182324
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт ООО «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015

Скидка 0%

112 курсов профессиональной переподготовки от 3540 руб.

268 курсов повышения квалификации от 840 руб.

МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ

Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана 26 сентября 2017 г. Департаменотом образования города Москвы

Инфоурок Начальные классы КонспектыДүниетану пәнінен "Өзен және көл" тақырыбында сабақ әзірлемесі

Дүниетану пәнінен "Өзен және көл" тақырыбында сабақ әзірлемесі

библиотека
материалов

Пән: Дүниетану 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өзен және көл. Суды қорғау
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен таныстыру. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерін кеңейту, суды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.
2) Өзен, көлдер жайында танымын арттырып, шығармашылықпен айналысуға баулу.
3) Қазақстанның өзен, көлдерін білуге және олардың қандай пайдасы екендігін аша келе, табиғатты сүюге, суды қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, тірек сызбамен жұмыс, жұмбақ шешу, проблемалық жағдай туғызу, поэзиялық сәт
Сабақтың құрал - жабдықтары: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
а/ Психологиялық дайындық:

Әрбір адам - туысым,досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу,ұлағат.
Әрбір сөзің – шыңдық, бірлік, адамдық, 
Әрбір ісің – тілек, тірлік, адалдық.

-Бәріміз орнымызға жайғасамыз.

ә/ Ауа райын бақылап, жазып алу
ІІ. Өткен сабақты пысықтау: /тест жұмысы /
1. Жер асты суларының негізгі көзі:
а) Мұхит, теңіз сулары
ә) Жауын-шашын, қар суы
б) Минералды сулар
2. Судың қасиеті:
а) еріткіштігі
ә) тұщылығы
б) қатуы
3. Жаңа қасиетке ие болған жер астынан шығатын су - ... .
а)
Шипалы сулар
ә) Мұхит суы
б) Минералды сулар
4. Шипалы суды «__________» деп те атайды.
а) арасан ә) минералды б) жер асты суы
5. Салмағы 70 кг адамның денесіндегі су мөлшері
а) 45л ә) 50л б) 30л

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жұмбақ шешу:
Жазда сылдыр қағады,
Қыста тыным табады. (Өзен)
Еркелеп жатамын,
Қаңтарда қатамын. (Көл)

Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна. (Көл)
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

«Өзен және көл. Суды қорғау.» (слайд) Біздің мақсатымыз өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен танысу. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерімізді кеңейту, суды қорғаудың маңыздылығын түсіну. Өзен, көлдер жайында танымымызды арттыру.
Жаңа сабақты түсіндіру. Слайд арқылы.
1) Өзеннің бөліктерін слайдпен көрсетіп, түсінік беру.
Жылға. Бастауы. Арна. Саласы. Сағасы.(Дәптерге жаздыру)
2) Баяу ағатын өзендер: Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс.
3) Тау өзендері қатты ағады. Электр энергиясын өндіреді.
4) Көлдер. Көлдердің көлемі әр түрлі болады. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Ірі көлдерде теңіздегі сияқты үлкен кемелер жүзеді.
Көлдер тұщы немесе тұзды болуы мүмкін.
Қазақстанда тұзды көлдер:
Каспий, Арал, Балқаш - жартылай тұщы, жартылай тұзды.
Тұзды көлдерден тұз өндіріледі.
5) Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады. Оларды жасанды көл дейді.

Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ үйіп, бөгейді. Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.

1. Өркениеттің дамуындағы өзендердің рөлі: Қалалар, елді мекендер өзен жағасына салынады.
• Өнеркәсіп орындары да өзен маңына таяу салынады. Өйткені олар көп мөлшерде тұщы суды қажет етеді.
• Үлкен өзендер - аса маңызды қатынас жолы.
• Өзендерде ірі - ірі стансалар салынып, су күшінен электр қуаты өндіріледі.

2. Қазақстанның өзендері.
Олардың бастылары: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, Торғай, т. б.

3. Көл суының қасиеттері:
• Тіршілік үшін маңызы жөнінен көлдер де өзендерден кем түспейді. Олардың ішінде теңіз деп аталатын үлкендері де бар. Каспий - көлдердің ең үлкені.
• Көлдер ойысты жерлердің суға толуынан пайда болған. Көл суларының аумағы, тереңдігі, қасиеттері алуан түрлі. Көлдерге өзендер құйып, буланған суының орнын толтырып отырады. Тұйық емес көлдерден өзендер ағып шығады. Ағынсыз көлдің суы тұзды болып келеді. Каспий көлдердің ең үлкені. Ауданы 371 000 шаршы км.
• Арал теңізі бұрын аумағы жөнінен дүние жүзіндегі көлдердің арасында 3 - орын алатын. Бұл күнде оның суы азайып кетті.
Дүние жүзіндегі ең таза, ең терең көл - Байкал. Тереңдігі - 1637 м.


Физикалық картамен жұмыс
Қазақстанда кездесетін үлкен өзендер мен көлдерді көрсету

Топпен жұмыс:

І топ: Өзен мен көлді салыстыру: айырмашылығы және ұқсастығы.
ІІ топ: Су болмаса ... (пікір жазу).
ІІІ топ: Су болса ... (пікір жазу).

б) Оқулықпен жұмыс
Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту.


(Проблемалық жағдай туғызу)
20 - ғасырдың соңында жер тұрғындарының саны 6 милиардтан асты. Халық санының өсуіне орай жұмсалатын судың мөлшері де үнемі артып отырады. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге 2 - 3 литр су жұмсады. Ал ауыз су тапшылығы - әлемдік проблема. Соңғы зерттеулер бойынша адам организмінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Күніне әр адам 5 литр су ішуі керек екен.
Краннан 1 стакан су алу.
- Суды ішуге бола ма?
- Жоқ.
- Неге ішуге болмайды?
- Дәлелдеу керек. (Оқушылардың жауабы)

Медбикенің кеңесі:
Су құбырларын тат басады, тесіледі, сол жерлерден ластанған, уланған судың ішінде түрлі микробтар болады. Суды тазарту үшін қайнатса болады деген - қате пікір. Органикалық заттармен қосылған хлоры заттардың қайнатқаннан кейін улылығы одан әрі артады, канцерогенді заттары көбейеді.

Суды хлорлау кезінде бактериялары ғана өледі, ал лас органикалық заттармен қосылғанда диоксин пайда болады. Диокин - у.
Шет елдерде суды озондайды. Озон туберкулез таяқшасын, уақ саңырауқұлақтарды, вирустарды жояды.


Жер бетін үштен екісін су алып жатқанымен су жетіспейді.

(Проблемалық жағдай туғызу)
- Неге деп ойлайсыңдар? Оқушылардың ой - пікірлерін тыңдау.
Мұғалімнің әңгімесі.
Судың жетіспейтініне екі себебі бар:
1) 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суы, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді.
2) Адам суды табиғаттан таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады.
Су қоймаларын қорғау туралы Заң қабылданған:
Заң бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек. ХІ. Экологиялық ахуал.
Арал теңізі бұл күндері шөкімдей болып суалып, сортаңға айналып жатыр. Судың негізгі тіршілік көзі екенін ұққан ата - бабаларымыз суға үлкен мән берген. Сондықтан судың тазалығын сақтап, үнемдеп жұмсауымыз керек.

Проблемалық тақырып.
- Егер сен табиғатты қорғау министрі болсаң не істер едің?


Сергіту сәті


Топтық жұмыс: «Таза су» акциясын өткізу.
І топ. Суды үнемдеу ережелерін жазу.
ІІ топ. Суды қорғау ережелерін жазу
ІІІ топ. Ластанған судың зиянын жазу.

ІҮ топ. Су туралы мақал-мәтел жазу.


Поэзиялық сәт.
Біздің ақын - жазушыларымыз табиғаттың әсемдік, сұлулық, көркемдік байлығын өздерінің әңгімелерінде, өлеңдерінде жырлаған.
Бүгінгі тақырыбымызға тікелей байланысты Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін ұсынамын.
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап, тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген, оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады.
Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды.
Ел қыстап күн көреді жанабында,
Дәм болар алуан - алуан балығында..
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.

Ү. Қорытынды. –«Түртіп алу» әдісі
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?

Оқушылар сабақтан қандай әсер алғандары туралы смайликтердің астынан жапсырады.

ҮІ. Үй тапсырмасы: «Өзен және көл» тақырыбын түсініп оқу.

ҮІІ. Бағалау














































Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.