Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Дүниетану пәнінен "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбына ашық презентация сабақ жоспары. 2 - сынып.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Дүниетану пәнінен "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбына ашық презентация сабақ жоспары. 2 - сынып.

библиотека
материалов

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қоскөл ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Беспаева З.Қ.


Дүниетану – 2 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.№1слайд

Сабақтың мақсаты: оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту; тамақтанудың негізгі ережелерімен танысу, тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау,ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс істей білуін жетілдіру.

Сабақтың типі: интеграциялық сабақ.

Өткізу формасы: интербелсенді әдіспен.

Сабақтың дидактикалық жабдықталуы: интербелсенді тақта, «Салауатты және қауіпсіз тамақтану дегеніміз не?» - электрондық оқу құралы, жасанды жемістер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй жұмысын тексеру

а ) - Дәстүр деген не?

- «Қонақжайлық» деген не?

- Қазақ халқының « жылу жинау» дәстүрі туралы әңгімеле.

- Сенің отбасында қандай дәстүр бар?

ә ) Суретпен жұмыс. №2- слайд

Мына дастарқанды қай кезде жасайды?

3. Психологиялық дайындық.

Бүгін сабақта келесі маңызды сұрақтарға жауап береміз:

- Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?

- Неліктен жеміс мен көкөністерді көп жеу керек?

- Ас ішер алдында неге қолды жуу керек?

- Жемістер мен көкөністерді неге жуып жеу керек?

4. Жаңа тақырыпты өту.


«Салауатты өмір сүрудің бір ережесі – дұрыс тамақтану».

1) Бейнетаспаны көру.

2) Дұрыс тамақтанудың диагностикалық картасын құрастыру. №3 слайд

Дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбаудың ара жігін ажыратып, екі бағанды толтыру:


Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтанбау


- тамақтану режимін сақтау.

- тамақты жиі қабылдау.

- тамақтанар алдында қолды жуу.

- тұзды, ащы және тұздалған өнімдерді аз пайдалану.

- ретсіз тамақтану (кейде кеш, кейде ерте )

- тамақ рационында алуан түрлі тамақтар, көкөністер мен жімістер болуы тиіс.

- қант пен тәтті тамақтарды ( конфеттер, тәтті нан,торттар) көп пайдалану.

- тамақты артық жемеу.

- үнемі белгілі бір уақытта тамақтану.

- тамақты әбден шайнап, асықпай жұту керек.

- тамақты ішіп отырғанда қатты сөйлеу.

- тамақты ұйқыға дейін екі сағат бұрын ішу керек.

4 ) Оқулықпен жұмыс №4 слайд

а ) Мәтінді іштей оқу.

ә) Сұрақтармен жұмыс.

- Азық - түліктің қандай түрлері болады?(Жануар тектес азық –түлік , өсімдік тектес азық – түлік)

б) Өздік жұмысы (дәптерге жазу)

- Өсімдік текті азық – түлікке нелер жатады?

- Жануар текті азық түлікке нелер жатады?

5) Суретпен жұмыс.№5,№6,№7слайдтар

Негізгі тағамдардан басқа организмге витаминдер де қажет. Бұл тірі организмдердің тіршілік әрекеті үшін қажетті заттар. Олардың жетіспеуі адамдарды түрлі ауруларға шалдықтырады. Олар организмнің өсуі мен дамуына және көптеген процестерге қатысады. Витаминдер алуан түрлі болады. Біз тек 3-4 витамин түрімен танысамыз. Витаминдер А, В, С, Д,


Витамин С немесе аскорбин қышқылы. Ол организмнің жауап беру қабілетін, оның қорғаныштығын – түрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын сақтайды.

В витаминдері – зат алмасу процесін белсенді реттейді организмнің өсуі мен дамуына жағдай жасайды, ас қорыту жүйесінің, жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады.

А витамині баланың қалыпты өсіп дамуына қажет. Ол көзге, теріге жағымды әсер етеді, тыныс алу, ас қорытуды жақсартады. Сүйекті, тісті, шашты нығайтады.

Д витамині сүйекті берік ету үшін қажет. Егер балаларда Д витамині жетпесе, олардың сүйегі жұмсарып, қисаяды. Бұл ауру «мешел» деп аталады.

6) Қорытындылау;

а) Дұрыс тамақтану сызбасын сызу: № 8 слайд

Тамақ

Пайдалы Зиянды


ә) Ойын «Мынау не?». Оқушылар мұғалім жасырған көкөністі немесе жемісті қолымен ұстап, түрін, түсін және ағзаға келтірер пайдасын айтады.


б) Мақал- мәтелмен жұмыс: №9 слайд

Көп шайнасаң, көп өмір сүресің.

Ас – адамның арқауы.

Ас үстінен аттама

Астан үлкен емессің.


7) Бағалау. 8) Ұй тапсырмасы.


Краткое описание документа:

Дүниетану – 2  - сынып

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.№1слайд

Сабақтың мақсаты: оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту; тамақтанудың негізгі ережелерімен танысу,  тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау,ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс істей білуін жетілдіру.

Сабақтың типі: интеграциялық сабақ.

Өткізу формасы: интербелсенді әдіспен.

Сабақтың дидактикалық жабдықталуы: интербелсенді тақта, «Салауатты  және қауіпсіз тамақтану дегеніміз не?» - электрондық оқу құралы, жасанды жемістер.

Автор
Дата добавления 21.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров710
Номер материала 403015
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх