті бөлігі.

4.Ауа қабығы туралы жазылған жерін тауып оқы.

5. Аспан денелерінің Жерге ұшып түсуі туралы жазылған жерін оқы.

7.Шығармашылық жұмыс.

Ауаның құрамы, ауа қабығы туралы шағын әңгіме жазу..

Сұрақ-жауап.

1. Ауа неліктен қоспаларға жатады?
2. Ауа қабаты дегенді қалай түсінесің?
3. «Аққан жұлдыздар» деп жүргеніміз не?
4. Ауа мен тіршілік иелері арасында қандай байланыс бар
.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

Ой толғаныс

Түсі бар көрінбейді,

Біртұтас бөлінбейді.

Тыныс ол тіршіліктің,

Ешқашан желінбейтін. (Ауа)

Үйге тапсырма

Ауаның құрамы, Ауа қабығы тақырыбын оқып, мазмұнын айту

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ауа райы . Климат

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру.
- Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. Тәжірибе арқылы ауаның қасиетін, қайда болатынын оның түссіз және мөлдір болатынын біледі және ауа райын зерттеу туралы мағлұмат алады.
- Табиғатты қорғауға оны аялауға,ауаны ластанудан сақтауға және оны жақын тани білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, тәжірибе көрсету,сұрақ-жауап,топтастыру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Схемалар, интерактивті тақта, тәжірибе құралдары,

Психологиялық ахуал

Түсі бар көрінбейді
Біртұтас бөлінбейді
Тынысы ол тіршіліктің
Ешқашан жерінбейтін.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://www.bsh1.kz/img/news/1339702053.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Адам өміріне ең қажетті ауа дедік. Сондай – ақ ауа физикалық дене.Сондықтан ол құбылыста болып отырады.Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық дейміз.Ауа райы ғылымы өз атауын гректің «метеоро» деген яғни «аспандағы әлдене» деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан. Ал климат –бұл ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа райы континентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді.Сондықтан құбылмалы болып келеді.
Ауа райын алдын ала болжау барлық жүргіншілер үшін (ұшақ, теңізші,көлік түрлері) және ауыл шаруашылығының еңбекшілері үшін өте маңызды. Тіпті сен сабаққа келуің үшін де аса қажет.
Дәптермен жұмыс.(жазып алады)
Тіпті ертеректе ғылым мен техника дамымай тұрғанда ауа райын қалай болжайтын болған?
Қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.

Қоян жатар орнын бұрынғыдан жоғарырақ салса, қыс cуы болды.

Қарға тұмсығын қанатының астына тықса, күн суытады.

Түтін жер бауырлап ұшса, қар жауады.

Ай қораланса, алда жылы болатынды білдіреді деген екен.

Сергіту сәті

Үрлеймін мен былай.
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты,
Жарып алдым шарды.
Пах.

Ой толғаныс

Кітаппен жұмыс.
- Тізбектей оқыту.
- Іштерінен оқып шығу
Слайд – 5. Ауа райын болжау түрлері.
Кедендік аудандық аумақтарда -
- 12 сағаттан 7 тәулікке дейін болжау,
- бір айлық ауа райын болжау,
- он күндік ауа райын болжау,
- бір маусымға болжау.

Үйге тапсырма

Тақырыпты әңгімелеу,екі күндік ауа райын біліп,салыстырмалы түрде айту.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ауаның ластануы . Ауаны қорғау .

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

А)оқушылардың ауа туралы алған білімдерін жүйеге түсіру
Ә) ауаның құрамының тұрақтылығы және оны қамтамасыз ететін жағдайларды меңгерту
Б)Ауаның тіршілік үшін маңызын ұғыну
Міндеттері:
А)Ауа қабаты мен құрлық және адамның іс-әрекетінің арасында байланыс тудырып, біріңғай көзқарас қалыптастыру
Ә)Ауаның ластану көздері және ластануды болдырмау туралы бастапқы көзқарас қалыптастыру
Б)ауаның өзгермелі құрамы туралы түсінік беру
Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Әдісі: Сарамандық жұмыс, түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, оқулық кітабы

Психологиялық ахуал

Құпия шарды жарайық,
Таң - тамаша болайық.
Ішіндегі жұмбақтың,
Шешуін тез табайық.
Ребус: Жауабы: ауаны қорғау

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/12/43ecology1.jpghttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTURXWfLTaupWXmvdOQXOLm6-2sBmaRYW0cYoOmNX_TONb6z5Gk

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

2) Бүгін біз сендермен ауаның ластану және оны қорғау жөнінде әңгімелеп, өз ойымызды ортаға саламыз. /тақырыпты түсіндіру/
3) Ауаның ластануы: табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
4) Сурет бойынша түсіндіру. Түсіндірме сөздік: Жанартау.
Жанартаудан зиянды газ және бу тарап, ауаға араласып, оны ластайды.
5) «Тізбек бойымен әңгімелесу» ойыны
Мақсаты: Оқу материалы бойынша білім деңгейін анықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Шарты: Оқушылар тізбек бойымен отырады. Мәтін үш топқа үш бөлімге бөлініп беріледі.
1. Мәтінді тізбектей мәнерлеп оқу.
2. Бір оқушы түгелімен оқиды.
3. Мұғалім кез-келген ойыншыға нұсқайды. Сол оқушыдан бастап сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді.

Таза ауа – денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.
Зиянды заттары бар ауамен тыныс алаған адамның жұмысқа қабілеті кемиді.
Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтау үшін оны көгалдандыру қажет.
Оқулық бойынша түсіндіру.
Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды.Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады.
Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар , улы газдар араласады. Жел арқылы шаң,тозаңдар ұшып шығады.
Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады. Өсімдіктер иен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.
Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адам да ,жануар да ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген.Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Ормандарда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді.
Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды.Оны қорғау керек.Зауыттарға арнайы тазартқыш қондырғылар орнатылады.Машиналардан шығатын түтін жолына сүзгі қояды.

Ауаны тазартудың ең тиімді жолы—көгалдандыру. Бұл іске өзің де қосыла аласың.

Сергіту сәті

Сол аяқ, оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.

Ой толғаныс

Бейнетаспа мен слайд көрсету.
Оқулықпен жұмыс. Бөлікке бөліп дауыстап оқыту.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімдік: шалғын өсімдіктері мен жануарларының көптүрлілігін, олардың пайдасы мен қорғаудың маңызын ұғындыру;
Тәрбиелік: шалғынды қорғау арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру;
Дамытушылық: оқушы – белсенді әрекет егесі, ал мұғалім – үйлестіруші нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Жаңа технология элементтері:
А) топтастыру.
Ә) «Б. Б. Ү» картасы бойынша диагностикалау.
Б) ой толғаныс – тест.
Түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: әдебиет, география, тарих.
Көрнекілік: Еліміздің картасы, өсімдіктер гербарий, тұлыптар, маркер,
тірек белгілер.

Психологиялық ахуал

Кең дала, көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен
Әне, сол анам еді мені тапқан

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRHR0e0dmE1MigPpoj3pPstlLSlJ7a3t-1MqjAF-f5OzXLrvXadhttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRIS6z27Ug5ZSsQULerv-ohCfko7NU4-MxItwap_fB-2gZ2Tgfv

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

- Балалар, «Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты», - деп Сәкен ақын жырлағандай, табиғаттың сұлулығын, әсемдігін түсініп қана қоймай, тылсым сырын ұғыну үшін сендер бүгінгі сабақта сенімді серігімсіңдер деп сенім артамын.
Өткен сабақта шалғын өсімдіктері мен жануарлары, оларды қалай. орау қажеттігі жөнінде алған мағұлматтарымызды бүгінгі сабақта талдап, жинақтап, қорытындылаймыз. Бүгін топ болып жұмыс жүргізе отырып, басқа топтардың пікірімен санасамыз, өз пікірімізді жүйелі баяндаймыз.Шөптекті өсімдіктер жаз бойы қжайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді әдетте – көгал , ал аумағы жағынанн үлкендерін – шалғын дейді .

Сергіту сәті

Доп безек қағады,
Секіріп еденде
Біресе жоғары
Біресе төменге
Жаттығу оңай-ақ.

Ой толғаныс

Мақал – мәтелдер айту .

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Шалғынды қорғау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімдік: шалғын өсімдіктері мен жануарларының көптүрлілігін, олардың пайдасы мен қорғаудың маңызын ұғындыру;
Тәрбиелік: шалғынды қорғау арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру;
Дамытушылық: оқушы – белсенді әрекет егесі, ал мұғалім – үйлестіруші нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Жаңа технология элементтері:
А) топтастыру.
Ә) «Б. Б. Ү» картасы бойынша диагностикалау.
Б) ой толғаныс – тест.
Түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: әдебиет, география, тарих.
Көрнекілік: Еліміздің картасы, өсімдіктер гербарий, тұлыптар, маркер,

Психологиялық ахуал

«Кубизм» әдісі бойынша пысықтау сұрақтарын қою.

а) қоян немен қоректенеді?

ә) адам шалғында қалай пайдаланады?

б) шалғында қандай өсімдіктер өседі?

в) шалғында қандай жануарлар мекендейді?

г) шалғынды қорғау үшін не істеу керек?

д) араның қандай пайдасы бар?

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR7Y4WgEmimT-sKmWCe2-LMcD-Ucc8TJssfjmg8kuGcGnWCdsJeNghttp://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/156568.gif

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

- Балалар, «Табиғат адам үшін жаралыпты, Бар қызық табиғаттан таралыпты», - деп Сәкен ақын жырлағандай, табиғаттың сұлулығын, әсемдігін түсініп қана қоймай, тылсым сырын ұғыну үшін сендер бүгінгі сабақта сенімді серігімсіңдер деп сенім артамын.
Өткен сабақта шалғын өсімдіктері мен жануарлары, оларды қалай қорау қажеттігі жөнінде алған мағұлматтарымызды бүгінгі сабақта талдап, жинақтап, қорытындылаймыз. Бүгін топ болып жұмыс жүргізе отырып, басқа топтардың пікірімен санасамыз, өз пікірімізді жүйелі баяндаймыз.
Топтастыру».
I – топ сарғалдақ жусан
уқорғасын
тышқанбұршақ атқалдақ жоңышқа
II – топ
бөдене бүркіт көбелек
бөктергі
бозтарғай құладын
өсімдікті қорғау құстарды қорғау жануарларды қорғау
Табиғи орта мал жайылымы табиғи тепетеңдікті сақтау
Топ жетекшісі бағалап отырады.

- Көк ала кілем – жасыл шөп тамылжып иісін аңқытты кеудеге толып жас иіс тән мен жанды балқытты кетпе деп тағы көк
- Көк ала кілім - жасыл шөп тамылжып иісін аңқытты кеудеге толып жас иіс тән мен жанды балқытты кетпе деп тағы көк шалғын аяғыма оралды жібермей бөгеп алдымды майысып, гүлдер бұралды, деп тағы да Сәкен сөзін қайталап, дүниедегі әсемдіктің, сұлулықтың, құдірет күштің, байлықтың қайнар көзі табиғат, ал табиғатты өзгертуші ұлы күш ааттың ақыл ойы - білім екенін түсінген сендерде білім жасында сәттілік тілеймін.

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай-ақ.

Ой толғаныс

Танымдық бөлім. Диагностика
А) «Б. Б. Ү» картасы 15 мин

4. Ой тұжырым.
А) тест 5 мин
Ә) бағалау 3 мин
Б) қорыту 1 мин

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Дала өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

білімділік: Оқушыларға дала өсімдіктері мен жануарларының өміріндегі зор пайдасы, күнделікті тұрмыста қолданылуы туралы жан – жақты мәлімет бере отырып, білімдерін кеңейту және тек пайдаланып қоймай қорғау керектігін ұғындыру.
дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, ізденімпаздық, ойлау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Табиғат байлықтарын қорғап, сақтауға, ұқыпты пайдалануға, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ой қорғау, жинақтау, болжау, іздену, сұрақ – жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, өсімдіктер топтамасы, кеспе қағаздар, суреттер топтамасы.

Психологиялық ахуал

Ана, бала, қала, дала, айнала,
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат,
Шөбі жұпар, суы кәусар, сай – сала.
Бүкіл әлем аманбысың, жамағат?

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://image.slidesharecdn.com/random-141111040553-conversion-gate02/95/-17-638.jpg?cb=1415700674http://sabaq.kz/wp-content/uploads/2014/03/%D0%BD%D1%96%D0%BB.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

. Дала өсімдіктер, жануарлар көрсетіледі.
Жоспар:
1. Дала түрлері
2. Қуаң даладағы өсімдіктер
3. Қуаң даладағы жануарлар
Дәптермен жұмыс
1 - бөлім
Бұл не? (дала)
Даланың түрлері: Шалғынды, Қуаң, Егістік
Шалғынды. Шөптекті өсімдіктер жыл бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шалғын үлескілерді әдетте – көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін – шалғын дейді
Егістік. Егістік дегеніміз – егін егетін алқапты айтамыз. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтар оның топырағы ылғалды, әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай – ақ өсірілетін егістік алқабы. Ол жерде бидай, сұлы, арпа сияқтылар мол өнім береді.
Алғашқы егістік алқаптар:
Мексика
Қытай
Египет
Жерорта теңізі.

Солтүстік Индия Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарындағы далалардың топырағы ылғалды әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай – ақ өсірілетін ондай егістік жерлер бар. Онда бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады.
Қуаң дала. Қуаң даланың сәнге де бөленетінін кезі – көктем. Топырағы көктемге қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып, көз тартады.
Бұл өсімдіктер сабағының топырақ арасындағы бөлігінде қоректік заттар жинақталған жуашықтар бар. Жер кеуіп, құрғақшылық басталған кезде өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері қурап қалады. Ал жуашықтары топырақ арасында құрғақ күйінде жаз, қыс бойы сақталып қалады да, көктемде тағы да көктеп гүлденді.
Осы шырынды тышқан, қосаяқ, саршұнақ сияқты кеміргіштер сүйеніп жейді.
Сортаң жерінде:
Қуаң дала өсімдіктері: Көкпек, Қара Жусан, Теріскен
Далада көп өсетін: Боз, Мыңжапырақ, Ботакөз, Қазжуа, Бетеге
Қуаң дала да көбінесе мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Қосымша дерек: (өз облысымыз жайында)
Ақтөбе облысы бойынша өсімдіктің түрлері өте көп. Мұнда тамыр түрлері өсімдіктердің 417 түрі, 92 тұқымдасына жататын 1057 түрі шығады. Шөп текті екі түрмен сипатталады. Далалықта – дақылдың, қуаң далада – жусанды өсімдіктер.
Облыстың солтүстік құрақ далалығында дақылдық бетеге, ақ сексеуіл шөбі өседі. Сортаң жерлерінде ақ және қара жусан өседі.
Дала жануарлары
Ақбөкен, Түлкі, Суыр, Тасбақа, Тышқан, Ор қоян, Бозторғай, Бүркіт, Сарышұнақ, Қарсақ
Суреттер арқылы түсіндіріледі;
Қосымша дерек:
Облысымыз бойынша дала жануарларының құстардың көптеген түрлері кездеседі.
Сүтқоректілер – 62
Құстардың – 214, оның 187 түрі ұя салады.

Сүтқоректілердің 10 және құстардың 35 түрі Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітабына» енгізілген.
Тұяқтылар ішінде ең көп тарағаны киік. Жаз айларында Шалқар, Ырғыз, Байғанин, Темір, Мұғалжар ауданында кездеседі.
Қыс қатаң болса, одан әрі оңтүстікке көшеді. Бұрын киікті аулау аңшылық кәсіп болып, кейін тоқтатылды. Облыс жерінде киік саны 1000-ға жуық.
Жер – жерде борсық, түлкі, қасқыр мекендейді. Бұлардың саны тұрақты. Бұларға аңшылыққа рұқсат берілген.
Облыстың солтүстік бөлігінде Әйтеке би, Мәртөк аудандарында суыр мекендейді. Оның саны – 35 – 40 мың, ал кәсіптік ауланатын аң барлық аудандарда ор қояндар, оңтүстікте құм қояндар бар.
Құстардың 27 түрі қыстайды. 80 түрін аулауға рұқсат берілген. 35 түрі сирек және жойылуға қалған санатқа жатқызылып, Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітабына» енгізілген.
Дала құстары: Үкі, Тырна, Дала қыраны, Бүркіт, Дуадақ

Сергіту сәті

Туысқан бес кісі,
Бірінен-бірі кіші
Бәрінің аты бір
Ең кішісі шеткісі
(бес саусақ)

Ой толғаныс

Қуаң дала мен шалғында даланы салыстырып кестені толтыр.
Қуаң дала ------------------------- Шалғынды дала
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Оқушылар қорытынды жасайды.
Олай болса қоршаған ортаның өсімдіктері мен жануарларын қорғап сақтауда сендер де өз үлестеріңді қосуларың керек.

Үйге тапсырма

Дала өсімдіктері мен жануарлары
Шығармашылық тапсырма. Кестесөз жасап келу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

шөл белдеуі, оның ерекшеліктері және шөл жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру.
1) Шөл климатының ерекшеіктерін түсіндіру.
2) Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың талдап, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.
3) Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі

.

Психологиялық ахуал

Жұмбақ:

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Бүгін шөл даладағы түйе суретін саламыз.   

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://azbyka.kz/images/geography/1.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі : Шөл – суға тапшы аймақ . Сондықтан оның ауасы , топырағы құрғақ , өсімдіктері селдір , сирек болып келеді . Шөл – құмды шөл , сортаңды шөл , сазды шөл және тастақты шөлдерге ажыратылады . Бұлардың әрқайсысында белгілі бір өсімдіктер өсіп , жануарлар түрі тіршілік етеді . Шөл өсімдіктері құмды тоқтатып , бекітеді . Олардың өздерінше ерекшеліктері блады . Көктемде қызғалдақтар , ақ таспалар , жауқазындар , шырыштар гүлдейі .Мұндағы өсімдіктер сан алуан . Шөл көктемде шөл емес , құлпырған масаты кілем дерсің! Бірер айдан соң бұл өсімдіктерді көре алмайсың , олардың тіршілігі қысқа . Сол аз уақытта олар көктеп , өсіп – өніп , тұқымы жеміс салып үлгереді . Тұқымы топыраққа қалады . Келесі жылы көктемде ол дәл осылай тіршілікті қайталайды .

Сергіту сәті

Бес түп алма,
Бестік алғандыкі.
Төрт түп алма ,
Төрттік алғандыкі

Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс.

1.  Мәтінді тізбектей оқыту.

2. Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру.

Үйге тапсырма

Мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Дала мен шөлді аймақтағы егіншілік пен мал шаруашылығы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

шөл белдеуі, ондағы егін шаруашылығы жайлы туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру.
1) Шөл климатының ерекшеіктерін түсіндіру.
2) Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың талдап, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.
3) Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Мынау менің – жүрегім, бәрі осыдан басталған.

Мынау – ақылды басым, бәрін осы басқарған.

Мынау – менің оң қолым, мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRbeMXaVneX6RDCNuZesWpS6Pe-RO_U2atCcMkh8tK2JLm3w-4Phttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSFstgP2s-8dtjOl5HtN3llsKLpTT_Ep88glwRu_cJECm0Agwnf

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі : Еліміздің солтүстік және орталық аймақ -тарындағы далаларың топырағы ылғалды әрі құнарлы келеді . Сондықтан арнайы суармай – ақ ондай жерлерден бидай , сұлы , арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады . Әрине , мүмкіндігінше , жауын – шашын аз жылдарда суаратын арнайы қондырғылар да қойылады . Арамшөбі тазартылып , белгілі деңгейде егістік күтіледі . Қуаң далалар мен шөлдердің арнайы қазылған арық – тоғандар арқылы суландырылатын алқаптар кезігеді . Оларда да әртүрлі дақылдар , бау – бақшалар егіледі .

Сергіту сәті

Бір ақ шымшық,
Екі ақ шымшық.
Үш ақ шымшық,
Төрт ақ шымшық.

Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектей оқыту.

Үйге тапсырма

Мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы



Орман – тоғай өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер, деректі фильмге байланысты диск.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жинақтау, талдау, көрнекілік.

Психологиялық ахуал

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRHD33C27-1e8plJphmt-39CetGNBEwwOnLe6wPxeWqXX9OeckmJAhttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRdqqN5gwgrkZx5tcK6mbzTV26FBDb7ygfYS0eW9F-kyqBTBo6V

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі - Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.
Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.
Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды. Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар.
Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі. Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар.
Оларды емдік шөптер дейді.
Суреттер бойынша түсіндіру.
Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында, кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек, тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты, бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл, жасылдау болады. Сілеусін, борша тышқан, тиін — жануарлары, тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ — орман қамқоршылары. Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік, қасқыр, түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.

Сергіту сәті

Тұрып қалмай жантайып,

Бiр еңкейiп, шалқайып,

Жылдам-жылдам қозғалып,

Асқақ әндер айтайық.

Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс
Орман - тоғай өсімдіктері Орман - тоғай жануарлары
Қайың, көктерек, шырша, терек, қарағай;
Қойбүлдірген, таңқурай, тошала, шеңгел, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, қоғажай, айдаршөп. Сілеусін, жапалақ, шымшық, құмырсқа, елік, қасқыр, түлкі, тоқылдақ, көкқарға, бартоғай бұғысы, тиін, мысықторғай т. б.

Үйге тапсырма

Мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы



Орманның пайдасы және оны қорғау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Орманның шаруашылықтағы және адам өміріндегі маңызын ашып көрсету және табиғатты қорғау қажеттілігіне баса назар аудару.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттері туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Орман табиғат қазынасы, халық байлығы екендігі туралы дамыта білім бере отырып оқушылардың есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Есте сақта!

Орманда ескі полиэтилен пакеті немесе шыны шөлмекті лақтырмас бұрын ойлан, ол қанша жылда шіриді


Жағажайда,бұлақта немесе көл жағасында болсақ суға ештеңе лақтырма

Сұлу табиғатта қоқыс қалдырма, өзіңнен кейін жинап кет

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQF_cIj9ZTvJefL6eejOhFM_IgFw7jH4aBTZiSuleYrJ8CHEI4thttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcScGENXVVEIqm27MUuzbn1XeGBDg5aDnzPtB-ayfvXvePud-Fti

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі Орманның пайдасы және оны қорғау.

Орман ағаштарынан алынатын өнімдер: тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдары, құнды аң терілері, құстардың мамығы, жеміс – жидек, киім, азық – түлік .Тұрмыстық бұйымдары: үстел,орындық,сөрелер,есік, терезе, бесік, кереге т.б.

Қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы: дәптер, газет, кітап, журналдар... Темір жолшы: ағаш вагондар, темір жолдың астына салатын төсеніштер... Дәрі – дәрмек жасаушылар: ағаштан алынған дәрі – дәрумендер Инженер: жасанды табиғи жолмен алынған маталар,жіптер... Экология пәні жалғастырады: Орман табиғаттың тарту еткен байлығы, баға жетпес халық қазынасы екендігін дәлелдеу үшін орманның маңызды қасиеттеріне көңіл бөлейік. Ауаны оттегімен байытады

Орманның маңызы.


Климатты жақсартады

фитонцид


http://flatik.ru/flax/735/734052/734052_html_mf44d849.gifhttp://flatik.ru/flax/735/734052/734052_html_m1888f38b.gifhttp://flatik.ru/flax/735/734052/734052_html_m7957425a.gifhttp://flatik.ru/flax/735/734052/734052_html_3186f70b.gif


Топырақты қорғайды



Суды қорғайды

Егістікті қорғайды
http://flatik.ru/flax/735/734052/734052_html_50ee3957.gifhttp://flatik.ru/flax/735/734052/734052_html_63a2a8ed.gifhttp://flatik.ru/flax/735/734052/734052_html_m52c92f75.gif

1. Ауаны оттегімен байытады. Жер бетіндегі оттектің 60% ормандар береді. Бір ағаш тәулігіне 3 адамның тыныс алуына қажетті оттегін бөледі. Жаз айында қайың ағашы 44 кг, емен 28 кг көмір қышқыл газын сіңіреді.2. Климатты жақсартады. Ормандар суықтың, құрғақ желдің әсерін әлсіретіп, климатты жақсартады. 3. Топырақты құрғақшылықтан сақтап, топырақта ылғалдың сақталуына, құнарлылығын сақтауға жағдай жасайды.4. Орман су ресурстарын қорғайды. Ашық жерлерге қарағанда ормандарда қардың еруі жай жүретіндіктен, су көздеріндегі судың деңгейі реттеліп, тасқынды болдырмайды.

Сергіту сәті

Тұрып қалмай жантайып,

Бiр еңкейiп, шалқайып,

Жылдам-жылдам қозғалып,

Асқақ әндер айтайық.

Ой толғаныс

Қорытынды: Венн диаграммасы.

http://flatik.ru/flax/735/734052/734052_html_m4f7944b6.gifhttp://flatik.ru/flax/735/734052/734052_html_27f396b.gifhttp://flatik.ru/flax/735/734052/734052_html_759fc62e.gif

Оқушыларға орманға байланысты ойдан өлең шығарып келу тапсырмасы берілген. Елнардың өлеңі.

Көрікті даламыздың ормандары,

Орман деген аң, құстың қорғандары.

Осындай байлықтарды қорғаймыз деп,

Адамдардың дұрысқой толғанғаны.

Үйге тапсырма

Мазмұндау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы



Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Дүниетанымын, пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды өз бетімен ізденуге, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау қасиеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Стратегиялар: Топтастыру; ББҮ; кубизм; Венн диаграммасы.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, карта, сызбалар, тақырыпқа байланысты суреттер, электронды оқулық, т. б.

Психологиялық ахуал

Жұмбақ

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Бірақ тыныш тұрмайды.

Сақтамасаң қорын тек.

Барша тірлік құрайды. СУ

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://image.slidesharecdn.com/braziliya-130420010435-phpapp02/95/-6-638.jpg?cb=1366437916

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Электронды оқулықты пайдалана отырып, мәтінді бөлімдерге бөлу.
а) Азат жолы бойынша 4 бөлімге бөлеміз;
І топ Су қоймасы өсімдіктері.
ІІ топ Су қоймасы жануарлары
ІІІ топ Инелік дернәсілі.
ІV топ Су қоймасы жануарлары.
ә) Жеке, жұпта, топта жұмыс жүргізу;
б) Жұмыстары тақтаға ілініп, әр топтан 1 оқушы шығып қорғайды.
в) Мұғалім соңында қорытынды жасайды.
Дәптермен жұмыс
- Су қоймалары өсімдіктері мен жануарларын жеке топтастырып жазу.

Сергіту сәті

Тұрып қалмай жантайып,

Бiр еңкейiп, шалқайып,

Жылдам-жылдам қозғалып,

Асқақ әндер айтайық.

Ой толғаныс

Тапсырма:
1. Орман өсімдіктері мен жануарлары.
2. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары.
Қорытынды:
- Сабақта -------- топ жақсы жауап беріп отырды, сондықтан алдағы көктемгі демалыста ------ ғимаратты тамашалап қайтамыз.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы



Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

- Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру. Олардың адам баласы үшін пайдасын ұғындыру.
Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Сұлулыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Саб әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, деректі фильм дискісі.

Психологиялық ахуал

Кәріқұлақ саған айтам налыма
Жүгін өзің ақылыңа арыңа.
Жазда — жайлау, қыста —
қыстау еді ғой,

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://image.slidesharecdn.com/random-140422050858-phpapp02/95/-2-638.jpg?cb=1398161369

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Құрлықтағы сияқты су қоймасында да ағзалар табиғи бірлестікте тіршілік етеді . Яғни олардың тіршілігі бір – бірімен және өлі табиғат жағдайларымен тығыз байланысты . Мысалы , жағадау өсімдіктері адамның шаруашылық әрекеті әсерінен мал жайылуы , таптауы , қамыс – қоғаны шауып алу т. б. жойылатын болса , онда су шапшаң булана бастайды . Сөйтіп , су қоймасы тайызданады , кішігірімдері құрғап та кетеді . Жақын ердегі әртүрлі өнеркәсіп орындарының қалдықтары су қоймаларын жиі ластайды , нәтижесінде ондағы тіршілікке зиян келтіретін жағдайлар да көп кездеседі . Адамның шаруашылық әрекетінен еліміздегі су қоймаларында тіршілік ететін аса бағалы аңдардың , құстардың , балықтардың біраз түрлері жойылып бара жатыр . Соларды қорғау үшін мемлекет әр түрлі шаралар қолдануда .

Сергіту сәті

Көп отырып, шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Жүгiргiмiз келедi

Әдемiлеп ән салып,

Ой толғаныс

Суреттер салу арқылы сабақты бекіту .

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы



Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1) Таулы жердің ауа райы, ондағы өсетін өсімдіктермен жануарлар туралы мағлұмат беру;

2)Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу;

3)Танымдық қабілеттерге дамыту.

Көрнекілігі:Суреттер, карта, жазбабет, т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Психологиялық ахуал

Кең дала, көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен

Әне, сол анам еді мені тапқан,-деп Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай, Қазақстан-кең,байтақ өлке. 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTKhOQsiuSBKdOvxumXg8JVw0GGOvpXZ2o4MPEFJuNnQ0PFjA4phttp://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/43/42591/42591_html_1a62293f.jpg

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

. -Балалар, картаға назар аударсақ, қызыл түспен боялған қандай жерлер?

-Қызыл түспен боялған таулы жерлер.

-Дұрыс, олай болса біз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мағлұмат аламыз. Әр оқушының алдында карта тұрады, олар талған тауларды түсіріп отырады.

1. Алтай тауы.-Солтүстік батыста орналасқан. Алтай тауы түркі тілінен аударғанда  «Алтай» -алтын деген сөзді білдіреді. Ол Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай, кенді Алтай болып бөлінеді.

2. Сауыр-Тарбағатай тауы.Бұл тауды Шоқан Уәлиханов пен досы Потанин зерттеген.

3.Жоңғар Алатауы- Оңтүстік шығыста Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Ең биік шыңы –Бесбақан шыңы. Пайдалы қазбаларға өте бай. (жанғыш, тақтатас,қоңыр көмір, вольфрам т.б)  Мұнда «Достық» темір жолы салынған.

4. Тянь-Шань.  Азия материгіндегі ең ірі таудың бірі. Қытай тілінен аударғанда  «Тәңір шыңы», «аспан тауы»  дегенді білдіреді. Полиметалға бай. Емдік қасиеті бар минералды бұлақтар кездеседі. Бұл тау орыс географы П.П.Семенов –Тянь-Шаньскийдің атымен аталған.

Таулы жер өсімдіктері: (Тақтадаь таулы жер өсімдіктерінің суреті тұрады.) Көктерек, қайың, тал, терек, қарағай, ұшқат, ырғай, күреңот, тобылғы, итмұрын, долана, қарақат, жабайы алма, т.б. өседі.

Таулы жер жануарлары: (тақтаға ілінеді)

-Балалар, Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында Қазақстанды ненің символы ретінде алды?

- «Қазақстан-2030» жылдары Орта Азия барысына айналады,яғни біздің мемлекетіміз ең ірі ,алпауыт мемлекеттермен терезесі теңеледі деген.

-Осындайғы барыс қандай аң және қандай аймақта өмір сүреді деп ойлайсыңдар?

-Барыс өте епті, жылдам, жыртқыш аң. Ол биік тау құздарын мекендейтін аң. Барыстың саны бүгінде күрт азайып кеткендіктен, қазір қорғауға алынды. Барыстың  шапшаңдығы мен ептілігі туралы аңыз, әңгімелер өте көп.

Арқар-өте ірі аң. Ол тау жайылымдарын мекендейді. Түнде мұзды алқапқа дейін өрлеп түнейді де, ертеңгісін жайылымға қайта түседі. Сондай-ақ таутеке, марал, ақбөкендер т.б мекендейді. (әр жануарға жеке-жеке сипаттама беру).

Таулы жер құстары.

- Таулы жер құстары өте көп. Биік тасты құздарда ұлар тіршілік етеді.

Ұлар-ірі, түсі тас реңдес сұрғұлт құс. Ол 5-10-нан топтасып жүреді. Олар Қыста тау қуысына топтасып қонақтайды. Олар бірін-бірі жылытып, суықтан қорғайды.

Қозықұмай-ол тік құздарды мекендейтін құс.Қозықұмай еліктің лағы,суыр,арқардың қозықасы т.б. мен қоректенеді. Ол ірі тұяқты жануарларға да шабуыл жасайды. Екпіндеп ұшып, оларды қанатымен қағып,құздан құлатады. Бұлардан басқа тау ормандарында бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ  т.б құстар тіршілік етеді.

Шаруашылықтары. Бұғы шаруашылығы. Омарта шаруашылығы дамыған.

1.  Мәтінді тізбектей оқыту.

2. Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру.-Сонымен, біз, балалар бүгін таулы жерде өсетін өсімдіктер мен мекен ететін жануарлар туралы мағлұмат алдық.

Сергіту сәті

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Ой толғаныс

Венн диаграммасын тақтаға сызып. 5 оқушыны шығару (құстар, өсімдіктер, жануарлар).

Тапсырмалар. (5оқушы шығады)

1-топқа: Өсімдіктер аттарын түсіру, жаңа сөздер бойынша Қазақстан табиғатына әңгіме құрау.

2-топқа: Картаға тауларды түсіру және өлең құрастыру.

3-топқа: Жануарлардың аттарын түсіру және бір жануардың суретін салу.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, мазмұнын айту, сурет салу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы



Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың таулы жер өсімдіктері мен жануарлары және оларды қорғау жайлы білімін тереңдету, тақырып мазмұнын меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, жеке шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға, қорғай білуге тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Жануарлар суретінен фотоальбом. Өсімдіктер суреті. Жануарлар дүниесі салынған кесте. Таулардың, қорықтардың суреттері. Буклеттер. Карта.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ынтымақтастық, ұжымдық және топтық оқыту, дамыта оқыту.
Әдіс - тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика.
Оқыту құралдары: Оқулық, компьютер, слайд, дәптер.

Психологиялық ахуал

Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQcOSnu0y7c1m_fDVouJWzd13iUCclQ_Jn5nC7iHtiq65bD6Kx7https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS0DTq98co6vczDxvl1bfKwEgsLs7XDyfR-O_XRntYhHnBUf-fcTw

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Қазақстанның таулары
Орталық Азиядағы Тянь - Шань тауының құрамында көптеген Алатау деген жоталар бар. Алатауды түрік, әзербайджан, түрікмен халықтары “Аладаг”, қырғыздар“Алатоо”, алтайлықтар “Алатуу”, өзбектер “Олотог” дейді. Ол қар, мұз белдеулерінің айқын көрінуінен “Алатау” деп аталған. Талғар шыңының айналасында Алматы қорығы ашылған. Қорықта Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген арқар, тауешкі, ұлар және т. б. мекендейді.
Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей, Қытай, Моңғолия аймақтарында орналасқан. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері.
Ұлытау - Қарағанды облысының аумағында орналасқан аласа тау. Ең биік жері - Әулие Ақмешіт. Етегінде көктерек, аққайың өсетін орман кездеседі.
Қаратаудың тарихта алатын орны ерекше. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға қарсы бірігіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері Қаратаудың Ордабасы төбесінде кездесіп, келіссөз жүргізген. Сол жерде билерге арналып ескерткіш қойылды.
Тарбағатай – Қазақстанның оңтүстік – шығысы мен Қытай мемлекетінің аумағындағы орташа тау.
Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі – Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланың тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені – 30 км, орташа биіктігі – 450 - 500м.
Қазақстан қорықтары
Ақсу - Жабағылы қорығы. Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорық. Ол Батыс Тянь - Шань тау жоталары сәлемдерінің, Талас Алатауы мен Өгей тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл алқаптың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары түгелдей қорғауға алынған. Мұнда “Қызыл кітапқа” тіркелген сары жылан, ұлар, сақалтай, бүркіт, ителгі, арқар, сілеусін т. б. жануарлар кездеседі.
Алматы қорығы. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптың барлық табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Бұл қорықта да өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бай қоры бар. Оның ішінде сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аюды, арқарды, ұларды атауға болады.

Наурызым қорығы. Қостанай облысының оңтүстігінде Наурызым ауданындағы құрғақ далалы аймақтың табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Қорық жерінде ертеден сақталып қалған Наурызым қарағайлы орманы мен далалы аймақтың көптеген шағын көлдері бар. Дуадақ, ителгі, қызық жемсаулы қаз және басқа да “Қызыл кітапқа” тіркелген құстар бар.

Сергіту сәті

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

Ой толғаныс

Сөзжұмбақ шешу.
1. Жер бетінің ерекше биік тұстары қалай аталады?
2. Тұзды көл
3. Көзге көрінбейді,
Ұстасаң қолға ілінбейді.
4. Қыста азығын табиғаттан іздейтін аң.
5. Мүйізінен дәрі жасалатын жануар.
1. Жүрісі бар, түрі жоқ,
Үні бар да, тілі жоқ.
Ұстатпайтын қашаған,
Жермен бірге жасаған
2. Шөлге шыдамды жануар.
3. Қыздар тағатын бұйым.


Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, мазмұнын айту, сурет салу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы



Ғарыш дегеніміз не?

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1) Ғарыш және жердің ғарыштағы орны туралы түсінік беру;
2) Оқушыларға аспан денелері туралы қарапайым түсініктерді түсіндіру,меңгерту;
3) Кәсіп тік бағдар беру;табиғатты қорғауға,өз қажетіне пайдалануға турбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:ассоциация, сұрақ-жауап,көрнекілік,баяндау,түртіп алу.
Пәнаралық байланыс: физика,геграфия,қазақ тілі.
Көрнекілігі: тірек-сызба,күн жүйесі моделі,слайдтар,бейнетаспа.

Психологиялық ахуал

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Армысың табиғат – анамыз,

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRAuYpqqK1lVpxWxXJXxf6xztnLt3KEIdthe9E56wWhJID45nwhhttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcT4RQ4i8Z7q4-poAxYzmoThwfaMSY9bGuxceY3bRqDI0voxOKL_

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады.
1. жұлдыз
2. ғаламшар
3.Күн жүйесі
4. Әлем
5. Галактика
6. ғарыш
Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады. Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек
Жазуға берілген уақыт есте сақтау ауқытына тең.
4 кезең.
Ойлауды ұйымдастыру Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады.
Жұлдыз - жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен. Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде аспан денелері планеталар айналып жүреді. (планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз)
Планеталар – өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді. Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі - Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана.
Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады. Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады. Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол—Ю. А. Гагарин. Жерді 108 минут бойы бақылады.
Мәтінді оқу жылдамдығы

Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп тақырыбымызды біліп алайық 1. Көгі «жүр» дейді

2. Қанаты бар ұшпайды, Қызылы «тұр» дейді су астында қыстайды. (бағдаршам) (балық)

3. «Бейбітшілік құсы» деп,

4. Күндіз бәрі қашады Атайды оны барша жұрт Түнде аспанды басады (көгершін) (жұлдыз)

5 Құс сияқты, құс емес,

6. Көреді бәрін өзгенің, Самғап ұшқан биікке. Көре алмайды өздерін. Қақпайды бір қанатын (көз) Жүрсе де тым биікте (ұшақ)

7. Киелі бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (түйе)

8. Қиналмай көтеріп, Өзінен ауырды Жорғалап кетеді Жүкшідей кәдімгі (құмырсқа)
- Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай екен? - Ғарышкерлер Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді? Өз ойларын сұрау - Ғарыш айлағы дегеніміз не? Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын. Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма? Қалай аталады? Байқоңыр. Жарайсыңдар, балалар. Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман – есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылады. Олар жерді 17 рет айналып оралды. Сонан кейін Ю. Гагарин ұшты. Ал Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты. Ғарыш айлағы Байқоңыр туралы айтылып кетеді. Сергіту сәті: Аспан, аспан арайлым Саған жиі қараймын Сені көзбен шоламын Мен ғарышкер боламын.
Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

«Не артық?» ойыны.
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам

Ой толғаныс

Ойын: «Егер мен ғарышкер болсам......» Егер сен ғарышкер болсаң не істер едің? 4 - 5 оқушыдан өз ойларын сұрау Әр оқушыға бекіту сұрақтары таратылады. 1. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кімдер? 2. Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады? 3. Ғарышкерлер қандай болу керек? 4. Адамдардан бұрын ғарышқа нелер ұшты?

Үйге тапсырма

\Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы



Күн - жарық пен жылудың көзі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру. Күн, күн жүйесі туралы білімдерін толықтыру.Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым – астрономиямен таныстыру.

2.Дүниетанымын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, сын тұрғысынан айту қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3.Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын ояту.

Ізденгіштікке, еңбексүйгіштікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Күн жүйесі салынған сурет сызба, электронды оқулық, тақырыпқа сай   қосымша матераилдар, глобус,  Сұрақ-Жауап кітабы

Психологиялық ахуал

Табиғат!

Тіршіліксің тұнып тұрған.

Сен – күнсің!

Көтерілген күліп қырдан.

Сен – Көлсің, Сен-Ормансың,

Сен-Бұлақсың,

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTsL0B81mnxO-g1G8wpkXETZrO8-B3j0ou1ToZDf1kZ5iJ3Juxqhttps://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQB1klGykxgqRbFgiIp8ImNmqwvnCy4frMmrOYUDPwgaJY_BJb1

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Астрономия – ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым. Астроном – астрономия маманы. Алғашқы астрономдарды жұлдыз санағыштар деп атаған.

Суретпен жұмыс

-Не байқадық?

Электронды оқулықтан жаңа тақырыпты тыңдату.

-Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал жылу мен жарықтың негізгі көзі-Күн. Күн –жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз,  керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның Себебі: Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 000 км есе үлкен. Жердегі Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5млд.жыл. Оның бетіндегі температура +6000 с-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге күн қуатының 2 млр.-тан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге8 мин.19 сек. жетеді. Күн  көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4 млр. жылдан асыпты.Осындай ұзақ уақыт ішінде 1 клеткалы қарапайым организмдерден әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін шығармас еді.Оттегімен жан-жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдік өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі-дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, күннен шығатын жарық пен жылусыз жер бетінде тіршілік атаулы болмас еді.

жұмыс

1-2 оқушыға мәтінді оқытқызу.

Шығармашылық тапсырма:

«Зерттеу» стратегиясы

«Ғалымдар» тобына

1.Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде? 2.Бетіндегі қызуы қандай?«Астрологтар « тобына

 1.Жер Күннен қанша қашықтықта? 2.Күннің жарығы мен жылуының Жер беті үшін маңызы қандай?

Мәтінді толықтыр.

Күн-Жерге жақын орналасқан (жұлдыз). Бұл жанып жатқан-орасан зор (ғарыштық дене). Күннің пішіні  (шар) тәрізді. Күннің диаметрі Жердің диаметрінен (109) есе үлкен. Жер массасынан (330 мың) есе артық. Күн Жерден (150 миллион) км жуық қашықтықта орналасқан.

2)» РАФТ» стратегиясы

Р-роль, А-аудитория, Ф-форма, Т-тақырып

-Бүгінгі сабағымызда басты рөлде –«Күн Нұрлы Әлем» тақырыбына өз қалауларыңша ақынның жүрегімен, жазушының тілімен, суретшінің көзімен Күнге ризашылығымызды білдіреміз. Жеткізу формасы өз қалауларыңша болғандықтан, сурет арқылы,өлең жолдарымен, қара сөзбен, хат арқылы да білдіруге болады.(10 мин

Сергіту сәті

«Не артық?» ойыны.
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам

Ой толғаныс

Электронды оқулықтан тест өткізу

-Сабағымызды қорыта келе, Күн шуағын шартарапқа шырайлана шашып, мейірімін Сіздерге төге берсін, елімізде бейбітшілік болсын!

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы



Жер – шар тәрізді дене . Глобус – жердің дәл үлгісі .

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік. Оқушыларға глобус – Жер шарының пішінін дәл бейнелейтін
шағын үлгісі екендігін, оның бетіне градус торын құрайтын параллель және меридиан сызықтары қалай түсетіндігін түсіндіру.
● Дамытушылық. Оқушылардың аспан әлемі, жер планетасы туралы танымын шындау, қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен айналысуға баулу.
● Тәрбиелік. Өзі өмір сүріп отырған планетасын сүюге, құрметтеуге, қамқор болуға, экологиялық, апаттардан қорғауға тәрбиелеу.
● Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
● Сабақтың әдісі. Сұрақ - жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар.
● Сабақтың көрнекілігі. Глобус, жарты шарлар картасы, Магеланының Жер шарын айналу саяхатының картасы.
«Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясы

Психологиялық ахуал

а) «Не артық» ойыны
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам
ә) «Кім көп біледі?» Жер сөзіне байланысты бірнеше сын есімдерді қатастырып айту.
Байтақ жер, Кенді жер, Бай жер, Туған жер,
б) «Жер» сөзін топтастырып жазу.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcScm9jytIcZOXriM8BJ6u1yuG4s-naphsaykPDhvoM5v__XPPilyQhttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRS2ZVyG7BNvd0VD9ZjLhI-19CRXRVqqoh2CT6iDulmzPNnnZO-dAhttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTwxOZudjxTqKby0JcQUh2CTdZpMfV5P5iT5w1U-a89_n7CyHYNHg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

Оқушылар, Жердің шар тәрізді екендігіне көзіміз жетті. Осы жердің шар тәрізді екендігін зерттеп болған соң, ғалымдар жердің үлгісін жасай бастады. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады.
«Глобус» - латын тілінде «шар» деген сөзді білдіреді.
Глобус біздің көз алдымызға жердің дәл үлгісін елестетіп қана қоймайды, онымен түрлі тәжірибелер жасауға болады.
Картадағы сияқты глобуста да Жер беті түрлі - түсті бояулармен кескінделеді. Онда бүкіл жер шарында құрлық пен судың таралуы көрсетілген.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар мәтіннен глобус – Жер шарының кішірейтілген үлгісі екендігін және онда материктер мен мұхиттардың таралуы жайындағы бөлімін оқиды.

Пысықтау сұрақтары.
- Глобус неліктен Жер шарының дәл үлгісі деп аталады?
- Глобуста жер беті қалай бейнеленеді?
- Жер бетінде қандай мұхиттар бар?
- Қандай материктер бар? Біздің еліміз қай материкке жатады?
Глобуспен жұмыс.
Әр партаға бір - бір глобус таратылып беріледі. Оқушылар глобустан полюстерді, экваторды, параллель және меридиан сызықтарын табады. Материктер мен мұхиттардың орнын анықтайды. Осыдан кейін мәтіннің градус торына қатысты бөлігін тауып оқиды.
Кескін сызбаға глобустың белгілерін жазу.
Картамен жұмыс. Картадан Ф. Магелланның Жер айналу саяхатын көрсету.

Сергіту сәті

«Не артық?» ойыны.
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам

Ой толғаныс

Электронды оқулықтан тест өткізу

-Сабағымызды қорыта келе, Күн шуағын шартарапқа шырайлана шашып, мейірімін Сіздерге төге берсін, елімізде бейбітшілік болсын!

Үйге тапсырма

«Жер - Ана» тақырыбына шығарма жазу..

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Глобустың градус торы


Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Оқушыларға глобустың градус торы жайлы мағлұмат беру. Дамытушылық: Оқушыларға глобустың градус торлары жайлы мағлұмат бере отырып,ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, елін қорғауға, аялауға, ұқыптылыққа, көпшілік ортада, сыныпта дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тест
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, глобус, карта, интерактивті тақта,смайликтер, үлестірме

Психологиялық ахуал

Табиғат!

Тіршіліксің тұнып тұрған.

Сен -Күнсің! Көтерілген күліп қырдан. Сен-Көлсің! Сен-Ормансың!

Сен - Бұлақсың! Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://vkjournal.ru/vk/html/198/198840/5ef4aaa12d4faaeca62be8a2bf2_html_f1fc444.pnghttp://vkjournal.ru/vk/html/198/198840/5ef4aaa12d4faaeca62be8a2bf2_html_527d4f04.png

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

Оқушылар біз бүгінгі сабақта глобус,картаның көмегімен жер шарына саяхатқа шығамыз.
Ой қозғау: Глобустың градус торы дегеніміз не?
Оқулықпен жұмыс
Жер шарының жорамал білігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында екі полюс бар.Олар солтүстік және оңтүстік полюстер.Жер өз білігінен айналғанда оның полюстері айналмай,орында қалады.Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде белгіленеді.
Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор-теңейткіш деген сөз). Экватор сызығы Жерді тең екі жарты шарға-солтүстік және оңтүстік жарты шарға бөледі.Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар параллелдер деп аталады (грекше параллель-қатар жүруші деген сөз).Олар батыс-шығыс бағытын
көрсетеді.Параллель шеңберінің ұзындығы экватордан полюстерге қарай жүрген сайын қысқара береді.
Бұл айтылғандардан басқа,глобуста солтүстік және оңтүстік полюстердің арасын қосатын шеңбер түріндегі сызықтар бар.Олар меридиандар. Латын тілінен аударғанда меридиан түскілік деген мағынаны береді. Өйткені тал түстегі көлеңке сол жердегі жергілікті меридиан бағытына сәйкес келеді.Меридиан солтүстік-оңтүстік бағытты көрсетеді.Жер шарының кез келген нүктесі арқылы сансыз көп меридиан жүргізуге болады. Солардың бірі халықаралық келісім бойынша бастапқы меридиан ретінде қабылданған.Ол Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының маңымен өтеді.Бастапқы меридиан шеңбері Жерді батыс және шығыс жарты шарларға бөліп тұрады.
Белгілі бір градус сайын жүргізілген параллелдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Оны глобустың градус торы деп атайды.
Сөздікпен жұмыс.
Латынша экватор-теңейткіш деген сөз
Грекше параллель-қатар жүруші деген сөз
Латын тілінен аударғанда меридиан-түскілік деген мағынаны білдіреді.

Сергіту сәті

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

Ой толғаныс

«Кім зерек? » ойыны
1.Жер шарында неше полюс бар?
2.Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналама?
3.Полюстер глобуста немесе жарты шарлар картасында қалай бейнеленеді?
4.Экватор сөзі қандай мағынаны білдіреді?
5.Жерді тең екі жарты шарға бөлетін қандай сызық?
6.Жер экваторының ұзындығы қанша километр?
7.Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар не деп аталады?
8.Параллель қандай мағынаны білдіреді?
9.Параллель қандай бағыттарды көрсетеді?
10.Оңтүстік , солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды не деп атайды?
11.Меридиан қандай мағынаны білдіреді?
12.Глобуста меридиан қай бағыттарды көрсетеді?
13.Глобустың градус торы дегеніміз не?

Үйге тапсырма

Глобустың градус торы.(Глобустың суретін салып келу) .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жердің өз білігінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы .

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Жердің өз білігінен айналуы арқылы күн мен түннің ауысатыны туралы түсінік  беру.   Теориялық ойын ,сөйлеу тілін , сөздік қорын дамыту. Өз беттерінше тапсырма орындауға ,тиянақты болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Көрнекілігі: суреттер, глобус,карта,ермексаз,майшам,слайд

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,көрнекілік.

Психологиялық ахуал

Арайланып таң атты,

Алтын шапақ таратты.

Қайырлы күн, балалар!

Аман Отан – панамыз,

Аман ата-анамыз.

Қайырлы күн, балалар!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTCSXWI2pZpeZnKBVgwpTTCEsM8rkT19vQh9yy-V5S4Wf49qWSThttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTmjQQUSNkRSdaQvrX3EYbFDrZGx8_4W2qPMOR4iybajHTRh_3w

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

Шығыстан арайлап атып келе жатқан таң мезгілін көз алдарыңа елестетіңдер . Алдымен таң шапағы маңайды жарық сәулеге бөлейді , біраздан кейін көкжиектен күн көзі көрінеді . Күн аспан күмбезін бойлап , бірте бірте жоғары көтеріледі де , түстен кейін қайта төмендейді . Аптабы басылған Күн кешке батыстағы ұясына барып қонады . Бізге осылайша , Күн шығыстан шығып Жерді айналып барып батысқа батқан сияқты болып көрінеді . Ертедегі адамдар тап осылай ойлаған . Олар Жер – дүниенің кіндігі , оны Күн және жұлдыздар айналып жүреді деп есептеген . Шындығында күн жерді айналмайды . Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай айналады . Сонда Күн оған қарсы жақтан , яғни батыстан шығысқа қарай жүріп отырған сияқты болып көрінеді . Бұған көз жеткізу үшін заулап келе жақан поездың немесе қонуға таянған ұшақтың терезесінен қарағандағы көріністі есеріңе түсіріңдер .Сонда алдыңғы жақта тұрған заттар саған қарай зымырап , жақынап келе жатқандай әсер етеді . Күн де сол сияқты .

Сергіту сәті

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

Ой толғаныс

Күн мен түн ауысты. Жер  өз білігінен батыстан шығысқа қарай 24 сағатта бір рет айналып шығады. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт  тәулік деп аталады. Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады Сабаққа қосымша материалдармен таныстыру:

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жердің күнді айналып қозғалуы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1) Білімділік: Оқушыларға Жердің өз өсінен және Күнді айнала қозғалуы туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
2) Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігі мен біліктілік дағдыларын жетілдіре отырып, ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, картамен жұмыс жасауға машықтандыру.
3) Тәрбиелік: Туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; рухани байлығын қалыптастыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру; қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, карта, глобус,
оқулық, слайд.

Психологиялық ахуал

Сүйейік табиғатты аялайық!
Экология – өмірдің
Соғып тұрған жүрегі
Ей, табиғат, балаңмын
Ертеңіңе алаңмын
Денсаулығы ғаламның –
Амандығы адамның.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://image.slidesharecdn.com/82-131019054052-phpapp02/95/8-2-18-638.jpg?cb=1382179362

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

Күн жүйесіне кіретін барлық денелер Күнді айнала қозғалады . Жер де күнді айналады . Жердің күн төңірегіндегі басып өтетін жолы жер орбитасы деп аталады . Жердің Күнді толық 1 рет айналып шығуына кеткен уақыт жыл деп аталады . 1 жылда 365 күн бар . Жердің өз білігінен айналуынан күн мен түн ауысса , Күнді айналуының нәтижесінде жыл мезгілдері ауысады . Білмеген адам мұны Жердің Күнге жазда жақындап , қыста алыстауынан деп ойлайды . Бұл дұрыс емес . Жердің күнгке жақын - алыстығының жыл мезгілдері ауысуының ешқана әсері жоқ . Қайта біздің жерімізге солтүстік жарты шарда кыс түскен кезде Жер Күнге жазға қарағанда жақынырақ тұрады .

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Ой толғаныс

Қарама-қарсы сұрақтар:
1. Күн сәулесі жер бетіне қалай түседі?
2. Экватор деген не?
3. Жердің өз осінен айналу дегеніміз не?
4. Жердің өз осінен айналуына қанша уақыт кетеді?
5. 24 сағат неше тәулікке тең?
6. Жер күнді қалай айналады?
7. Маусым айында солтүстік жарты шардың ауа райы қандай болады?

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жыл мезгілдерінің ауысуы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

А) Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері жайлы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру.

Ә) Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын, сөздік қорын, көре отырып әңгімелеп беру қабілетін, ойлау қабілетін дамыту.

Б) Тәрбиелік: Экологиялық, эстетикалық, еңбек, тәрбиелеріне баулу.

Әдістер: Сұрақ-жауап, сурет көріп әңгімелеу , тақпақ айту, дидактикалық ойын ойнату, сергіту сәтін жасату, сурет бояу.

Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің  суреттері , дидактикалық ойынға қажетті суреттер.

Психологиялық ахуал

«Әріптер сыр шертеді»

Т             П              Н                 Р
Ғ            Л              А                 У
Ш           Й              О                 Қ
Д            М             Б

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://kaz.docdat.com/pars_docs/refs/49/48681/48681_html_64642bc6.png

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

Тапсырма - Жаз еліне кіру үшін, біз мынандай тапсырманы орындауымыз керек. Мына етістіктерден болымсыз етістіктерді құраңдар. Жаз, оқы, күл, бер, жүгір, секір, көр, же, іш, лақтыр.
- Шешуін тауып, Алпамыс әрі қарай жүреді. Көп пе әлде аз ба, жүріп келе жатып, ол өсіп тұрған ағашты көрді. Алпамыс ағаштан бір жапырақ жұлып алады, ал жапырақта мындай тапсырма жазылған.
2. Тапсырма: Күз елінде "Күз патшасы" билеген Ханшайым өз елі туралы білім сайысын ұйымдастырып отыр екен. Адасқан ай аттарын табу. Адасқан айларды дұрыс жазыңдар. Күз Ханшайымы балаларға риза болып сағаттың сынығын береді. Ал Алпамыс қайтадан жолға шықты. Ол қатты тоңды.
М: Сонымен балалар қалай ойласыңдар, Алпамыс қай жыл мезгіліне келіп жетті?
Б: Қыс.
- Дұрыс.
Алпамысты Аяз қарсы алады.
- Қайда бара жатырсың?- деп сұрады ол. Алпамыс жағдайды айтты.
- Иә, сағаттың бір сынығы менде, сендер қыс мезгілі туралы айтып берсеңдер мен сендерге сағаттың бір бөлшегін беремін дейді.
3 - тапсырма Қыс мезгілі туралы айтып беру.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн аязды салқын болады. Адамдар жылы киінеді. Қыста Жаңа жыл мерекесі болады

Сергіту сәті

Күн ұйықтайды.
Күн оянды.
Жел соқты,
Жаңбыр жауды.
Найзағай шатырлады,
Жел басылды
Күн ашылды

Ой толғаныс

Жұмбақтар  шешейік.

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады.    (Қар)

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды           (  Қар   )

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)

Үйге тапсырма

Жаңа сөздерді жаттап келу. Жыл мезгіліне суреттер салып келу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Отбасы - шағын қоғам .

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

- Қоғам, оның көп түрлілігі, қоғам мүшелері, қоғам басшысы, қоғамның алып жатқан аймағы, қоғам - бізді қоршаған орта ұғымын ашу.
- Отбасы - шағын қоғам, отбасының мүшелері, отбасының басшысы, отбасы - біздің тірегіміз, біздің шаңырақ ұғымдарын ашқызу.
- Отбасы қоры, отбасы және экономика ұғымдарының сабақтастығын көрсету.
- Отбасы дәстүрі, отбасындағы қарым - қатынастар туралы түсініктер бере отырып, оқушының қоғамдағы дүниетанымдық көзқарастарын ашу, зерттеу, талдау, халықтық педагогиканың отбасы тәрбиесіндегі алар орнын ашып көрсету.
- Оқушылардың өз ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру.
- Отбасы - шағын қоғам ұғымын аша отырып, оқушыларды отбасы мүшелерін сыйлауға, ана, әкенің алар орны ұғымдарының тәрбиелік мәнін ашу.

Психологиялық ахуал

Армысың, алтын күн!
Армысың, туған жер!
Армысың, мектебім!
Армысың, қонақтар!
Армысың, достарым!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRBcwWc7itUxESQWReGl-i4BgXl4aDuTNHE_z56pg-tRSXjkoI-https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTudiRnF4jA8Cs3JbenjCfTI2sRWLH7U8mDJz2f_cjGP321DeFq

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

- Балалар айналып отырайықшы, көзімізді жұмып, мына мәтінді тыңдайықшы.Мен бақытты баламын. Себебі, менің туған жерім, отаным – Кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентіміз - Н. Ә. Назарбаев атамыз бар. Мен - бақытты баламын. Білімнің кәусар бұлағын сіңірген алтын ұям – мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан тұтамын. Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым-қатынастамын. Мен – бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім - отбасым бар. Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар, еркелескен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе?
Әңгімелесу.
Бұл бөлімде ой түрткі жасау арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын ашуға көмек беретін сұрақтар қою көзделеді.( Барлық баланы қатыстыру керек.)
- Осы балаға ат қояйықшы.
- Асан неге бақытты деп ойлайсыңдар?
- Оның қандай отаны бар?
- Қазақ халқы қандай халық?
- Өзіне Кімді үлгі етеді?
- Неліктен мектеп оның мақтанышы?
- Ол кімдермен достық қарым - қатынаста?
- Оны кім аялады?
- Оны кім әлпештеді?
- Ол бауырларымен қандай қатынаста, қалай өсті?
- Осы әңгімеде не туралы сөз болды?
- Сонымен қоғам деген не? (Бізді қоршаған орта. Ол Отан, Ол Халық, Ол Президент, Ол мектеп, Ол ұстаз, Ол достары, Ол Отбасы, жанұя, Ол ата - ана, бауыларың, туыстарың)
- Қоғамның несі болады? (Белгілі аймағы - Кең байтақ Қазақстан жері, басышысы - президенті, қоғам мүшесі - халық, )
- Сонымен әр қоғамның аймағы басшысы, мүшесі болады, олар өзара қарым - қатынаста болады.)
- Отбасы қандай қоғам екен? (Шағын қоғам).

- Оның басшысы кімдер? (ата - ана)
- Оның мүшелері кімдер екен? (Әке, ана, ата, әже, аға - іні, әпке - қарындас)
- Ендеше бүгінгі сабақ қалай аталады деп ойлайсыңдар?
- Қоғам.
- Қандай қоғам туралы болмақ?
- Отбасы - шағын қоғам?
Тақтаға: Отбасы - шағын қоғам деген сөз ілінеді4. Тыңдайық, ойлайық. Әр оқушыға
А) (1 - 2 - 3 сыныптағы білімдеріне сүйену.)
Жанпейісованың дамыта оқыту технологиясы б - ша «Менің отбасым» зерттеу анкетасын толтыру.
Менің отбасым:
Менің атым --------
Менің әкемнің аты ----------
Менің анамның аты ---------
Менің әжемнің аты ---------
Менің атамның аты ----------
Менің ағамның аты ----------
Менің әпкемнің аты ---------
Менің қарындасымның аты --------
Менің інімнің аты --------------------
Біздің үйде кішкентай нәресте, бөпеміз бар оның аты ----------------
- Қазақ халқы жас сәбиді аялап, әлпештеген, әрбір ана өз баласына арнап бесік жырын жырлаған екен.

Мысалы: Қоғам деген не?
- Отан - туыстарың
Адамды қоршаған орта
- отбасың - Ұстазың
- мектеп достарың
Жеке жұмыс. Әр оқушы бағаланады.
Отбасы қоғамының құрамы: Сурет конкурсы.
1. Отбасының тұрағы ---------
2. Отбасы басшысы ------------
3. Отбасы мүшелері ------------
4. Менің алар орным -------------
- әр оқушы өз суретін түсіндіріп өтеді.

Сергіту сәті

Әлди, әлди бөпешім
Әлпештейін көкешім.
Тербетейін жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Ой толғаныс

Б) Мен және қоғам. Топқа бөлініп отырады. Топтың жетекшісі болады.
1 - абзацты оқыту:
- Күбірлеп оқу.
- Дауыстап оқу.
№1 Шығармашылық жұмыс. Адамның суретін салу, адамды қоршаған ортаны жазғызу. Әр топ өзінің жауабын жазады.

Үйге тапсырма

Әркім өз отбасының қорын жазып келеді. Менің отбасым сурет салу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Туған – туысқандар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға туған - туысқандар, ағайындар туралы, туыстық атаулар туралы мағлұматтар беру.
Оқушылардың ой - өрісін, танымдық процестерін, тіл байлықтары мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды бауырмал, кішіпейіл, қонақжай, үлкен кішіні сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, слайд

Психологиялық ахуал

Қуанамын мен де,
Қуанайық, достарым,
Қуанасың сен де
Арайлап атқан күнге.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://fullref.ru/files/43/3932f5e73d3501cfce5b3227c2beeb86.html_files/17.jpg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

- Балалар, туыс деп кімдерді атайды?
- Оларды не үшін туыс деп атайды? (Оқушылар өз бетімен әңгімелейді)
Мұғалім:
Қазақта жігіттің үш жұрты бар болады. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз жұрты - өзіңнің ата, әжесі, әке - шешесі, аға - жеңгесі, әпкесі, іні - қарындастары, т. б. аталас туыстары жатады. Нағашы жұрт - өзіңнің анаңның туыстары, яғни, төркіні. Анаңның туыстары саған – нағашы, ал сен оларға – жиен боласың. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды» деген мақал да бар, ол нағашы жағынан біреулердің ренжітуіне тыйым салынады. Жігітке ең жақын жұрт – нағашысы. Жиеншар деген туыстық атау
а) Оқулықпен жұмыс.
Ә) Дауыстап тізбектей оқу.
- Күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы (қайын ата)
- Туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі (жезде)
- Бірге туған апалы - сіңлі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы (бөле)
- Бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені (әпке)
( Оқушыларға туыстық атауларға байланысты рөлдер ойнату)

Сергіту сәті

Күн ұйықтайды.
Күн оянды.
Жел соқты,
Жаңбыр жауды.
Найзағай шатырлады,
Жел басылды
Күн ашылды

Ой толғаныс

- Балалар, мына мақалдардың жасырын сөзін тауып көрейікші:
... тату болса — ат көп, (ағайын)
... тату болса — ас көп. (абысын)
... — туырлығым, (туғаным)
... — қазынам. (қарындасым)
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда біз «Туған - туысқандар» - мен танысамыз!

Үйге тапсырма

Өздерінің туыстары туралы әңгімелеу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Атаңа не қылсаң , алдыңа сол келер .

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Қазақтың әдет-ғұрпыноқушылардың бойына сіңіру. Олардың тек өз ата-анасын, бауырларын ғана біліп қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа нағашы жұрты және қайын жұрты болатындығын ұғындыру. Олардың туыстық жақындығын жете түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым-қатынасты дамытуға, оқушылардың ой-өрісінің дамуына жағдай жасау. Оқушылардың бұрын алған білімдеріне және өмір тәжірибесіне сүйене отырып, ата-анаға қамқоршы, қартайғанда оларға басшы болу жайында бағыт беру, соған тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ата-ана, отбасы туралы мақал-мәтелдер айту қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелілік:

Алған білімдерін сабақ барысында меңгерту, сөйлей білуге, ойын жинақы айта білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  «Отбасы-шағын қоғам» суреті салынған плакат, сөзжұмбақ, ребус, жекелеме суреттер, Венн көрсетуі, қима қағаздар, үнтаспа.

Психологиялық ахуал

«Асыл сөз көп халықта, іле жүрер құлаққа.

Ізденген жетер мұратқа, ізденуден жалықпа» .

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сөздерді оқып, бір сөзбен ата: ата, әже, әке, шеше, бала... А) Адамдар; Ә) Отан; Б) Отбасы.

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

1.     Шежіре туралы не білесіңдер?

Шежіре дегеніміз – бір атадан тараған ұрпақты таратып айту. Мысалы: ата-бала-немере- шөбере-шөпшек-немене-туажат.

2.     Жүзге немесе руға бөліну туралы не айтасыңдар?

Қазақ халқы өзінің руына, қай жерге қоныстануына байланысты үш жүзге бөлінген. Ұлы жүз – Төле би, Орта жүз – Қазыбек би, Кіші жүз - Әйтеке би басқарған.

3.     Кімнің нағашысы бар? Ол қандай туыс?

4.     Жиен қандай туыс?

Үйге қандай тапсырма берілді?

«Туған-туысқандар», «Отбасы туралы» шығарма, Қазақта туыстық қатынастарлы 3 жұртқа, топқа бөліп айтады.

I топ – адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты.

II топ – шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты.

III  топ - әйелі мен күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты.

 Енді топ басшыларының өздерін тыңдап көрейік.

 

I топ. Біреу әкеге тартып туады,

          Біреу әкеден артып туады.

 

II топ.  Ата-анадан өсіп, ұрпақ тараған,

            Жақсы, жаман болса, бала солардан.

 

III  топ. Қыз анадан үйренбей, өнеге алмас,

              Ұл атадан үйренбей, сапар шекпес.

Оқушылар, біздер жылжымалы вагондар арқылы саяхаттарға шығамыз.

1-саяхат. «Білемін, білгім келеді, үйрендім» сратегиясы бойынша.

Жақындық қарым-қатынасты білдіретін атауларды атаңдар.

I топ.  Туыстық атулар туралы түсінік береді.

II топ. Нағашы жұртының атаулары.

III топ. Қайын жұртының атаулары.

2-саяхат.  «Бағытталған оқу сратегиясын» тыңдау, «Өз ойыңды жеткіз» ойыны.

I топ. «Өз жұрты» туралы.

II топ. «Нағашы жұрты» туралы.

III топ. «Қайын жұрты» туралы.

Оқулықпен жұмыс.

3-саяхат. «Ой толғаныс» стратегиясы бойынша шығармашылық тапсырма.

I топ.  Үлкендердің алдында қандай әдеп сақтау керек?

II топ. Кішілерге қандай ізет көрсетер едің?

III топ. Үлкендерді құрметтеуге байланысты қандай тыйымдарды білесің?

4-саяхат. «Демалыс саяхаты». «Біз әдептілік туралы не білеміз?». Жаңа сабақты түсіндіру.

5-саяхат. «Қызығушылығын ояту». «Ребус шешу».

Ат. Қасық, торғай инелік, қылыш, сағат, ң алма, доп асық ң ай сандық қолғап кесе көбелек тырма.

Бүгінгі жаңа тақырып: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».

Оқушыларға топтық тапсырма беремін.

I топ.  Венн көрсетуі. Ата-ана мен бала арасындағы байланыс.

Ата-ана                                             Бала

II топ. Қазақ халқының сәлемдесуі туралы не білесіңдер?

III топ. «Ата-анаға көмекші», «Ата-анаға басшы» деген ұғымдарды талдаңдар.

Сергіту сәті

Ана сүтін ақтамағанды,

Ешкім мақтамайды.

Атаға қарап ұл өсер,

Анаға қарап қыз өсет.

Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс (өзім түсіндіремін)

Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата-салты. Үлкенді сыйлау ең алдымен - әке-шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-ата-анасын сыйламаған ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйламайды.

Үйге тапсырма

Өз атаң жайынша шығарма жазу ғ

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Мектеп

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімдік: «Мектеп» тақырыбынан өткен материалдарды кайталату арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.
2.
Дамытутлық: Шәкірттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастырп, дамытутылық қасиеттерін жетілдеру.
3.
Тәрбиелік: «Алтын қақпа» ойыны арқылы оқушылардың мектебін сүйіп, білім мен оқуға деген құштарлыққа тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Тақтада жазылған: « Өнер түрі елде мол,
Өнім сыры жерде мол».
« Өнерлінің он саусағы тең,
Өнерсіздің бір саусағы кем»

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://azbyka.kz/images/2649/4.jpg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :— Балалар, бүгінгі «Мектеп өмірі» деген тақырыпты «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз. Сынып екі топқа бөлініп, әр қақпаның тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдеріңізді көрсетесіздер. Ол үшін алдымен «Темір қақпа» тапсырмаларын орындаймыз.

Бес жол өлең құрастыр:
1 топқа «мектеп»
1.
Мектеп.
2. Үлкен, жаңа.
3. Тәрбиелейді, оқытады, үйретеді
4. Мектеп—біздің екінші үйіміз
5. Білім.

Күміс қақпа.
1. Үзінді оқып, аудар (суретке қарап)
1 топқа: Бұл біздің мектеп.Мектеп қасиетті Сергий Радонежский құрметіндегі жеке меншік орта мектеп. Мектеп Мұхтар Әуезов көшесінде орналасқан. Мектеп ғимараты әдемі, ауласы таза, көп ағаш, гүлдер өседі. Күміс қақпа.

Адасқан сөздердін орнын тап:
1 топ:
1) Мектептің іші ... (соғылды)
2) Қоңырау...(сыныпқа)
3) Балалар... кірді(жарық, кең)

Адасқан сөздердін орнын тап:
2 топ:
1) Мектептің ауласы...(арап тілінен)
2) Біз мектепке...(таза,үлкен)
3) «Мектеп деген сөз... шыққан (түсте келеміз)

Сергіту сәті

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Ой толғаныс

Сызба арқылы «Мектеп – білім беретін мекеме». Ол – жоғары оқу орнына апаратын алғашқы баспалдық» деген үғым бекітіледі
1. Оқушылардың мектептегі міндеттерін айт.
2. Ересектер өздерінің мамандықтарына қалай қол жеткізді?
Мектепте – мәдени мекемеге жатады. Мектепте біз білім мен тәрбиені қатар аламыз.

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып келу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Алғашқы мұғалім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: «Ұстаз» сөзінде қаншама мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым барекенін жеткізу. Ұстаздардан алатын үлгі - өнеге, тәрбиені қадірлеп, ұстаздың әрбір үйреткен тәрбие, біліміне құрметпен қарауға шақыру.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, қанатты сөздер, қабырға газеті

Психологиялық ахуал

Ұстаздардың бар айтқанын
Ұлағатын ұғыңдар
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығындар

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://baq.kz/foto/fe8cc51052b5624df025b5776923077a.jpghttp://goo.kz/media/img/blog/5326738f870c9.jpg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі : Алғашқы мұғалімің әр адам мақтан етіп , есіне сақтайды . Ғалым , ақын , жазушы сияқты парасаты адамдардың бәрі де мектептен алған білім нәтижесінде үлкен дәржеген жеткен .

Солардың қай – қайсысы болса да , өздерінің алғашқы мұғалімдерін мақтанышпен , құрметпен еске алады .

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр,

Иiлiп солға бiр.

Денемiздi дұрыстап,

Тұрамыз тік ұстап.

Ой толғаныс

Ұстаз... Ұстаздың мен үшін де, сен үшін де, бәріміз үшін де орны бөлек.Осынау өмірдегі жандардың бәрі де ұстаз алдынан түлеп ұшты.
Әлемге, еліне пайдалы, танымал тұлғаларды тәрбиелеу ұлы ұстазға байланысты деп білемін.Ұстаз адамзат баласының бойына білім атты «шаһарды» қалайды.Сондықтан, «Ұстазды атаңнан да әзіз тұт» деген мақалға жүгінген дұрыс.Ұстаздың еңбегі - ізгіліктің інжуіндей қымбат еңбек.
«Қыран құс түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» деген нақылдың өзі ұстаз – адам тағдырын шешуші тәлімгер дегенді білдіреді.

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып келу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Біліміңді пайдаға асыр

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға өз білімдерін одан әрі жетілдіру мақсатында жақсы істер жасауға тәрбиелеу .

Психологиялық ахуал

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

5 жолды өлең құрастыру .

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі : Сен оқып білім алып қана қойған жоқсың . Ұнаған үйірмелерге қатыстың . Бұрын білмейтін талай нәрсені білетін болдың . Енді осы білімің арқылы сен де өз отбасыңа , туған туысқандарыңа пайдаңды тигізе аласың . Халық аппай сауаттана қоймаған бұрынғы кездерде ауылдағы бастауыш сынып оқушылары үлкен кісілерге де көмек беретін .Әсіресе , сауатсыз ата - аналарға , үлкен кісілерге керекті қағаздарын ,хаттарын жазып көмектесетін . Оларға қызықты әңгімелер , кітаптар оқып беріп алғысын алатын . Себебі , ол кезде ауылды жерлерде кино концерт жиі қойылатын . Мұндай көмек нәтижесінде оқушыардыңөзі де тез жән мәнерлеп оқуға жаттығатын .

Сергіту сәті

Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық

Ой толғаныс

Мақалдар құрастыру .

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқып келу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Кітап қайдан шығады?

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Оқущыларды алғашқы кітаптың шығу тарихымен таныстыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Сабаққа деген ынталарын арттыру;
3. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, тірек сызба, кітап көрмесі.

Психологиялық ахуал

Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да,
Шуақты көктем нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQAM1_QjhUHkWJ5sCCsER6aAfCM4cQMHVdLYwz2lmm_bMdjamO-https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRwkAD3DI0oV6hK6ghmnj71QUUVcvGhxWGtSMUP2KgM-XUPp_eM

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

Жұмбақ жасыру
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлгісін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің.
Бұл не?
(кітап).

- Сонымен, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Кітап қайдан шығады?
- «Күш – білімде, білім неде?»
- Кітапта
- Онда, кітаптың шығу тарихы туралы сыр шертейік.
Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап ақылдың кені. Кітап - бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап - барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
- Ендеше, кітап қайдан шықты?
- Қазір сендер, өздеріңді ежелгі адамбыз деп елестетіңдер, алдарыңда қағаз жатыр, сендер оқу білмейсіңдер, ал біз айналамызда болып жатқан құбылыстарды, заттарды қалай жазар едік?
- Қане, құс деген сөзді қалай жазар едіңдер? Ағаш, бұлт, күн, көз т. б.
- Қалай жаздыңдар?
- Суретін салдық, бейнеледік, таңбаладық.
- Бұл таңбалар иероглифті жазбалар деп аталады. Ал ол кездегі жазу құралы тас көмір, күйе болған.
Алдымыздағы кітаптар бірден пайда болмаған. Алғашқы кезде кітап болмаған кезде адамдар тасқа қашап жазған. Қазақ тарихында тұңғыш кітап 1841 жылы «Боз жігіт» деген атпен Қазан қаласында басылып шықты.
Кітап
қыш тақта
мұқабалы кітап
папирус
пергамент
- Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді түсініп оқу.

Сергіту сәті

Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандықтан қашайық.

/Б.Бөрiбаев/


Ой толғаныс

Мәтін бойынша сұрақ - жауап
- Алғашқы кітаптар қандай болған және олар не нәрселерге жазылған?
- Бұрын кітаптар неге қолмен көшірілді?
- Кітап алғаш қалай басылған, қазір қалай басылады?
- «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» дегенді қалай түсінесің?
- Кітап туралы қандай мақал - мәтелдер білесің?

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу. «Білім көзі - кітапта» тақырыбына эссе жазу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жазғы директор

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Өткен сабақтарда алған білімін бекіту;

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту үшін түрлі тапсырмалар орындау;

Тәрбиелік: Жаз мезгілі туралы тәрбиелі әңгімелер айту; Ағаштарды сындырмауға, өзендерді ластамауға үйрену; Табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: жаздың суреті, тірек сөздер.

Сабақ түрі: Аралас сабақ .

Психологиялық ахуал

«Тәтті алма» ойыны.  Тақтада алма ағаш суреті тұрады, қасында шелек. Оқушының мақсаты: Алманы бір – бірлеп жинау, әр алманың артында сұрақ болады:

-         Неше жыл мезгілі бар?

-         Бір жылда неше күн бар?

-         Бір жылда неше ай бар?

-         Бір аптада неше күн бар?

-         Жазда қандай ағаштар өседі?

-         Көктемде қандай гүлдер өседі?

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://www.childbrand.ua/_data/place/16850s.jpghttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQwxIWaGpGK06PNpBeziekfPJGGKN28Jx7Dt9Qxe6F_4x-aRPvo

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

Алдымен мынадай сұрақ қойылады:

-         Балалар, көктемнен кейін қандай жыл мезгілі келеді?

-         Балалар жазда қайда барады?

Жаз – ең ыстық жыл мезгілі. Жазда балалар демалады. Олар демалуға ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда олар шомылып, күнге қыздырынады. Сондықтан олар жыл мезгілін жақсы көреді.

Сергіту сәті

Біздер тату боламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс.

Көп нүктенің орнына жұрнақ, жалғау қосып жазады.

Мен жазда лагерьге бар...

Сен жазда ауылға бар...

Ол жазда Астанаға бар...

Сен дүйсенбі күні мектепке бар...

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Шаруа қожалығы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстыру. Жаңаша құрылған шаруашылықтардың түрлерін білу. Ауыл шаруашылығындағы еңбекке бейімделу, ұжымдық, шағын қожалық сияқты өндірісті ұйымдастыру түрлері туралы білім беру.
Дамытушылық: Жаңаша ұйымдастырылып отырған шаруашылық түрлерін біліп, осы заманғы шағын бизнесті табысты игеру жолдарымен танысып, ол білімдерін кейін өз өмірінде пайдалана алуға даярлау. Оқушыларды жаңа өмірге даярлау. Сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқуға, белсенділікке, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Өз бетінше еңбектенуге уйрету, кәсіби бағдар беру.

Психологиялық ахуал

Біздің ауыл
Біздің ауыл тамаша!
Көз тоймайды қараса...
Ағып жатыр өзені,
Жағасына өскен көп қамыстар аласа.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQsiy1tQaISID7E-Vx0YMBDzoEV33Ml2QbM4zfLghncvkAB3I4Ihttp://www.voxpopuli.kz/userfiles/posts/430/612af6a9cf4b6ed752e7ef457592f678_big.jpg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

сонымен біздің басты байлығымыздың бірі – халқымыздың мақтанышына айналған қаймағы бұзылмаған қазақ ауылы екенін естен шығармайық.
Ендеше ойланайық «Ауыл» дегенде көздеріне не елестейді?
Ауыл
Ал енді ауыл мен қаланың айырмашылықтарын еске түсірейік.
Ел басы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан жолдауында «Біз кез келген ұлттық түп тамыры ауыл жұртына жататынын естен шығармауға тиіспіз» - деген. Сондықтан ауыл шаруашылығына баса назар аударуда. Ауыл қала халқының жүрегі.
«Ауыл өркендесе – ел гүлденеді» деген сөз де бекерге айтылмаған.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі.
Мұғалім: Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық - түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Осындай өнімдерді даярлайтын шаруашылық қожалықтарының дамуына үкімет тарапынан көмек көрсетіледі.
Шаруа қожалығының құқығын айқындайтын заң қабылданды. Бұл заң бойынша өтініш жазған жасаған шаруа қожалығын керекті жерді бөліп береді. Тек мемлекетке тиісті салықтарын төлеп тұру керек. Қожалық иелері керек етсе, мемлекет тарапынан қарыз қаражат беріледі. Шаруашылықтар қажетті құралдары мен техника түрлерін алады да өз жұмыстарын жолға қояды.
Үкімет Шетел
Шаруашылық
қажет техника
Мұндай несие қарыз алып іске қосылып жатқан шаруашылықтар көптен саналады.
Соның бірі – Алматы облысындағы Байсерке сүт зауыты. Зауытта 700 - ден астам адам қызмет етеді. Сүттен әр түрлері тағам дайындалады да халыққа жеткізіледі. Арнаулы машиналардың ішінде тоңазытқыш болады. Олар сүтті өзінің маңайындағы ауылдардан алады. Сонымен қатар арнайы сүт өндіретін фермаларда бар. Онда «Алатау» тұқымды сиырлар тұқымы әкелінбек.
Осындай зауыттар біздің қаламызда бар. Зауыт кейінгі техника жетістіктерімен жабдықталған.
Мысалы: Айс
Слайд көрсету.
Тағы басқа қандай қожалықтарды білесіндер?

Көкөніс өндіретін жылыжай.
«Аққұс» құс фабрикасы.
Фуд мастер.
Бектіу сұрақтары.
Ауыл еңбеккерлерінің санын көбейтетіндер мектеп бітіруші жастар. Қазіргі кезде техниканың дамыған кезеңі. Қарапайым өсімдіктерді егу, күту, арам шөптен қорғау т. б. ауыл шаруашылық жұмыстары технологиялық процесс. Міне осы жұмыстарды атқаратын көп салалы маман қажет. Сондықтан жастар ауылға қажетті мамандықтарды таңдау қажет. Сендер өскенде қандай шаруашылыкты ұйымдастырар едіңдер.
Зауыттың елге қандай пайдасы бар?
- Халықты жұмыспен, сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Зауыт жұмысы күшеюі үшін не қажет?
- Зауыт кейінгі техника жетістіктерімен жабдықталу қажет.

Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық
Қане қанат жасайық
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық..

Ой толғаныс

Венн диаграммасы
Қала Ауыл
көп қабатты үйлер адамдар тұрады көлік түрлері аз.
кең көше Атауы бар мал, құс өсіреді
көлік түрлері көп жұмыс орындары аласа үйлер
оқу орындары жеке шаруашылық от жағады
мекемелер су тасып ішеді
мектеп аурухана егін егіп, шөп шабады
дәріхана, кітапхана .
Қала ауылға не береді? Ауыл қалаға не береді?

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу, азмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ауыл байлығы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстыру. Жаңаша құрылған шаруашылықтардың түрлерін білу. Ауыл шаруашылығындағы еңбекке бейімделу, ұжымдық, шағын қожалық сияқты өндірісті ұйымдастыру түрлері туралы білім беру.
Дамытушылық: Жаңаша ұйымдастырылып отырған шаруашылық түрлерін біліп, осы заманғы шағын бизнесті табысты игеру жолдарымен танысып, ол білімдерін кейін өз өмірінде пайдалана алуға даярлау. Оқушыларды жаңа өмірге даярлау. Сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқуға, белсенділікке, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Өз бетінше еңбектенуге уйрету, кәсіби бағдар беру.

Психологиялық ахуал

Ауыл байлығы жайында түсінік. Ауылдағы негізгі байлық—Жер-ана . Құнарлы топыраққа не тастасаң да өнім береді. «Жер де сенің бір анаң»   деп бекер айтпаған.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRl2bGtp3iduXdBxqcXbA_LFAyKK22frUkwZgGeyBOjhsr1z4kXhttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQ_QPuVq6izOI6QyDhP6UXZN3BcPnEk-wMSI1ljugo5BWSBGpgH

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

- Ауыл қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Ауыл адамзаттың кең дүниенің есігін ашып өмірге, бізге дейінгі сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен кең маңдай тері тамған, киелі мекені. Ана әлдиі алтын бесік, алғашқы қадам әр адамның аяулы қымбаттысы. Сондықтан ет пен сүйектен жаратылған жаратылыстың барлық иелері өз ауылын сүйетіні сөзсіз. Дүниедегі ең құдіретті ана болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.
Ауыл - халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен-жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі.
«Туған жер - алтын бесік» ал, өзін аялап тербеткен бесігін сыйламаған, құрметтемеген, оны қозғамаған жаннан ем жақсылық күтуге болмайды. Туған жердің тарихын білмеу де ұят. Бүгін біз туған ауылымыз «Қазалы» ауылы жайлы ой тебірентпекпіз.
«Ауылым» әні (ойналады).

Ауыл айшықтары
Қолдары бүгін ұзарып,
Еншісіне тиді жер.
Жер кіндігі – мол байлық,
Тұрмыстарын түзетер.
Ауыл шаруашылығы еңбегі жаңаша құрылды. Фермерлер немесе шаруа қожалықтары деп аталды. Бұрын бар мәселені басшы шешетін еді. Қазір әркім өзі шешуге құқы алды. Отбасы мердігерлері жаңа табысқа жетуде. Кәсіпкерлер, бизнесмендер пайда болды.
Енді болашақ журналистеріміздің сұрағы:
- Ауылымыздың кәсіпкерлері туралы білеміз бе?
- Ауылымыздың қазіргі жағдайы мен бұрынғы жағдайы қандай?
- Ауылды құру үшін қандай қиыншылықтар кездесті?
- Болашақ ауыл қандай болса екен деп ойлайсыз?

Ауылымның келешегі менің болашағым!
Сен ауылың үшін не істер едің?
1. Егер сен әкім болсаң...
2. Сен дәрігер болсаң. ...
3. Сен кәсіпкер болсаң. ...
4. Сен бай болсаң. ...
5. Сен фермер болсаң. ...өз ой-пікірлерін тыңдау. Жазып келген шығарма, әңгіме, өлеңдерін оқыту.

Сәнім «Ауыл» әңгіме.
Оңталап «Өлең»
Ғарифолла «Өлең»
Ән - шашу. Әдеби сазды бағдарлама
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таң қалдырып,
Өнерден күмбез жасайық.
Тақпақтар: Перизат, Альбина, Сәнім, Айдос, Назерке, Дамир, Оңталап, Ислам, Нұржан.
1. «Ауылым» әні Ғарифолланың орындауында
2. «Күй» Нұржанның орындауында
3. «Солдат болам мен ертең» Амантай, Нұрсұлтан, Ислам
4. «Қошақаным» әні Аян, Дамир
5. «Қара жорға» би. Бір топ оқушылар

Сергіту сәті

Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бр тұрып
Біз тынығып алайық.

Ой толғаныс

Венн диаграммасын толтыр.
Аурухана --------------------- Ортақ қасиеті --------------------------- Кітапхана
Басты идеясын жаз:
Аурухана мен кітапхана екеуі де – мекеме.
Теориясы «Жинақтау»
(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус құрастыр)
Суреттердің бас әріптерінен сөз құра.

Үйге тапсырма

«Ауыл» тақырыбын мәнерлеп, түсініп оқу. Ауыл көрінісіне сурет салу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстыру. Жаңаша құрылған шаруашылықтардың түрлерін білу. Ауыл шаруашылығындағы еңбекке бейімделу, ұжымдық, шағын қожалық сияқты өндірісті ұйымдастыру түрлері туралы білім беру.
Дамытушылық: Жаңаша ұйымдастырылып отырған шаруашылық түрлерін біліп, осы заманғы шағын бизнесті табысты игеру жолдарымен танысып, ол білімдерін кейін өз өмірінде пайдалана алуға даярлау. Оқушыларды жаңа өмірге даярлау. Сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Оқуға, белсенділікке, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз бетінше еңбектенуге уйрету, кәсіби бағдар беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Көрнекілік: интерактивный тақта

Психологиялық ахуал

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім,
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, барша тіршілік иесі.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRxhk18p27RYl6Rw8itNHjh8_f22fjlrVVC4DdahmSxisd508SRhttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSe-w0kMZ3G0wccOLRXIX3HIfLzWedCEPjh2qwXJ-9Ed71Ncgfh

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі: Ауылды жерлердегі жеке шаруашылыққа үкімет тарапынан көмек көрсетілуде . Қазақстан үкіметі ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру үшін шет елдерден қарызға қаржы алып тұрады . Сол қаржы шағын шаруаларды көтеруге жұмсалуда . Шағын шаруа иелеріне үкімет қарыза ақша береді . Шаруашылықтар ол ақшаға керекті құрал – жабдықтар мен қажетті заттарды сатып алып , өз жұмыстарын жолға қояды .

- Ауыл - халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, негізгі мекен-жайы, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі.
«Туған жер - алтын бесік» ал, өзін аялап тербеткен бесігін сыйламаған, құрметтемеген, оны қозғамаған жаннан ем жақсылық күтуге болмайды. Туған жердің тарихын білмеу де ұят. Бүгін біз туған ауылымыз «Қазалы» ауылы жайлы ой тебірентпекпіз.

Сергіту сәті

Сол аяқ, оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.

Ой толғаныс

Суреттерден сөз құрау .

Үйге тапсырма

«Ауыл» тақырыбын мәнерлеп, түсініп оқу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Мектеп пен өндіріс орнының байланысы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Туған жердің табиғатына, ел тарихына үңіле отырып, оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейте түсу;
Дамытушылық: Тілін дамыта отырып, оқушыларды қисынды ойлай білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сөздік, көрнекілік, жұптық жұмыс, сөзжұмбақ, кесте, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан облыстарының картасы бейнеленген кеспе қағаздар, гүлдер, Ұлы Жібек жолының тармақтары картасы.
Техникалық құрал: компьютер, проектр, ИТ.
Бағдарламалық жабдық: презентация

Психологиялық ахуал

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://image.slidesharecdn.com/6666-140708124547-phpapp01/95/-15-638.jpg?cb=1404841693http://images.myshared.ru/783803/slide_16.jpg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

-Балалар, «бұл қағазда сөзжұмбақты шешіңдер» деп жазылған.
Сөзжұмбақты шешу.
ТУҒАН ЕЛ ОТАН
1. Өсімдік жануарлар, тау, тас. (табиғат)
2. Киіз үй жабдығы (уық)
3. Аспан әлемі (ғарыш)
4. Ардақты адам (ана)
5. Ас атасы (нан)
6. Мықты ағаш (емен)
7. Ешкінің төлі (лақ)
8. Қалың ағаш өсетін нулы жер(орман)
9. Орман емшісі (тоқылдақ)
10. Қазақстанның астанасы (Астана)
11. Көктем айы (наурыз)
Шешіп болған соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.
- балалар, тігінен тұрған әріптерді қосып оқиық.
- Бұл бүгін бастағалы отырған үлкен тарауымыз.
Туған ел. Отан.
Кеспе қағаздан Отан сөзін оқып, тақтаға ілу.
- Отан деген не? Отан дегенде ойларыңа не келеді?
Кеспе қағаздан тапсырма оқу.
-Отан туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме?
Бір оқушыға өлең оқыту.
Кеспе қағазды тақтаға сәйкес нөмеріне ілу.

Тақырып бойынша әңгімелеу.

Дүйсенбек пен баласы Сәлім екеуінің әңгімесі арқылы Қазақстанның табиғатымен, шекарасымен, Жібек жолымен таныстыру. Тақырып мазмұнын түсіндіру.
Кеспе қағаздың тағы біреуін алып, тапсырманы оқу. Оны орындап, қағазды тақтаға ілу.
«Тянь-Шань» деген сөз Қытай тілінен аударғанда «Тәңірі тауы» деген ұғымды білдіреді. Оны біздің халқымыз «Еренқабырға» деп атаған. Оған Қытайдың батысы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерін алып жатқан алып тау жоталары енеді. Демек, мәтіннен «Тянь-Шань таулары» деген тіркестерді оқып отырғанда сөз өзіміздің әсем Алматымыздың жанындағы Іле Алатауы туралы да болып отыр деп түсіну керек.
Бақылау күнделігімен жұмыс.
Кеспе қағазды алып, тапсырманы оқу,орындау, тақтаға ілу.
Тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
Сызба арқылы өлең құрастыр.
1. елім,
2. жерім,
3. жайқалған,
4. жасарған,
5. жайған,
6.Қазақстаным!
Оқушылар барлығы бірлесе отырып орындайды.
Құралған өлеңді бір оқушыға оқыту.
Кеспе қағаздан тапсырманы оқу, орындау, қағазды тақтаға ілу.

Сергіту сәті

Сақтайық, қане тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
Ойлан, ойлан және ойлан,
Үздіктері сыныптың.
Озаттар мен орталар,
Ойланбаған құр қалар.

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс.
Кеспе қағаздың тағы бірін алып, тапсырманы оқу, оны орындау. Қағазды өз орнына, тақтаға ілу.
Тапсырма: Картадан Қазақстан мен КХР аумақтарын және олардың арасындағы шекараны, «Жібек жолы» пойызы жүріп өткен жолды, Каспий теңізін, Алтайды, Батыс Сібір жазығын, Іле Алатауын, Алматыны тап.
Тапсырманы карта арқылы орындау.
Кеспе қағзады алып, тапсырманы оқу.
Бақылау күнделігіндегі тақырыпқа байланысты тапсырманы орында.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Отаным менің , байтақ өлкем!

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Туған жердің табиғатына, ел тарихына үңіле отырып, оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейте түсу;
Дамытушылық: Тілін дамыта отырып, оқушыларды қисынды ойлай білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сөздік, көрнекілік, жұптық жұмыс, сөзжұмбақ, кесте, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан облыстарының картасы бейнеленген кеспе қағаздар, гүлдер, Ұлы Жібек жолының тармақтары картасы.
Техникалық құрал: компьютер, проектр, ИТ.
Бағдарламалық жабдық: презентация

Психологиялық ахуал

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://goo.kz/media/img/blog/5072b052c71bf.jpg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

-Балалар, «бұл қағазда сөзжұмбақты шешіңдер» деп жазылған.
Сөзжұмбақты шешу.
Т_________________
У_________________
Ғ__________________
А__________________
Н__________________
Е__________________
Л__________________
О__________________
Т__________________
А____________________
Н____________________
1. Өсімдік жануарлар, тау, тас. (табиғат)
2. Киіз үй жабдығы (уық)
3. Аспан әлемі (ғарыш)
4. Ардақты адам (ана)
5. Ас атасы (нан)
6. Мықты ағаш (емен)
7. Ешкінің төлі (лақ)
8. Қалың ағаш өсетін нулы жер (орман)
9. Орман емшісі (тоқылдақ)
.

10. Қазақстанның астанасы (Астана)
11. Көктем айы (наурыз)
Шешіп болған соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.
- балалар, тігінен тұрған әріптерді қосып оқиық.
- Бұл бүгін бастағалы отырған үлкен тарауымыз.
Туған ел. Отан.
Кеспе қағаздан Отан сөзін оқып, тақтаға ілу.
- Отан деген не? Отан дегенде ойларыңа не келеді?
Кеспе қағаздан тапсырма оқу.
-Отан туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме?
Бір оқушыға өлең оқыту.
Кеспе қағазды тақтаға сәйкес нөмеріне ілу.
Тақырып бойынша әңгімелеу.
Дүйсенбек пен баласы Сәлім екеуінің әңгімесі арқылы Қазақстанның табиғатымен, шекарасымен, Жібек жолымен таныстыру. Тақырып мазмұнын түсіндіру.
Кеспе қағаздың тағы біреуін алып, тапсырманы оқу. Оны орындап, қағазды тақтаға ілу.
«Тянь-Шань» деген сөз Қытай тілінен аударғанда «Тәңірі тауы» деген ұғымды білдіреді. Оны біздің халқымыз «Еренқабырға» деп атаған. Оған Қытайдың батысы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерін алып жатқан алып тау жоталары енеді. Демек, мәтіннен «Тянь-Шань таулары» деген тіркестерді оқып отырғанда сөз өзіміздің әсем Алматымыздың жанындағы Іле Алатауы туралы да болып отыр деп түсіну керек.

Сергіту сәті

Отанымның ұлымын.
Бұл-гүлденіп жайнаған,
Гүлстандар Отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар Отаны.

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс.
Кеспе қағаздың тағы бірін алып, тапсырманы оқу, оны орындау. Қағазды өз орнына, тақтаға ілу.
Тапсырма: Картадан Қазақстан мен КХР аумақтарын және олардың арасындағы шекараны, «Жібек жолы» пойызы жүріп өткен жолды, Каспий теңізін, Алтайды, Батыс Сібір жазығын, Іле Алатауын, Алматыны тап.
Тапсырманы карта арқылы орындау.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: сабақ барысында оқушыларды қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен таныстыру, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету, үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың тәуелсіздік үшін күресінің маңызын әңгімелеу
Дамытушылық:оқушыларды материалды жүйелеуге оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандыру
Тәрбиелік: оқушыларға отанның тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрбие беру

Психологиялық ахуал

Жақсылықты жақтаймыз,
Әріптерді жаттаймыз.
Кітаппенен дос болып,
Сенімдерді ақтаймыз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/07/95/2012/03/02/180184bc6c.jpghttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRGb6DimpAEQvBllUM9B430T4XR5V1_Z2sCGwUmFcjo0gHLAXPchttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRRa3Dc_yPFICTqEkfMlvZ3KtcP0y2lguHfUpzLChh2WQUGiaGl

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Жоңғарияның күшеюі және оның қазақ халқына қарсы шапқыншылығы
2. Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі
3. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының салдары.
№ 1 тапсырма
Кесте
«XVIII ғасырдың I жартысындағы қазақ хандығы»
Елдің ішкі жағдайы Қазақ - орыс қатынастары Қазақ - жоңғар қатынастары
№2 тапсырма
1. Мына тақырыпта жоспар құру
«Жоңғар шапқыншылығы және Жоңғарларға қарсы халық күресін ұйымдастыру»
2. «Халық құрылтайы»
- Қайда өтті?
- Қандай мәселелер көтерілді?
- Немен аяқталды?
- Тарихи маңызы.

Мұғалім сөзі: Оқушылар, Жоңғар шапқыншылығының салдары қазақ қоғамына орасан зор болды Ш. Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша қазақтардың 3/2 бөлігі қырғынға ұшырады, далалықтардың көші - қон дәстүрі бұзылды. Шұрайлы мал

Құжаттармен жұмыс.
Құжаттарды оқи отырып, қазақ жасақтары мен жоңғар әскерінің қарулары жөнінде салыстырмалы кесте құраймыз
Қару түрлері Қазақ жасақтары Жоңғар әскері
№2 Әскери іске үйрету қалай жүрді?
Құжаттарды оқи отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер
1. Әскери ту қандай міндет атқарды?
2. Әскери ұрандар жөнінде сендер не білдіңдер?
3. Қазақтар әскери өнерге қалай қарады?
4. Әскери жасақ жинау қалай жүрді?
5. Қазақ хандығында неге тұрақты әскер болмаған?
Театрландырылған көрініс.
Қазыбек би (Қазақ билері)
жайылымдарынан айырылды, сондықтан хан, сұлтандар, билер мен батырлар қазақ мемлекеттілігін қалай да сақтап қалуға күш - жігерін аямай жұмсады. Міне, бүгін де біз тәуелсіз еліміздің биігінде тұрып осы күнді армандаған бабаларымыздың биік мұраттары алдында, жан алысып, жан беріскен алмағайып замандарда азаттық үшін күрескен аталарымыздың өз аманаты алдында ел бостандығы жолында құрбан болған есіл ерлеріміздің мәңгі өшпес рухы алдында басымызды иіп, тағзым етеміз.

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

Ой толғаныс

Бекіту сұрақтары
1. Қазақ және жоңғар хандықтары қарым - қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
2. Картадан Қазақстан аумағына жоңғарлар шабуылының негізгі бағытын және шайқас болған жерлерді уақытын белгілеп көрсету.
3. Қазақ - жоңғар соғысы кезінде көзге түскен қазақ хандары, сұлтандары, билері мен батырлары жазылған қандай әдеби шығармаларды білесіңдер?
4. Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?

5. Халық күресін ұйымдастырған билер мен батырлардың өмірбаяндары жөнінде мәліметтер жинау.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазақтың хас батыры Қарасай

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға елін - жерін қорғаған ер жүрек батырлар туралы, олардың ерлігі туралы, ел билеген хан, билер туралы білімдерін кеңейту.
2. Ой - өрісін, есте сақтауын білімдік қорын, сөздік қорын дамыту.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: Ішінара ізденіс сабағы.
Сабақ әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ – жауап, картамен жұмыс
Сабақ көрнекілігі: интерактив тақта, батырлар суреттері, карта.

Психологиялық ахуал

«Тарихи сынақ хат»
Қазақ тарихында ---------------- алғашқы жартысы өте қиын және күрделі кезең болды. Қазақ және Жоңғар хандықтарының қарулы қақтығыстары, түптеп келгенде көршілес жатқан екі ұлы ел ------------ мен ---------------- бұларды бір - біріне --------------- саясатынан туындады.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

«Шыңға қадам» ойыны
• 3 қатарға арналған сұрақтар, 1 топ 2 - топқа, 2топ 3топқа тақырып бойынша сұрақ қояды.
Шыңға 1 - шыққан топқа жалауша беріледі.

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

«Тарихи сынақ хат»
Қазақ тарихында ---------------- алғашқы жартысы өте қиын және күрделі кезең болды. Қазақ және Жоңғар хандықтарының қарулы қақтығыстары, түптеп келгенде көршілес жатқан екі ұлы ел ------------ мен ---------------- бұларды бір - біріне --------------- саясатынан туындады. Негізгі қарулары -------,---------------,------------,-------------,--------------,-------------.
(18 ғасырдың, Ресей мен Қытайдың, айдап салу, қылыш, найза, қалқан, айбалта, шоқпар, семсер)
Дұрыс, сонымен біз бүгін Қарасай батыр туралы мәлімет алады екен.
Қарасай Алтынайұлы 1589жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында Суықтөбе тауының етегінде дүниеге келген. Қарасай батырдың өмір сүрген кезі қазақ - жоңғар арасында екі ғасырға созылған қан қақсатқан соғыстың енді шиеленісіп жатқан кезі еді. Сол кезде ел билеген Есім хан мен Жәңгір сияқты ақылды хандардың арман - аңсары Қарасай сияқты батырлары арқылы жүзеге асып отырды. Ол көптеген соғыстарға қатысып қол бастаған. Қарасай 1664 жылы ақырғы рет 66 жасында қатысты. Осы соғыста Қарасай батыр ауыр жараланып саптан шығады. ның досы Ағынтай батыр да аяғынан жараланып, ақсақ болып қалады. Содан кейін қатты қимылға жарамай Қарасай батыр ел басқару ісіне кіріседі. Сол жылдары қазақ даласы тынышталып, Қарасай өзінің қандыкөйлек дос Ағытайдың аулына көшіп барады. Сонда 1 жыл тұрып 1671 жылы 73 жасында дүниеден өтеді. Сүйегі Арқадағы Айыртау деген жерге қойылды Қарасай батырдың 6 баласы болады. Осылайша Ұрпақтан - ұрпаққа ұран болып қалады. Осы сәтті пайдаланып айта кететін жайт
• ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев осы Қарасайдың тікелей ұрпағы екен. ҚАРАСАЙ — КӨШЕК — АЙДЫР — МЫРЗАТАЙ — ЕДІЛ — САПАҚОЙ — НАЗАРБАЙ -- ӘБІШ — НҰРСҰЛТАН.
• Мәтінде кімдер туралы айтылып тұр?
«Артық болмас білгенің»
• Есім хан - 1598 - 1628 жылдары ел басқарған
• Жәңгір хан Есім ханның баласы, жоңғарларға қарсы соғысқан «ғажайып ерлігі үшін салқам Жәңгір деген ата берген»
• Қарақал, Тойлы – Ойраттың екі тайшысы
(екі жасақтың басшысы, әскер бастаған)
• Ойрат - 17 ғасырда Еділ бойына көшіп келген қалмақтарды ойраттар деп атаған
• Дөкір - жаудың батыры
• Жақсығұл - қазақ мергені.

Олых - Ойрат батыры
Дәптермен жұмыс
Сөзжұмбақ шешу Батырлар сөзі шығады.
Кинофильм көрсету
Олай болса осы ел қорғаған замандағы батыр ағаларымыздың ерлігі туралы кинофиьмнен үзінді көрейік. «Көшпенділер»фильмі бойынша.
Өмірмен байланыс, шығармашылық жұмыс
Сен де осындай ерлікке дайынсың ба?
«Шыңға қадам» ойыны
• 3 қатарға арналған сұрақтар, 1 топ 2 - топқа, 2топ 3топқа тақырып бойынша сұрақ қояды.
Шыңға 1 - шыққан топқа жалауша беріледі.

Сергіту сәті

Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.

Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс
Олай болса Қарасайдың ерлігі туралы оқулықтан қараймыз. (Өздеріне оқытам)

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Райымбек батырың Секерханмен жекпе – жегі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: Әңгімені мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру. Оқушылардың өз еліне, ата - мекеніне сүйіспеншілігін арттыру. Қазақ халқының батырлары туралы алған мағлұматын көбейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Райымбек бабамыз сияқты батыр, елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Б Ұ Қ А Р
С А Б А Л А Қ
Б Ө Г Е Н Б А Й
А Р Ы С Т А Н
ӘБ І Л М А Н С Ұ Р
НА У Р Ы З Б А Й
Т Ө Л Е
К И І М

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS-W5vJsh0stIGX2Z-dUaM8t3Pe0eoEPHOmhEvvksGXct-8hswzhttps://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQs03FbIcZJ8MTZYDoIaMGr8zzN4gNJN23eENwCAmsW1kqKMOY1http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/9/9a/Qul_batyr.jpg/220px-Qul_batyr.jpg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі: Алматы Талғар маңындағы ұрыстардың жүріп жатқан кезі . Таяуда Жоңғарлар алатаудың батыс сілемінде қазақ әскерлерінен ірі жеңіск ұшыраған болатын . Жеңістің әсерінен болар , қазақ жауынгерлерінің көңілдері көтеріңкі . Айыздарын қандырып айтатындары: соңғы ұрыстағы Каракерей Қабанбайдың қалмақ батыры Қаскелеңнің мойын омыртқасын үзіп түсіргені , Шапырашты Наурызбайың Шамалханды жержастандырғаны сияқты ерлік оқиғалар . Қалмақтар шығысқа арай жөңкіле көшуде. Негізгі қолдары шашырап кеткен олар әр тұста көлемі шағын топтармен қарсылықтар көрсетпек Осыны пайдаланып қазақ қолбассылары Қаракерей Қабанбай мен Шапырашты Наурызбай жастарға көбірек ерік беріп , оларға әскер бастау , жекпе – жекке шығу тәжірибелерін үйретіп жүр . Қалмақтар талғардан өтіп Түргенге таяған жерде үлкен қарсылық көрсетті . Олар әбден бауыр басып алған Есік , Шелек өңірлерін тастап кеткісі келмеді . Бес мыңдай қол жинауға шамасы келген қалмақ алпауыты Секерхан ежелгі алкеуде әдетіне басты .

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Ой толғаныс

Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әңгіме, жырлар өте көп. Торайғыр және Сөгеті жоталары аралығында Ойрантөбе жазығы бар. Мұнда қазақтар мен жөңғарлардың сұрапыл шайқасы болып өткен. Айырлы асуына таяу Торайғыр тауында Райымбек бастауы бар. Райымбекпен бірге жоңғарларға қарсы күрестің бел ортасында Сатай, Бөлек, Қойкелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Байсейіт сынды батырлар жүрді. Райымбек батырдың мазары Алматы қаласында орналасқан және батыр атында көше бар. Алматы облысының бір ауданы Райымбек есімінде және ауылға аты берілген.

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы .

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Қазақ батыры – Қаракерей  Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның  психологиясын ашып көрсету оның ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, қазақ тарихындағы батырдың алатын орнын анықтау.

Дамытушылық: Тұлғаның өмірін оқыту арқылы логикалық, аналитикалық ойлауды дамыту және бабамыздың ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру

Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.

Сабақтың әдісі:     сұрақ – жауап топтық жұмыс, тірек сызбаларымен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р. картасы, әдеби кітаптар, тақырыпқа байланысты плакаттар. 

Психологиялық ахуал

Қабанбай батыр туралы деректер.

Қабанбай батырдың шыққан тегі.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://www.bsh1.kz/img/news/1335420564.jpghttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcREVNhz_q0shMlz4JovjIsZBgsSx_ff_UYHqPPEOfW0BmleER2Chttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQKw_tOpTo1EKsSHsrm4CNxHaB_JlABSB-Z25lutWLttQ9PIy84

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Қаламақтармен Алакөл маңында ұрыс салып жатқан кез . Жалаулары желбіреп , найзалары көк тіреп , арғымақтары жер тарпып , екі елдің әскері бір – біріне өшіге ентелеп тұр . Екі ортада шағын алаң бар . алаңда еңгезердей біреу ары – бері ойқастап шауып жүр .

  • Жекпе – жек деп айқайлайды ол .

  • Жекпе – жек , жекпе – жек! – деп шулайды артындағы қалың қол .

Бұл – қалмақтың арқауыл деген батыры еді . Ол жас , небәрі жиырманың ішінегі жігіт болатын . Ортаға шыққан ол:

Қабабай шықсын – деп айқайлады. Әдетте сайысқа түсер батырдың қарсыласын өзі таңдап шақыруы дәстүрде бар . Бірақ оның өзінің қалыптасқае қағидалары болатын. Батырлар жас шамаларына қарай өз теңдестерімен күш сайыстыратын . Жас қалмақтың дәсүрді бұзып , бұл кезде жасы алпысты алқымдап қалған Қабанбайды атап шақыруы қазақтардың ызасын келтірді . Қаракерей Қабанбай соғысқа қатысқан қырық жыл қырғын ішінде жекпе – жекте онымен күш сынаса алатын батырлар қалмақта болған жоқ . Қабанбай батыр кейде ұрыс даласында бірнеше күн қатарынан жекпе – жекке шығып , жаудың бірнеше батырыын омақастырған күндер болған . Қазақтың хас батырына ессі кетпеген қалмақ қолбасылары мен рулары кемде – кем еді . Мына қылықтары қалмақтардың Қабанбайдың жасы ұлғайған шағында білек күшінің қайнар кезі келген шығар деп , оның көзін жас батырдың қолымен құрту мақсатын көздеген далбаса болатын .

Сергіту сәті

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс

Өлең шығару.
______________ батырды
______________ тағдырды
______________қалдырған
______________балдырған


Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Егеменді еркін ел .

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: сабақтың мазмұнын ашуға егеменді,  тәуелсіз ел жайында мемлекетімізге байланысты білім беру.
Дамытушылық: Оқып-білу жұмысын ұйымдастыру, мақсат қоя білуге және бұрынғы КСРО құрамы жайында ой өрбіту, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін,  жерін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, топтастыру, оқып-білу, түртіп алу, «БҮБ стратегиясы» Тренинг. «Рахмет, Алғыс айтамын»
Типі: дамыта оқыту.
Көрнекіліктері: ҚР физикалық картасы. Н.Ә.Назарбаевтың суреті, буклеттер,  оқулық, үлестірмелі карточкалар БҮБ стратегиясы

Психологиялық ахуал

Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcStDE05l8NAkpSrF0e1v419B175APrTAeswHnRx4xdp5EjHS-EKhttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQa2sUUQxGejrX1yWptuyqi4S08NqaR06EnmG8mecYghAJ6jkaO

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру. (оқушылардың ойын сұрау)
Қазақстан Республикасы Президенті мемлекеттің басшысы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, Республикада халықаралық қатынасымен өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) деп аталған ірі империяның құрамында еді.
Бұл ірі империя «Одақдас Республикалар» деп аталған.
Сергіту сәті.
Біз туып өскен жеріміз – Қазақстан Республикасының жас азаматымыз.
Тәуелсіз жеріміз бен елімізді әке, аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының (Қазақ КСР-і) мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991 жылы 10 желтоқсаннан бастап КСР-і Қазақстан Республикасы деп атала бастады.
1992 жылы Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болды.
1995 жылы 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Қазір Нью-Иорктегі БҰҰ-ның зәулім ғимаратының алдындағы салтанантты алаңда әлем мемлекеттерінің туларымен бірге Қазақстанның да аспан түстес көк Туы желбіреп тұр.

16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні деп мерекеленеді.
«Елу елдің бірі болу мүддеміз,
Елі сүйген Елбасымен біргеміз» — демекші елімізді қандай жетістіктері арқылы әлем таныды?
2010 жылы 1 желтоқсанда Қазақ халқы Астанада абыройды асқақтатқан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Саммитін өткізді.
2011 жылы 30 қаңтары еліміздің спорт тарихындағы айтулы күнге айналды. VII қысқы Азиада ойындары «Астана-Арена» стадионында салтанатты түрде ашылды, т.б. (оқушы ойын жалғастыру)
Білімді қорыту:
Сұрақ-жауап.
1.    ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қашан жариялады?
2.    Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?
3.    Қазақстан қай жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды?

Сергіту сәті

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

Ой толғаныс

Тест: 1. Біздің мемлекеттің басшысы кім?
2. Президент нені басқарады?
3. Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қашан қабылданды?
4. Парламент қандай жұмыстар атқарады?
5. Үкімет құрамына қандай мүшелері кіреді?
/дәптерлерін ауыстырып тексеру/.

Үйге тапсырма

Шығармашылық жұмыс «Егеменді еркін ел»

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Таяу шетел , алыс шетел

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Жалпы мақсаты:Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздіктің тарихи маңызы және ТМД-ның құрылуы туралы білу және меңгеру.

Оқыту нәтижесі:Өзін-өзі реттеу, бірлесіп оқу түсіну дәрежесін анықтау, ынтымақтастықтың нығайуы, диолог арқылы сұрақ қою және жауап беру арқылы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздіктің жариялануы және тарихи маңызы туралы білім алады.

Негізгі идеялары: Топтық, жұптық жұмыс жасау барысында адамгершілік қасиеттерін дамыту, уақыттың қадірін біліп, оны орынды жұмсай білуге дағдыландыру. 

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін?

Жұмыс түрлері. Оқушылардың

іс-әрекеті Ресурстар мен жабдықтар

Психологиялық ахуал

«Маған ұқсайтын досым»,  мақсаты: оқушылардың арасындағы жылулық қалыптастыру


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_6/8/d-7570/img14.jpg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Кеңес одағы тарап ,әр республика өз алдына жеке мемлекет болып бөлініп кекенімен , олардың бәрі бұрынғыша өзара экономикалық байланыстарды қайта жалғауға мүдделі еді . Сондықтан олар жаңа құрылым түзу әрекеттерін жасады . 1991 жылдың желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қысқаша ТМД құрылды .Оған бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған 1 мемлекет енді . Балтық жағалауындағы үш ел бұл ұйымға кіруден бірден бас тартты . Грузия ТМД – ның құрылу жиналысына бақылаушы ретінде қатынасты . Кеңес одағы тарап ; ТМД құрылғаннан кейінгі кезеңде саяси басылымдарда «таяу шетелдер» , «алыс шетелдер» деген ұғымдар пайда болды . «таяу шетелдер» деп шартты түрде бұрынғы КСРО құрамында болған елдер атала бастады . Оған себеп бұл елдердің кезінде бір мемлекеттің құрамында болғандығы , экономикалық , мәдени – рухани жағынан жақы тұрғандығы болды . Кезінде бұл елдердің азаматтары бір – бірімен еркін араласып жатты , олардың қарым – қатынасында тілдік кедергілер де болған жоқ . Бұрынғы КСРО – ның құрамында болмаған елдердің бәрі «алыс шетелдер» қатарына жатады . Бізбен шекаралас ҚХР да ,бізге таяу жатқан
Үндістан да осы топқа енеді .қазақстан қазір таяу шетелдермен де , алыс шетелдермен де экономикалық – мәдени байланыстар жасайды . Бұл жердегі , негізгі ұстаным – екі жақты тиімділік . Демек , екі ел немесе елдер тобы арасындағы жасалатын шарттар сол актіге қатысушылардың бәріне де тиімді болуы керек .

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Ой толғаныс

-Қазақстанның мемлекеттік тәуелсізігін жариялауы жәнетәуелсіздік алуының халықаралық маңызы;

-Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының тарихи маңызы;

-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы; 1.  Жеке тапсырма

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Азаматтық қоғам . Құқықтық қоғам .

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: а) білімдік оқушылардың азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет туралы ұғымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажрыта білу;

ә) тәрбиелік: жеткіншектерді халқымыздың рухани зор мұрасы мен сусындата отырып, құқықтық сана-сезімін дамыту: құқықтық сауаттылығын көтеру. ҚР Конституциясын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

б) дамытушылық оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін ашу.

 Сабақ түрі: дәстүрлі емес: сұрақ-жауап пікірталас, баяндау, түсіндіру, танымдық ойын сабағы.

Көрнекіліктер: ойын сілтемелер, тірек-схема, кесте ҚР Конституциясы, адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы құжаттары, тест жұмыстары, плакаттар.

Психологиялық ахуал

Сен қалмақ та, біз қазақ

Қарпысқалы келгенбіз

Сен темір де, біз көмір

Еріткелі келгенбіз

Екі еліктің лағын 

Теліткелі келгенбіз

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSYpZY_0SxiKl7QVqlsMx0J-n0EsPZ82rpIUr7QAiPb47zh4XMM

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Бүгінгі сабағының тақырыбы: «Дала заңының ережелері және бүгінгі таңдағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет» деп аталады. Бұл тақырыпқа тоқтап отырған себебіміз: өзделерін білесіндер – Тәуелсіз ел болғандықтан өз заңдарымыз бар, құқықтық мемлекет деп өзімізді жариялататын әр адам Қазақстан Республикасының әр азаматы өзінің тым болмаса ең негізгі құқықтарымен міндеттерін білуге тиіс. Осы мәселеге мемлекет қазіргі кезде назарын аударып отыр. Алдағы апталық та құқықтық тәрбие арналып отыр.

Адам арасындағы қарым – қатынастарды құқық заң арқылы реттеу бүгін пайда болған жоқ, ол ежелден қалыптасып келді. Сондықтан бүгінгі сабағымыз 2 бөлімнен тұрады.

І бөлімде – 7 сынып оқушылар бізден ата – бабаларымыз құрастырылған дала заңының ережелері тарулы қысқаша мағлұмат жасайды; ІІ бөлімде 9 сынып оқушылары бүгінгі ҚР азаматтарының Конституцияда аталатын негізгі құқықтарын, бостандықтарын сипаттайды.

Қазақ халқының мемлекеті мен құқықтық жүйесі сақ, үйсін, қаңлы кездерінен басталады.

VІ ғ. Қазақстан территориясындағы өмір сүрген Түрік қағанатында «төру» деген жазба заңдары болған.

VІІІ ғ. бері исламның құқықтық нормалары түркі халықтарының саяси, құқықтық өміріне тез сінді және осы уақытқа дейін пайдаланып келді.

1206 ж. – жерімізде «Шыңғыс ханның жасасы» деген заңдар жинағы саяси, әлеуметтік – экономикалық қатынастарды реттеді.

ХV ғ. ортасында Қазақ хандығы құрылған соң, Қасым хан тұсында бірінші рет құқықтық нормалар жүйеге келтірілді.

Ол ғасырлар бойы кележатқан ғұрыптарды негізге ала отырып, дербес Қазақ мемлекеттің жағдайына бейімделіп жасалды – «Қасымханның қасқа жолы» деп аталады. Бұл заңдар жинағы бес бөлімнен тұрды: І бөлімде-мал, мүлік, жерге байланысты қатынастар реттеледі; ІІ бөлімде – түрлі қылмыстар, жазалар туралы; ІІІ бөлім-әскери тәртіпке арналған; ІV бөлім-елшілік туралы; V бөлімінде-аруақтарға ас беру, той-думан, т.б. шаралар өткізу тәртібі туралы айтылған.

Қасым ханнан кейін Есім хан құқықтық жүйені дамытты. Ол әскери тәртіпті күшейтті, басқа баптары өзгерген жоқ. сондықтан оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген оған ат берді.

Қазақ қоғамына құқықтық өмір арнасы «Малы-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы»-деген ұлағатты сөзбен айшықталған. Кез келген құқықтық құбылыс пен оқиа, талас-тартыс пен дау-дамай осы принцип негізінде қаралып, халықтың ауызша сөйлеу мәдениетіне негізделген. Қазақ елдің елдігін, кеменгер кеңдігін сөз арқылы жеткізіп, сөзге тұрған халық. Ойға қонымды сұлу да көркем, нақышты да нұсқалы сөздердің иелері-шешен – билер болған.

Жүргізуші: 1456 жылдан бастап дербес қазақ хандығының құрылуы халықтың саяси-әлеуметтік өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Еліміздің құқық пен қазылық тарихында қазаққа жол көрсетіп, заң шығарып өрнек салған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы»-ел басқару ісінің негізгі заңдары өмірге келіп, оның талаптары халық мүддесіне сай болғандықтан, іске асып жатты. Оны одан әрі жетілдірген Тәуке хан мен Төле би бастаған үш бидің жобасы-әділетті заң ретінде тарихта қалған, қазақ халқының алғашқы «Далалық конституциясы»-атақты «Жеті жарғы». Заңда бұрыңғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді, алынатын құнның, айыптың көлемі көрсетілді. Әлділер кедей туыстарын уақытша пайдалануға аманат мал, сауын беруге, табиғат апатынан (жұт, құрғақшылық) зардап шеккендерге көмек «жылу көрсетуге міндеті болды». Заңды шығарушылардың шешендік сөздері мен әділ үкімдерінің үлгілері халық жанында мәңгілік сақталып, бүгінгі күнге жеткен. Енді «Жеті жарғы» заңында не айтады екен, оқушыларды тыңдайық.


Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Ой толғаныс

Тест сұрақтары.

1. Қазақстандағы атқарушы билік:

а) Президент ә) Парламент б) Үкімет

2. ҚР Парламентінің жоғарғы палатасы:

а) Сенат   ә) Жоғарғы кеңес б) Мәжіліс

3. «Президент» сөзінің мағынасы:

а) Ел басқару ә) Алда болу б) Бірінші сөйлеу

4. ҚР-ның іс жүзіндегі Конституциясы қащан қабылданды?

а) 1993ж.28 қаңтар ә) 1995ж. 30 тамыз б) 1991ж. 16 желтоқсан

5. ҚР азаматтарының саяси құқығы:

а) басқару ісіне қатысу ә) медициналық көмек алу

б) кәсіби заңдылық көмек алу

6. ҚР азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқығы:

Үйге тапсырма

Суретті плакат бойынша эссе жазу.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Кәрі Шыңғыстың қасіреті

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметке,  патриотизмге, ерлікке, бірлікке, әділдікке ,азаттық жолындағы күрескерлікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың ойлау, еркін сөйлеу, есте сақтау, қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын  арттыруСабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабақ.

Көрнекілігі: слайдтар, бейне ролик,дидактикалық материалдар.

Психологиялық ахуал

Қай кезде де айла кескен нарықты,
Жақын барып, үңілместен жауыңа,
Шығам деме, ұлым жеңіс тауына.
Адам аз ба күшке сеніп адасқан?

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://cs625522.vk.me/v625522354/eb08/tskLBpZfDZc.jpghttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTmmV0qsdr_3oww1fiPyju745y3E2fYGYUAmST0sj2DSlB8Gn96FA

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Қазақтың шексіз Сарыарақсында тарихтың небір тылсым сырларын бүгіп жатқан орындар аз емес . Солардың бірі – әйгілі Шыңғыс өңірі . Ол Семейден оңтүстік – батысқа қарай екі жүз шақырымдай жерде орналасқан . Бұл жерлермен бір кезде құмырысқадай қаптаған қалың қолмен жортқан .Таудың Шыңғыс , оның ең биік шыңының Хан шоқысы аталуы , мүмкін кезіне жарты әлемді бағындырған әйгілі Шыңғысхан- ның есімімен де байланысты болар . Бұл өңірде Орал тауы , қарауыл төбе деген атаулар да бар . Қарт Шыңғыс қалмақтармен болған қанды шайқасардың да , небір алапат аштықтың да куәгері болды . Саяси қуғын – сүргіндердің зардабын тартқан халықтың көз жасын көрді . Сонымен қоса , Шыңғыс өңірі атом және сутегі бомбаларының жарылыстарын да басынан кешірді . Бұл нулы тоғай мен шалғыны жайқалған , қойнауы аң мен құса толы қасиетті өлкенің көрген ғаламат апаты еді .

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Ой толғаныс

Сабақ бойынша суреттер салу .

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

«Невада – Семей» азаматтық қозғалысы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

«Невада - Семей»азаматтық қозғалысы жайында, құрылу мақсаты, жетекшілері туралы мәлімет беріп, түсіндіру.
• Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын, мазмұнын толық айту қабілеттерін дамыту.
• Қоршаған ортаны таза ұстауға, туған елдің табиғатының адамдардың әсерінен бұзылуына жол бермеуге атсалысуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: слайд, проектр, суреттер, карта, видеоролик.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.

Психологиялық ахуал

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://smgazeta.kz/uploads/images/default/semipalatinskii_poligon.pnghttp://f.azh.kz/news-eng/1037.jpg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп - қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек - қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116 - сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада — Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада — Семей» қозғалысын құрдық».
Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді..
Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Ой толғаныс

- Қоршаған орта деген не?
- Қозғалыс неге «Невада -- Семей»деп аталған?
- Ол ұйымның алдына қойған мақсаты қандай?
- Семей атом полигоны қашан жабылған?
- Адамдарға полигонның қандай зияны болды?

Үйге тапсырма

158 – 159 - беттерді оқу, мазмұны. Сынақ полигоны туралы мақалалар жинақтау.
Бағалау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазақстанның ғарыш жайы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: Білімділігі: Ғарыш, ғарышты игеру деген ұғымдармен таныстыру. ҚР ғарышкерлермен, Байқоңыр айлағымен таныстыру. Олардың ғылыми жұмыстары туралы айтып, оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықты ояту.

Дамытушылығы: танымдылық ойлауларын , шығармашылықпен

ойлауды, қызығушылықтарын дамыту. Бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: денсаулығы мықты , ақылды , білімді балаларды тәрбиелеу.

Міндеті: тұңғыш ғарышкер, қазақ ғарышкерлерімен таныстырып , олардың ғылыми жұмыстары жайлы айтып , оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықты ояту.

Психологиялық ахуал

Ғалымдардың ғалымы,
Ғарыш әлемі жайында
Айналады ел бір сенен,
Есіміңді білсе әлем
Ғарышқа ұшқан қазақтың,
Ұлдарына бір сәлем!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://qazaq.kz/img/120411-ushqiyan.kz_.jpghttp://static.nmn.kz/images/w500-m500/media/upload/319/2014/04/02/90d6df370ff1da99876bbdf125834606.jpg

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

. Ерте, ерте, ертеде аспан мен жер әлі бөлінбей тұрған кезде, күллі ғалам жұмыртқа қабығының ішіндей ғана қап-қараңғы кеуек екен. Адамзаттың атасы Пан гу сол қуыста өмірге келіпті. Он сегіз мың жылдан кейін бір күні кенет оянып, көзін ашқан Пан гу ештеңені көре алмапты. Көз алдын бір қабат қара перде торлап жүрегі қысылыпты.

Бұл жағдай оған онша ұнамапты. Сонымен қолындағы қайдан түскені белгісіз үлкен балтамен қарсы алдындағы тас түнекті періп кетіпті. Сол сәт тау құлап, жер жарылғандай сұмдық дыбыс шығып, жұмыртқадай кеуек қақ айырылыпты.

Слайд-1 Жер – ғарыштық дене.

Слайд-2 Аспан әлемі.

Слайд-3 Күн жүйесі.

Слайд-4 Ғарыш әлемін игеру.

Слайд-5 Оқшылардың ізденіс жұмыстары. Білгіштер клубы.

Слайд-6 Адамзат баласындағы тұңғыш ғарышкер.

Слайд-7 Ғарышкер ит – Лайка.

Слайд-8 Тұңғыш қазақ ғарышкері.

Слайд-9 Ғарышкер Талғат Мұсабаев.

Слайд-10 Ғарышкерлер марапаттары.

ІІ. Мағынаны тану . 25 минут.

Астрономдар жұлдыздарды бақылаудың қолайлы жағдайларын жылдар бойы армандап келді. Аспан әлемін зерттеуге ең дұрыс жер-ғарыш. Ғарышты зерттеуді қолға алу 1957 жылдың 4 қазан күнінен басталды. Сол күні ғарышқа алғаш рет жердің жасанды серігі ұшырылды. Қазіргі заманда жасанды серіктер ауа райы туралы нақты мәліметтер алуға көмектеседі, радио және теле-байланыстарды қамтамасыз ету , теңіздегі кемелердің орнын анықтау, т.б мүмкіндік береді.

1958 жылы Айға луноход ұшырылды. Ол – адамның қатысуынсыз, жерден радио арқылы басқарылатын автоматты барлаушы. Осындай құралдардың көмегімен Айдың беті суретке түсірілді, топырағының үлгілері алынып, Айдың химиялық құрамы зерттелді.

Жұлдыздар мен планеталарды зерттеу үшін,сондай-ақ жерді ғарыштан бақылау үшін адамдар ғарышқа ұшылатын кемелерді ойлап тапты. Оларды әр түрлі ғылыми мақсатпен ұшырады. 1961 жылдың 12 сәуір күні әлемде тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин Байқоңырдан ғарышқа аттанып «Восток » ғарыш кемесімен жерді айналып шықты.

Оқулықпен жұмыс.

Сөздік жұмыс

Топпен жұмыс.

«Ғарышкерлер тобы» Ғарышкерлер туралы әңгіме.

« Ғаламшарлар тобы ». Ғарыш кемелері туралы әңгімелеу.

«Жұлдыздар» тобы. Жұлдыздар туралы әңгімелеу.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Ой толғаныс

Есепте және сұрақтарға жауап бер.

Экипаж

Ғарыш кемесінің атауы

Ұшу ұзақтығы

Айналым саны

Арақашықтық

1-ғарышкер-Гагарин Юрий Алексеевич

Восток

1 сағ 48 мин

1

41000 км

2-ғарышкер- Титов Герман Степанович

Восток-2

1 тәул. 1 сағ 11 мин

17

?

3-ғарышкер- Николаев Андриян Григорьевич

Восток-3

3 тәул. 22 сағ 22 мин

64

?


- Әр ғарышкердің минуттық ұшу ұзақтығы қандай?

- Әр ұшқан сайын ұшу ұзақтығы неше минутқа артып отырған?

- Г.Титовтың , А. Николаевтың ұшып өткен ара қашықтықтары қандай?

- Әр ұшу кезінде арақашықтық неше километрге артып отырған?

Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQpaKJVSSFC3JBMlb8GpFioUOuNxuURfKAYtJTxoPbFcelf0juyBA

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1015
Номер материала ДВ-557404
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх