Инфоурок Начальные классы ПрезентацииДүниетану пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: "Мал шаруашылығы"

Дүниетану пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: "Мал шаруашылығы"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  Мал шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: Мал шаруашылығы туралы түсінік беру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ойлау әрекетін дамыту.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО, топтастыру, синквейн.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима суреттер, топшамалар, ырымдар мен тыйымдар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:

-       Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, Бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Хормен:                Жақсы оқып сабақты

                               Әдеп сақтау сәніміз,

Сәлем бердік сіздерге

 Басты  иіп бәріміз.

Психологиялық танымдық:

-       Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мен міндеті.

Мақсаты: Білім алу

Міндеті: еңбек ету. Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу.

-       Балалар сабағымызды жаңашыл педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтінен бастайық.

-       Әрбір бала?        Туысым, досым,жанашыр

-       Әрбір сабақ? Үйрену,ұғу,іздену

-       Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық

-       Әрбір сөзің ? Шындық, бірлік, адалдық.

Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда білімімізді көрсетейік.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

«Кім көп біледі?» ойыны. Сұрақтар қойылып, жауаптар алынады.

1.        Адамның өмір сүруі үшін ең бірінші  не қажет?

2.        Көкжиектің неше негізгі тұсы бар?

3.        Жердің өсімдік өсетін құнарлы , үстіңгі қабаты             

4.        Жануарларды аулап, етпен қоректенетіндерді не деп атаймыз?

5.        Жемін түнде аулайтын құстар?

6.        Қазақстан Республикасының рәміздері?

7.        Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

8.        Жедел жәрдем көлігі қандай көлік?

9.        «Ұлы Жібек жолы» қай қала арқылы өткен?

10.     Жапыраққа жасыл түс беретін зат?

11.     Егіс далаларында не өсіріледі?           /астық/

12.     Дәнді дақылдардың ішіндегі ең бастылары қайсы?        /Бидай мен қарабидай/

13.     Еліміздің оңтүстігінде не өсіріледі?  /күріш пен мақта/

14.     Ттарының қауызынан тазартылған  түрін не дейміз?                     /сөк/

15.     Жеміс-жидектерде адамға қажетті не бар?       /дәрумендер/

16.     жеміс ағашы отырғызылғаннан кейін оларды кім күтеді?                             /бағбан/

17.     Қарбыз, қауын және асқабақ қайда өсіріледі?                  /бақшада/

18.     18.Біздің ауылда егін шаруашылығы бар ма?                  /жоқ/

 

ІІІ.Жаңа сабақ:  Жұмбақтар жасыру арқылы сабақ тақырыбын ашу.

Қояды екен әр шаруа

Қазығына құт байлап.                                                                                                                                      

Қанша құйып алсаңда,

Сарқылмайды сүт, қаймақ.                  /сиыр/

Қос қанжар мүйізі бар,

Күн тисе жалтыраған.                                          /Ешкі/

Келеді бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.                                           /Түйе/

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.                            /қой/

Көкке шаншып құйрығын

 Келеді  шауып жүйрігім.                    /жылқы/

 

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

а/түсіндіру.

Қазақстанда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Республикамызда мал жайылатын жайылымдар көп.

Сиыр – ірі қара малға жатады. Одан ет,сүт, тері өнімдері алынады. Терісінен киім, аяқ киім тігетін былғары иленеді. Сиыр жылына бір бұзау туады. Содан кейін барып, ірі мал жейтін азыққа ауысады.

 

 

Қой мен ешкі /ұсақ мал/ барлық жерде өсіріледі. Қойдан ет, май, сүт, жүн,тері алынады. Қойдың жүнінен жіңішке жіп иіріледі. Жіптен жүн мата тоқылады. Жүн көрпеге салуға, киіз, текемет басуға пайдаланылады. Киізден сырмақ сырады.

Ешкінің түбіті иіріліп,одан киімдер, бөкебай тоқылады. Қой бір немесе екі қозы туады. Ешкі де бір-екі лақ туады. Қозы мен лақ алдымен енесінің сүтімен қоректенеді, содан кейін барып жемшөп жей бастайды.

                Қазақ халқы ежелден жылқыға үлкен құрметпен қараған. Оны көлік ретінде пайдаланған, жүк тасыған, атқа мініп, елді жаудан қорғаған.

Жылқы шаруашылығында   жылқының әртүрлі тұқымдары өсіріледі. Олардың еті мен сүтін пайдаланады. Аңыз – жырлардағы  батырлардың тұлпарлары оларды қиын – қыстаудан алып шығатын сенімді серігі болған. Қобландының Тайбурылы, Қамбар батырдың Қарақасқасы, Ақан есірінің Құлагері – сондай қасиетті жылқылар.

                Түйенің  бір және қос өркешті түрлері бар. Бір өркешті түйені нар деп атайды. Түйелер күні бойы шөп пен жантаққа жайылады. Түйе екі жылда бір рет боталайды. Ботасы әлсіз болып туады. Оған көп күтім керек. Ол енесін 18 ай бойы емеді. Адам түйеден шұбат, түбір ,ет алады. Ертеде адамдар әрбір түліктің иесі бар деп түсінген. Сондықтан төрт түліктің иелерінің әрқайсысына «Малымызға ауру, індет жіберме, одан сақтай гөр, малымызды өсімтал ет» деп өлең сөзбен тіл қатады, тілек айтады

Жылқы – қамбар ата,сиыр – зеңгі баба, қой-шопан ата,түйе-ойсыл қара,ешкі –сексек ата.

 

ә/Оқушыларға тізбектей оқыту.

 

 «Үй жануарларының кереметі»

Халқымыз ертеден ақ ауа-райын бақылаудың қарапайым әдіс  тәсілдерін білген. Далада қой бағып, қой мен бірге ой бағып жүрген қазақтың қариялары ауа – райының өзгерістерін аң – құс, жайылым шөп алдында жүрген малының мінез – қарекетін бақылап, салыстырып ой – түйген.

Үй жануарлары ауа-райы құбылыстарына  келгенде тым аңғарымпаз екен.  Кешке малдың барлығы бір бағытта күйсеп тұрса, келер күні сол жақтан боран тұрады. Мал қай жаққа арқасын салып жатса, жел сол жақтан соғады.

 

Жылқы бір жылдық ауа-райын, қой жарты жылдық, сиыр екі – ш күндік ауарайын болжай алады.-дейді.

Жылқы:

Ø  Сәуірде жылқы ықтаса, келер жылы қыс қатты болады.

Ø  Жылқы басын шұлғыса да келер қыстың жайсыз боларын білдіреді.

Ø  Жылқы қарға аунаса, күн жылы болады,тұрса аяз болады.

Ø  Боран болар алдында қорылдайды.

 

Түйе:

Ø  Мизам айында түйе басын батысқа қаратып жайсыз жатса, немесе түнде ұйқысы бөліне берсе, келер қыс қатты болады.

Қой:

Сүмбіледе су салқындайды. Осы кезде қойлар топтанып жайылады.

Ø  Түсте үйіріліп тұрса- келер қыстың қаталдығының хабары.

Ø  Егер  өрістен қайтқанда қой күн сайын аузына бір тал шөп тен тістеп қайтса, ол жылы жұт болады.

Ø  Ал өрісте шашырап жайылып, қорада солай жатса – келер қыстың аязының аз болатындығы.

Ø  Қыста қойлар сүзіссе, келесі күні боран болады.

Ø  Жаңбыр жауарда қойдың жүні ылғал тартады.

Сиыр:

Ø  Егер сиыр қорадан өріске шықпай қойса, немесе өрістен қалып келсе, сол күні ауа- райы бұзылады..

Ø  Кең тыныс алып жатса, көп ұзамай жаңбыр жауады, жөтелсе, күн суық болады.

Ø  Мүйізін шайқаса – боранды күте бер.

 

Ешкі:

Суыққа шыдамсыз бақылдауық сексек тұқымды ешкіні өріс танитындығы, дәрілік шөптерді таңдай тауып жеп, отар-отра қойларды бастай алатындығы үшін бағалаған. «Ешкі майы тез қатады» деп қанша қашқақтаса да, дәрілік шөптерді теріп жейтін ешкінің еті де, майы да, сүті де шипа. Сол себепті жас нәрестелерге көбіне ешкі сүтін береді.

 

Шығармашылық тапсырма:

Оқушыларға топшама үлестіру. Адасқан сөздерді орнына келтіріп, оқу.

№1

Малды, өріске,атам,жайды.

№2

Лақ ,тастан-тасқа,енесіне,секірді,еркелеп.

№3

Өте, қымызы, пайдалы,жылқының. 

№4

Шыдамды,түйе,мал,шөлге.

№5

Момын, қой, мал.

№6

Әдемі, біздің, қошақан, бар, үйде.

№7

Өркешті, нар,дейміз,бір,түйені.

№8

Қыста, жем-шөп, малды,баптайды,беріп.

№9

Жүйрік,жылқы,мал,өте.

 

Қазақы ырымдар мен тыйымдар:

·         Малды теппе.

·         Сиыр ала бұзау туса, екі оймен не көбейтем, не құртам деп келеді.

·         Буаз малды төлдер алдында, өрістен қайтқанда, өріске айдарда қуаламайды;

·         Мал қораның сыртында болмаса ішінде ысқырмайды;

·         Қой қоздағанда қойдың шуын жерден айыруға болмайды, оны сүйретіп апарып тастаған жөн, әйтпесе қозы қашаған болады;

·         Қойқырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда «Мұны мен емес, жер беріп отыр»деп қайшыны жүнге орап береді, бос беруге болмайды;

·         Малшының көктем уақытында далаға жалаң аяқ, жалаң бас шығуына  болмайды;

·         Ұрлық жасаған, өтірік айтқан адамға мал бағуға болмайды;

·         Тума малдың алғашқы сүтін ешкімге бермейді;

·         Мал қораға түн ішінде ошақтан шала жанған от алып кіруге болмайды;

·         Бөгде адамның отар ішінде жатуына болмайды;

·         Сойылған малдың қанын /әсіресе сиырдың/көзінше төгуге болмайды;

·         Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды, малға бас киім лақтыруға болмайды.

·         Ауылға атпен шауып кірмейді;

·         Малды жыңғылмен айдамайды,

·         Ырысқа зиянды деп.

·         Кендірмен байламайды,

·         Ширығып қияды деп.;

·         Малдың құлағына ен салғанда, құмырсқа илеуіне қояды екен. Мал құмырсқаша көбейеді деген де ырым бар.

 

Сергіту сәті.

Сәйкестендіру:

Сиыр                     Ойсыл қара

Жылқы                 Сексек ата

Түйе                      Зеңгі баба

Қой                        Қамбар ата

Ешкі                      Шопан ата

 

«Кім зерек» тұжырымдама айту келіссе – қол көтеру, келіспесе-екі жаққа созу.

1.Сиыр – ірі қара мал.

2.Қазақстанда мал шаруашылығы дамымаған.

3.Қой мен ешкі – ұсақ мал.

4.Екі өркешті түйені нар дейміз.

5.Жылқы сүті – қымыз.

6.Түйе шөлге шыдамсыз.

7.Қой –өте момын.

8. Түйе ботасы енесін ембейді.

9.Жылқыны көлік ретінде жүк тасыған, атқа мініп, елді жаудан қорғаған.

10.Сиырдың баласы – лақ

11.Қойдың баласы қозы.

12. Түйе сүті – шұбат.

13.Үй жануарларының  өте пайдалы.

14.Қой бір немесе екі қозы туады.

 

 

Мақал – мәтелдер:

 

1.       Жылқы құлыннан өседі,

Теңге тиыннан өседі.

2.       Ер қанаты – ат,

Сөз қанаты – хат.

3.       Жер – ана,

Мал – бала.

4.       Даланың көркі – мал,

Өзеннің көркі тал.

5.       Аттың жүйрігі –

Азаптан құтқарады. 

6.       Аттан тай озады,

Атадан бала озады.

7.       Түйе атасы – нар,

Ағаш атасы – шынар.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

8.       Сиырда аунамақ жоқ,

Жылқыда күйсемек жоқ.

9.       Малды бақсаң сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.

10.    Сиырды теппейді,

Ақты төкпейді.

11.    Қойдың сүті қорғасын.

12.    Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

13.    Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар

Бәрінен де қой бағып,

Құйрық жеген озар.

14.    Аттың бәрі тұлпар болмас,

Құстың бәрі сұңқар болмас.

15.    Нар жолында жүк қалмас.

 

«Бұл қай жануар?» суретпен жұмыс.

 

 

IV. Қорытынды:      Синквейн:

Не? Мал

Қандай ? Пайдалы,шипалы

Не істейді. Өседі, жүгіреді,көбейеді.

Сөйлем: Мал асыраған пайдаға кенеледі.

Сөз: Жануар.

 

Үйге тапсырма:

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: "Мал шаруашылығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 543 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 923
    • DOCX 25.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахмадиева Карлыга Ахмадиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахмадиева Карлыга Ахмадиевна
    Ахмадиева Карлыга Ахмадиевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4308
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек