Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Қазақтың қас батыры Қарасай"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Қазақтың қас батыры Қарасай"

библиотека
материалов

Пән:Дүниетану

Сынып: 4 «А».

Әдіскер: Сүлейменова С.Ы.

Тәлімгер: Балтабаева А.А.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, баяндау, тірек сызба,түсіндіру әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың қас батыры Қарасай

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға елін - жерін қорғаған ер жүрек батырлар туралы, олардың ерлігі туралы, ел билеген хан, билер туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздерме, оқушылар.Бүгінгі дүниетану пәнін мен Балтабаева Адема Азизқызы жүргіземін. Көңіл – күйлерін қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? Сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабағымыздың ережесімен танысып алайық.

Психологиялық дайындық

  • Қол көтеріп жауап береміз

  • Шуламаймыз

  • Бір бірімізді тыңдаймыз

II. Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді? Қане кім айтады?
1. 18 ғасырдың алғашқы жартысындағы қиыншылық туралы не білесің? (Жоңғар хандығы Қазақ еліне шабуыл жасады?
2. Қырғын соғыста қолданған қаруларды ата.
(қылыш, семсер, найза,қалқан , айбалта, шоқпар)
3. Ерекше көзге түскен, ел аузындағы батырларды ата.(
Шапырашты Қарасай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,Шақшақұлы Жәнібек,Батыр Баян,Албан Хангелді,Малайсары, Арғын Ағынтай, Олжабай,Шапырашты Наурызбай)
4. «Батыр» деген сөздің мағынасын аш. Көз алдыңа қандай адам елестейді? (Әр кезеңнің өз батыры бар, яғни, ел басына күн туғанда еліне қорған бола білген, білектің күшімен, найзаның ұшымен ел қорғаған батырлар. Оны Түрікше БАХАДҮР деп аталған екен.)

III.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру.

Алдыңғы сабақта 18 ғасырдың ортасы ауғанға дейін болған қазақ пен қалмақ арасындағы ұзаққа созылған қырғын соғыс туралы айтып өттік. Бүгін сол соғыста ерлік көрсеткен батырлардың бірімен танысамыз.

IV. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ шешу.

Б Б

А

Л

Ы

Қ

Б

А

Қ

А

М М

ЕЕ Е

К К

Т Т

Е

П

Ж

А

П

Ы

Р

А

Қ

Қ

А

Р

Ы

Н

Д

А

Ш














1Суда өседі, өнеді,

Сыртқа шықса, өледі. (Балық)

2Сулы жерді мекендеп,

Құрлықта да секеңдеп,

Шыбын-шіркей аңдиды,

Жемге қашан жетем деп. (Бақа)

3. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (мектеп)

4. Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.(Жапырақ)
5.Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі. (Қарындаш)

Балалар Батыр дегеніміз кім білесіздер ме? Батырлар не істеген?

Иә, ертеде батырлыр еліміз, жеріміз үшін күрескен. Бүгінгі сабағымыз қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресу барысында ерлігімен ерекше көзге түскен батырлардың бірі жайлы айтамыз.

Бүгінгі сабақта тағы бір жаңа тақырыппен танысамыз. Ол Қазақтың хас батыры Қарасай деп аталады.

Қарасай Алтынайұлы 1589жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында Суықтөбе тауының етегінде дүниеге келген. Қарасай батырдың өмір сүрген кезі қазақ - жоңғар арасында екі ғасырға созылған қан қақсатқан соғыстың енді шиеленісіп жатқан кезі еді. Қарасай—Есім ханның тұсында жоңғарлармен ұрыста көзге түскен батырлардың бірі. 
Ол кезде батыр 17 жаста екен. Ол көптеген соғыстарға қатысып қол бастаған. Қарасай 1664 жылы ақырғы рет 66 жасында қатысты. Осы сәтті пайдаланып айта кететін жайт
ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев осы Қарасайдың тікелей ұрпағы екен. ҚАРАСАЙ — КӨШЕК — АЙДЫР — МЫРЗАТАЙ — ЕДІЛ — САПАҚОЙ — НАЗАРБАЙ -- ӘБІШ — НҰРСҰЛТАН.
Оқулықпен жұмыс

1.Мәтінді тізбектей оқу.

2.Мәтінді талдау.

Талдау, талқылау сұрақтары

1. Есім хан басшылық еткен ұрыс қайда, қай жылы болды?(1615ж. Тобыл бойында)
2. Қарасай кімдерді қолына түсірді?(Ойраттың екі тайшысы Қарақал мен Тойлыны)
3. Мәтінде қандай мақал кездеседі?
4. Қалмақтар қандай айлаға көшті?
5. Қарасайды кернеген ыза мен кек туралы айт.
6. Олых қандай адам? әккі
7. Қарасай Есім ханға не деді?
8. Олыхтың жеңілісі туралы айт.
9. Батырдың жойқын күші неден көрінеді?
10. Батырға мінездеме бер.
11. Қарасай батырға көрсетілген атақ, құрмет туралы айт.
Сергіту сәті.

Біз – көңілді маймылдар,
Өте қатты шулаймыз,
Алақанды соғамыз,
Еденді де таптаймыз.
Ұртымызды үрлеп,
Әндетеміз гулеп.
Төбеге де секірдік,
Маңдайға саусақ келтірдік.
Құлағымыз – қалқан,
Құйрығымыз – салпаң.
Бірақ тәртіп – қатаң,
«Үш» дегенде апаң-
Бәрің тілді алыңдар,
Қозғалмай, қатып қалыңдар

Дәптермен жұмыс.

Кластер құру.


Ел қорғаушы

Әскери өнерді

жақсы меңгерген Батыл


Қаһарман Ержүрек

Ойын

Мен қазір сіздерге белгілі бір сөйлемді оқимын, егер сөйлем дұрыс болса, қол шапалақтаймыз, қате болса аяғымызды бір рет тарсылдатамыз.

1.Қазақ тарихында 18ғасырдың алғашқы жартысы қиын кезең болды.(Қол шапалақтау).

2.1615ж Тобыл бойында өткен ұрыстардың біріне Есім ханның өзі басшылық етті (Қол шапалақтау).

3.Қарасай соғысқа алғаш рет аттанған жоқ (тарсылдату)

4.Бұл кезде Қарасай батыр 17 жаста болатын (Қол шапалақтау).

5.Ол ойраттың екі тайшысы Қарақал мен Тойлыны қолға түсіре алған жоқ. (тарсылдату)

6 Қарасай Олых батырмен болған жекпе – жекте жеңіске жетті.. (Қол шапалақтау).

Бекіту.

Шашылған алмаларды себетке жина. Алмалардағы сұрақтарға жауап бер.

  • Бүгін қандай тақырыппен таныстық? Тақырып кім туралы?

  • Батыр қай ханның тұсында соғысқа қатысқан? (Есім хан)

  • Қарасай батыр қай жылы дүниеге келген? (1589жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында Суықтөбе тауының етегінде дүниеге келген)

  • Ол қалмақтың қандай батырларын жеңген еді?(Олых Дөкір , Қарақал мен Тойлы)

  • Қарасай қанша жасында көзге түсе бастады?(17)

Қорытынды.

-Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

- Сабақ сіздерге ұнады ма?


V. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Әңгімені оқып, мазмұның айту.












Әдіскер:____________

Мұғалім:___________

Баға:______________






Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров83
Номер материала ДБ-085935
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх