Инфоурок Начальные классы Рабочие программыДүниетану пәнінен ашық сабақ: "Ауа райы және оны болжау"

Дүниетану пәнінен ашық сабақ: "Ауа райы және оны болжау"

Скачать материал

Пәні:  Дүниетану

Сыныбы: 3

Тақырыбы: Ауа райы және оны болжау.

Мақсаты:

1. Ауа райының құбылысы жайлы түсінік беріп, өздері байқаған жаймен салыстыру. Ауа райының жай-күйін арнайы метеорологиялық стансаларда бақылайтынын, оның қорытындысы қалай жасалатынын әңгімелеу

2. Ауаның температурасы , термометр және оның құрлысы туралы ұғымын дамыту

3. Оқушыларды адамгершілікке, достыққа , бірлесе жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: термометрлер, су құйылған стакандар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

Кезеңі

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдерма, балалар! Бүгін сендерге дүниетану пәнәнен мен Оспан Мадина Серікқызы жүргіземін.

-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы отыр.Өздерің байқап отырғандай сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Сабағымызды бастамас бұрын қонақтарымызбен амандасып алайық:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

-Жақсы балалар барлығымыз орынымызға отырайық.

Үй тапсырмасын тексеру

-Жақсы, балалар, енді үй тапсырмасы бойынша жұмыс жасайық.Үйге қандай тапсырма беріліп еді?

-Бүгін үй тапсырмасын сендерді топқа бөлу арқылы сұрағым келіп тұр.Ол үшін сендер қатарларың бойынша үш топқа бөлініңдер.Мен әр топқа сұрақтар таратамын, әр топқа ойлануға 1мин уақыт беріледі.1мин өткен соң әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.

Ітоп:Бұрынғы кезде адамдар сағатты қалай білген және оны қалай ойлап тапқан?

ІІтоп:Бір жұмада қанша сағат барын қалай есептеп табуға болады?Кез-келген заттың ұзындығын, биіктігін, енін өлшеу үшін қандай ұзындық өлшемдері қолданылады?

ІІІтоп:Ұзындық өлшемдерін білу адамға не үшін қажет? Салмақ өлшемдерін білу адамға не үшін қажет?Заттың салмағын анықтау үшін не қолданамыз?

Жаңа сабаққа дайындық

-Жақсы, балалар, үй тапсырмасына жақсылап дайындалып келіпсіңдер.Өткен тақырыпты жақсы меңгерген екенсіңдер!

 Балалар, қане барлығымыз терезеге қарайықшы, Өскемен қаласында бүгін күн қандай?

-Жақсы балалар, өте дұрыс.

-Олай болса, бүгін біз сендермен жаңа тақырып өткелі отырмыз.Ол «Ауа райы және оны болжау» деп аталады.

Жаңа сабақ

-Балалар, ауа райы дегеніміз не?Сендер оны қалай түсінесіңдер?

-Ауа райын білу адамдарға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Ия, балалар, сендердің айтқандарыңмен мен де келісемін.Температура, бұлттылық, жауын-шашын, жел, ылғалдылық т.б. ауа райын түзеді екен.

- Иа балалар, сендер күн сайын радиодан теледидардан ауа райы туралы хабарлар естіп тұрасындар. Құлақ салып, тыңдап көрейік: «Астанада аздаған бұлт шығады, Жауын шашын болмайды,баяу жел еседі. Ауа қысымы – сынап бағанасы есептегенде 767 мм. Ылғалдылығы – 75% Ауаның температурасы күндіз -70 – 80С, түнде -180 -200С ».

Осы хабардан айтқан температура, қысым, бұлттылық, жауын – шашын, ылғалдылық, жел – ауа райының құбылыстары. Бәрінің жиындығы ауа райын түзеді.

Ауа райы жиі өзгеріп отырады.Ауа райының жай- күйін метеорологиялық стансаларда бақылап отырады. Күн сайын белгіленген мерзімде ауаның температурасы желдің күші мен бағыты, жауын – шашын, ауа қысымы, т.б өлшейді. Бұдан басқа үлкен алқаптардағы бұлттылық жайын Жер серігі фотосуретке түсіріп, бейнесін Жерге беріп отырады. Осылай жинақталған мәліметтер арнайы ауа райы карталарына түсіріледі. Бір тәулікте сондай картадан төртеуі жасалады. Олардың бір – бірімен салыстыру арқылы салқын немесе жылы ауа қалай қарай және қандай жылдамдықпен ауысып жылжып бара жатқандығын, олардан қандай температураны күтуге болатындығын, желдің қай жақтан қай күшпен соғатынын немесе жылы ауаныңболжауы жасалады.

Балалар, қалай ойлайсыңдар ауа температурасын ненің көмегімен өлшейміз?

-Дұрыс айтасыңдар!Термометрдің көмегімен біз ауа температурасын өлшейміз.термометрдің бірнеше түрлері болады.Олар: су температурасын өлшейтін, адам денесінің қызуын өлшейтін және ауа температурасын өлшейтін.

-Суреттерді қараңдар. Адам денесінің, судың, ауаның температурасын өлшеу үшін қандай термометр қолданылатынын анықтаңдар.

-Жақсы, енді осы термометрлердің қалай жасалатындарына біраз тоқтала кеткім келіп тұр.термометрлердің негізгі бөлігі сынап толтырылған шыны түтік және шкалаларға бөлінген тақта.Әр бөлік 1ºС-қа тең.Шкала ортасы 0ºС.Бұл жылу мен суықтықты ажырататын шекара.

-Жылы температураға «+», ал суық температураға «-» белгісі қойылады. Градус көрсеткіші былай жазылады. +10ºС немесе -10ºС.

Сергіту сәті

Қане, балалар, шаршап қалсақ, барлығымыз орынымыздн тұрып сергіп алайық:

Жел соғады гу-гу,

Жаңбыр жауады тырс-тырс.

Жаңбыр басылады,

Күн ашылады. 

Сарамандық жұмыс

Біраз сергіп демалып қалған сияқтымыз.Олай болса, оқулықтағы сарамндық жұмысқа назар аударайық.(оқушыларға оқыту, өздеріне жасатқызу)

1-тәжірибе:стакандағы жылы суға термометрді сал.нені байқадың?

2-тәжірибе:Стакандағы суық суға термометрді сал.нені байқадың?

3-тәжірибе:Сынып бөлмесінің ауа температурасын өлшеп, оны дәптерлеріңе жазыңдар.

Топпен жұмыс

-Енді, балалар, алдындағыдай тағы да топқа бөлініп отыра қалыңдар.1- қатар: жаз, 2- қатар: күз, 3-қатар: қыс мезгілі болып, сол жыл мезгіліне сай оның ауа райы жайлы әңгімелейді.Дайындыққа 1мин уақыт беріледі.

Сен білесің бе?

Ауа райын болжайтын жәндіктер

Бекіту

Жаңа тақырыпқа сай ауа райының құбылыстарына байланысты жұмбақтар жасыру.Сұрақтар қою.

Қара таудай буралар,

Қара бұйра шудалар

Бура жерге шөгеді:

Бұлау терін төгеді.

(Бұлт пен жаңбыр)

Жайған жастық сөгілді,

Аппақ мамық төгілді.

(Қар)

Ақ моншақтар сабалар,

Қалмайды олар жанды аяп.

Жатып-жатып жоғалар,

Ешкім жинап алмай-ақ.

(Бұршақ)

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді.

(Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

(Аяз)

Қорытынды

а)ашық және бұлтты күндердің айырмашылығы қандай ?

ә)Температураны өлшейтін құралды не деп атаймыз?Оның неше түрі бар?

б)Найзағай деген не?

в)Бұлттылық деген не?

Бағалау

Әр оқушылар сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалайды.

Үй тапсырмасы

Тағы қандай ауа райын болжайтын жәндіктер бар солар туралы жазып келу

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану пәнінен ашық сабақ: "Ауа райы және оны болжау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.07.2016 573
    • DOCX 21.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем ЖАМПЕИСОВА РИЗА ТУРЫСБЕКОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    ЖАМПЕИСОВА РИЗА ТУРЫСБЕКОВНА
    ЖАМПЕИСОВА РИЗА ТУРЫСБЕКОВНА
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3684
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 197 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 718 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 143 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 826 человек

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе