Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДүниетану пәнінен сабақ жоспары:Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа және бұлшықет.

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа және бұлшықет. Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Скачать материал

Пән: Дүниетану

Сынып: 3 «Б»

Әдіскер: Сүлейменова С.Ы.

Тәлімгер: Балтабаева А.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа және бұлшықет.

Сабақтың мақсаты:

1.                  Білімділік:  Тірек- қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы түсінік қалыптастыру, бұлшық етті нығайтудағы еңбек пен дене шынықтырудың маңызын түсіндіру.

2.                   Дамытушылық: Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету.

3.                   Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу (гигиена, дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану), санитарлық –гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, баяндау, тірек сызба

Сабақтың көрнекілігі: Адамның қаңқасы мен бұлшық еттердің суреті, тақырып бойынша үлестірмелі таратпа материалдар,

 

Сабақтың барысы

 

I.         Ұйымдастыру кезеңі:

-           Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар.

Психологиялық дайындық:

-          Әрбір адам –

Туысым, досым, жамағат

-          Әрбір сабақ –

Үйрену, ұғу, ұлағат

-          Әрбір сөзім –

Шындық, бірлік, адамдық.

 

II. Үй тапсырмасын тексеру

- Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау үшін төменде берілген ребустарды топпен шешіңдер.

Топпен жұмыс.
1-топ: ребустың шешуі: қаңқа
2-топ: ребустың шешуі: тірек
3- топ: ребустың шешуі: бұлшық ет
Негізгі сөздер тақтаға жазылады: Қаңқа, тірек, бұлшық ет.


III. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру.

- Балалар, бұл сөздер өзара қалай байланысады?
- Берілген негізгі сөздерді пайдалана отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап көріңдер (оқушылардың жауаптары тыңдалады).
- Ондай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тірек қимыл жүйесі. Қаңқа және бұлшық ет»

IV.Жаңа тақырып

«Миға шабуыл» стратегиясы

-       «Қозғалыс – тіршілік » дегенді қалай түсінесіңдер?

-       Тұрақты жаттығу мен дене шынықтырудың бұлшық ет пен қаңқаны дамытуға пайдасы қандай?

 

 



        Қаңқа                                                                                                       Бұлшық ет

http://vseprezentacii.com/wp-content/uploads/2013/07/2013-06-26_162432.jpg-  Қаңқа – адам денесінің негізі және тірегі. Ол ішкі мүшелерді зақымданудан қорғайды. Қаңқа сүйектерден тұрады. Сүйектердің жалпы саны бірдей  болмағандықтан, ересек адамда 206 шамасында пішіні мен көлемі әртүрлі сүйектер болады. Олар: Бас, мойын, кеуде, қол, және аяқ сүйектері. Бас мықты сүйектен тұрады. Оның астында ми орналасқандықтан, оны зақымданудан қорғайды.

Дене қаңқасы – омыртқа жотасы, төс сүйегі, қол және аяқ сүйектерінен тұрады. Омыртқа жтасы 33-34 омыртқа бар. Олар бір-бірімен шеміршек арқ. байланысады. Сүйектердің бір-бірімен байланысқан жерін – буын деп атаймыз. Ол еркін бүгуге, жазуға, түрлі қозғалыстар жасауға мүмкіндік береді. Біздің денемізде 100- ге жуық буын бар.

Сүйектер де, буындарда өздігінен қозғала алмайды. Оларды бұлшық ет қозғалысқа келтіреді.Адам денесінде 600-ден астам бұлшық ет бар. Олардың әр қайсысы әртүрлі қозғалысты орындауға  қатысады. Б.е. жиырылады және босаңсиды.Дененің қаңқалық және бұлшықеттік жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты.

                                                     Сергіту сәті


Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып,

Бойымызды созайық!

 

Оңға-оңға түзу тұр,

Солға солға түзу тұр.

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап,

Бір шынығып алайық!




2. Дәптермен жұмыс.
1. Қаңқа сүйектері мен бұлшық ет атауларын есіңе түсір және жаз.(суретпен жұмыс)

3. Зертханалық жұмыс

1.             Қолыңды шынтақ буынынан бүк. Қолыңның бұлшық етінің үстіңгі жағына қара. Не байқадың? Бұлшық ет тығыздалып жиырылды ма әлде жұмсарып босаңсыды ма?

2.             Қолыңды төмен түсір. Бұлшық ет қалай өзгерді?

3.             Өз денеңнің қаңқа бөліктерін ұстап, сүйектерді атап көр.

 

 

4.             Пікірталас ұйымдастыру.
-  Балалар, сүйексіз адамдар өмір сүре алар ма еді?
-  Сүйексіз дене қандай болар еді?
-  Адам денесінің қимыл-қозғалысы үшін тек қаңқа мен бұлшық ет қажет пе? Қалай ойлайсың?
-  Сүйектер бір-бірімен қалай жалғасады және бұлшық ет сүйектерге қалай бекітілгенін кім түсіндіріп бере алады? (Сүйектер бір-бірімен буын арқылы жалғасады. Бұлшық ет сүйектерге сіңірмен бекітіледі)

5. Ойын:  Адам қаңқасындың артында жасырылған сұрақтарға жауап беру.

- «Қаңқа мен бұлшық ет өзара қалай байланысты?»
- Бас, кеуде, қол және аяғыңды ұстап көр. Не байқадың? Тері астынан не сездің? (Тері астында сүйек және бұлшық ет бар.)
- Қаңқаның қызметі қандай? (Адам денесінің тірегі, іш ағзаларды зақымданудан қорғайды?)
- Сүйектердің жалпы саны қанша? (Ересек адамда 206—дай пішіні мен көлемі әртүрлі сүйек болады.)
- Қаңқа қандай негізгі сүйектерден тұрады? (Бас сүйек, кеуде қуысы, омыртқа жотасы, төс және аяқ-қол сүйектерінен)
- Ойланыңдар! Бас сүйектің маңызы қандай?

• Бас сүйек миды зақымданудан сақтайды.
• Кеуде сүйегі жүрек пен және бауырды зақымданудан сақтайды
• Қол сүйектері (иық белдеу) қол мен дененің қозғалмалы жәнк берік байланысуын қамтамасыз етеді.
• Аяқ сүйектері (жамбас белдеулері) аяқтың қозғалмалылығы мен беріктігін қамтамасыз етеді.

6. Карточкалармен  жұмыс
1. Қаңқа денесінің тірегі және ...................   (ішкі ағзаларды) қорғайды. 
2. Бұлшық ет .......................     (сүйектерге) бекінген.
3. Қаңқа мен бұлшық ет бірлесіп ................    (тірек – қимыл) жүйесін құрайды.

V.  Білімді бекіту
«Атауы бойынша тап!» ойыны. Мұғалім адам сүйектерінің аттарын атайды. Оқушылар өз денесінен сол сүйектерді көрсету қажет. (Бас сүйек, кол сүйегі, мойын сүйегі, кеуде сүйегі,қол сүйегі, жақ сүйек)

Жұмбақ шешу:

Бірі үлкен,бірі кіші,
Туысқан бірге бес кісі.
                                     /Бес саусақ/.

Бесеуі қашып бара жатыр,
Бұлдырық қуып бара жатыр.
                                     /Бақай, өкше/.

Сырты орман,
Алды жазық, құрлықты,
Араласаң,
Табасың жеті құдықты.
                                       /Бас/

 

VI.  Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау.

VII.  Үйге тапсырма: Тірек-қимыл жүйесі туралы оқу, мазмұндау


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа және бұлшықет."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 849 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2016 2485
    • DOCX 88.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балтабаева Адема Азизовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балтабаева Адема Азизовна
    Балтабаева Адема Азизовна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29370
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 39 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 31 региона

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона