Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Дүниетану 4 - сынып "Отбасы - шағын қоғам"

Дүниетану 4 - сынып "Отбасы - шағын қоғам"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

46 Сабақтың тақырыбы: Отбасы - шағын қоғам
Сабақтың мақсаты: «Жер - Ғарыш денесі» тарауынан алған білімдерін тиянақта,у, пысықтау, қорыту. Адамзаттың ғарышты игерудегі жетістіктері туралы теориялық білімдерін бекіту. Оқушыларға «Қоғам», оның ішінде отбасы шағын «қоғам» екенін түсіндіру. Сол қоғамға лайық, тең құқылы мүшесі болу - адамгершілік парыз екенін ұғындыру, отбасы қоры туралы түсінігін кеңейту. Отбасының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қордың маңыздылығын түсіндіру. Отбасының әр мүшесінің дамуына жағдай жасауға үйрету, адамның қалыптасуындағы отбасындағы тәрбиенің маңызын ұғындыру,ата – ананы, үлккендерді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ - жауап, пікірталас Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: Отбасы және қоғам жайлы,Қазақстан табиғаты жайлы слайдтар, үлестірмелер мен «ребус», суреттер Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Кіріспе. Балалар, міне мектебімізде бірнеше күн болды бастауыш сыныптардың
«Қазақстан – арайлы туған өлкем, табиғаты ажарлы аса көркем» атты апталық өтуде, апталықтың бірінші күні «Қазақстан – атамекен киелім, табиғатын аялаймын, сүйемін» атты сурет байқауымен басталды. Бұл біздің апталыңымыз жалпы әлемде Сочи қаласында өтіп жатқан қысқы олимпиадамен тұспа – тұс өтуде, ертең ол олимпиаданың жабылу салтанаты өтеді, оған біздің елімізден 52 спорт майталмандары қатысып, оның ішінде бір қола медаліне ие болдық. Ол жүлдегеріміз Денис Тен Олимпиада жайлы слайтар. Қазақстан табиғаты өте көркем елдердің бірі, жер көлемі жөнінен біз нешінші орындамыз, жеріміз қанша километрге созылып жатыр. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды осы табиғатқа амандасумен бастайық Бәрі: Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 
Үй тапсырмасын пысықтау. Міне, балалар біз сендермен ғарыш әлемі туралы үлкен бөлімді аяқтадық. Ғарыш әлемін зерттеу адамзат үшін қажет пе, қажет болса не үшін?
- Егін шығымдылығын болжауға, мұнай қорын білуге, экология жағдайларын болжауға,географиялық карта жасауға негіз болады, күн қуатын зерттейді, ғарышты зерттеу жұмыстарын кім игеріп жүргізуде (адам) Ендеше балалар, қазір осы бөлім туралы білім- білік дағдыларыңды тексеру үшін бірінші тестік жұмысты орындайық, тест осы өткен бөлімді пысықтап, қорыту үшін жазылған, оған бес - он минут уақыт беремін. 1.Бөлім қалай аталды? А) Ауа және ауа райы ә) Табиғат ә) Жер - ғарыш денесі 2. Адам жай көзбен қарағанда аспан әлемінен неше жұлдызды көре алады? А) 5 мыңға жуық ә) миллионға жуық б) 3 мыңға жуық 3. Планета – грекше ... А) Адасушы жұлдыз деп аталады ә) теңейткіш деп аталады б) қатар жүруші деп аталады 4. Жерге ең жақын жұлдыз А) Шолпан ә) Марс б) Күн 5. Жердің серігі А) Шолпан ә) Ай б) Күн 6. Жерді қоршаған бүкіл дүние – А) Галлактика деп аталады ә) Әлем немесе Ғарыш деп аталады б) Планета деп аталады 7. Ғарышқа жол қашан басталды? А) 1961 жылы 12 – сәуірде ә) 1957 жылы 4 қазанда б) 1992 жылы 4 – қазанда 8. Аспан әлемін зерттеуші ғалымдар Күннің көлденеңінің неше километр екенін анықтаған? А) 300000 ә) 1 400000 б) 6000
О 9. Күннің беткі қабатының қызуы А) 16 000000О ә) 6000О б) 600О 10. Жердің барынша кішірейтілген дәл үлгісі ... А) дене деп аталады ә) глобус беп аталады б) материк деп аталады 11. Глобус нешінші ғасырда шығарыла бастаған ... а) ХV ғасырдан ә) XVII ғасырдан б) XI ғасырдан 12. Жер шарында неше мұхит бар? А) 5 ә) 6 б) 4 13. Материктер нешеу? Қазақстан қай материкте орналасқан? А) 5, Африка Ә) 6, Еуразия б) 4, Аустралия 14. Жер экваторының ұзындығы ... ? полюс бар А) 50000000, 4 полюс бар ә) 40000, 2 полюс бар б) 4000000, 3 полюс бар 15. Жер өз білігінен неше сағатта бір айналып шығады? А) 24 сағатта ә) 12 сағатта б) 6 сағатта 16. Бір жылда неше ай және неше күн бар? А) 4 ай, 363 күн ә) 12 ай, 365 күн б) 3 ай, 365 күн 17. Адам ненің нәтижесінде арғы тегі жануарлардан бөлініп – адамзат қоғамы деп аталды. А) Табын, үйір, отар болу нәтижесінде ә) еңбектің арқасында б) сөйлеудің нәтижесінде 18. Солтүстік пен оңтүстіктің арасын қосатын шеңбер түріндегі сызықтарды ... деп атаймыз А) Градус торы ә) меридиандар б) экватор сызығы 19. Меридиан – латын тілінен аударғанда ... деген мағына береді А) Адасушы жұлдыз ә) теңейткіш б) түскілік 20. Бастапқы меридиан шеңбері Жерді ... жарты шарларға бөліп тұрады. А) оңтүстік және солтүстік ә) батыс және шығыс б) алыс және жақын Оқушылардың тест бойынша ұпай сандарын анықтап, бағалау. 1 қате 5; 2 – 5 қате 4, 5 – 7 қате 3; қалғаны 2 Қорыту Сонымен тестегі ең соңғы сұрағымыз «Адам ненің нәтижесінде арғы тегі жануарлардан бөлініп – адамзат қоғамы деп аталды» неге қалай ойлайсыңдар? Ендеше балалар, біз бүгінгі өтетін жаңа бөлімімізді мына «Ребусты» шешу арқылы табайық. Ендеше бүгінгі басталатын бөліміміз «Қоғам» деп аталады екен, және соның ішінде бүгінгі өтетін тақырыбымыз ребусты шешу «Отбасы – шағын қоғам» деп аталады, ал, қалай ойлайсыңдар, қоғам деп біз нені , неге солай атаймыз? Ол бізге белгілі ме? Біз неге отбасын – шағын қоғам деп атаймыз, ол туралы естіген, білгендерің бар ма? Кейде осы отбасын кішкентай мемлекет деп те атайды неге? Біздің Қазақстан деген мемлекетте өмір сүреміз, ол мемлекетімізді кім басқарады? Ал отбасын ше? т. б. (Оқушылармен әңгімелесу) Қоғамда отбасының алатын орны үлкен. Әрбір отбасы мүшесі қоғамның мүшесі. Барлық қоғам мүшелері сияқты оның өзіндік көзқарасы, құқы бар.
Отбасы қоғамның бөлшегі болғандықтан
1993 жылдан бастап «15 мамыр - Халықаралық отбасы күні» болып аталы п келеді.Әрбір отбасында басшы болады. Ол басшының айтқанын орындау отбасы мүшелерінің міндеті. Ал осы отбасының негізін қалаушылар кімдер? Өздеріңнің де отбасында бір адам отбасын басқарып отырады емес пе, ол туралы пікірлерін әңгімелету.
Әке мен ана - отбасының қамқоршысы. Осы екі сөзде айтқанда жүрегімізде бір жылылық сезімі пайда болады, солай ма әке мен ананың өз міндеттері бар
. Ол туралы біртуар ақынымыз Қ.Аманжолов «Мен - президент, сен - премьер» деп жырлаған екен.. Біз өзіміз қазақ отбасының ұл - қыздарымыз.
Бабаларымыздан жалғасып келе жатқан отбасы тәрбиесі бар. Сендерге ата - аналарың не нәрселерді үйретеді? (ұлттық тәрбие беру)
- Жеті атамды үйретеді 7 атасын атату . - Мәдениеттілікке т. б.
- Осы дәстүрлері жалғасқан отбасылар елімізде заң аясында қорғалған.
Слайд:
ҚР заңының 27 - бабы “Неке және отбасы” тарауында әке мен ана және бала мемлекет қарауында болады делінген. Қоғам дегеніміз – бұл жалпыға бірдей мақсат - міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым - қатынастары біріктірілген адамдар тобы, яғни біздің өмір сүріп жатқан ортамыз.
Сол сияқты әр отбасы мүшелері өз отбасыларының береке – бірлігі, жақсы өмір сүріп, жақсы болуы үшін үлкендерді сыйлап, құрметтеп және кішілерге қамқор, мейірімді болуға, әдепті, тәртіпті, адал, жақсы оқып, жақсы адам болып өсуі үшін көптеген еңбек етеді екен. Сондықтан да біз ата – ана, туған – туыс, бауырларымызбен ынтымақ – бірлікте, сыйластықпен өмір сүруіміз керек . Ал бізүшін қымбат үйде кім? Әрине ата – ана, туған туыс, бауыр, дос тағы басқа. Ал осы ата – ана туралы қандай мақал – мәтел білеміз? «Әке – асқар тау, ана ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» ал осы мақал мазмұнын қалай түсініесіңдер? Түсініктерін әңгімелету Ендеше біз үшін отбасы мен қоғамда ең қажет те, қымбат «достық» және «Отан» екен, Отан, отбасы туралы қандай мақал – мәтел білеміз. «Отансыз адам ...» сол үшін бәріміз бірге, осы «Отан» әнін орындайық, Бүгінігі бөлімінен біз мына төмендегі тақырыптар жайлы танысамыз екен. (Слайдтағы тақырыптарды бәрі оқиды Слайд. Қоғам Отбасының қоғамдағы орны; Адамдардың туған – туысқандық қарым – қатынасын; Отбасыларының бір – біріне деген сыйластығын; Мектеп ұжымы, мектептегі алған білімнің қалай пайдаға асатынын; Туған жер (ауыл, қала) ондағы атқарылатын еңбек жайлы танысасыңдар.

Дәптерлеріне тақырыпты, күн ретін жаздыру Кітаппен жұмыс.
Тізбектеп оқытып, мазмұнын әңгімелету. .
- Сөздік жұмыс. (Қоғам басшы, мұқтаж, ауқатты) Сұрақ – тапсырмалар бойынша жұмыс
Слайд: оқушылардың өз отбасылары туралы шығармашылық жұмысы: «Менің отбасым» видио ролик, көрініс және суретпен таныстыру. Суреттен балалар, өз отбасы мүшелерін кімге, неге ұқсатып салғаны туралы әңгімелету, психлогиялық тренинг Отбасына арнаған өлеңдерін оқу. «Ребус» шешу, отбасы туралы мақал – мәтел, нақыл сөздер айту,
«Жалғастыр» ойыны бойынша төмендегі мақал – мәтел жалғасын құрату 1.Бала – ананың... .
2. Балаң жаман болса, көрінгеннің... 3. Әдепті бала ата - анасын ... ,
Әдепсіз бала ата - анасын .... 4. Ұяда не көрсең ...
Әр мақал мазмұнын әңгімелету. Жаңа сабақты қорыту. Сонымен бүгінгі сабағымыздан не білдік?
ҚР президенті отбасылардың әл - ауқаты мен әлеуметтік жағдайларын жақсарту бағытында көп жұмыстар жүргізеді. - Көп балалы отбасыларға материалдық көмектер ай сайын, қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету жолға қойылуда, әлсіз отбасы балаларын мектептерде ыстық тағамдармен қамтамасыз ету жолға қойылған біздің Алтынбек, Аяжан және Эльвира тегін ыстық тамақ ішеді. Жалпыға бірдей мектеп қорынан көптеген әлеуметтік жағынан қорғалатын оқушыларымыз киім – кешектермен қамтамасыз етіледі..
Отбасы - адамның шыр етіп дүниеге келгеннен бастап тәрбие нәрін алатын орны, әрқайсысыларың отбасы дәстүрлерін құндылықтарын сақтай білсеңдер, қоғамның жақсы мүшесі бола аласыңдар
Бағалау. - Үйге тапсырма беру. Отбасы мүшелерінің суретін салу және «Алтын ұям» тақырыбына эссе жазып келу 132 – 133 - беттер






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров134
Номер материала ДВ-411848
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх