Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен
жануарлардың «Қызыл кітабы»
Сабақтың мақсаты: а)
Білімділігі:
Оқушыларға «Қызыл кітап» жайлы түсінік беру.
Қызыл кітапқа енген өсімдіктер жануарлар, құстар
туралы түсінік беру, меңгерту.
ә) Дамытушылығы:
Ойлау қабілеттерін дамыту, тіл байлығын арттыру,
дүниетанымын кеңейту.
б) Тәрбиелігі:
Экологиялық тәрбие беру, жануарларды,
өсімдіктерді, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға
баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті
тақта, оқулық, сызба, суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылардың
зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау.
а) Өсімдікпен жануарлар арасындағы
байланысқа мысал келтір.
-
Адам,
өсімдік, жануар бір-бірімен тығыз байланысты. Өсімдікпен көп жануарлар
қоректенеді.
-
Өсімдік
жануарларды суықтан жаудан қорғайтын баспана.
-
Жануар
топырақ арасына жол салып, оған ауаның, ылғалдың кіруін жақсартады. Мысалы: жауын
құрты.
ә) Адам өміріндегі өсімдіктің маңызы?
-
Өсімдік
адамға тағам, жылу, таза ауа сыйлайды.
б) Өсімдік шаруашылығының қандай түрлерін
білесіңдер?
-
Егін,
бау-бақша шаруашылығы.
в) Қандай үй жануарларын білесіңдер?
-
Қой,
ешкі, түйе, сиыр.
-
Жануар
адамға не сыйлайды?
-
Тағам,
жылы әсем киім, төсеніш.
-
Үй
жануарларын ата
-
Олар
адамға не береді?
-
Сүт,
май, ет, жұмыртқа, жүн.
-
Жабайы
жануарларды білесіңдер ме? Ата
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
-
Адам
табиғатқа қандай зиян келтіреді?
-
Теледидардан
көрдіндерме?
-
Броконьир
дегенді білесіңдер ме?
-
Ақбөкен
Аяусыз аңдарды
құстарды өсімдіктерді қырып жояды. Олар азая бастады ақбөкенді мүйізі үшін
аулайды. Олар сиреп бара жатыр.
ІV. Жаңа
сабақ
-
«Қызыл
кітап» дегенді естігендерін бар ма?
Сирек
кездесетін, әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар тіркелген
кітап. Оның мұқабасының түсі қызыл. Қазақстан Республикасының қызыл кітабы.
-
1996
жылы Қазақстанда «Қызыл кітап» шықты.
-
Қандай
қорықтарды білесіңдер?
-
1926
жылдың 14 июльінде «Ақсу-Жабағылы» қорығы ұйымдастырылды.
-
Қорық
не үшін қажет?
«Ақсу-Жабағылы»
қорығының жер көлемі 74 416га «Ақсу-Жабағылы» қорығында құстың қырықтай түрі
бар. Оның 22 түрі ұя салады.
-
Қаншасы
ұя салмайды? (18)
-
Шырша
ағашын білемізбе?
-
Шырша
қызыл кітапқа енген. Біздің жерімізде өсетін шыршалар барма?
-
Дермене
Қазақстанның Оңтүстігінде өседі. Әртүрлі дәрілер жасалады. Өте сирек кездеседі,
қорғауға алынған.
-
Таусағыз-
каучук алынады дәрі жасалады, жинауға тыйым салынған.
-
Грейг
қызғалдағы-Кауфман қызғалдағы сияқты гүлдері әсем, көп жұлынып алынған.
-
Жергілікті
жерде өсетін өсімдікті ата. (Дермене, арша, ақбас жусан, рауғаш)
-
Құлан
есекке , жылқыға ұқсайды. 1953-1964 жылдары «Барсакелмес» аралына 18 құланды
Түркімен елінен әкелінген.
-
Қара
құйрық- денесі өте сымбатты, аяқтары жіңішке мықты, өте жүйрік, секіріп жүреді.
-
Дуадақ-
жаулары өте көп. Бүркіт сияқты жыртқыш құстар аулайды.
-
Ақбас
тырна, бүркіт, аққу қызыл кітапқа енген.
-
Жергілікті
жердің жануарларын ата.
-
марал,
таутеке, қоңыр аю, барыс
V. Сергіту сәті:
VІ. Оқулықпен жұмыс: оқушылар өз
беттерінше оқиды. «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді, жануарларды тауып оқу.
VІІ. Дәптермен жұмыс:
а) күнтізбе
ә) жаңа сабақтың тақырыбы:
Өсімдіктер жануарлар
VІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Қызыл
кітап дегенді қалай түсінесіндер?
2. Не үшін
қажет?
3. Өсімдіктерді
ата.
туған
жер табиғаты- халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан оны аялап, қорғауға оның
байлығын еселеп арттыруға үлес қосу біздің де азаматтық борышымыз.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма: 107-112 беттерді оқу
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.