Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Дүниетану пәнінен 4 сыныпқа арналған "Дала өсімдіктері мен жануарлары" тақырыбында ашық сабақ

Дүниетану пәнінен 4 сыныпқа арналған "Дала өсімдіктері мен жануарлары" тақырыбында ашық сабақ

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Дүниетану 4 – сынып Мұғалімі: Алдабергенова Қарлығаш

Тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары

Мақсаты: Оқушыларға дала және оның ерекшеліктері туралы білім бере отырып, далада тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі жайлы мағлұмат беру.

Міндеттері:

           А) Білімділік:Дала зонасының табиғаты жайлы ұғым қалыптастыру(географиялық орны, өсімдіктері мен жануарлар әлемі)

         Б) Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауды жетілдіру барысында таным белсенділігін арттыру.        . В)Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: слайд , дала өсімдіктері мен жануарлары энциклопедиясы.
Техникалық құралдар: проектр, экран,компьютер, маркер, оқулық,Қазақстанның физикалық картасы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап,іздену, топпен, жұппен жұмыс. Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Сабаққа назарларын аудару.
Күтілетін нәтиже: дала өсімдіктері мен жануарларының ерекшелігін , топтасып жұмыс істеуге икемделеді, өзін және өзгені бағалай білуге үйренеді

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

2мин

 

 

 

 

 

 

 Қызығушылығын ояту

 

6мин

 

 

 

 









Жаңа тақырыппен жұмыс

 

2мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 





15мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 











































Бекіту

15мин



















































Рефлексия

4мин

























1мин

1.Өзімізге жақсы көңіл – күй сыйлайық. Парталарыңда «шаттық» гүлі жатыр. Бұл жай гүл емес, құпиялы гүл. Қолдарыңа алып аударып көріңдер, қандай құпиясы бар екен. Оның сыры біз бір – бірімізді қалай қолдайтынымыз туралы екен.

-Кімде жымию тұрса бір – бірлеріңе жымиыңдар.

- Кімде жүректің суретідосыңды құшақта.

-Ал, кімде күннің суретіолар жанға жайлы сөздер айтыңдар.

Рахмет! Тамаша! Ендеше көтеріңкі көңілмен сабақта жұмыс жасайық.

-Бүгін біз тамаша және таңғажайып кереғар, қарама – қарсы жері бар ел туралы аңыз айтамыз.Қазақстанның пайда болуы туралы керемет аңыз бар.Соны тыңдаңдар « мұғалімнің әңгімесі)

- Бұл аңызға сенбеске болмайды, себебі: аптпаты тақыр қуаң даласы, құмды шөл даласы,көз тартар асқар таулары және әсем табиғаты бар орманы, арқырап аққан өзені, аспанмен астасқан көлдері бар, қызғалдақты ұшы қиыры жоқ, теңіздей толқыған кең даласы бар.

2.Тірек білімдерін жаңа сабаққа өтуге пайдалану.

-Табиғат қандай болады?

- Тірі табиғаттың белгілерін атаңдаршы?.

-Табиғи бірлестік дегеніміз не?. Дәлелдеңдерші.

- Өсімдіктердің тіршілік етуіне не қажет?

- Ал, жануарларға ше?

- Бізде әр өлкенің ауа райы әртүрлі. Сондықтан жануарлар мен өсімдіктер өзі мекендейтін жердің табиғи жағдайларына бейімделеді.

Бүгінгі сабақты жүргізуге географтар, биологтар, зоологтар және экологтар көмектеседі.

  • Керме иық далам, келем көсіліп, Аяғым асты көк шалғын. Төсіңнен текті өлең көшіріп, Батыр бабамды еске алдым. Көгімде менің қалықтап ұшқан, Кереге қанат – қыран құс. Шетінен – Шешен, Алып, Данышпан, Бабаларыма мың алғыс! Бозарып атқан бозала таңнан, Бозторғай үнін естимін. Ұлдары – ұлт Қазақ атанған, Еңісте тұрған ескі үйдің. Керілген керім кербез даламда, Көлім де есен тау аман. Жусанын желпіп жел қозғағанда, Жұпар аңқиды ауадан. Қ. Сарин


3. Сабақтың тақырыбын анықтап, мақсат қою.

Көздеріңді жұмып, елестетіңдерші: қайда қарасаңдар да кең дала, көк аспанда шаңқиған күні,ыстық жел еседі, айналаңда бір де бір ағаш жоқ, айналаңда теңіздей толқыған сағым ғана.

 - Қалай ойлайыңдар, біз қандай табиғат зонасы жайлы оқып білгелі отырмыз?

  • Дұрыс айтасыңдар, «Дала өсімдіктері мен жануарлары»

  • Слайд 1

 - Біз не туралы оқып білеміз? Жаңа материалды меңгеру үшін біз қандай қасиеттерімізді жетілдіруіміз керек? (қызығушылығымызды,шығармашылығымызды т.б)

4.Жаңа тақырыпты меңгеру

  А)Дала зонасынКазахстан картасынан қараңдар .

(карта бойынша топтық жұмыс)

- Картада дала қандай түспен боялған?

- Дала зонасы қай жерде орналасқан? (орманнан оңтүстікке қарай)

- юасқа зоналарға қарағанда ол қандай көлемді алып жатыр?

 Географтардың жауабы

Дала – ормансыз жазық алқап. Қазақстанның солтүстік бөлігін негізінен далалы аймақ құрайды. Далалы аймақ 7 облыс жерін алып жатыр, яғни Қазақстан жерінің 30% - ға жуығы.
Картамен жұмыс.
Олар: Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Астана, ҚарағандыДалалы аймақтың ауа- райы туралы мағлұмат.
 
Далалы аймақ үшін ауа рай қатаң, қысы суық, ұзақ, аяз, қардың қалыңдығы 20см болып, 140-160 күн жатады.
 
Жазы керісінше ыстық, құрғақ болады. 


  • Дұрыс,қазіргі кездегі жіктеу бойынша далалы аймақты 3 аймақ астына бөледі:
    1) топырақтың түріне қарай
    2) климаттық құрғақтығына
    3) өсімдіктердің түріне қарай.
    Далалы аймағында Наурызым және Қорғалжын қорықтары бар, олар Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтауда үлкен рөл атқарады.
     
    Даланың бірнеше түрі бар:

    Шалғынды дала
    , Қуаң дала, Егістік

  • Қуаң дала – жылудың көбеюімен, жауын – шашынның азаюымен ерекшеленеді. 
    Қуаң даланың көрікті кезі – көктем. Топырағы көктемгі қар суымен ылғалданып, шөбі көк – майса болып, көз тартады.
     


5.Дала өсімдіктерінің алуан түрлілігі

Слайд 2

- Қай жерде күн жылырақ деп ойлайсыңдар? Неге?

(Ботаниктардың жұмысы)

(Жусан мен ақ селеу туралы мәлімет)

Қаражусан – жусан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады.
Көкпек – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Көкпекті далалы жерлерде ел отынға пайдаланады, күзде түйе жейді.
Теріскен – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Аласа бұта көкпек пен теріскен көп өседі. Бұлардың барлығының ботаникадағы ғылыми аты – алабота тұқымдастар.
 
Боз бетеге - көп жылдық өсімдік. Жақсы мал азығы. Қазақстанда 20 түрі өседі. Жаңбырлы жылдарда оны екі рет оруға болады.
Жусан – жусан көрмеген, жусан иісін иіскемеген, жусан жеген малдың сүтін ішпеген бала кемде- кем болар. Өйткені жерімізде жусан көп, оның Қазақстанда 81 түрі бар. Жусан – көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның құрамында қоректік заттар мол, эфир майы бар. Әсіресе қой, ешкінің жақсы азығы.
 
Қазжуа – лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанның далалы аймақтарында 37 түрі бар. Қазжуаның қайнатыныдысы сары ауру мен демікпеге қарсы ішеді.
Ботакөз – екі және көп жылдық өсімдік. Қазақстанда 12 түрі бар. Ботакөздер – хош иісті, әдемі гүлді әсемдік өсімдіктер.
Мыңжапырақ – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Мыңжапырақ – дәрілік өсімдік.

6.Дала жануарларының ортаға бейімделуі.

  Слайд 3.

- Жаздың аптапты ыстық күндерінде сырттай қарағанда даладан ешбір тіршілік нышанын байқай алмайсың. Өсімдіктердің өзі сарғыш қоңыр тартып, шөліркегеннен қурап, бітуге жақын. Дегенмен зер салып қараған адам осы жерлерді мекендейтін жануарлардың өздерін көре алмағанымен, олардың тіршілік әрекетінің толып жатқан белгілерін бірден байқайды.

- Дала құстары ұяларын жерге салады. Неге?

  Зоологтардың мәліметтері: (Бозторғай мен бүркіт туралы)

Қосаяқ – сүтқоректілер класы кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы. Қазақстанда 9 туыстың 16 түрі мекендейді. Көптеген түрлері бірқатар індеттерді, оба ауруларын таратады.
Саршұнақ – Қазақстанда 6 түрі бар. Астық тұқымдарымен қоректенеді, Қазақстанда жылына 2млн – ға жуық саршұнақ терісі дайындалады

Бозторғай – жыл құсы. Торғайлар тобына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жылына екі рет жұмыртқалайды. 
Бүркіт – қырандар туысына жататын ірі жыртқыш құс. Бүркітті қолға үйретіп, баптап, саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері.
Дала суыры – Қазақстандағы суыр туысының 4 түрінің бірі. Суырлар 20жылға дейін өмір сүреді. Бұлардың жауы - қасқыр, түлкі және бүркіт. Бірақ бұларға үлкен қауіп адамнан туады, себебі оның майы және терісі үшін көптеп аулайды.
 
Борсық - жыртқыш аң. Терісі мен майы үшін ауланады. Борсықтың май витаминге бай. Сондықтан халық медицинасында оны буын ауруларына, туберкулез және іріңді жараны емдеуге қолданады.
 
Дала тасбақасы – қазіргі кезде көбіне орта азиялық тасбақа деп атайды. Қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап тығылатын сүйекті сауыты болады, ол төрт аяқты жыртқыштардан берік қорғайд

7. Сергіту сәті

8.Бекіту

-Белгілері бойынша табиғат зоналарын анықтаңдар:

- Айнала тақыр, күн ерекше ыстық, суға тапшы, ауасы, топырағы құрғақ (шөл дала)

 -Өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол. Жануарлар да өздеріне мол азық, ыңғайлы баспана табады (орман).

- Ормансыз жазық алқап, жаздың ортасына қарай күн қатты ысып, айнала сарғыш қоңыр түске енеді. (дала)

Қызықты сұрақтар: «Ия, Жоқ» ойыны

1.Дала зонасы орманнан оңтүстікке қарай орналасқан ба? Ия.

2.Дала – бұл суға тапшы, сазды тақыр, топырағы құрғақ болып келе ме?  Жоқ.

3.Дала құмды, сортаңды, сазды,тақыр және тастақты болып бөліне ме?  Жоқ.

4.Топырағы көктемгі қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып көз тарта ма? Ия.

5.кең тараған ағашы сексеуіл? Жоқ.

6.Қазжуа мен жауқазындар ұзын тамырлары арқасында тіршілік ете ме?  Жоқ.

7. Суды көп қажетсінбейтіндей дала өсімдіктерінің жапырақтары жіңішке келе ме? Ия.

8.Дала құстары әдетте ұяларын ағаш басына сала ма? Жоқ..

9.Дала жануарларының түстері қоршаған ортасына байланысты болуы қрғаныш реңі ме? Ия.


- Тамаша, бұл тапсырманы да орындадыңдар!

- Ал, енді экологтарды тыңдайық, олар не айтады екен.

7.Даланың экологиялық проблемалары:Жануарларды заңсыз аулау

Жерді шамадан тыс жырту.

Шөптің мал тұяғымен тапталуы

Өрт

 -Өздерің үшін жаңадан не білдіңдер?

-Сабақ кезінде қай тұсы ұнады?

-Нені жақсы меңгердіңдер?

-Әлі де нені білуің керек?

- Қызғлдақ- Қазақстанның шексіз далаларының ерекше белгісі. Біз де қызғалдақ пен «Табиғатты қорғайық!» сөзін сабағымыздың белгісі ретінде елестетіп, үнемі бізді табиғатты сүюге, қорғауға шақыратын болсын.

Кімде – кім өзін мақтағысы келсе, не үшін мақтайтынын жазып «Мен» деген плакатқа жапсырсын.

  • Ал кім өзінің тобын мақтағысы келсе, мақтау жазып «Менің тобым» деген плакатқа жапсырсын.hello_html_m27338236.jpg 9. Үйге тапсырма: Дала өсімдіктері мен жануарлары

Жануарлар атынан хат жазып келу.

Көңіл – күйлерін көтеру

 

 

 

 

 





 

 

 

 











Топтарға бөліну

географтар-жер көлемі, климаты
ботаниктар-өсімдіктер тіршілігі, түрлері
зоологтар-жануарлар әлемі
экологтар-табиғатты қорғау

Өлең оқылады

 















«Елестету







 

 

 

 

 

 

 

 Слайдпен, картамен, қосымша материалмен жұмыс





























Өсімдіктердің суреттері және қажетті материалдар 



 

 

 

 

 

 







Слайдпен, қосымша материалмен жұмыс

 

















Жануарлардың, құстардың суреттері









 

 

 



















 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Топтардың жауаптарын бағалау









































Стикерлерді толтырып плакатқа жапсырады.










Автор
Дата добавления 01.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров12
Номер материала ДБ-307224
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх