Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Дүниетану пәнінен сабақ әзірлемесі "Казақстан облыстары" 4 сынып

Дүниетану пәнінен сабақ әзірлемесі "Казақстан облыстары" 4 сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Павлодар қаласындағы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып

мұғалімі Бектасова Алма Жумабаевна

Пән: Дүниетану Сынып: 4 «Ғ»

Тақырып: «Қазақстан облыстары»

Мақсаты: Қазақстан облыстары туралы түсініктерін қалыптастыру;

Міндеттері:

1. Қазақстанның әкімшілік-саяси картасымен таныстыру. Еліміздің басты қалалары жайлы түсіндіру.

2. Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың талдап, қорытынды жасау дағдыларын дамыту, есте сақтау, зейіндерін жетілдіру;

3. Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: орталықтарда жұмыс жасап өздігінен білім алу;

Технология: «Step by step» Сабақтың ұзақтығы 60 минут

Көрнекілік: Қазақстанның әкімшілік картасы, глобус, әртүрлі кітаптар «Сен білесің бе?, энциклопедиялар, кескін карта, маркерлер, гуашь, суреттер, Павлодар облысы туралы слайд (Интербелсенді тақта).

С

hello_html_m464bdf07.jpg

абақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу (Психологиялық дайындық)

Шеңбер болып тұрайық

Қолымыздан ұстайық

Сәттілік тілеп сабақта

Көңілді де болайық.

  1. Қызығушылығын ояту:

-Балалар назарларыңды тақтаға аударыңдаршы.

(Павлодар облысы туралы фото слайд-шоу және музыка)

-Балалар, бұл жерлер сендерге таныс па? (Оқуш. жауабы)

- Бұл қай жер? (Павлодар облысы)

-Павлодар облысы туралы не білесіңдер?

( Оқушылар білгендерің ортаға салады.)

-

hello_html_92c8155.jpg

Біздің облыс бойынша қандай атақты адамдарды білесіңдер?

-Облыс бойынша маңызды деректер қайда сақталады?

-Тағы қандай облыстарды білесіңдер?

-Сол облыстар туралы көбірек білгілерің келе ме?

-Барлық облыстарды не деп атаймыз?

(Қазақстан Республикасы)

-Ендеше бүгінгі сабақта қандай мақсат қояр едіңдер?

(Оқушылар алдарына сабақтың мақсатын қояды)


  1. Кіріспе

Мұғалім:(Глобустан Еуразия құрлығын көрсетеді)

-Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет.

(Қазақстан әкімшілік картасын көрсету)

Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикаларымен, шығысында Қытаймен шектеседі. Батысында Каспий теңізі орналасқан. (картадан көрсетеді)

hello_html_1eb20147.jpghello_html_m68f43fa8.jpg


ІІ. Мағынаны тану

-Бүгінгі сабақта біз орталықтарда жұмыс істейміз.

- Орталықтарда жұмыс істегенде біз қандай ережелерді жадыңда сақтаймыз?

Прямоугольник 5

  • Топпен жұмыс істегенде сыныпта шу болдырмау үшін керегінше қатты сөйлеу, бірақ айғалау болмайды.

  • Балалардың арасындағы қашықтық “тізеге тізе тигізердей” болу керек.

  • Үштік тәртібі: “Үшеуден сұра, сосын менен” (ең алдымен топтағы жолдастарыңмен ақылдас, содан кейін мұғалімнен)

-Әр отырған топтың спикерлері келіп билет таңдап алады.

Таңдалған билетте (5 облыс) арнайы бір облыс бойынша орталықтарда мәліметтер жинау.

Оқушылар әр орталықта 7 минут жұмыс жасайды, уақыт өткен сайын қоңырау соғылып топпен басқа орталыққа барады.

Оқушылардың маршруттық парағы кітапша ретінде берілген.

«Дүниетану» орталығы

  1. Оқулықтағы мәтінді түсініп оқу.

  2. Текшені лақтыру арқылы картамен жүріп мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. (Қазақстан Республикасына саяхат картасын пайдалану)

(Текшені лақтырған кезде, қай сан шығады, сонша қадам жасап, картада белгіленген жолмен, жылжып отырады)

(Картада белгіленген сандар бойынша сұраққа жылдам жауап береді)

(Спикерлер тексеріп, бақылап отырады)

(Оқушылар әр орталықтан кейін көңіл-күйлерін белгілеп отырады)


Қосымша № 1

Қазақстан Республикасына саяхат

  1. Қазақстан Республикасын қай құрлықта орналасқан?

  2. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?

  3. Маңғыстау облысының басты қаласы?

  4. Біздің Отанымыздың елордасы?

  5. Қазақстан Республикасының екі маңызды қаласын ата

  6. Қаспий теңізі қайда орналасқан?

  7. Суда мұңайды немен тасиды?

  8. Облыстар белгіленген карта қалай аталады?

  9. Батыс Қазақстанның басты қаласы?

  10. Солтүстік Қазақстанның көрші мемлекетті ата

  11. Ежелгі тарихы ескерткіштерге бай бұл қай облыс?

  12. Қай көлдің бір бөлігі тұщы, екіншісі ащы?

  13. Ең терең көлді ата?

  14. Ақ күріштің өлкесін ата?

  15. Қызылқұм шөлі қай жерде орналасқан?

  16. Ұлы Жібек жолы қай аумақпен өткен?

  17. Тұнғыш ғарышкерді ата?

  18. Қазақстандық тұнғыш ғарышкерлерді ата?

  19. Байқоңыр ғарыш айлағы қайда орналасқан?

  20. Таскөмірдің ірі кен орындары қайда орналасқан?

  21. Оңтүстік Қазақстанның ірі қалаларын ата?

  22. Мақта өсіру шаруашылығы қайда дамыған?

  23. Ең ұзын өзенді ата?

  24. Сен қай облыста тұрасын?

  25. Шымбұлақ тауы қайда орналасқан?

  26. Қай облыс Каспий теңізінің жағалауында орналасқан?

  27. Зайсан қайда орналасқан?

  28. Біздің жерлес атақты геолог, ғалымды ата?

  29. Кызыл кітап деген не?

  30. Ақтөбе облысы қайда орналасқан?

  31. Орталық Қазақстанның ең ірі қаласын ата?

  32. Қазақстан Республикасының көрші мемлекеттерін ата?

  33. Қай облыс мұнай мен газ қорына бай?

  34. Павлодар облысының қалаларын ата?

  35. Арал теңізі қай облыста орналасқан?

  36. Қазақстанның қай облыстары астықты алқапқа бай?

  37. Айша бибі мен Бабаша әже кесенелері қай облыста орналасқан?

  38. Әл-Фарабидің өмірі қай облыспен байланысты?

  39. Қазақстанда мұхит бар ма?



hello_html_m15501801.jpg



Дұрыс жауабы:

  1. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығында орналасқан.

  2. ҚР 14 облыс бар.

  3. Маңғыстау облысының басты қаласы – Ақтау

  4. ҚР елордасы Астана қаласы

  5. Астана мен Алматы қалалары ерекше мәртебеге ие.

  6. Каспий теңізі Батыс Қазақстанда орналасқан.

  7. Суда мұнайды танкерлер мен траулерлермен тасиды.

  8. Облыстар белгіленген карта әкімшілік карта деп аталады.

  9. Батыс Қазақстанның басты қаласы – Орал.

  10. Ресей Федерациясы

  11. Оңтүстік облысы

  12. Балқаш көлінің бір жағы тұщы, екіншісі ащы.

  13. Балқаш көлі

  14. Қызылорда облысы

  15. Қызылқұм шөлі Оңтүстік облысында орналасқан.

  16. Ұлы Жібек жолы Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы өткен.

  17. Юрий Гагарин.

  18. Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.

  19. Байқоңыр ғарыш айлағы Қызылорда облысында орналасқан.

  20. Қарағанды, Павлодар. Екібастұз.

  21. Алматы, Тараз, Шымкент,Талдықорған т.б.

  22. Оңтүстік облысында

  23. Ертіс өзені

  24. Солтүстік Қазақстан Павлодар облысында

  25. Алматы облысында

  26. Батыс Қазақстан облысы

  27. Шығыс Қазақстан облысында

  28. Қаныш Сәтпаев

  29. Кызыл кітапқа құрып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер енгізіліп заңмен қорғалады.

  30. Батыс Қазақстан облысында

  31. Қарағанды қаласы

  32. Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекістан,Түркменістан

  33. Батыс Қазақстан облысы

  34. Екібастұз. Ақсу.

  35. Қызылорда облысы

  36. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары

  37. Оңтүстік Қазақстан облысы

  38. Оңтүстік Қазақстан облысы

  39. Жоқ






















«Ғылыми-ізденіс» орталығы

  1. Картамен таныс.

  2. Кескін картаға: облыстың шекарасын белгілеп, қалаларын жазып, пайдалы қазбаларын белгілеу.

К

hello_html_m2401376.jpg

ітапшаңа білгеніңді жазып отыр.

hello_html_m72741911.jpg

hello_html_m454f8ce5.jpg


«Онер» орталығы

  1. Өз облыс бойынша суреттегі маңызды жерлерін, ерекшелігін белгілеу.

  2. Әдістің түрін таңдау. Есте сақтап, суретті әңгімелеуге дайындал!

Әдістің түрлері: 1) гратография әдісі қарындашпен салынған суретті

май шаммен үстінен басып шық, кейін қара гуашпен үстінен боя;

2) Қаламмен сызылған суретті, гуашпен бояп, А3 қағазына бастыр

(Білген мәліметтерді өз кітапшаңа тіркеп отыр!)




«Математика» орталығы

  1. Пайдалы мәліметтер бойынша есептер шығар.

  2. Бір-бірін тексер. Мәліметтерді есте сақта!


Қосымша № 2 «МАТЕМАТИКА» ОРТАЛЫҒЫНА ҚОШ КЕЛДІҢДЕР!

Есепті мұқият оқып, мәліметтерді есіңе сақта немесе жазып ал!

1

Қазақстан Республикасы бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы шекарасының ұзындығы шамамен 12 200км, оның ішінде батыстағы Каспий теңізіндегішекара да кіреді. Қазақстанның теңіздегі шекарасының ұзындығын анықта.

2

А) Қарағанды облысының ауданы 428 000 км2, Қостанай облысының ауданы 196 000км2, ал Шығыс Қазақстан облысының ауданы 283 300 км2.Үш облыстың жалпы ауданы нешеге тең?

Ә) Алматы облысының халқының саны 1 589 200 адам, Павлодар облысының халқының саны 801 000 адам құрайды. Алматы облысының халқының саны нешеге артық?

3

Ертіс Қазақстандағы ең ұзын өзен. Оның мемлекет ішіндегі ұзындығы 1 700 км, ал жалпы ұзындығы 4 248 км. Қазақстаннан тыс жердегі ұзындығы, Қазақстан аумағы бойынша ұзындығынан қанша арты


«Сен білесің бе?» орталығы

  1. Энциклопедиямен танысып, өз облыс бойынша керекті мәліметтерді жинақтау.

  2. Облыстағы қорықтар, жануарлар туралы білесің бе?(Қызыл кітап туралы не біселің? Қара кітап туралы ше?


hello_html_10a89693.jpg

hello_html_m2cc33867.jpg

hello_html_m2650d53a.jpg










ІІІ. Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

  • Әр топ өз облыстарын қорғайды.

  • Сендерге қай орталық өте ұнады?

  • Несімен? Жалпы сабақ ұнады ма?

  • Ендеше өз біліміңді тест арқылы тексеріп көр

  • Тест тапсырмасының кілтімен жауабын тексеру;

  • Бағалау

Қосымша №3 Біліміңді тексер:

  1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар екенін көрсет.

А) 16 Ә) 14 Б) 10

  1. Отанымыздың екі маңызды қаланы белгіле.

А)Қарағанды, Павлодар; Ә) Семей, Өскемен; Б) Астана,Алматы;

  1. Павлодар облысының әкімі:

А) Қ.Нұрпеисов; Ә) Б.Сағынтаев; Б) Е.Арын;

  1. Қай облыс Ресей Федерациясымен шектеседі екенін көрсет.

А)Орталық Қазақстан; Ә) Оңтүстік Қазақстан; Б) Солтүстік Қазақстан;

  1. Қай облыста Каспий теңізі орналасқанын көрсет.

А) Солтүстік Қазақстан; Ә) Шығыс Қазақстан; Б) Батыс Қазақстан;

  1. Байқоңыр ғарыш айлағы қандай облыста орналасқанын белгіле.

А) Алматы облысында; Ә) Қарағанды облысында; Б) Қызылорда облысында;

  1. Шымбұлақ тауы орналасқан жерін көрсет.

А) Жамбыл облысында; Ә) Алматы облысында; Б) Павлодар облысында;

ІV. Бағалау. Спикерлерге сөз беріледі

V. Үй тапсырмасын беру: ұнаған облыс бойынша маңызды мәліметтер туралы әңгімелеу.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Конспект урока по окружающему миру на казахском языке. По теме "Области Казахстана" 4 класс. Используя технология "Шаг за шагом" работа в центрах. На уроке используется интерактивная доска, энциклопедии, карта, контурные карты. Ученики работают по маршрутному листу. 4 центра активности в каждом центре по 7 минут. 1 центр Окружающий мир дети работают по учебнику; 2 центр -Научно-исследовательский : работа по карте; 3 центр Искусство - рисунок описание богатсво области; 4 центр Математики.

Автор
Дата добавления 23.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров514
Номер материала 251821
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх