Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Пайдалы қазбалардың түрлері"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Пайдалы қазбалардың түрлері"

библиотека
материалов

Пән: Дүниетану

Сынып: 3«А»

Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Тәлімгер: Балтабаева А.

Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы қазбалардың түрлері» Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.

  • Дамытушылық: Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.

  • Тәрбиелік: Табиғатты аялай білуге, сүйіспеншілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер,

Сабақтың барысы


I.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Бүгінгі дүниетану сабағын мен жүргіземін. Көңіл-күйлерің қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?


Психологиялық дайындық:

Оқушылар, менім қолымнан не көріп тұрмыз?(Гүл)Дұрыс айтасыздар,бұл гүл, көбінесе адамдар гүлді жақсы, ыстық лебіздерін айтып беріп жатады.Бізде бүгінгі сабағымызды әдемі сөздермен бастасақ. Қазір осы гүлді кезек – кезек бір- бірімізге беріп,тілектерімізді айтамыз. Мысалы, Айгерім мен саған жақсы көңіл- күй сыйлаймын.


II.Актуалдылық:

Сұрақ-жауап

Алдыңғы сабақта қандай тақырып өттік?Үй жұмысына не берілді
1. Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланғанын көрдің? (құм, саз, тас, әк)
2. Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеу үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер? (тас көмір, мұнай, газ)
3. үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады? (мыс, темір, қорғасын, алюминий)
4. Осының бәрі қосылып, пайдалы қазбаларды құрайды.(Пайдалы қазбаларға анықтама беріп өтіледі)
5. Пайдалы қазба деген не?(Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар деп атайды)


ІІІ. Жаңа сабақ:
1.«Ойлы болсаң озып көр!»(жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу)
Түсі қара, сұйық зат
Тереңде жатады.
Қазсаң атқылайды
Жақсаң жанады
Пайдаға жарайды. (Мұнай)
Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.
Бұл не?(Көмір)
Мөлдір, әрі түссіз,
Өзі табиғи отын. /Газ/
- Балалар, жұмбақтың шешулері не болды? Олар неге жатады?(Пайдалы қазбалар)
- Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалардың түрлерімен танысатын боламыз.

2.Ой толғаныс:

-Балалар, біздің Балқаш қаламыздағы зауыт қандай пайдалы қазбалардың түрлерін шығарады?

-Дұрыс айтасыңдар.Біздің зауытта темір, мыс, алтын өндіріледі.

-Осы темір, мыс, алтын пайдалы қазбалардың қай түріне жатад?

-рудалы(кенді)

-Пайдалы қазбалардың шартты белгілерін атап көрсетейікші?
3.Жаңа сабақты тірек сызбалар арқылы түсіндіру
Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 3 топқа бөлінеді:

hello_html_11a3b9ea.jpg











1. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ жатады. Тас көмір - ең көп өндірілетін қазба. Сен тас көмірді тек отын ретінде ғана пайдаланылмай, одан басқа да көптеген заттар алынатынын білесің. Оны өңдеу арқылы дәрі - дәрмек, мата бояйтын бояу, әтір, қопарғыш зат, тыңайтқыш, нафталин, пластмасса және басқа көптеген заттар алынады.
Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.
3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады. Бұл топты тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз т. б. құрайды. Олардың қайсысы болса да біздің жерімізде баршылық. Ал Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарды иеленеді. Фосфоритті ұнтақтап, фосфор ұны тыңайтқышын өндіреді. Гранит - өте қатты тау жынысы. Оның табиғи бүлінуі өте баяу, жүздеген жылдар бойы өтеді. Бірақ граниттің бәрінің бүліну процесі бірдей емес, ірі қиыршықтысы тез, майда қиыршықтысы өте баяу бүлінсе, ал сұр гранит бүлінбейді десе де болады. Құрылысқа қолданатын гранитті ысып жылтыратады, тегістейді, жөндейді. Бұл оны бүлінуден қорғайды.


4.Дәптермен жұмыс
-Күнді жазу,

- Тақырыпты жазу.

-Тірек сызбаны салу


5.Картамен жұмыс

-Қазақстанның пайдалы қазбалар картасында мұнай мен газ қалай белгіленген?

-Қазақстанның қай аймақтарында пайдалы қазбалар өндіріледі?

  • Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз

  • Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде

  • Газ - Ақтау, Орал облыстарында

  • Алюминий – Арқалықта

  • Мыс кені – Жезқазғанда

  • Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде

  • Темір кені - Қостанай өңірінде

Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде


6.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз
Белге қолды қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға біз
Бір, екі, үш: бір, екі, үш.
Жоғары қолды созамыз,
Тып - тыныш боп отырамыз.


7. Сен білесің бе? Ойын
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?(геологтар)
- Қазақтың тұңғыш геологы кім еді?
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ. Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп үлес қосқан.

-Дәптерлеріне маңыздыларын жазғызу

8.Проблемалық сұрақтар:
– Пайдалы қазбаларды адамдар не үшін игереді?
- Егер барлық пайдалы қазба қоры таусылса, не болар еді?
«Менің ойымша....» оқушылар өздерінің ойларын жазады
9.Оқулықпен жұмыс:

Мәтін соңында берілген тапсырмаларды орындау
1. Өз сөздеріңмен жанғыш, кенді, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар жөнінде әңгімелеп беріңдер.


«Кім тапқыр?» ойыны.

10.Суретпен жұмыс:
Суреттегі заттар қандай қазбадан жасалған? Тағы қандай заттар мен суреттерді толықтырар едіңдер?


IV.Қорытынды:

Тест тапсырмалары бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, тексеру

Пайдалы қазбаларға................ жатады.

1. Темір кенінен алынған металл

2. Жер қыртысының қатты бөлігі

3. Тау жынысы +

Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді.

1. Пайдалы, пайдасыз, жарамсыз.

2. Бағалы, құнсыз, жанатын.

3. Жанғыш, кенді, кенге жатпайтын.+

Кенге жатпайтын пайдалы қазба.

1. Мұнай, газ.

2. Алтын, күміс.

3. Құм және саз.+


V.Үй тапсырмасы:

Күнделікті ашайық.

Тапсырманы тізіп жазайық.

Тараудан алған білімді

Ұмытпай есте сақтайық.(Мәтінді оқып, түсінік айту)


VI.Бағалау: Оқушыларды әділ бағалау.




















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-085918

Похожие материалы