Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Жабайы және үй құстары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: "Жабайы және үй құстары"

библиотека
материалов

Пән: Дүниетану

Сынып: 2"Б"

Әдіскер: Сүлейменова С.Ы

Машыққкер: Балтабаева А.

Сабақтың тақырыбы: «Жабайы және үй құстары»

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Құстар туралы түсінік беру. Олардың түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын,
қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға,табиғатты сүюге үйрету. Олардың өз өмірінде қандай рөл атқаратынын санасына қалыптастыру.


Көрнекіліктер: құстарың суреті, кластер

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздерме,балалар! Отырыңыздар! Бүгінгі дүниетану сабағынан мен беремін. Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Көңіл-күйіміз қалай? Сабаққа дайынбыз ба?

а) Психологиялық дайындық

Қуанамын  мен  де,

Қуанасың  сен  де.

Қуанайық  достарым,

Арайлап  атқан  әр  күнге.

-Балалар,  сабақты бастамас  бұрын  мен  сендердің  көңіл-күйлеріңді  білгім  келіп  тұр.  Ол  үшін  тақтадағы  смайликтер  арқылы  көңіл-күйіміздің  қандай  екенін  көрсете  қойыңдар.

-Жарайсыңдар, балалар.

hello_html_31d9b82a.jpghello_html_879f13e.pnghello_html_m7d3ba887.jpg





II.Үй тапсырмасын тексеру

-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық? (Жабайы және үй жануарлары)

-Жақсы

-Үйге қандай тапсырма берілді? (мазмұндау)

-Ендеше үйге берілген «Жабайы және үй жануарлары» тақырыбының мазмұнын кім айтып береді?

-Қандай жабайы жануарларды білесіңдер? Атын атап, олардың тіршілігі жайлы әңгімеле.

-Адам өмірін үй жануарларынсыз елестету мүмкін емес екенін қалай түсінесің? Мысал келтір.
-Қандай үй жануарларын өз күтіміңе алып көрдің? Әңгімеле.

-Жақсы ,жарайсыңдар!


III. Жаңа сабақ

-Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып  алдым.  Ол жай  сандық  емес, сиқырлы сандық  екен.Бұл сандықтың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

-Ия.

-Білгілерің келсе алдымен мен жасыратын жұмбақтардың шешуін табуларың керек.Ендеше бастайық. ( әрбір  жауаптағы  құстардың суретін  тақтаға ілу)

1. Алшаң - алшаң басады,
Бірін - бірі көрсе қаңқылдасады. (қаз)
2. Қық - қық етеді,

Кезіп жүріп көшені.
hello_html_m74a26117.jpg

Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді. (тауық.)
3. Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. (әтеш.)

4. Барқыттай жүні құлпырған,
Жем тілеп ылғи ұмтылған.
Тауық емес, тегі ұқсас,
Сақалы бар салпиған. (күркетауық.)
5. Судан шықса баладай,
Тәй - тәй басып қаладай. (үйрек.
hello_html_66e7ba67.jpghello_html_215cf3ca.jpghello_html_6f5407bb.jpg

-Балалар, бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?hello_html_62f92ae9.jpg

-Құстар.

-Өте жақсы, құстар деп атаймыз.

-Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Құстар.Жабайы және үй жануарлары» деп аталады.

-Құстар туралы жалпы не білеміз? (Тақтада құстың суреті ілулі)

-Жарайсыңдар.

-Ал балалар құстардың қандай пайдасын білесіңдер?

  • адамға дос;

  • зиянды құрттарды жояды;

  • ән салады;

  • егінге пайдалы;

  • бау-бақша;

  • ағаштарды қорғайды;

  • сән береді;                        


IV.Оқулықпен жұмыс

-Оқулығымыздың 98-бетін ашайық. Бұл жерде құстардың түрлері туралы жазылған, яғни жабайы және үй құстары туралы мәтін. Ендеше мәтінді тізбектеп оқиық.

1 «Бейімділік» дегенді қалай түсінетіндігіңді нақты мысалмен дәлелді етіп әңгімеле.

2. Құстардың қоректенуіне өз тұмсықтары қандай қолайлы жағдай туғызатынына мысал келтіріп әңгімеле.

3.Үй құстарын адамдар не үшін асырайды, әңгімелеп бер.

4.Жабайы және үй құстарын атаңдар.

5.Жабайы және үй құстарының айырмашылығы?

V.Тақтамен жұмыс

-Балалар тақтаға назар аударсақ, мына жерде құстар тұр ия?

-Ия.

-Ендеше сендерге мынадай тапсырма, мына құстарды «жабайы» және «үй» құстары деп екіге бөліп орналастырайық.

VI. Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздi жазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.

-Бәрекелді, оқушылар. Біраз сергіп қалдық деп ойлаймын.

Стуациялық сұрақтар:
(Балаларға құстар бойынша сұрақтар беру)

- Балалар, бүгінгі құстар сабағымызды естіп , ормандағы құстар ақ көгершін арқылы хат жіберіпті. Кәне, оқып көрейік.
1 - ситуациялық сұрақ. Егер орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
2 - ситуациялық сұрақ. Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен не істер едің?

-Жарайсыңдар.

VII.Бекіту

«Ойлан тап» ойыны

Шарты:

  • 3-командаға бөлінеміз;

  • барлық топтан кезекпен-кезек оқушылар шығарып мен көрсеткен құсты сипаттап айтып береді.

  • сипатталуы бойынша оқушылары қай құс екенін табуы керек


VIII .Қорытынды

-Бүгін қандай тақырып өттік?

- Жақсы, ал құстар қай жерде мекендейді?

-Құстар орманда, далада мекендейді.

- Құстар ұясын қай жерде жасайды?

-Құстар ұясын ағаштың басына,  шөптердің арасына, тастардың қуысына жасайды.

-Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

-Құстар құрт-құмырсқаны жеп, ормандағы ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.

-Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?

-Құстарға ұя жасап, жем-су беріп, қамқорлық жасауымыз керек.

-Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

-Сабақ ұнады ма?

IX.Үйге тапсырма

Үйде «Жабайы және үй құстары» туралы» оқып келеміз.

X.Бағалау

-Тамаша балалар, сіздермен жұмыс жасағаныма өте қуаныштымын. Белсене қатысып отырған балаларды бағалаймын.Сау болыңыздар!


Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров805
Номер материала ДБ-087195
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх