Инфоурок Начальные классы КонспектыДүниетану пәнімен байланысты тәрбие сағаты

Дүниетану пәнімен байланысты тәрбие сағаты

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік  тіл. Тілдер мерекесі

 

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік  тілдің  өркендеп, дамуына еңбектенуді, мемлекеттік тілді құрметтеуге және оның мәртебесін жоғары ұстау жөнінде, әр тілдің өз ерекшелігі бар екенін түсіндіру. Өз елінің тіліне деген мақтаныш сезімін ояту. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Тіл туралы айтылған ойлы сөздер арқылы оқушылардың тілдік дүниетанымдық білімдерін кеңейту. Өзінің және өзгенің тілін қастерлейтін, құрметтейтін саналы азамат болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, тіл туралы ойлы сөздер, «Дүниеану» оқулығы, Қазақстандағы көп ұлттылығы туралы суреттер.

 

Сабақтың  барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

 

Шаттық  шеңбері  «Жақсы  сөз – жарым  ырыс»

·       Балалар  шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне  үш тілде жақсы  тілек сөздер  айтады.  Мыс: бақыт – счастье –  iness

                      Денсаулық – здоровье –  health

                      Байлық – богатство – wealth

                      Достық – дружба – friendship

                      Бейбітшілік – мир – the world

                      Білім – знание - education

 

ІІ.Кіріспе  бөлім.

а) «Әдеп  басы - ................»

 

* Тіл  деген  не? (дене мүшесі, сөйлеу)

* Қай тіл туралы айтылған?

* Әркімнің өз тілі  дегенді  қалай түсінесіңдер?

 

ә) Топтастыру жұмысы

 

         қазақша                                арабша                                      қырғызша

 


Овал: ТІЛ
          орысша                                                                                 өзбекше

 


     ағылшынша                                                                             французша

 


        немісше                                                                              үнді

 

                    түрік                       итальян                         украин

 

 

·       Қанша  тіл  болады?

·       Тіл мерекесі  туралы  білесіңдер ме?

·       Бұл  қай тілдің  мерекесі  деп  ойлайсыңдар?

 

ІІІ.Негізгі  бөлім.

а)Оқулықпен  жұмыс

 

Мәтінді  тізбектей  оқып  танысу   179-180 бет

 

Сұрақтар:

-         Мемлекеттік тіл – қай тіл?

-         Бұл туралы қайда жазылып айтылған?

-         Неліктен «қазақ тілі» мемлкеттік  тіл?

-         Орыс  тілі  туралы  не  айтылған?

-         Ағылшын тілін үйрену  қажет пе? Неліктен?

-         Тілді қашан және  қайда  үйренеміз?

 

Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. 

 

ә) Әдебиет әлемінен

 

ПАТША: - Ойпырым - ай! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сіздерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.

(Мұғалім патша ұлдарын қалай сынағандығын айтып береді)


Әкесі 1 - ші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады.


ӘКЕСІ: - Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші?
- Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, - деді
- Тіс өтпейтін сіңір ғой.
Әкесі 2 - ші ұлынан да осындай сый - сыяпат көреді.
Содан соң 3 - ші ұлына келгенде де:
- Балам еттің жақсы жерінен берші, - дейді. Тіл береді.
- Енді жаман жерінен берші, - дейді. Тағы да тілден кесіп береді.


ӘКЕСІ:
- Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің?

БАЛАСЫ:
- Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да ұрыс - керіс, өсек те осы тілден шығады.
- Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден».

ӘКЕСІ:
- Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Айтарым ақылыңнан ажырама, - деген екен.

ДӘЙЕКСӨЗ:
- Тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді - осы.

 

 

б) Ойлы  сөздер

 

С. Торайғыров : «Сүйемін туған тілді, анам тілін,
                             Бесікте жатқаным да - ақ берген білім»

 

Ахмет Байтұрсынұлы:

                «Ұлттың  сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсе – тіл»

Мағжан Жұмабаев:

                «Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ»

Бауыржан  Момышұлы:

               «Тіл  байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің  белгісі»

Шерхан Мұртаза:

               «Ана  тілінсіз  халық  болмайды»

 

в) «Ойна да  ойла» ойыны (мақал-мәтелдер)

 

Ақынның тілі  қылыштан ............... (өткір)

Ауызда  жиек  жоқ, ............   тиек  жоқ. (тілде)

Әрбір халық  өзінің  ................  ғана  бақытты. (ана тілінде)

Басқа  пәле  ................ (тілден)

Адамды  өсіретін де, өшіретін де - ......... (тіл)

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді  ....................... (құрметте)

Тәрбие тілден  .......................... (басталады)

Тіл  .................  да  өткір  (қылыштан)

Балаға өз  тіліңмен  сөйлеме, өз  ..............  сөйле. (тілімен)

Өнер алды - ............  тіл. (қызыл)

 

 

 IV.Қорытынды  бөлім.

                

Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдары:

 

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

 

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

 

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға міндетті.

 

 

Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы:...........................................................................     Мерзімі: .......................

 

Топтастыру жұмысы

 

 

 

 

 

 


        

Овал: ТІЛ
                                                                                          

 


                                                                                

 

 

 


                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушы:...........................................................................     Мерзімі: .......................

 

Топтастыру жұмысы

 

 

 

 

 

 


        

Овал: ТІЛ
                                                                                           

 


                                                                                

 

 

 


                   

 

 

 

 

 

 

«Ойна да  ойла» ойыны (мақал-мәтелдер)

 

Ақынның тілі  қылыштан .............................

Ауызда  жиек  жоқ, ......................   тиек  жоқ.

Әрбір халық  өзінің  .............................  ғана  бақытты.

Басқа  пәле  ...................................

Адамды  өсіретін де, өшіретін де - .........................

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді  .......................................

Тәрбие тілден  ........................................

Тіл  ................................  да  өткір

Балаға өз  тіліңмен  сөйлеме, өз  ........................................  сөйле.

Өнер алды - ...........................  тіл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ойна да  ойла» ойыны (мақал-мәтелдер)

 

Ақынның тілі  қылыштан .............................

Ауызда  жиек  жоқ, ......................   тиек  жоқ.

Әрбір халық  өзінің  .............................  ғана  бақытты.

Басқа  пәле  ...................................

Адамды  өсіретін де, өшіретін де - .........................

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді  .......................................

Тәрбие тілден  ........................................

Тіл  ................................  да  өткір

Балаға өз  тіліңмен  сөйлеме, өз  ........................................  сөйле.

Өнер алды - ...........................  тіл.

 

 

 


С. Торайғыров : «Сүйемін туған тілді, анам тілін, 

Бесікте жатқаным да - ақ берген білім»

 

Ахмет Байтұрсынұлы:

 

 «Ұлттың  сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсе – тіл»

 

Мағжан Жұмабаев:

 

«Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ»

 

Бауыржан  Момышұлы:

 

     «Тіл  байлығы,

       тіл тазалығы –

  ұлт қасиетінің  белгісі»

 

Шерхан Мұртаза:

 

    «Ана  тілінсіз  халық

   болмайды»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған тілім - бабам тілім –

                                          өз тілім,
Туған тілім - анам тілім –

                                         өз тілім,
Туған тілім - далам тілім –

                                         өз тілім,
Туған тілім - адам тілім –

                                         өз тілім.

 

 

 

 

22 қыркүйек

 

Тілдер мерекесі


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану пәнімен байланысты тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 617 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.11.2016 790
    • DOCX 66 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жиеналиева Ильмира Кыдыралиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5099
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 485 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции