Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДүниетану пәнініен Ашық сабақ:"Өзендер мен көлдер".

Дүниетану пәнініен Ашық сабақ:"Өзендер мен көлдер".

Скачать материал

 

Бекітемін

Оқу ісінің орынбасары

Р.Төрехожаева

------------------

Тақырыбы:Өзендер мен көлдер.

Мақсаты: Білімділік: Қазақстанныңөзендері мен алаптары, өзен жүйелерінің ерекшелігі туралы білім беру; 

                   Дамытушылық:Сабақта өз ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдыландыру және ойлау қабілетін дамыту өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру; 

                   Тәрбиелік: экологиялық білім бере отырып, жас ұрпақты туған жеріміздің су ресурстарын ұқыпты пайдалануға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтыңәдісі:Түсіндіру, сұрақ жауап, өз бетімен жұмыс жасау, картамен жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,презентация, өзен суреттері.

Сабақтың жоспары:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Мақсат қою кезеңі.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

V .Жаңа материалды түсінгенін зерттеу кезеңі.

VI. Бекіту кезеңі.

VII. Рефлекция.

VIII .Үйге тапсырма беру кезеңі, бағалау.

 

III.Мақсат қою кезеңі.

1.«Гидросфера»

1. Гидросфера дегеніміз не?

2.Ішкі сулар туралы не білеміз? Олардың түрлерін атаңыз.

3.Өзен дегеніміз не? Құрлысын атаңыз.

2. «Ой қозғау» сатысы «Ең,ең…» сұрақ жауап

Ең суы мол өзен…

Ең ұзын өзен…

Ең терең көл

Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен…

Ең саласы көп өзен..

Ең ірі бөген…

 

 

IV.Жаңа сабақ: Қазақстанныңөзендері.

Сабақтың эпиграфы: Ы.Алтынсариннің «Өзен» тақпағымен бастау.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп шашыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рахат тауып басылады.

V.Жаңа сабақ жоспары

*Ішкі сулардың жалпы сипаты:

*өзен жүйелері және өзен алаптары:

*өзен жүйесінің ерекшеліктері:

*өзен суының шығыны және жылдық ағыны:

*өзендердіңқоректенуі мен режимі.

Су жер бетіндегі өте ғажап, маңызы зор минерал. Ол табиғатта үш күйде кездесетін бірден бір зат (сұйық, қатты, газ). Ішкі судың бірнеше түрлері бар: өзендер, көлдер, жер асты сулары,мұздықтар,бөгендер мен каналдар. Қазақстан аумағында ірілі ұсақты 85 мыңнан астам өзен бар. Оның 7 –ңұзындығы 1000 км-ден асады (Ертіс, Тобыл, Есіл,Орал, Сырдария,Іле, Шу).

Республиканың барлықөзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.

Солтүстік мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алапқа жататын өзендер: Еріс, Есіл, Тобыл салаларымен.

Ішкі тұйық көлдер : Каспий. Арал, Балқаш Алакөл.

Каспий: Жайық, жем, Сағыз, Ойыл.

Арал: Сырдария, Арыс саласы, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас

Балқаш -Алакөл: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан т.б.

Қазақстан өзендер жүйесінің ерекшелігі: 2 ерекшелігі бар:

1-ші :өзендердің жасы әртүрлі:

а) Жазықөзендер ескі, себебі өзен аңғарлары кең, тереңдік эрозиясы баяу, ал бүйірлік эрозия күшті болып келеді.

ә)Таулы аймақөзендері жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Олардың бойлыққимасы тік, құламалы келеді,яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу.

2-ші: өзендердіңәркелкі таралуы. Жазықтарда өзен жүйесінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын- жашын мол түсетін орманды дала, дала зоналары өзенге бай. Республикамыздың солтүстігінде өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100км –ге 4-6 км, оңтүстік шөлді аймақта 0.5 шқ.келеді. Тауларда: 4-6шқ , биік тауларда 16-18 шқ-ге жетеді.

Өзен суының шығыны және жылдық ағыны.

Өзеннің су шығыны дегеніміз- өзеннің су қимасы арқылы бір секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері. Ол текше метрмен есебімен өлшенеді (м3\ сек). Қазақстан бойынша ең мол сулы өзен Ертіс. Оның орташа су шығыны 880 м/сек, Сырдарияда -703 м/сек.

Адамдар өзен суларын бөгеп бөгендер салуда. Оны халық шаруашылығына пайдаланылады. Қазақстанда 168 бөген бар. Ірілері: Бұқтырма, Қапшағай т.б.

Өзендердің қоректенуі.

Қазақстанныңөзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық, жер асты суымен қоректенеді. Жазық бөліктегі өзендер негізінен қар -жаңбыр және қар суымен қоректенеді. Қар -жаңбыр суымен қоректенетін өзендер- орманды дала, дала зонасыныңөзендері Есіл мен Тобыл жатады. Қар суымен қоректенетін өзендерге- негізінен шөл мен шөлейт зоналарыныңөзендері Нұра, жайық, Сағыз, Жем,Торғай, Сарысу жатады.

Қазақстанның таулы аймақтарыныңөзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенеді. Мыс.Іле,Сырдария,Қаратал ,Ертіс т.б.

Біздіңөлкемізде өзендерге бай. Мыс:Тентек, Жаманты, Қызыл тал т.б.

IV.Меңгеру.

«Өзен бөліктері» ойын ( ретімен тұру).

(Бастау, сала, атырау, жайылма, саға)

«Мұхит алаптары» ойын (ретімен тұру)

Солтүстік Мұхит алабы: Ертіс,Тобыл, Есіл.

Каспий алабы: Жайық, Жем, Ойыл.

Арал алабы: Сырдария, Шу, Сарысу.

Балқаш Алакөл алабы: Іле, Қаратал, Ақсу, Сарқан.

2.Қазақстанның жер- жерінен келген хаттарына , қызықты тапсырмаларына жауап беру. «Қызық хат»

№1 хат Каспий алабынан. Өзендер туралы ақын жазушылардыңөлеңінен, әнінен үзінді оқу

№2 хат Арал теңізінің тұрғындарынан. Су туралы мақал- мәтелдер айт. (Көлдің көркі құрақ, Таудық көркі бұлақ. Сулы жер нулы жер. Судың да сұрауы бар т.б).

№3 хат Балқаш -Алакөл алабынан. Су туралы жұмбақ жасыр. (Жылт жылт еткен, жылғадан өткен. Жазда ағамын, Қыста қатамын. Ағынды, тұйыққос көл бар, Бірі тұщы, бірі ащы. Осы екі көл сұлудыңҚос сырғасы сияқты.)

№4 хат Солтүстік Мұзды мұхит алабынан. (Өзен туралы қандай ән білесің?) (Арыс жағасында, Есіл ағады, Ақ жайық, )

3.«Бұл қай өзен?» кеспе қағаз арқылы өзенді тауып картадан көрсету, сипаттама беру.

(Іле, Ертіс, Сырдария, Тобыл, Жайық, Есіл т.б).

VI. Бекіту. 1. Тест.

1. Өзен суының шығыны дегеніміз не?

А)Судың қайтуы

В) Өзеннің тасуы

С) Су қимасы арқылы ағып өткен су мөлшері

2. Мұздықтар қандай аймақтарда таралған?

А)Жазық жерлерде

В)Тау бастарында

С)Көлдерде

 

 

 

3. Қазақстан өзендері қоректенуіне байланысты қандай типтерге бөленеді?

А)1

В )5

С)2

4. Қай өзенде су электр станциялары көп салынған?

А) Тобыл

В) Лепсі

С) Ертіс

5. Қай аймақта өзендер көп орналасқан?

А)Оңтүстікте

В) Солтүстікте

С)Батыста

6. Қазақстанда неше мыңөзен бар?

А)85мың

В)45мың

С)48мың

7.Ертіс өзені немен қоректенеді?

А)Канал суымен

В) Мұздықтар,жаңбыр,қар суы

С) Жаңбыр суымен

8. Кеме қатынасы бар өзенді атаңыз.

А) Сырдария

В) Жайық

С) Сарқан

9. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?

А) Есіл

В)Тобыл

С)Іле

10. Ертіс өзенінен қандай канал тартылды.

А)Қарағанды -Шу

В) Шу- Мойынты

С) Ертіс- Қарағанды

2. «Мен өзенмін» ойыны, шарты. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Ойынға доп қолданылады. Ойынды бастаған оқушы «Мен Ертіспін» деп келесі оқушыға лақтырады. Ол оқушы «Обьқа құямын» деп аяқтайды. Сосын келесі оқушыға «Мен Ілемін» деп допты лақтырады, ол аяқтайды. Сөйтіп ойын жалғасады.

 

 

 

VII. Рефлекция

VIII. Үй тапсырмасы. 20 оқуға, кескін картаға Қазақстанның ішкі су алаптарыныңөзендерін түсіру. Туған өлкелеріңніңөзендерін сипаттап жазу.

Бағалау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетану пәнініен Ашық сабақ:"Өзендер мен көлдер"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 923
    • DOCX 27.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмайлова Гулфайруз Ерланкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исмайлова Гулфайруз Ерланкызы
    Исмайлова Гулфайруз Ерланкызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10565
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 254 человека из 50 регионов

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов