Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Дүниетану пәнінен тақырыбы "Отбасы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Дүниетану пәнінен тақырыбы "Отбасы"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Балқаш қаласы №5 орта мектеп

Асылханова Айгүл Айдарбекқызы



hello_html_m399f1fec.jpg



Пән: Дүниетану

4-сынып


Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам»


Сабақ мақсаты:

1. Отбасы - әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.


2. Ұл мен қыздар әке-шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.


3. Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.


Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық жүргізу

Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Интерактивтік тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.

Гүлдер, гүлдер көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Нәзік гүлдер әніміз

Жайнап өссін бауымыз

Гүлдер деген жыр-аңыз

Сол гүлдерден сұлулық

Тазалықты ұғамыз.


Жұмбақ жасыру

Тақырыбы: Отбасы мүшелері туралы болады.

Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты шешкен кезде, сары торкөзде кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады.

  1. Түсі нарттай,

Тілін тартпай,

Жолға шықса,

Қоймайды құртпай.


  1. Мемлекеттік рәміздің бірі.

  2. Еңбек құралы.

  3. Ең жақын адам.

  4. Уақыт өлшемі.

  5. Ырыс алды-


Кіріспе сөз

Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да отбасы, туыс туралы тақырыпта болды. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Отбасы- шағын қоғам» деп аталады. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасының басшысы болады. Басшы отбасының бүкіл шаруасын ұйымдастырады. Басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіреді.

Отбасының белгілі тұратын мекен- жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Барлығының ортақ ісі- отбасын дұрыс ұстап, әр мүшенің дамуына жағдай жасайды. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да бәріне ортақ. Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының ауқатты болуы қоғамға да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай жасайды. Отбасы туған-туыстармен қарым-қатынаста болады.Ата-ананың ақылымен қарым-қатынас түрлері реттеліп отырады. Қарым- қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып- сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерін үйлендіру. Адамның өз басының жұмысынан басқа да осындай қатынастарға үлес қосуы-адамгершілік парызы. Мұндай қатынастар арқылы ағайын, туған- туыс арасындағы адамның өз басының алатын орны айқындалады. Мейірімді болсаң сенен үнемі көмек сұрайды. Керек кезінде саған да көмек береді. Сөйтіп, отбасы шағын қоғамның жұмысын атқарады.

Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР-ның Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.


Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбектей оқу.

Түсінігін сұрау.

Дәптермен жұмыс.

Отбасы дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.

Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат-міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.


ҚР - ның Ата заңы 27-бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.


Ойын. Таңғажайып алаң

Таблода Тәрбие сөзі шығады

Ауызша тапсырма

  1. Отбасының қорғаны кім?

  2. Бір шаңырақ астында ... сөзін қалай түсінесің?

  3. Ұрлық түбі....

  4. Тәрбие..... басталады.

  5. Әділ істің.... арты игі.

  6. Ақырын жүріп ....

  7. Өш алғаннан гөрі..... жөн.

  8. Оқушының міндеттерін ата.

  9. Оқушының құқықтарын ата.


Қанатты сөздерге тоқталу

Отбасы- тәрбиенің басты ұясы.

Әке жолы – ұлына мақтаныш.

Ананың аялы алақаны-қызына сағыныш.


Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі.

Әбунасыр әл Фараби


Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н. Назарбаев





Ата-ананың балаға айтар тілегі


Оқушылардың жауабын тыңдау


Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі әсер етпек.


Қорытындылау

Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасына берілген ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.


Үйге тапсырма

«Алтын ұям» тақырыбына шығарма жазу.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-503606

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>