Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:"Татулығы жарасқан ұлттар. Басқа мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы. ЭҚСН «Ұлтаралық сауда»" Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:"Татулығы жарасқан ұлттар. Басқа мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы. ЭҚСН «Ұлтаралық сауда»" Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Пән: Дүниетану

Мектеп: ЖББ №8 мектеп

Сынып: 4 «А»

Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Тәлімгер: Несіпбек Меруерт

Сабақтың тақырыбы: Татулығы жарасқан ұлттар. Басқа мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы. ЭҚСН «Ұлтаралық сауда»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:  Ұлттар достығы, бір мемлекетте әртүрлі ұлт өкілдерінің бар екенін, олардың бір - бірімен тату, бейбіт сүріп жатқанын түсіндіру. Өзге ұлт өкілдерінің республикамызға келуі жайлы тарихымен таныстыру, мағлұмат беру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бейнелі ойлауын, ой-өрісін, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: : Тату, дос, болуға тәрбиелеу.Тиянақтылыққа,  ұжымшылдыққа, ауызбіршілікке, адал дос  бола білуге баулу, этикалық, эстетикалық тәрбие беру;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба, ойын.

Сабақтың барысы


I. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «дүниетану» пәнінен сабақ беремін. Менің аты- жөнім Несіпбек Меруерт Ерлатқызы. Көңіл-күйіміз қалай? Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

Психологиялық дайындық:

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі болады.

-Қазір мен сіздерге әр түрлі халықтың амандасу рәсімдерін айтамын, сіз соны қайталайсыздар.Барлығымыз бір – бірімізге қарап тұрайық. Мысалы,Тибет елдері амандасуқанда бір – біріне тілдерін шығарады екен, ал жапон халқы бір - бірін көрген кезде иіледі,ал Қытай халқы амандасқанда қолдарын бүгіп, төмен қарай иіледі,Жаңа Зеландияда адамдар бір-бірін көрген кезде мұрындарымен үйкелеседі.


II. Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге не берілді? (Егеменді еркін ел. Таяу және алыс шетелдері)

«Ыстық орындық» әдісі

1.    ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қашан жариялады?
2.    Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?

3. Біздің мемлекеттің басшысы кім?
4. Президент нені басқарады?

5.ҚР Мемлекеттік рәміздерін ата.

6.Әр қайсына сипаттама бер.

7.Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл?

8.Тәуелсіздігіміздің баянды болуына кімдер атсалысуда?

9.Тәуелсіздікті сақтап қалу жолында не істер едіңдер?


III.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру

-Балалар біз қандай елде тұрамыз?
-Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?

IV.Жаңа тақырып





Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді қиғаш қойып, денемізді тік ұстаймыз. Қатесіз, асықпай жазамыз.

-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?

-Түрлі ұлт өкілдерінің татулығы не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.
Біз Қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз
Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады.
Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта,ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.

- Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдері қалай келді деп ойлайсыңдар?

Қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында небір қиын - қыстау кезеңдерді басынан өткерді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және игеру жылдары Қазақстанға қаншама ұлт өкілдері қоныс аударды. Халықтың құрамы күрт өзгерді. Ұжымдастыру жылдары қуғынға ұшыраған қазақтар шет елдерге қоныс аударып, сонда мекен етіп қалды. Ал керісінше индустрияландыру, тың игеру жылдары келген басқа ұлт өкілдері үшін Қазақстан екінші Отанына айналды. 1937 жылы екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қиыр Шығыстан 96 мың кәріс отбасымен көшіріліп әкелінді. 1940 - 1941 жылдары батыс шекарадан 105 мың поляк Қазақстанға күшпен жер аударылды. Ұлы Отан соғысы басталысымен Еділ өзені бойын мекендейтін 1 миллионнан аса неміс шығысқа көшірілді. Олардың 400 мыңы Қазақ даласына келді. 1943 - 1944 жылдары мыңдаған қалмақтар, қарашай, қырым, қырым татарлары, балкарлар, чешендер, ингуштар біздің елге жер аударылды. Соғыс кезінде 2, 5 миллиондай басқа ұлт өкілдері Қазақстанға қоныстанды. Тың игеру жылдары 2 миллиондай басқа ұлт өкілдері тағы көшіріліп әкелінді. Қазақстан Республикасының Ата Заңында дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан, Қазақстанды мекен ететін барлық ұлттардың тең екендігі жазылған. Қазір елімізде көптеген ұлттық және жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Оларда балалар ана тілін үйренеді. Түрлі ұлт тілдерінде газеттер шығып тұрады, театрлар жұмыс істейді. Қаншама түрлі ұлт тұрса да мемлекеттік тіл қазақ тілі болып қала береді.

Сұрақтар:

Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдері қалай келген екен?

Ұлы Отан соғысы туралы, тың игеру жылдары жайлы не білеміз?

Ашаршылыққа ұшыраған жылдарына кімдер кінәлі деп ойлайсың?

Сергіту сәті

Әр халықтың билерін билеу

Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлт аралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.
1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт – дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір – түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.
Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.
Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.

Шығармашылық жұмыс.

Қазақстанның туын әлемге танытып жүрген өзге ұлт өкілдерінен кімдерді білесіңдер? Дәптерге жазу.

Дидактикалық ойын: «Қай ұлттікі?»
Ойын шарты: Көрсетілген әр ұлт өкілдерінің суреттерінің бас киімін, ұлттық тағамдарын тауып, бір шаңырақ астына орналастыру.



VI. Қорытынды

  • Бүгін қандай тақырып өттік?

  • Бүгінгі сабақтан не білдік?

  • Не үйрендік?

  • Сабақ ұнады ма?

VII. Бағалау:

  • Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға қолымдағы бейбітшіліктің символы – көгершін құсын таратамын. Сабақ аяқталды! Сау болыңдар!

VII. Үйге тапсырма:

Оқу, мазмұндау.





Әдіскер:____________

Мұғалім:___________

Баға:______________







Общая информация

Номер материала: ДБ-092650


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс повышения квалификации «Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»