Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Дүниетану пәні. Тақырыбы: "Пайдалы қазбалар"

Дүниетану пәні. Тақырыбы: "Пайдалы қазбалар"



  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар


Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға пайдалы қазбалар , олардың түрлері, олардан өндірілетін өнімдер туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың дүниетанымын кеңеіту, өз ойын толық жеткізе білуін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын шыңдау. 3. Табиғатты зерделей білуге, табиғатты қорғауға, табиғат байлықтарын үнемдеп жұмсай білуге баулу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: дәстүрлі.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, биология, химия, география.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жеке оқушумен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар.


Сабақтың көрнекілігі: карта, жапырақтар, пайдалы қазбалар т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу: Үлкенге де сіз,


Кішіге де сіз,


Сәлем бердік сіздерге


Құрметпенен біз.


Психологиялық дайындық.


Ал енді тыңдайық,


Тәртіпсіз болмайық


Асырап, бағатын,


Табиғат ананы қорғайық.


- Біз табиғатты қандай пән арқылы зерделейміз?


- Дүниетану пәні арқылы.


- Демек, қазір сабағымыз дүниетану сабағы екен.


- Балалар, енді бір-бірімізге сәттілік, жақсылық тілеп сабағымызды бастайық.

Бәріңе Алла жар болсын. Сәттілік тілеймін.


II-III. Үй тапсырмасын сұрап, білімді тексеру.


Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы. (Ауызша тест алқылы, анықтау карточкаларын пайдаланып, үй жұмысын сұрау.)


Жаңа сабаққа дайындық: Жер астында бар,


Пайдалы қазбалар.


Бүгін де оқимыз,


Осыны балалар-демекші бүгінгі сабағымыз да осы пайдалы қазбалар туралы болмақ.


VI. Жаңа сабақ.


Қарашаның жиырма алтысы

Сынып жұмысы


Пайдалы қазбалардың түрлері


1. Жанғыш пайдалы қазбалар.

2. Кен пайдалы қазбалар.

3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

(Түсіндіру, картадан көрсету)


V. Білімді тиянақтау.


А. Кітаппен жұмыс.


Ә. Дәптермен жұмыс.


Б. Шығармашылық тапсырмалар.


I - тапсырма. 1 - топ: өлең құрастыру.


2 - топ: тест жұмысы.


3 - топ: жұмбақ құрастыру.


II - тапсырма. Мақал - мәтел айту.


1 - топ: Астың дәмін тұз келтірер. Алтын базарда бағалы.


2 - топ: Жері байдың, елі бай.


3 - топ: Арпа бидай - ас екен,


Алтын, күміс - тас екен.


III - тапсырма: Топтастыру стратегиясы бойынша жұмыс.











мұнай көмір темір

hello_html_4484a161.gifhello_html_770d44a3.gifhello_html_6096a26.gifhello_html_353dff75.gif

hello_html_m6225db92.gif

hello_html_3b8a6ff7.gifhello_html_5daa6e72.gif мыс қорғасын


hello_html_4641c3ba.gif

hello_html_4641c3ba.gif

газ алюминий



ІІІ топ

hello_html_7e448190.gifhello_html_5ee47fbc.gifhello_html_5e893d44.gif тұз гранит

hello_html_m48312614.gifhello_html_m8de550a.gif мәрмәр әктас

hello_html_m63ee4641.gifhello_html_610886fc.gif

фосфорит саз

hello_html_m560f918f.gif

құм


Сергіту: Тербеледі ағаштар


Алдымнан жел еседі.


Кіп-кішкентай ағаштар


Биік болып өседі.


VI. Қорыту. "Жапырақ жинау."


Жапырақтарда жанғыш пайдалы қазбалар, кен пайдалы қазбалар, кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың аттары жазылады. Әр топ өзіне керегін алады.


Мұғалім: - Біз жапырақ жинадық және нелерді алдық?

- Пайдалы қазбаларды алдық.

- Неге пайдалы қазбаларды алдық?

- Өйткені оларды күнделікті өмірде қолданамыз.

- Олай болса, бұлар пайдалы ма?

- Пайдалы.

- Мұның бәрін қайдан аламыз? - Жер - ана қойнауынан аламыз. - Олай болса, жер - анаға рақмет айтайық. - Бәрі: Жер - анаға рақмет!


VII. Бағалау. Балдық жүйеде.


VIII. Пайдалы қазбалардың түрлері. Шығарма жазу.






Автор
Дата добавления 05.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров146
Номер материала ДВ-126503
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх