Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

библиотека
материалов

ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ



Көшкімбаева Асыл Сапарқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

24 орта мектеп



Жас ұрпақтың сапалы білім алып, өскелең өмірімізге лайықты адам болып шығуы- қазіргі өмір талабы, ал уақыт талабының күннен күнге күшейе түсуі және қоғам өміріндегі өзгерістер оқу-тәрбие үрдісіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етіп отыр. Бұрынғы білім жүйесінде оқушыларға барынша терең білім беру мақсаты көзделді. Ал жоғары сатыдағы интеллектілік пен терең білімді адам өмірде қалай қолданады, шешуші сәттерде оң шешімді қалай қабылдау керек деген сұрақтарға жауап берілген емес. Міне осы олқылықтардың барлығын жою үшін білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану - басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда, айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативті технологияның бір өзі атқара алады.

Ғылым мен техниканың жылдан –жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын бастауыш мектепке өз әсерін тигізуде. Соған сәйкес бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық-коммуникативті технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

Ақпараттық-коммуникативті технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі. Сонымен қатар ақпаратты-коммуникативті технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасайды.

Сонымен қатар оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады, бала өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйренеді.


Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникативті технология элементтеріне:

  • Электронды оқулықтар мен әдістемелер,

  • интерактивті тақта,

  • электронды энциклопедия мен анықтамалар,

  • Интернет желісі,

  • суреттер мен көрнекіліктері бар DVD және CD дискілер,

  • видео и аудиотехника,

  • ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар

  • Power Point бағдарламасында жасалынған презентациялар жатады.

Бастауыш сыныпта айналадағы дүние, қоршаған орта туралы ғылыми түсінігін алғаш қалыптастырып, туған жер табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табынуды, әсемдікті қорғай білуді баланың жүрегіне жеткізетін пән – дүниетану . Дүниетану пәнін оқыту барысында, бір жағынан, оқушыларға табиғат туралы ғылыми көзқарас қалыптастырып, адамгершілікке тәрбиелеу мақсат етілсе, екінші жағынан, олардың алған білімдерін өмірден өздері көріп жүрген табиғат құбылыстарын түсіндіруге, табиғат қорғау жөніндегі пайдалы еңбек түрлерін орындауға қолдана білуге үйрету мақсат етіледі.

«Өзіңді білу - адамгершілікке жеткізеді» - деп неміс психологы Н.Энкельман айтқандай әрбір мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары болады. Сол мақсатқа жету үшін әрбір мұғалім тығырықтан шығатындай жол іздейді. Оқушылардың дүниетану пәніне деген қызығушылығын және сабақтың сапасын арттыруда менің алға қойған мақсатым мынадай:

  • оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

  • оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту;

  • логикалық ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Бұл мақсаттардың орындалуын тың істермен, жаңа әдіс-тәсілдермен іске асыруға болады. Дүниетану пәнін оқытуда ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше кез-келген оқушы іркіліп қалмайды.

Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлының: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген сөздерін негізге ала отырып, өзім сабақ беретін 4 сыныпта дүниетану сабақтарында ақпараттық-коммуникативті технологияны кеңінен қолдануға тырысамын. Мектеп психологымен бірлесіп жүргізілген диагностика нәтижесінде сыныптың оқушыларының кейбіреулерінің көру арқылы есте сақтайтындығы, кей оқушылардың есту арқылы есте сақтайтындығы анықталды. Сабақта көру арқылы есте сақтайтын оқушылар үшін үнемі пәндер бойынша оқу ақпараттарын меңгеруін күшейту мақсатында электронды оқулықтар, интерактивті тақтаның толық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өткіземін. Қазіргі кезда ақпараттық технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз екені айтпаса да баршаңызға мәлім. Кибернетиканың атасы Винер «Ақпарат -сыртқы әлемге бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу» деген екен, сондықтан сабақтарымда презентация жасап қолдануды өзім өте тиімді деп ойлаймын.

Оқулықта берілген тақырыпқа қосымша ретінде слайдтарды қолдануға бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне тән қызығушылық, байқампаздық, белсенділік және ойынға деген құмарлық сияқты қасиеттері негіз бола алады.

Мысалы, «Өзен және көл. Суды қорғау» тақырыбында жүргізілген сабақта өзен мен көлдің айырмашылығы туралы мағлұмат беріліп, судың түрлі жағдайда ластануы жайлы түсіндірдім, оны қорғау шараларымен таныстырдым. Сабақ соңында қорытынды ретінде суды қорғау туралы презентация көрсетілді. Онда су жағасындағы әсем көрініс пен қазіргі Арал теңізінің суреттері салыстырылып, балаға адамның суды пайдалану динамикасы көрсетілді. Сөз соңында суды үнемдеу керектігі айтылды.



hello_html_362d729d.gifhello_html_m3d611d90.gif



hello_html_m2a1872e7.gifhello_html_45758a59.gif



Интерактивті тақтаның бұл қызметін қолдану тиімділігін төмендегі кестеден көруге болады:



hello_html_m56eb8a5b.pnghello_html_m76a07061.png

hello_html_4d2520f5.pnghello_html_27694c23.png

hello_html_7428b096.png



Сабақ жоғары эмоционалды деңгейде өтіп, оқушылардың ой-қиялдары дамып, эстетикалық сезімдері ұштала түседі. Өйткені мәтінді оқып қана қоймай, көзбен көріп, дыбысын (музыка) естіп талдау жасағаннан кейін оқушының берілген материалды қабылдау аясы кеңейеді.



hello_html_48a83475.gifhello_html_m5987729b.gifhello_html_a4f0d66.gif



hello_html_5e88aaaf.gifhello_html_d54a1bd.gifhello_html_m257d0df2.gifhello_html_495b8078.gif



hello_html_m415bc9c9.gifhello_html_m73ab6407.gifhello_html_m16c643d3.gifhello_html_m52a5cafe.gif





«Шалғынның өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбын өтпес бұрын оқушыларға үйден ізденіп, шалғынның өсімдіктері мен жануарлары туралы деректер жинап келу тапсырмасы берілді. Бұндай тапсырмалар арқылы оқушылар өздігінен жұмыс жасап, талдау, салыстыру жасауды үйренеді, яғни зерттеушілік жұмыспен айналысады. Оқушылар әкелген материалдармен сабаққа «Шалғын өмірі» атты презентация жасалынды. Өздерінің әкелген суреттері қолданылғанын көргенде оқушылардың қуанышында шек болмады, яғни олар өздерінің қабілетіне, мүмкіндіктеріне сенімдері арта түсті.



hello_html_1c1fcda0.gifhello_html_m52d4c260.gifhello_html_m79bc2788.gif

«Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбын өткеннен кейін сынып оқушыларына шығармашылық тапсырма берілді: үш топқа бөлініп тақырыпқа байланысты презентация дайындап әкелу тапсырылды.

Әр топ өздері дайындаған шығармаларымен таныстырып, оны қорғайды, түсіндіреді, қалай көркемдеп, безендіргендерін айтып береді. hello_html_df800a2.gif hello_html_m7c5dbb6.gif hello_html_3f96eb13.gif

Мектептің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Сабақта презентация қолдану сізге қандай мүмкіндіктер береді?» деген сауалнама жүргізгенде,

  • көрнекілік ретінде қолданамын -100%

  • жаңа сабақты түсіндіруге тиімді- 60%

  • анимация арқылы берілетін ақпарат балаларға қызықты болады- 53%

  • оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырады- 46%

жауап берді. Ал оқушыларға презентация сабақтың қызықты өтуімен ( 75 %), өтіп жатқан тақырыпты көзбен көруге болатындығымен (63%), жаңа тақырыпты жақсы түсіну мүмкіндігін беретіндіктен (39%) ұнайды екен.

«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, дүниетану сабақтарында ақпараттық-коммуникативті технологияны қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:

  • Сабақ уақытын тиімді қолдану

  • Оқушының оқуға деген ынтасы, пәнге деген қызығушылығының артуы

  • Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады, яғни оқушының өз бетінше ізденіп шығармашылықпен жұмыс істеуі

  • Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;

  • Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді, өз қабілетіне, болашағына сенімі артады;

  • Дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі артып, қосымша мәліметтер беріледі

  • Практикалық дағдыларды игеруі, білім, білік, дағды деңгейінің қалыптасуы.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-395344

Похожие материалы