Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Дүниетану пәніне арналған сабақ жоспары "Нан- тамақтың атасы" 2-сынып

Дүниетану пәніне арналған сабақ жоспары "Нан- тамақтың атасы" 2-сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Нан – тамақтың атасы.Сыйға-сый.

Мақсаты:

Білімділік: Еңбекпен келген нан – қасиетті тағам екенін түсіндіру нанның дастарханға қалай келетінін үйрету.

Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін ,ой-өрісін, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелік: Нанды қадірлеуге, сыйлауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білім беру.

Сабақ түрі: Аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу.

Көрнекілігі:суреттер, сөзжұмбақ, кестелер.

Күтілетін болжам: Оқушылар тұқымның нанға айналу жүйелігін жазып, түсіндіре алады.

Оқушылар адам үшін нанның мәнін түсіндіреді және бағасын береді.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Адам өміріне ең қажетті жағдай. Сұрақтарға жауап алу.Түсінгендерін сұрау.

Сабақты бекіту: Адам жылуды қайдан алады? Адам өміріне ең қажетті жағдайлар

Мақсат қою: Еңбекпен келген нан – қасиетті тағам.

Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру:

Өзі қызыл,

Бауырында бар,

Жалғыз сызық.

Бұған жұрттың

Бәрі де ынтық. (Бидай)


Ел көреді,

Теңіз емес-

Тербеледі. (Егін)


Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар. (Бидай)

а/ дастарханға нан қалай келетіні туралы айтып, түсіндіру.

ә/ тақырыпты оқып, түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс:

б/ іштей оқу - тізбектей оқу -жеке-жеке оқу

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

Кестемен жұмыс:

Топпен жұмыс: Мұғалім оқушыларға нанды өндіру үшін қандай жұмыс тәртіптері орындалатынын бірге құруды ұсынады.

Сабақты бекіту: «Бауырсақ» сөзжұмбағын шешу.

Сабақты қорыту: Сүт, айран, май отбасы дастарханына қалай келеді? Тыйым сөздер айту.

Үйге тапсырма -8-9 бет оқу .

Оқушыларды бағалау:

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров471
Номер материала ДВ-358064
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх