Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Дүниетану сабақ жоспары 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Дүниетану сабақ жоспары 4 сынып

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifКүні:

Дүниетану 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Физикалық карта. Масштаб.
Сабақтың мақсаты:Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.Тіл байлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу
Түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:суреттер ,слайдтар,карта.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару
1-бөлім. «Қайталау-білім анасы»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұнын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту
«Кім тапқыр?» ойыны
Шарты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп артында жасырынған суретті табу
1.Жер беті адамның қандай әрекетінен өзгереді?
2.Террикондар деген не?
3.Оба деген не?
4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
5.Қазақстанның жер көлемі қанша?
Суреттер: жазық,тау,өзен
2-бөлім.Білімге құштарлық
IV.Жаңа сабақ
Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру (кесте бойынша)
Жер көлемі 2.7млн км
Көрші елдері Солтүстік және солтүстік-батысында Ресеймен,оңтүстікте Қырғызстанмен,Өзбекстанмен.Түркменстанмен,шығыста Қытаймен шектеседі
Ең биік нүктесі (м) Хантәңірі (6995)
Ең төмен нүктесі (м) Қарақия ойысы (-132)
Табиғат зонасы Орманды дала (3%), дала (26%),шөлейт (14%),шөп (44%), биік белдеу(13%) 
Қазақстанның жер бедері
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедері дегеніміз - пішіні мен көлемі ,жаратылысы мен жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипаты.

Сабақтың тақырыбы: Географиялық карталар.
Мақсаты: Географиялық карта туралы білім беру. Карталарды оқи білуге, ажырата және қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: Глобус. Жарты шарлар физикалық картасы. Қазақстан физикалық картасы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру.
2. Өткен материалдарды еске түсіру.
1. Жердің дәл үлгісі не? Оны алғаш жасаған кім?
2. Меридиандар мен параллельдер деген не?
3. Ең ұзын параллельді картадан көрсетіңдер.
4. Географиялық ендік деп нені атайды?
5. Глобустан нүктелердің ара қашықтығын қалай анықтайды?
3. Жұмбақ шешкізу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.
Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар, шөбі жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ,
Шыңдары да теп - тегіс,
Кең жазығы әр түсті,
Шығыс пенен батысты -
Бар әлемді табасың,
Өзің таң боп қаласың!
Шешуі: географиялық карта
Карта дегеніміз - жердің жазықтықтағы кескіні.
Картаның глобустан айырмашылығы - карталарда бұрмаланушылық көп болады. Ал глобус жердің дәл үлгісі.
Махмұд Қашқаридің дөңгелек картасы:
М. Қашқаридің жасаған картасын ғалымдар «XI ғасырда орталық және ОртаАзияда жасалған түріктің географиялық ескерткіші» деп атады.
Қазақстанның физикалық картасы:
Ел ордамыз - Астана ойып тұрып Сарыарқаның төрінен орын алды. Астанаға қызықпайтын ел жоқ! Біз әсем Астанамен мақтанамыз!
Сабақты бекіту:
1) Карта дегеніміз не?
2) Мазмұнына қарай карта нешеге бөлінеді?
3) Қазақстан қай материкте орналасқан?
Сабақты қорыту: Бағалау.
Үйге тапсырма: Карталардың маңызы. Тест

Қазақстан аумағы 2724,9 мың км-ге тең.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.Ресей, Канада, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады.
Республиканың халқы 15 млн адам.Қала халқының үлесі 56%-ды құрайды.Қазақстан халқының орналасу тығыздығы 1 шаршы километр жерге 5,4 адамнан келеді.
Физикалық- географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық Мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан
Қазақстан шекарарсының жалпы ұзындығы 15000 км-ден астам, оның 12000 км-ге жуығы құрлық арқылы, ал 3000 км-ден астамы Каспий және Арал теңізідері арқылы өтеді.
«Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары».
А) 2717,3 мың км2 (Жер көлемі) 
Б) ІХ орын, ІV орын, ІІ орын.(Дүние жүзі, Евразия, ТМД бойынша)
В) 16 млн (Халық саны)
Г) Астана (Астанасы)

IV.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.
1.Қазақстанның географиялық орны ... анықтайды- Табиғат жағдайын 

2.Қазақстан Каспий теңізі арқылы шыға алады- Әзірбайджанға

3.Қазақстанмен оңтүстігінде шектесетін елдер- Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан

4.Қазақстанның көлемі -2724 мың км²

5.Қазақстан орналасқан материк- Еуразия

6.Қазақстан Республикасының аумағы - 2,7млн. км2. 

7.Теңізге шығатын жолы бар Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер- Қытай, Ресей 

8.Қазақстанмен шығысында шектесетін мемлекет - Қытай 
9.Қазақстан көлемі жөнінен Еуразияда -4-ші орында 


























Күні:

Дүниетану 4 «ә» сынып


Сабақтың тақырыбы: Таулар

Сабақтың мақсаты:

  • Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығын таныту. Таудың түзілу жолдарымен таныстыру. Адамның тауды пайдалану жолдары.

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз беттерімен іздене білу дағдыларын дамыту. Электронды оқулықпен жұмыс жасауға машықтандыру. Картамен жұмыс.

  • Туған елінің әсем табиғатын сүйе білуге және алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Интерактивтік тақтада слайдтар. Оқушылардың кіші ғылыми жұмыстары. Қазақстанның физикалық карта.


Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Табиғат суреттері.

  • Табиғат туралы бір-екі ауыз сөз (әр оқушы)

  • Табиғаттың кереметі

  • Табиғатты аялайық!

  • Қорғайық!

  • Таза ауа, мөлдір суы біз үшін

  • Неткен сұлу неткен көркем ,осы менің туған өлкем!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Жазық дала Төбе Жыра Жазық

Жазық деп нені айтады?

Жыры неден пайда болады?

Жыраның сайдан қандай айырмашылыға бар?

Жазық жерлер шаруашылық үшін қолайлы.

Елді мекендер, егін егіледі, жол салынады.

Қазақстанның физикалық картасы.

Кім білгіш?

Жасыл түс – ойпатты жазықтар.

Сарғыш түс – қыратты жазықтар.

Қоңыр түс – таулар.

ІІІ. Жаңа сабақ: Таулар.

Биік тау Аласа тау

Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығы.

Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді.

Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды.

Аласа таулар Сарыарқада көп.

ІV.Ғылыми зерттеуге сүйенсек

Қарқаралы өңірі: Қарқаралының тау сілімдері әсем табиғи ерекшелігімен әркімді қызықтырары сөзсіз.

Қарқаралы облыстың оңтүстік шығысындағы тау аты. Таудың ұзындығы – 40 шақырым. Ені 20-25 шақырым. Ең биік жері – 1338 метр.

Алатауда үнемі қар жатады. Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тау жүйесі.Биіктігі – 3500 – 4000 метр. Ол шығыс және батысқа қарай төмендеп аласа таулармен жалғасады.Бұл жердің табиғаты өзгеше. Үнемі күшті жел соғады. Тау ішінде бұлақтар, сарқырамалар, мөлдір таза көлдер, ағысы жылдам өзендер кездеседі.

Ұзындығы 40км- 40000метр.

Ені 25км – 25000метр.

Биіктігі 1338метр – 133800см.

V.Оқулықпен жұмыс: Тізбектеп оқу.

Таулар тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады.

Кіші Алматы шатқалында Медеу мұз айдыны жоғарырақ Шымбұлақ тау шаңғысы курорты бар.

Медеу мұз айдыны: Медеу спорт кешені, ондағы мұз айдыны бүкіл әлемге әйгілі. Мұнда коньки тебу жөнінен халқаралық жарыстар өтіп тұрады.

Қазақстанның туын көкте желбіреткен – Азиада-2011

  • Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ таушаңғы орталығы қайта қалпына келтірілді.

  • Қазақстандық спортшылар Азиадада биік нәтижелерге қол жеткізді.

  • 70-медаль оның ішінде 32-алтын, 21-күміс,17-қола медальді жеңіп алды.

  • Азиада-2011 ойындары Қазақстан үшін маңызды оқиға болды.

  • Дүние жүзі Қазақстанның спорттағы жетістіктерін көрді.


Таулар тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады.


гранит әктас құмтас

VI.Сергіту сәті.

Ақындар таулар туралы жыр жолдарынан

Таулар туралы мен не білемін?

Алатау

Таулардың пайдасы:

  1. Тау – дем алуға қыдырып танығуға таптырмайтын орын

  2. Таудағы жайлауда мал жайылады

  3. Шипажайлар: Көкшетауда,Баянауылда,Қарқаралы тауларында

  4. Тау етегінде егін егеді, жеміс бағы мен бақша өсірілді

  5. Медеу спорт кешені, ондағы спорт кешені әлемге әйгілі

VІI.Сабақты бекіту:

1. Жазықтар бөлінеді:

А. Таулы және қыратты;

В. Тегіс және төбелі;

С. Гүлді және орманды;

2. Бетінде төбе көп кездесетін жазық қалай аталады?

А. Таулы жазық; В. Төбелі жызық;

С. Гүлді жазық

3. Тау неден түзіледі:

А. Топырақтан;

В. Судан;

С. Граниттен.

4. Қазақстанның таулары:

А. Тянь-Шань

В. Памир;

С. Қарқаралы таулары

VIIІ. Үй тапсырмасы:

  • Таулар тақырыбы бойынша мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту.

  • Таулар туралы қосымша деректер жинау.

  • Таулардың суретін салу.

IX. Бағалау.





















Күні:

Сабақтың тақырыбы: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі

Сабақтың мақсаты: Жер бетінің өзгерудегі адам әрекеті туралы түсінік беру

Сабақтың міндеттері:

  1. Өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу үшін қандай іс-шара жасау керектігі жайлы түсіндіру;

  2. Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы экологиялық байланысты туралы алған білімдерін жүйелендіру;

3.Сұрақ-жауап арқылы негізгі идеяня анықтау;

4.Топтық жұмысқа үйрету арқылы ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;

Бағалау критерийі:

  • Мәтінді сауатты оқуы

  • Мазмұнын түсінуі

  • Негізгі ойды анықтай білуі

  • Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап бере алуы

  • Топпен жұмыс жасай білуі

  • Өзара бірін-бірі бағалауы

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: бағытталған сұрақ қою, болжам сұрақтары,РАФТ әдісі, Автор орындығы

Сабаққа қажетті құралдар: маркер, А1,А2 форматты қағаздар

Сабаққа қажетті көрнекіліктер: суреттер, картиналар, қызыл кітап, «Қазақстан қорықтары» кітабы.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиеттік оқу.

Сабақтың жоспары:

Топқа бөлу

Проблема тудыру арқылы оқушыларға ой салу

1.Ағаштар

2.Жер-Ана

3.Жануарлар

Оқушылар өздері жазады.Өз мақсаттарын айқындау отырып,проблеманы шешуге әрекеттенеді

Өздік жұмыс

Қол соғу арқылы бағалау

Топпен жұмыс істеуге алғашқы қадам.Ынтасы, қызығушылығы оянады

Қызығушылықты

3.Жаңа сабақ.

а)Сұрақ-жауап әдісі:

-Табиғатта қандай өзгерістер болып отырады?

-Неліктен?

-Ненің немесе кімнің әсерінен?

-Неліктен?

ә) Суретпен жұмыс

3 топқа суреттер тарату.

Мақсатқа жету жолдарын көрсету

Қойылған сұрақтарға өзіндік көзқарастар қалыптастырады

Әр топ өз ойларын айтады. (топпен жұмыс)

Суреттерді көрсету

Бірін- бірі бағалау

Танымдық іс-әрекеті,ойлау белсенділігі,тапқырлығы артады

Мағынаны тану

Көмек, нұсқау,

дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету








Күні:

Сабақтың тақырыбы: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жер бедері жайлы мәлімет беру.Тіл байлығын,ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру,ойын толық жүйелі жеткізуге дағдыландыру.Отанын сүюге,табиғатына жанашыр болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу
Түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:суреттер ,слайдтар,карта.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу,түгендеу.Назарын сабаққа аудару
1-бөлім. «Қайталау-білім анасы»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі» мазмұнын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту
«Кім тапқыр?» ойыны
Шарты:Берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп артында жасырынған суретті табу
1.Жер беті адамның қандай әрекетінен өзгереді?
2.Террикондар деген не?
3.Оба деген не?
4.Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
5.Қазақстанның жер көлемі қанша?
Суреттер: жазық,тау,өзен
2-бөлім.Білімге құштарлық
IV.Жаңа сабақ
Қазақстан туралы жалпы мәлімет беру (кесте бойынша)
Жер көлемі 2.7млн км
Көрші елдері Солтүстік және солтүстік-батысында Ресеймен,оңтүстікте Қырғызстанмен,Өзбекстанмен.Түркменстанмен,шығыста Қытаймен шектеседі
Ең биік нүктесі (м) Хантәңірі (6995)
Ең төмен нүктесі (м) Қарақия ойысы (-132)
Табиғат зонасы Орманды дала (3%), дала (26%),шөлейт (14%),шөп (44%), биік белдеу(13%)
Қазақстанның жер бедері
Жер бедері дегеніміз не?
Жер бедері дегеніміз – пішіні мен көлемі ,жаратылысы мен жасы,биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипаты.

Қазақстанның жер бедері жазықтар,ойпаттар,үстірттерден және қыраттар мен биік,аласа таулардан тұрады.
Қазақстанның жер бедерінің басты ерекшеліктері
1.Жер бедерінің жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында,солтүстігінде және орталығында орналасқан.
2.Биік таулы аймақтар республиканың шығыс және оңтүстік – шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
3.Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.
4.Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.
3-бөлім. «Кітап – білім бұлағы»
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді іштей,тізбектей дауыстап оқыту
Сергіту сәті
Қолымды көкке көтерсем
Көрсетеді солтүстік.
Аяқ бассам оңтүстік.
Оң қолым шығысым,
Ал сол қолым батысым.
Бағыттарды анықтап,
Айналамын жер шарын.
4-бөлім. «Іздеген жетер мұратқа»
Сарамандық жұмыс
Физикалық картадан жер беті қалай бейнеленгенін айту.
Ойпатты,қыратты жазықтарды қалай ажыратамыз?
Тауларды ше?
Мұздықтардың шартты белгісі қандай?
Картадан тауып көрсету.
Менің ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1.Әркімге өз жері-мысыр шаһары
2.Отан үшін күрес, елге тиген үлес
3.Отансыз адам-қанатсыз құспен тең
4.Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық
5.Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол
6.Ел іші-алтын бесік
Дәптермен жұмыс
Физикалық картадан тапқан таулардың атауларын жазу
Шоқы туралы түсінік беру,шоқыны көргендері болса әңгімелету.Картадан Қазақстанның тауларын көрсету,ең биік тауды,оның шыңын таныстыру.
Шыңның атауы Орналасқан жері Биіктігі
Хантәңірі шыңы Сарыжаз 6995 м
Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы Меридиандық жота 6276м
Талғар шыңы Іле Алатауы 4973м
Мұзтау шыңы Алтай тауы 4506м
Манас шыңы Талас Алатауы 4482м
Тау жотасы-созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері.Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды,мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады.Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйінділері деп атайды.Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады.
Жазық деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады.Жазықтар тегіс және төбелі деп бөлінеді.
5-бөлім. «Бәрін білгім келеді»
Бұл қызық!
Ең, ең,ең
Қазақстандағы ең ұзын өзен-Ертіс
Ең терең көл-Байкал
Ең терең ойпат – Қарақия ойпаты
Ең алғаш Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған ел-Түркия
Ең ұзын сөз-қанағаттандырылмағандықтан,залалсыздандырылмағандықтан
6-бөлім. «Үйренгенім көп менің»
“Кім жүйрік” ойыны
-Жер бедері деген не болды? Ең биік тау қандай тау? -Шоқы деген не?
-Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?
«Алатау»сөзі қандай мағына береді?
-Картадан Сарыарқаны көрсет және жер бедері қандай екенін айт.
VI. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұны.
VIІ. Бағалау




























б) Мәтінмен жұмыс

Сабақтың тақырыбын баяндау. «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі»

«Бағыттап оқу» арқылы,мәтінді бөлімдерге бөліп оқыту





-






Білімді жете, терең меңгеру үшін өзінің барлық іскерліктерін қолданады


Қосымша материалдармен жұмыс

Оқушы бағасы



Оқушының сенімділігі,дербестігі артады




Оқушылар өз –өздеріне сұрақтар қояды, жауап береді



-Қане мәтіннен не біліп,нені түйгенізді айтайық















Мұғалім тарапынан сұрақтар қойып,көмек ұйымдастырылады




Оқушылар өз сұрақтарына жауап береді



Өзгені тыңдай отырып, өз білімін толықтырады


Топпен жұмыс

Ұжым бағасы

Өз ойын өзгенің ойымен салыстыру дағдысы қалыптасады

Ойтолғаныс

І топ

-Орманның пайдасы туралы сызба құрастыру:

Орманның рөлі:

Қорықтар:

(Картамен жұмыс: картадан қорықтар мен ормандарды көрсету)

Осы бөлімде мұғалім өсімдіктер мен жануарларды қорғауға алу керектігін әңгімелейді. Сол үшін қорықтар мен құрылғанын, ондағы жұмыс түрлерімен таныстырады.

ІІ топ

-Адам өзінің әрекеттерімен дала топырақтарын құнарландыру үшін қандай пайда, қандай зиян келтіреді?

«Зиян. Пайда» кестесін құр.

Зиян

Пайда

Кеуіп кету

Жел ұшырып кету

Өнімнің төмендеуі

Қар тоқтату

Қорғау жолақтары үшін ағаш отырғызу

Көң, минералды тыңайтқыштар


ІІІ топ

Эссе жазу

«Автор орындығында» оқу.











Өз жауаптарының жоспар, тезисін жасай отырып, өз білімін толықтырады.













































Табиғаттың экологиялық проблемалары туралы жазып, өз пікірлерін ортаға салады.



Қойылған проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасау

Өзіндік қорытынды баға

Өз білімін бағалауға дағдыланады,ынтымақтастық пайда болады



Қорытындылау.

1. Сұрақ-жауап:

-Сонымен бұл мәтінді оқи отырып, қандай ой түйдіңдер?

-Ормандардың адам мен жануарлардың өмірі үшін қандай маңызы бар?

-Топырақтың құнарлылығын сақтау үшін қандай шаралар қолданады?

-Суқойма жануарлары мен өсімдіктерін қалай қорғау керек?

2. 5 жолды өлең

Зат есім: Табиғат

Етістік: қорғалады, сақталады

Сын есім: бай, пайдалы, таза

Сөйлем: Табиғат-бұл біздің байлығымыз

Синоним: зкология



Қойылған проблеманың ақ-қарасын анықтайды, ажыратады

Жеке жұмыс, өмірлік маңызы бар ситуация тудыру

Аралас баға

Алған білімін өмірде қолдануға дағдыланады



Бірін-бірі бағалау:

Кері байланыс

-Екі жұлдыз, бір тілек

Тілек ағашына ілінеді.

Топ бір-бірін бағалайды.

Сабаққа өз ойлары мен ұсыныстарын жазады.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров6439
Номер материала ДВ-090564
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх