Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Дүниетану тақырыбы: "Бізді не қоршап тұр?" (топсеруен)

Дүниетану тақырыбы: "Бізді не қоршап тұр?" (топсеруен)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Дүниетану

Күні

Сыныбы

1-САБАҚ. Бізді не қоршап тұр? (топсеруен)

Сабақтың мақсаты: 1. оқушыларды қоршаған әлемнің алуан түрлілігі және әдемілігімен таныстыру; тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, талдау, салыстыру; 2. қорытынды шығару сияқты зерттеу жұмыстарының қарапайым дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.3.Табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: альбом, қарындаштар, табиғи материалдар жиналған папка.

Әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу.

Түрі: Топсеруен

Сабақтың барысы:

Топсеруенге дайындық.

а) Топсеруеннің мақсаты мен міндеттері қойылады.

ә) Сынып оқушылары бірнеше топқа белініп, зерттеу нысанын таңдайды.

Зерттеу, бақылау жұмысы.

Ағаш, бұта, шөптерді бақылау жоспары:

а) Қандай ағаштарды керіп тұрсыңдар? Ағаштың діңіне қарап, оның түсін анықтаңдар. Ағаштардың діңдерінің жуандығын салыстырыңдар. Жапырақтардың түстері қандай? Пішіндері қандай?

ә) Бұталарға қараңдар. Олардың ағаштардан қандай айырмашылығы бар? Олардың сырт көрінісінен қандай өзгешелік байқадыңдар?

б) Өсімдіктердің ішінен шөптерді тауып, оларды ағаш және бұталармен салыстырып, айырмашылығын табады.

Олар несімен ерекшеленеді? Шөп қандай бөліктерден тұрады?

Мұғалім оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа зерттеуге тапсырма береді.

1-топ ағаштарды зерттейді. Көргендерін және ағаш туралы алған жаңа мәліметтерін пайдаланып, әңгіме құрастырады.

2-топ бұталар туралы әңгіме құрастырады.

3-топ шөп туралы әңгіме құрастырады.

Тыныштық минуты.

Оқушылар үн-түнсіз аспан, күн, құстарды бақылайды. Сонан кейін көргендерін әңгімелейді.

Әңгімелесу.

Оқушылармен мынадай сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.

  1. Тірі және өлі табиғат бір-бірімен қалай байланысты?

  2. Адамдар табиғаттан не алады?

  3. Қандай сезім мүшелері табиғатты және оның сұлулығын сезінуге көмектеседі?

  4. Өз өлкеңнің табиғи байлығы туралы әңгімеле.

  5. Сурет салу.

Өз өлкесінің табиғатының сұлулығын бейнелеу.

Пікірталас.

Қоршаған әлемге қалай қарау керек?

Топсеруенді қорытындылау.

  1. Топсеруенде көргендеріңнен неге қуандыңдар, ал неге ренжідіңдер?

  2. Сен қоршаған әлемге қамқоршы, жақсы дос бола аласың ба?


Автор
Дата добавления 21.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров279
Номер материала ДВ-177413
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх