Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:"Қазақ халқының белгілі батырлары. Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы" Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:"Қазақ халқының белгілі батырлары. Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы" Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

библиотека
материалов

Күні: 19. 04. 2016ж.

Пән: Дүниетану

Мектеп: №8 орта мектебі

Сынып: 4«Б»

Мұғалім: Хасен. А

Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Машықкер: Батырбек. Г

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының белгілі батырлары. Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: «Қазақ халқының белгілі батырлары» туралы мәлімет беру; халық батырларының өмірі,ерлік істерімен кеңінен таныстыру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау.

  • Дамытушылық: Танымдық қызығушылықты,бақылай білу,талдау,қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

  • Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ халқының батырларының суреттері, батырлар туралы мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
    -Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

-Отырыңыздар!

Бүгінгі дүниетану сабағын мен Батырбек Гүлсара өткіземін.

Көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?

Психологиялық дайындық

«Ақ тілек. Әсем күлкі».

Көңіл – күйлеріңіз қалай?

Керемет! (Қолдарын көтереді)

Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)

Ынтаңыз ше?

Ғажап! (Қолдарын көтереді).

Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.

Ендеше сабағымызды осындай тамаша көңіл-күймен бастайық!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


«Қоржын» ойыны.

Оқушылар қоржыннан сұрақтар таңдап алып, соларға жауап береді.

Қоржындағы сұрақтар:

  • Қандай батырларды білеміз? ( Қарасай батыр, Малайсары, Жәнібек т.б)

  • Батыр сөзіне сипаттама бере аласың ба? ( ержүрек, қаһарман, ел қорғаушы т.б)

  • Қазақтардың соғыс құралдарын ата? ( қылыш, семсер, найза, айбалта, шоқпар)

  • Жоңғар қарсы күрескен батырлар кімдер?

  • Қазақтың хас батыры Қарасай батыр туралы не білеміз?

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру

  • Балалар өткен сабақта қандай тақырып өттіңдер?

  • Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрес. Қазақтың хас батыры Қарасай туралы өттік ( мазмұнын сұрау)

  • Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен батырлар туралы не білеміз? ( Біздің еліміз жеріміз, тәуелсіздігіміз үшін көптеген батырлар қасық қаны қалғанша күрескен...)

  • Йә, дұрыс айтасыңдар балалар біздің еліміз үшін батырлар өз жанын аямаған екен. Бүгін біз қазақ халқымыздың белгілі батырлары соныменқатар Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы туралы айтатын боламыз.

ІІІ Жаңа сабақ

Ой – қозғау стратегиясы:

  • Қазақ халқының ер жүректігімен, батылдығымен көзге түскен қандай батырларын білеміз? ( Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Наурызбай т.б.

Қазақ жерін жоңғарлардан түпкілікті тазарту жолындағы күресті Абылай хан (1711-1780)жүргізді.Қатерлі жауға қарсы бүкіл елді көтерген қазақтың белгілі батырлары:Наурызбай батыр,Бөгенбай батыр,Қабанбай батыр,Райымбек батыр,Ағыбай батырлары болды. Қысқаша мәлімет беріп өту:

Тақтамен жұмыс


Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.
hello_html_m3c1f4110.jpg





hello_html_m480f8d1f.jpgАбылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.


Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды
hello_html_4ce25ab4.jpg

Райымбек Түкеұлы (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Алматы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының сырымбет тармағынан. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған.hello_html_m37c5e1a0.jpg



Батырлар туралы

  1. Мақал мәтелді жалғастыр ойыны

Батыл болмай ... ( батыр болмас)

  1. Батырдың атын жау шығарады,

Шешеннің атын ... (дау шығарады.)

  1. Батыр елінде, ... (балық көлінде)

  2. Батырға оқ дарымайды,

Батылға ... ( жау жоламайды)

  1. Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,

Бай болсаң – ... ( еліңе пайдаң тисін)

Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтінді тізбектей оқу

  2. Мәтінді талдау

  3. Талдау, талқылау сұрақтары

  • Арқауыл батырдың Қабанбайды атап шақыруы неліктен қазақтың ызасын келтірді?

  • Арқауыл батырға қазақтың қандай батырлары шықпақшы болды?

  • Қабанбай батыр мен Арқауыл батырдың айқасы қай жерде сипатталған?

  • Қарама-қарсы тұрған екі жақтың әскері бір біріне тап берген кезде қандай ұрандар жер жаңғыртты?

  • Қалмақтар қалай жеңілді?

  • Айқас қандай нәтижемен аяқталды?

  • Қаракерей Қабанбай батыр қандай батыр?


Сергіту сәті

Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.

Секіреміз топ-топ-топ,

Шапалақтап хлоп-хлоп-хлоп,

Топ-топ-топ, хлоп-хлоп-хлоп.


Дәптермен жұмыс

Қазақ халқының белгілі батырларын жазғызу

Қазақтың белгілі батырлары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек батыр, Жәнібек батыр.


Дұрыс-бұрыс ойыны

Мен қазір сіздерге белгілі бір сөйлем оқимын егер дұрыс болса көк белгі дұрыс емес бұрыс жауап болса қызыл белгіні көтересіздер

  1. Арқауыл Қабанбайды көрген бетте оған қарай найзасын үйіріп құйындата жөнелді ( дұрыс)

  2. Қарақерей Қабанбай Жоңғар басқыншылармыен соғыс жоқ ( бұрыс)

  3. Қалмақттар жеңді ( бұрыс)

  4. Қазақ халқының ер жүрек батырлары: Жәнібек, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек батыр ( дұрыс)

  5. Арқауыл батыр қазақ халқыны батыры ( бұрыс)


hello_html_m1ef97bf6.jpgБекіту ( Қазақ батырларының бес қаруының артындағы сұрақтарға жуап беру)

  1. Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

  2. Қаракерей Қабанбай батырдың азан шақырып қойған аты кім?

  3. Қазақтың қандай белгілі батырларын білесің?

  4. Қабанбай батыр қалмақтың қай батырымен айқасты?

  5. Абылай ханның оң қолы, ақылшысы қай батыр болған?

Қорытынды:

- Сабақ сіздерге ұнады ма?

- Қай кезеңі ұнады?

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма. Әңгімені оқып, мазмұнын айту






Әдіскер:___________

Мұғалім:__________

Баға: __________



Автор
Дата добавления 23.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров152
Номер материала ДБ-095916
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх