Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Бағдарлауды үйренеміз"(1 сынып)

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Бағдарлауды үйренеміз"(1 сынып)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қысқа мерзімді жоспар

Дүниетану

Тақырыбы: Бағдарлауды үйренеміз

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні:03.12.2015ж.

Мұғалім:Мухамбетжанова С.О.

Сынып: 1 "А"

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.1.1 Көкжиек тұстарын және оларды анықтау тәсілдерін білу


Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті: көкжиек және оның тұстары болатынын біледі.

Оқушылардың көпшілігі: тұсбағдар көмегімен көкжиек тұстарын анықтай алады.

Кейбір оқушылар:Тұсбағдарды өздігінен қолдана алады.

Тілдік мақсат

Негізгі термин сөздер мен сөз тіркестері:

көкжиек – горизонт – horizon;тұсбағдар – компас – compass;

солтүстік–С – север – С – North– N; оңтүстік–О – юг– Ю – South– S;

шығыс–Ш – восток –В – East– E; батыс–Б – запад–З – West– W.

Сабақта диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестер:

-Көкжиек дегеніміз не?

- Бағдарлау үшін 4 негізгі көкжиек тұстары қолданылады.

- Тұсбағдар дегеніміз не?

- Тұсбағдар не үшін қажет?

-Сағат пен тұсбағдардың қандай ұқсастығы бар?

Алдыңғы сабақ

Қоршаған әлем туралы жалпы түсініктері бар.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Басы (0-6мин.)








Ширату.

Жоғары қарап күн көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға қарап, солға қарап,

Егеменді ел көрдім.

Тұсбағдар, қол сағаты, флипчарт, көкжиек атаулары (С, О, Б, Ш) жазылған үлестірме парақшалар,

Сағат бойынша қалай бағдарлауға болады?

бейнежазбасы

Ортасы(7-9 мин.)

(10-20 мин.)





















(20-30 мин.)






















Ой шақыру.

Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік көкжиек деп аталады. Аспан мен жер беті жанасып тұрғандай болып көрінетін шекара көкжиек сызығы деп аталады. Көкжиек тұстарын яғни, солтүстікті, оңтүстікті, батыс пен шығысты таба білу бағдарлау деп аталады. Адамдар ерте кезден табиғат белгілері бойынша бағдарлауға үйренген. Мысалы, күн үнемі шығыстан көтеріліп, батыста батады. Тал түсте күн әрқашан оңтүстік бағыттаЖай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік көкжиек деп аталады. Аспан мен жер

беті жанасып тұрғандай болып көрінетін шекара көкжиек сызығы деп аталады. Көкжиек тұстарын яғни, солтүстікті, оңтүстікті, батыс пен шығысты таба білу бағдарлау деп аталады. Адамдар ерте кезден табиғат белгілері бойынша бағдарлауға үйренген. Мысалы, күн үнемі шығыстан көтеріліп, батыста батады. Тал түсте күн әрқашан оңтүстік бағытта

Не байқадың?

Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-суретке аударамын. Олардан сұрақтарға жауап беріп, суретке ат қоюын сұраймын. Оқушылар «көкжиек» сөзінің мағынасын қалай түсінетінін айтсын. Жауаптарын тыңдаймын. Айналада көріп тұрған кеңістік көкжиек екенін түсіндіремін.

Тұсбағдар және сағат. Бұл тапсырманы топта өткіземін. Ол үшін оқушыларға көкжиек тұстарының атауы жазылған үлестірме парақшаларды

таратамын. Оқушылар таңдап алынған үлестірме парақшаларына сәйкес топтарға бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударамын (егер мүмкіндік болса, әр топқа тұсбағдар мен қол сағатын тарату). Олардан бұл заттардың арасында қандай ұқсастық бар екенін сұраймын. Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінмен таныстырамын..

Сен білесің бе? Оқушыларға тұсбағдарсыз жергілікті жерде бағдарлаудың көптеген тәсілдері бар екенін айтамын. Тұсбағдар өсімдігі бар екенін, оның жапырақтары солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасатынын айтыңыз. Осындай өсімдіктердің бірі – сүтшөп (латук). Оның жапырақтары қырымен орналасады және ұштары солтүстік пен оңтүстікті көрсетіп тұрады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің емдік қасиеттері туралы ақпаратты айтамын.

Оқушылардан 3-суретке қарауын және айдар мәтінін оқып беремін.

Орындап көр. Бұл тапсырма тұсбағдарды қолдана отырып, жергілікті жерде бағдарлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Деректі материалды

қолдана отырып, оқушыларға тұсбағдарды қалай қолдануға болатынын түсіндіремін.

(Т) Әр топқа солтүстікте, оңтүстікте, батыста және шығыста

орналасқан нысандарды (ғимараттар, тұрғын үйлер, дүкендер, саябақтар) анықтауға тапсырма беремін.

Соңы(30-35 мин.)


Блиц-сауалнама

Әр жауаптан кейін дұрыс, бұрыс деп жауап беріп отыру қажет.

1. Көкжиек – бұл айналамыздағы көрінетін жер. (+)

2. Бағдарлау үшін 5 негізгі көкжиек тұстары

қолданылады. (-)

3. Тұсбағдар– көкжиек тұстарын анықтауға

арналған құрал. (+)

4. Тұсбағдардың көк (жасыл) тілі оңтүстікті

көрсетеді.(-)

5. Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (+)

6. Күн әрқашан шығыстан атады. (+)

7. Та л түсте күн солтүстікте болады. (-)

Қосымша мәліметтер

Дифференциация

Бағалау-оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәндік байланыстар

АКТ байланыс

Өз үйіңнің есігі қай бағытқа қарай орналасқан.

Оқушылар:

көкжиек және оның тұстары – солтүстік, оңтүстік,

батыс, шығыс туралы;

тұсбағдардың көмегімен және жергілікті жер

белгілері бойынша бағдарлау тәсілдері туралы білді.

тұсбағдарды пайдалануды;

нысандардың бағытын анықтауды;

тірек сөздерді дұрыс қолдануды үйренді.

АКТ, өнер, жаратылыстану пәндерімен байланысады.


Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай

ауытқулар болды ма,неліктен?



























Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1551
Номер материала ДВ-534364
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх