Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Дүниетану "Өсімдіктердің көбеюі" 1-сынып

Дүниетану "Өсімдіктердің көбеюі" 1-сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Дүниетану

Сыныбы: 1

Күні: 26.10.15ж

Кабинет:212

Мұғалім

Дайырбекова Улжан Тохтарбековна



Сабақтың тақырыбы

Көкөніс. Өсімдіктердің көбеюі

Сабақтың жалпы мақсаты

Көкөністер түрін ажырата білу және олардың көбею жолдарын анықтау. Түйнек, пиязшық, орамжапырақ, жемтамырлар туралы мәлімет алу. Өсімдіктердің көбеюінің тәсілдерін білу.Өсімдіктердің тұқымының таралу жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру.Табиғаттағы өсімдіктер мен жануарларға орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,тест.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка, бейнелеу.

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, ішінара іздену, сұрақ - жауап, зерттеушілік

Көрнекіліктер

суретті үлгілер, плакаттар, буклеттер, оқулы


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.

Топқа бөлу

Оқушыларды 3 қатар арқылы топқа бөлу .

Үй тапсырмасын сұрау

Шөптекті өсімдіктердің мүшелері. Жеміс. Тұқым.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTkeKj2PIDtB0henc4ZaEN9moYpgAyCXRXVikj_Bz_QreRBRvdMhttps://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQJy7Ip8C0Sr5tyje_3_twa05Xir-l4f4QsFVJN9eblNCLmA2Zsaghttps://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTTxbhUFj23g3btTEUc3aXOLofw_Dnpzbjdz9oV7ZR22jh6wGUs

Суретпн жұмыс

Жаңа материалмен жұмыс.

Мұғалім түсіндірмесі:

Біздің елімізде өсімдіктердің түрі өте көп.Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі әр түрлі.Кейбір өсімдіктер бірнеше ай,енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді.Көбею- барлық тірі табиғатқа тән қасиет.Көбею дегеніміз - әр өсімдіктің өзі сияқты ұрпақ қалдыруы.Сол өсімдіктің санын көбейту.Өсімдік тұқымнан,түйнектен,пиязшықтан көбейеді.

Көкөністер – бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам орнанизміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп – крахмалға, ал қызылша – қантқа бай; қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде – организмде А дәрумені түзілетін – каротин (А продәрумені көп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк – хош иісті заттарға бай.

         Көкөніс шөптесін өсімдікке жатады. Көкөністер 1 жылдық және 2 жылдық болып бөлінеді.

1 жылдық көкөністер тұқым арқылы гүлдеп, жеміс береді де, күзде тіршілігін жояды. 1 жылдық көкөністерге: картоп, қызанақ, баклажан, қияр, асқабақ жатады.

2 жылдық көкөністер осы жылы тұқымға қажетті қор затын жинақтап, келесі жылы гүлдеп, жемісін береді. 2 жылдық көкөністерге: пияз, орамжапырақ, сәбіз, сарымсақ жатады.

Көкөністер жылу сүйгіш және суыққа төзімді болып келеді. Мысалы, қауын, қызанақ, қияр жылуды жақсы көреді. Ал, сәбіз, қызылша суыққа төзімді болады. Көкөністер бақшада өсіріледі.

Көкөністердің пайдасы: Көкөністер мәдени өсімдікке жатады. Біріншіден, дәрумен береді, екінші тамақ ретінде, үшіншіден дастархан көркі ретінде пайдаланылады.

Картоп түйнек арқылы, пияз пиязшық арқылы көбейеді.

Түйнек, пиязшық – қоректің заттың жиналуынан топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі.


2. Сурет бойынша түсіндіру.

3.Оқулықпен жұмыс.
Сыныпты топтарға бөліп,мәтінді бөлік бойынша оқыту.Содан соң өсімдіктің көбеюінің бір тәсілі туралы бір оқушы өз еркімен әңгімелеп беруін сұрау.5-6 оқушыны тыңдау.
Сұрақтар:
1.Өсімдіктің көбеюінің тәсілдерін тізіп айту
2.Өсімдіктерді отырғызатын жыл мезгілін атаңдар.
3.Көбеюдің түрлі әдістеріне мысал келтіріңдер.
ІҮ.Ой-қиял.Топтық жұмыс Тапсырма.
ҮІІ.Өткен такырыптар бойыша білімдерін тест арқылы тексеру.
1.Ылғалды жерде өсетін өсімдіктің тамыры қандай болады?
А) ұзын; ә) қысқа; б)биік.
2.Өсімдіктің қай мүшесі топырақтың астында жатады?
А)жапырақ; ә) тамыр; б) бұтақ
3. Өсімдіктің неше түрі бар?

А) бес; ә) үш; б)төрт.
4.Құрғақ жемістерге не жатады?
А) жүгері; ә)шие; б) өрік.
5.Ағаштардың жапырақтары қашан түседі?
А) жазда; ә) қыста; б) күзде.
6. Ағаштың сабағы қалай аталады?
А) бұта; ә) тамыр; б)дің.

Ой толғаныс

Көкөніс базары» ойыны.

1. Көкөніс қайда? (Бақшада)

2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)

3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)

5. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу)

6. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)

7. Көкөністердің құрамында қандай дәрумендер кездеседі?

8. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?

9. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, арапшөп жұлу, суару)

Үйге тапсырма беру.

Мәтінді оқып келу. Жүзім өсімдігінің көбею жолын әңгімелеп келу.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер.



Автор
Дата добавления 06.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1082
Номер материала ДВ-128989
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх