Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Дүниетану пәнінен ашық сабақ "Астың қорытылу жолы және астың қорытылып сіңуі" (3-сынып)

Дүниетану пәнінен ашық сабақ "Астың қорытылу жолы және астың қорытылып сіңуі" (3-сынып)



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:





Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Аушахманова Гульмира Ахметсапарқызының


Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспары

1-сабақ

Күні: 09.10.14

Пән: Дүниетану

Сыныбы: 3 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Астың қорытылу жолы және астың қорытылып сіңуі.

Жалпы мақсат:

Астың адам өміріндегі маңызы, адам ағзасындағы асты қорытып, сіңіруге қатысатын мүшелер, олардың үйлесімді қызметі туралы түсінік ұғым беру.

Сілтеме:

Дүниетану 28-бет. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41, 78, 104 беттер.

Интернет желісінен алынған «Дұрыс тамақтану пирамидасы» видеосы.

Оқу нәтижелері:

Оқушылар тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйренді.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Ас қорыту ағзаларының орналасу реттілігін білу.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: интернет. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған видео, бағалау парақтары мен смайликтер

Тапсырмалар

Ойлау деңгейі мен уақыты

Сабақ кезеңдері

мен тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты 2 топқа бөлу. Сюжетті суреттер арқылы топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.


Білу


5 минут




2 минут

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Тыныс алу мүшелері, тері, қан тақырыптарын тексеру.

«Шынжыр» ойыны арқылы үй тапсырмасын кезектесіп айтқызу. Сөйлемдерін қайталауын қадағалау.

Оқушылар шеңберге тұрып, өткен тақырыптарды қай-талағанда бір-бір сөйлем айтады. Ойлары қайталанбау керек. Осылай әрі қарай жалғасады.

Мысалы, өкпе тыныс алу мүшесі. Өкпе сау болу үшін жылы киініп жүру керек. Осылай жалғаса береді.

ІІІ. Жаңа тақырыпқа бағытталу.

«Ой қозғау»


Топпен жұмыс, тізбек жасау.

Тақырыпты және мақсатын анықтау.








Ас қорыту ағзаларын талқылап, орналасу реттілігін түсіндіру.

Реттілігін анықтап, арасын байланыстыр.

ішек

бауыр

Ауыз қуысы


қарын

Тік ішек

өңеш



-Алдыңғы сабағымызда қан қоректік заттар-ды тағамнан алатынын білдік. Енді қан олар-ды қандай күйде, қалай алатынын талдайық. (сұрақ-жауап, ой қозғау)

- Ас қорыту жолы қандай мүшелерден баста-лады?

-Ас ауыз қуысында қандай өзгеріске ұшырай-ды? т.б. сұрақтар қойылады.

Тақырып жаңа болғандықтан ас қорыту ағзаларының орналасу реттілігін оқушылар толық білмеуі мүмкін. Қалай ретке келтірсе, сол күйінде қабылдау керек.

(Оқушылар өздері мақсатын қоятын болады)


Сурет бойынша түсіндіру.

-Ас қорыту мүшелері: ауыз, өңеш, жұтқыншақ, асқа-зан, ішек, бауыр, ұйқы безінен бөлінетін сөл арқылы қорытылып, сұйық, ерімтал күйде ащы ішек қабырға-ларынан қанға өтеді. Ол қан тамырларымен дененің барлық мүшелері қоректендіреді. Қорытылмаған ас тік ішек арқылы сыртқа шығарылады деп ойларын толық, анық жеткізу керек.

Түсіну.


5 минут

ІҮ.Мағынаны ашу. 1.Видео «Тамақтану пирамидасы.(көрсету)

2.Оқулықпен жұмыс.

Оқулықта берілген мәтінді түсініп оқу.



«Тамақтану пирамидасы» видеоны түсіну.

Балалар тізбектей оқиды.

Слайд арқылы қосымша мәліметтер беру.

Қосымша мәлімет беру.

Тамақ өнімдерін ыдырататын да, қорытатын да универсал аппарат – ас қорыту жүйесі.

  • Сөздік жұмыс.

  • 1.Белгілі бір тағамды қажетсіну сезімін-тәбет дейді.

  • 2.Тамақты дұрыс пайдалану ғылымы-диетология

  • 3.Асқорыту мүшелерінің ішкі бөлігін зерттейтін құрал-эндоскопия

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.

Есте сақтауын қалыптастыру.

Түсінгендерін айту. Сұрақтарға жауап алу.

- Ас қорыту мүшелерін ата. Әр мүшенің қызметін әңгімеле.

- Тісті не үшін, қалай күтеді?

- Отбасында тамақтану ережесін қалай сақтайсыңдар?

Сұрақтарына толық, мысалдар келтіре отырып, дәлел-деп айту қажет.

Тамақ сапасының адам денсаулығына және жал-пы ағзаға әсерін әңгімелеуді оқушылар мынадай түрде дәлелдеп көрсетіп айтады:

  • Танертеңгі ас-міндетті түрде ыстық болу керек, мысалы қара құмық не сұлы ботқасы, сүт, қара нан, көкөніс-тер салат.

  • Түскі ас-көкөністер мен жемістер салаты еттен не балықтан дайындалған бірінші және екінші ыстық тағамдар,компот

  • Сәскелік ас-жеміс не көкөніс шырыны,сүт сусындары мен жемістер.(банан,алма,алмұрт,апельсин т б)

  • Кешкі ас-жеңіл болғаны дұрыс.Сүт не айран көкөніс, жарма тағамдары, жемістер.

Оқушылар 4 мезгіл тамақтану керектігін өздігінше ойларын қорытады.



Қолдану

6 минут


4 минут


1.Постер құру.



2.«Аквариум»

ойыны

1.Постер және кластер құрастыртқызуға бағыт беру және оны қорғату.


2. Ойын арқылы оқушылардың білімдерін бекіту.



1.Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын кластер және постерге түсіреді.

Бірінің білімін бір толықтырады.4 мезгіл тамақтану кезіндегі ас түрлерінің түрін топтастыра білу.

2.Оқушылар сұрақтарға жауап беру керек. Қателері болса, басқа оқушылар толықтырады.

Алған білімдерін толықтырып отырады. Өзара талдай-ды.

Сергіту сәті

2 минут

«Биле, биле, билейік»

4) Талдау.

5 минут



«Блум түйме-дағы»


Түсінгендерін «Блум түймедағы» сұрақтары ар-қылы жауаптар алу.

Жай сұрақтар- Ас қорыту мүшелеріне не жата-ды?

Практикалық –Тамақ аз немесе артық жеу қан-дай жағдайға әкеледі?Неліктен нанды ұзақ шай-нағанда тәтті дәм сезіледі?

Анықтамалық-Тамақсыз адам қанша уақытқа шыдай алар еді, есіңе түсір. Тісі түскен адамдар-дың асты қорытуы нашарлайды. Оның себебі не-де?

Интерпретация- Ағза тізбегінің біреуі жұмы-сын тоқтатса қандай жағдай болар еді? Тістің ау-руға шалдығып, ерте түсуі неден басталады?

Шығармашылық-Тек қана лимонад және кәм-питті күнделікті тұтынатын болсақ, ағзаға пайда-сы тие ме? Қалай ойлайсың? Дәлелде, не үшін?

Бағалаушы - Дұрыс тамақтана білмеген адам түрлі ауруларға шалдыққыш келеді дегенді қалай түсінесіңдер?


Оқушылар 6 түрлі сұрақтарға жауап беру және мысал-дар келтіре білу.

Жай сұрақ жауабы: Ас қорыту мүшелеріне ауыз, сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, қарын, ішек, тоқ ішек, аш ішек, тік ішек (бауыр, өт)

Практикалық: Тамақты шектеп жеу ол өз ағзасына қажетті қоректі бермеуінен әлсіздікке әкеп соғады. Ойлау қабілеті нашарлайды. Ал көп жесе қарны созы-лып, салмағы көбейіп, асқазан қорыта алмағандықтан, асқазанның жұмыс істеу қабілеті нашарлап ауруға шалдығады.

Интерпретация: Бір ағза жұмыс істемесе, адам көпке бармады. Яғни, жаны үзіліп мәңгілік бақиға аттанады. (оқушылар өз ойларын тағы басқа пікірлерін қосуы мүмкін)

Шығармашылық:Тек лимонад және кәмпитті көп пайдаланса, онда ол түрлі асқазан ауруларына шалды-ғады. Оның тәбеті жоғалып, басы айналып құсқысы ке-леді.


5) Жинақтау.

8 минут

Ү. Ой толғаныс

«Ақылдының ал-ты қалпағы» және «РАФТ» әдісі

Мұғалім оқушыларға алты қалпақты беріп, ал қалған үш оқушыға РАФТ әдісіне бағыттап түсіндіреді.


1.Оқушылар әр қалпақтың нені білдіретіні туралы біледі.

  • . Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру.

  • Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру.

  • Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындал-майды, себебі....” деп ойын толық жеткізе білу.

  • Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

  • Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығар-машылық ойлар

  • Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

2.Қалған 3 оқушы асқазан, бауыр рөлдерін сомдап, хат немесе өтініш түрінде жеткізеді.

6) Бағалау.

3 минут

«Ой-пікірлер» себеті

«2 жұлдыз, 1 тілек»

1.Оқушылар сабақтан алған әсерлерін және тілектерін жазып, себетке салады.

-Сонымен, күндік ас мәзірі қандай болу керек?

-Қандай тағамдар мен сусындар біздің өмірімізге зиян екен?

-Күніне неше рет тамақтанамыз?

-Әр уақыттың тамақтану мөлшері қандай болу керек?

Бағалау шкаласы:

«5»-сабаққа белсенді қатысып, қателес-пей жауап беріп және жазбаша тапсыр-маларды қатесіз орындаса;

«4»-сабаққа жақсы қатысып, бір-екі тап-сырмада ғана қате жіберілсе;

«3»-сабаққа қатысып, бірақта көптеген қателер жіберіп, толық жеткізе алмаса.

  • Смайлик арқылы өз-өздерін бағалап, смайликті апарып жабыстырады.

  • ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағаланады.

Аты

жөні

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

4-тапсырма

5-тапсырма

6-тапсырма

Балл

Баға





























Бағалау шкаларына қарап, әр тапсырмаға топ басшысымен бірге баға қою керек.

1 минут

Үй тапсырмасы

«Тамақтану ережесін» құру.

Пайдалы тағамдардың суреттерін салу.


Рефлексия-лық кезең.

2 минут

Сабақтан алған әсерлерін тақтаға қоңырау кезінде жазып кетеді. «Борт журналын» толтыру.

Смайликтер арқылы сабақты қаншалықты түсінгендерін бағалайды.





Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Аушахманова Гульмира Ахметсапарқызының


Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспары

3-сабақ

Пәні:

Дүниетану

Сыныбы: 3 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесінің қызметі.

Жалпы мақсат:

Жүйке жүйесінің қызметі және сезім мүшелерінің қызметі жайлы түсінік беру.

Сілтеме:

Дүниетану 31-34-бет.

Дүниетану дәптері 8-9-бет.

«Тренингтік ойындар мен жаттығулар» «әдістемелік құрал 41-бет

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41,50, 58 -беттер

Оқу нәтижелері:

Оқушылар жүйке жүйесінің қызметтерін, сезім мүшелермен байланысы туралы ой қалыптасады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Жүйке жүйесінің ағзаларын орналастыру реттілігін білу.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: электронды оқулық. СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған материалдар.

Тапсырмалар

Сабақ кезеңдері мен уақыты

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. «Екі шындық, бір өтірік» тренингі. Сыныпты мозаика арқылы 2 топқа бөлу. Топ өкілі, уақытты бақылаушы, бағалаушы, стикерлерді тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.


Білу



3 минут




2 минут



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Тамақтану гигиенасы»

Дүниетану дәптері 8-9-бет.

Тісіңді күте біл. 8-бет.

1.Суретті пайдаланып тіске қандай тағам зиян екенін белгіле. Әңгімелеп жаз.

2.Бір күнге ас мәзірін жаса.


Тіске кәмпит, балмұздақ тәтті тағамдар зиян еке-нін әңгімелеп жазу. Олардың себептерін анықтап жазғанын талдау. Ойларын толық дәлелдеп жет-кізу.

Төрт мезгіл аухаттанатын тағам түрлерін жазға-нын тыңдап, дұрыс, бұрыс екенін өздері көздерін жеткізу.

ІІІ. Жаңа тақырыпқа бағытталу.

Тақырыпты және мақсатын анықтау.

«Ой қозғау»

«Миды ойландыру»

-Адам қоршаған ортаны қалай сезінеді?

-Дүниені тану үшін адамның қандай ағзалары көмектеседі. Қалай ойлайсыздар?

Талқылау, қорытынды шығару. Анықтаушы сөз-дерді өздігінше іздеп табу. (Оқушылар өздері мақсатын қоятын болады)



2) Түсіну.



5 минут

Оқулықпен жұмыс.

1.Оқулықта берілген мәтінді түсініп оқу.

2.Жұптық жұмыс.

Бір-біріне түсіндіру.




1.Мәтінді оқыту жолдары:

  • Оқушыларды іштей оқыту.

  • Балаларға тізбектеп оқыту.

  • Слайд арқылы қосымша мәліметтер беру.

  • Жүйке жүйесі туралы қосымша мәлімет беру.

2.Мұғалім тақтаға бас сүйек, ми, омыртқа жотасы, жүйке деп жазып қояды. Оқушыларға оқығанын талқылату.

1.Оқушылар іштей оқиды.

2.Оқушылар тізбектеп оқып береді.

3.Слайд арқылы қосымша мәлімет тыңдап, көріп алады.

3.Қосымша мәліметті түсініп оқып, түсінгендерін бір-біріне айту. Сұрақтарға жауап алу.

Қосымша мәліметті оқып, өздігінше сұрақтар қоя білу.

3) Қолдану

3 минут






5 минут


Суретпен жұмыс.








І.Суреттер бойынша тапсырманы орындату.

Сұрақтар:

1.Сезім мүшелері арқылы ми қандай ақпаратты қабылдайды. Жедел жәрдем дабылын естігенде қандай ойға түсесің?

2.Кіп-кішкентай маса саған қандай іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлейді?


ІІ. Ойын. Сипаттамасына қараай анықтау. Жауабын іс-қимыл арқылы көрсету. /Жұмбақтар шешу/

1) Тілден ұшып, құлаққа қонады.

2) Қабырғаға лақтырсаң кері серпілемін,

Жерге тастасаң секіремін.

Қолдан-қолға ұшып қонам,

Тыныштықты білмеймін.

3) Қос көмекшім-жарғақ,

Бірге өзіммен әр уақ...

4) Ән салады чемодан,

Ішінде жүр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесең де сен оған.

ІІІ. Дәптермен жұмыс. 10-бет. 1.Суреттегі сыз-баға жүйке жүйесін белгі қойылған жерге жазу.

2. Сөйлем ішінде түсіп қалған сөздерді жазғызу.


1.Оқушылар ми әр түрлі сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдайтыны туралы ойларын толық жеткізіп, мысалдар келтіреді. Жедел жәржем да-былын естігенде, біреу ауырып қалды ма және та-ғы басқа ой-пікірлерімен бөліседі.

2.Кіп –кішкентай маса оны өлтіру керек деген іс-әрекетке мәжбүрлейді.Себебі, ол шаққанда зиян уын қанға таратады. Содан дененің қышуы содан басталатыны туралы ойларымен бөліседі.

ІІ. Жұмбақтың жауаптары:

1.Сөз; 2. Доп; 3. Құлақ; 4. Теледидар.










Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Ми, жұлын, жүйке тамырлары деп жазып, оның қызметі туралы түсінгенін айту.

2-тапсырма. Түсіп қалған сөздерді жазу.

Мысалы, адамның жүйке жүйесі мидан, жұлыннан және осы жұлыннан тарайтын жүйке тамырларынан тұрады.

Сергіту сәті.

2 минут


«Биле,биле» видео сергіту сәті.

Оқушылар видеоға қарап би қимылдарын орын-дап серігеді.

4) Талдау.


10 минут

«Білім биржасы» ойыны.


1.«Білім биржасы» ойыны.

Ойынның мақсатын мен міндеттерін түсіну. Мұғалім-«банкир», «Акционер»-оқушы.

Тақтада 3 конверт болады. «5», «4», «3» деңгей тапсырмалары үш конвертте салынып тұрады.Егер жауабы толық болмаса, сары түсті акцияны алады. Дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап-қызыл түс-ті «акция», дұрыс негізделген жауап-жасыл түсті «акция». Осылай оқушылардың білімі бағаланады.

Оқушылар жинақтаған акциялары бойынша бағаланады.

«Білім биржасы» ойыны.

Оқушылар 3 түрлі деңгейдегі тапсырмаларға жауап беру керек.

Сұрақтар:

І деңгей:

1.Жүйке жүйесі нені сезінуге көмектеседі?

2.Адамның жүйке жүйесі нелерден тұрады?

3.Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

4.Сезім мүшелерін ата. Олар қандай қызмет атқарады?

ІІ деңгей:

1.Біртұтастықты жүзеге асыратын жүйке жүйесіне нелер жатады? Олардың әрқайсысы қандай қызмет атқарады?

2.Теріде орналасқан мыңдаған жүйке тамырлары қандай қызмет атқарады?

ІІІ деңгей:

1.Шамадан тыс шаршамауды ойла дегенді қалай түсінесің? Оның ағзаға тигізетін қандай әсері бар?

2.Жайбарақат келе жатып, алдында кішкене шұң-қыр кездеседі. Соны миға жеткізу үшін қандай мүшелер қатысады?

3.Сезім мүшелері жүйке тамырларымен байланы-сы бар екенін қалай дәлелдеп бересін. Мысал кел-тір.

5) Жинақтау.

Зерттеу

hello_html_me5f35c1.png


Сұрақтарға жұппен жауап береді.

hello_html_m21f8a1c5.gif

6) Бағалау.

5 минут

«Бағдаршам» hello_html_m5a0f7edb.png

Мұғалім оқушыларға бағалау критерийі мен бағдаршамның көздері туралы түсінік береді.

Әр түс қандай мағына білдіретінін түсіндіру.

Қызыл түс – түсінген жоқпын;

Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

Жасыл түс – барлығы түсінікті.


ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағаланады.

Аты

жөні







Балл

Баға






























Үй тапсырмасы

1 минут


Дәптердің 11-беттегі тапсырмасын орындау.

«Деніміз сау болсын десеңіз...» тақырыбына бірнеше ереже мысалдарын жазу.

Рефлексия-лық кезең.

3 минут Сабақты қаншалықты түсінгенін «Борт журналы» арқылы түсіндіруге болады.
















































































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров330
Номер материала ДВ-179850
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх