Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ" Б.Қ.Меткенова

"ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ" Б.Қ.Меткенова


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»


Меткенова Бакыткамал Кусбековна

Бастауыш сынып мұғалімі

« Жетыарал орта мектебі»КММ

Жетіарал ауылы

Тарбағатай ауданы


Аймақтық компонентті оқытудың міндеттері мен мақсаттарын айқындай отырып,оқушылардың дүниетану сабағында аймақтық компонентті пайдалану жолдары мен түрлерін ұғыну мен түсінуге бағытталған, сауаттылықпен экологиялық білімділіктің дамуына, елжандылық сезімдерін оятуға негізделген.


Адам өз бойындағы адамгершілік қасиеттерін туған жерінің табиғатымен, өскен ортасымен байланыстырады. Әр бала өзін

қоршаған ортаның құрылысын, оның ерешеліктерінің, заңдылықтарын бұзбай сақтау жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің

жауапкершілігін білуге міндетті.

Экологиялық тәрбиенің мақсаты- міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін

мөлдірлігін, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімдңгін сақтауға, қамқорлықпен , жанашырлықпен, мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға тәрбиелеу.

Аймақтық компонент - дегеніміз мектеп курсындағы пәндердің бағдарламасының мазмұнына өз аймағына байланысты материалдарды енгізу және оқыту Оған өлкеміздің табиғаты, тарихи

географиялық жағдайы, ұлы адамдардың өмір жолдары, халықтың тұрмыс- салтын таныстыру шаралары жатады.

Аймақтық компоненттің мазмұны:

-Өлке тарихы

- физика –географиялық және табиғи жағдайы

- тұрғындардың ұлттық құрамы

-өңір тұрғындарының салт дістүрі

Аймақ-үлкен облыс,ортақ бір белгілеріне қарай біріккен көрші елдер немесе территориялар мен аудандар тобыКомпонент – бір нәрсенің құрамды бөлігі Аймақтық- жергілікті, нақты бір

облысқа, аймаққа қатысты

Еліміздің әлеуметтік, саяси және экономикалық өміріндегі болып жатқан өзгерістер, мектепте оөылатын пәндердің мазмұнына да әсерін тигізуде.Аймақтық компоне білім мазмұнының құрамдас бөлігі.Аймақтық компоненттің құндылығы, адамның табиғат пен мәдени ортамен байланысымен бір біріне бағыштылығын көрсету, туған өлкеге деген азаматтық адамгершілік

ұстанымын қалыптастыру.

Аймақтық компоненттерді пайдалану-үздіксіз зерттеулер , тәжірибелер мен жан- жақты ізденістерді қажет ететін күрделі мәселелерден тұрады.

- Аймақтық компонент нені білдіреді?

- Мектеп бағдарламасына аймақтық компонент қажет пе?

- Аймақтық компонентті қалай байланыстыруға болады?

Аймақтық компоенттерді сабақ барысында қолдану төмендегідей мүмкіндіктерді жүзеге асыруға септігін тигізеді.

  • Оқушылардың өз тарихын танып, қасиетін сезініп, және өзі өсіп өнген аймаққа деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елінің патриотын тәрбиелеу.

Аймақтық компонентті оқытудың мақсаттары мен міндеттері:

- Оқушылар бойында қоршаған ортаны қорғау және онымен жарасымды қатынас жасауда оның өмірлік көзқарасын қалыптастыру, яғни азаматтық, әдептілік тәрбиесін беру.

- Оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыру. Сол арқылы мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында экологиялық

білім, тәрбие құндылықтарын насихаттау

- Оқушылардың бойында туып өскен жеріне, туған жердң табиғатына, тарихына деген құрметті арттыру

- Оқушылардың қосымша мәліметтер алу арқылы танымды біліктіліктерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу

- Өз елінің табиғаты, тарихы, пайдалы қазбалары, мәдени орындары, белгілі адамдар туралы мәліметтер жинақтау

Өмір талабына сай қазіргі жеткіншектеріміздің бізді қоршаған ортамен тығыз қарым қатынаста болуы, оны түсініп ұғынуына жол ашу ұстаздардың міндеті.

Оқушыны өз өлкесінің табиғат жағдайымен таныстыру оның туған жеріне деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына, патриоттық қәрбие алуына мүмкіндік береді.Табиғат байлықтарын

ысырапшылықпен пайдалану айналадағы ортаның жай- күйіне, тірі және өлі табиғат элементтері арасында қалыптасқан табиғи тепе- теңдік күйіне ықпалын тигізеді.

Аймақтық компонент жергілікті жердің қыр-сырын ашып көрсету арқылы оқушы дүниетанудан басқа пәндерді оқу

білімімен логикалық түрде толықтырады.

Оқу сабақтары үдерісі кезінде туған өлкені тікелей оқып- білу мүмкіндігі шектеулі.Сол себепті, жұмыстың жүйелі- әрекеттік нәтижелерін сыныптан тыс уақытта жергілікті жердің төңірегіне саяхатқа шығу арқылы жандандыру мүмкіншілігі бар

Оқу барысында оқушылардың бойында өз өлкесі. оның табиғаты, табиғат ресурстары, ауыл шаруашылығы, белгілі адамдары, өлкенің аудан, облыс, аймақ және республика үшін маңызы жайлы білім жүйесін қалыптастыруға, оқушының өз өлкесі жайлы білім беру мүмкіндігін арттырады.

Аймақтық компоненттің осындай тиімділіктрін пайдалана отырып дүниетану сабағында пән бойынша оқушыларды туған өлкенің табиғи ерекшеліктері мен құпия сырларын оқыту, пайдалы

қазбалары мен емдік өсімдіктерінің қасиеттерін білу мақсатында аймақтық компонентті енгізудің төмендегідей тақырыптық жоспарын жасап, іс- тәжірибемде қолданмын.


Кесте № 1 Дүниетану сабағында аймақтық компонентті қолданудың тақырыптық жоспары 3 – сынып


Р.с

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат

1




2



3


4




5




6





7



8



9

Тамақтану гигиенасы




Ауа және оның қасиеті



Табиғаттағы су


Пайдалы қазбалардың түрлері




Топырақтың түрлері және ерекшелігі




Өсімдіктердің көптүрлілігі





Құстармен жануарлардың көптүрлілігі



Дүниетану сыры



Дарындымен жұмыс әдістемесі

Тағам технологиясы оның құрамымен таныстыру.Дұрыс тамақтануСеміздіктің алдың алу.


Ауаның ластану себебі.Ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері, ауа райын болжау2


Аймақтағы су атауларының пайда болу тарихын оқып білу,


Өлкенің пайдалы қазбаларымен және кен орындарының ашылу тарихымен таныстыру.Зайсан көмір, мұнай өндіру саласының маңызы.


Өлке топырағының негізгі түрлері, олардың негізгі сипаты және маңызын түсіндіру.Жергілікті жердің топырағының құнарлығы,оны сақтау және қалпына келтіру шаралары туралы мамандармн кездесу.


Аймақтағы өсімдіктердің түрлерімен таныстыру. Өсімдіктердің емдік ,хош иісті қасиеттерімен ,пайдасымен таныстыру. Дәрі өндіру технологиясымен таныстырып, гүл қатырмаларын, гүл шоқтарын жасау.


Өлкенің құстары,жануарларымен

таныстыру Пайдасымен. алынатын таза өнімдер, адам ағзасына пайдасы туралы мағұлмат беру.


Табиғат, тіршілік жайлы өлеңдер эссе, шығармалар жазу.Өздері білетін өлкенің өсімдіктері мен жануарлары туралы мағұлмат жинау.


Жұмыс барысында дарынды балаларды анықтау , жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін айқындау. Жұмысты қорытындылау

2



2



2



2




2



2





2




2



2

Тарбағатай өзінің ұлылығымен және жомарт табиғатымен әртүрлі байлығымен қызықтырады.Ең алдымен туған өлкедегі

жер- су аттарының шығу тарихымен таныстырып, өзі туып-өскен жердің жер , су аттарын зерттеп білуден бастадым.

1 сабақ Тамақтану гигиенасы

Мақсаты:Тамақ технологиясымен таныстыру. Дұрыс тамақтану.Семіздіктің алдын алу.

2 сабақ Ауа және оның қасиеті

Ауа райы өзгерістерінің жергілікті белгілері,ауа райын болжау,

3 сабақ Табиғаттағы су

Аймақтағы су атауларының пайда болу тарихын оқып, білуАуылдық су қоймалары, тоғандар, өзендер:

Болат тоғаны, Қараша тоғаны,Қазақбай тоғаны, Бегетай тоғаны,Тәуке тоғаны,Терісайрық өзені, Бозша өзені, Асусай өзені,

Ақтөбе өзені,Қандысу өзені. Бұл атаулар өзгеріссіз сол қалпында сақталған. Қазіргі кезде төрт тоған

( Болат,Қараша,Қазақбай,Бегетай) әлі пайдаланылып жүр. Бұл тоғандарды әр ру қолмен қазып,қазіргі Маңырақтың

тұсынан Жапалаққа дейінгі жерде егін салу үшін пайдаланған.Басын сеңгірдің тұсынан бұрып,Қандысу өзенінен

алған.Жетыарал ауылдық окургінде көл жоқ.

4 сабақ Пайдалы қазбалардың түрлері

Өлкенің пайдалы қазбаларымен және кен орындарының ашылу тарихымен танысу.Зайсан мұнай, көмір өндіру саласының

маңызын түсіндіру.Ауданның тау- кен өндірісін көмір өндірумен айналысатын « Сайқан» ЖШС мекемесі және 2011 жылданбастап мұнай мен газ ошақтарын табатын « Тарбағатай- Мұнай» ЖШС ауданның халқы мен бюджеттік мекемелерін қатты отынмен қамтамасыз етеді.

5 сабақ Топырақтың түрлері және ерекшелігі

Өлке топырағының нгізгі түрлері, олардың негізгі сипаты және маңызын түсіндіру.Тарбағатай өлкесін ашық қоңыр,қою қоңыр, төменгі аймақтарын сор, сортаң, ойпаттары мен төбешіктерін құрылымы кесек топырақ қабаты алып жатыр.

Тарбағатай тауының етегі қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақты. Таулы аймақтары ашық қоңыр және ашық қызғылт қоңыр топырақты болады

6 сабақ Өсімдіктердің көптүрлілігі

Аймақтағы өсімдіктердің түрлерімен таныстыру.Өсімдіктердің хош иісі ,емдк қасиеттері, олардан дәрі өндіру технологиясы жайлы түсінік беру.Гүл шоқтарын, гүл қатырмаларын жасау. Шырғанақ, Итмұрын, Қалақай,Жолжелкен ,Шайқурай.

7 сабақ Құстармен жануарлардың көптүрлілігі

Өлкедегі тіршілік ететін құстар мен жануарларды таныстыру. Пайдасымен алынатын таза өнімдердің адам ағзасына пайдасы туралы түсінік беру. Үй құстары мен үй жануарлары

8 сабақ Дүниетану сыры

Табиғат, тіршілік жайлы өлеңдер, эссе, шығармалар, жұмбақ, мақал-мәтелдер айтуМысалы: « Темірді қызған кезде соқ», « Болат қайнауда шынығады», « Темір кессең қысқа кес» ,« Ерменді жерде ел өлмейді», «Өзен жағалағанның өзегі талмас », « Аққуды атпа, досыңды сатпа», «Көгалсыз жер көріксіз,білімсіз ел көріксіз »

9 сабақ Дүниетанудан дарынды балалармен жұмыс әдістемесі

Оқушылармен жұмыс істеу барысында дарынды балаларды анықтау, оламен жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін айқындау шығармашылық жұмыстарын қорытындылау

Қорыта келгенде экологиялық білім беруде аймақтық компонентті сабақта қолдану арқылы оқушылар

Өз өлкесінің климаты және ауа райының, суларының ерекшеліктеріне, тау жыныстарына, пайдалы қазбаларына талдау жасай, топырағына сипаттама бере алуы тиіс

- Өз бетіншк білім алуға ізденуе тырысады

- оқуға деген ынтасы оянып, қызығушылығы артады

- шығармашылық қабілеті дамиды

- зерттеу, бақылау, болжау арқылы білімдерін тереңдетеді

- танымдық қабілеттері артады

Әр сабақта аймақтық компонотті пайдалану тиімді екеніне көзім жетті.Жергілікті жердің материалын оқыта отрып, әр мұғалім Қазақстанның патриоттарын ,елінғ жерін құрметтей білетін азамат тәрбиеленіп шығары сөзсіз


Әдебиеттер тізімі:


1. Қазақ энциклопедиясы

2. Қожабеков М Дәрілік өсімдіктер

3. Смағұлов А Қ Тарбағатай ауданының топырақ-климаттық аймақтары

4. Сарыбаев Н С Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері









Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров162
Номер материала ДВ-465465
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх