Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Дүниетану пәнінен әзірленген шығармашылық жұмыстар»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

«Дүниетану пәнінен әзірленген шығармашылық жұмыстар»

библиотека
материалов


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Теміртау қаласының №3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ









hello_html_692a44b5.gif


«Дүниетану пәнінен әзірленген шығармашылық жұмыстар»





Орындаған: «Теміртау қаласының №3 ЖББОМ» КММ

бастауыш сынып мұғалімі Хуандаг А.













Теміртау қаласы

2014-2015 оқу жылы



«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады»

Ахмет Байтұрсынұлы


Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған Республиканың « Білім туралы» Заңында «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның шығармашылығын дамыту» білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетілген.

Мақсаты – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін , шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарттарына мына міндеттерді жатқызуға болады:

  1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау(топтау,бақылау, қалыптастыру)

  2. Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру

  3. Оқушы потенциалына сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату

  4. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу қажет.

Осы мақсатқа жету үшін әдістемелік құрал әзірлеу керек деп алдыма мақсат қойдым.

Шығармашылық деген не?

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы шығармашылыққа, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.

Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің санылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын баланың негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

«Білімді ұрпақ – болашақ кепілі», - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу – әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс – әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал ұстаздар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.

Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да - мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені барлығына белгілі.

Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектепте.

Ал бастауыш буынның негізгі міндеті – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық  — тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.

Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін осындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».

Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.

Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері

Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсете кетейін:

Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері


hello_html_2bcc55f4.pnghello_html_29b9731b.png


Дүниетану пәні бойынша әзірленген шығармашылық жұмыстар

Енді сіздерге 1-сыныптан бастап 3-сыныпқа дейін дүниетану пәнінен жүргізілетін шығармашылық жұмыс түрлері ұсынылады.

Дүниетану пәні — жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия, тарих пәнінің бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастаыш мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік (қосымша №1 кітапша).






Дүниетану пәнінен 3 жыл бойы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрсеткіші.



1 сынып

2 сынып

3 сынып


Жыл басы

жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

Жоғары

-

5/ 21%

12/50%

14/ 58%

15/62%

17/ 71%

Орта

-

14/ 58%

9/ 37%

7/ 22%

7/ 29%

6/25%

төмен

-

5/ 21%

3/ 12%

3/ 12%

2/ 8%

1/ 4%


Осы кестеде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 3 жыл бойы өткізген оқушылардың шығармашылық жұмыстарының қорытындысын көруге болады:


hello_html_120743a1.png


Шығармашылық жұмысты орындау барысында 1-сыныптың 2-жартыжылдығында 5 оқушы (21%) жоғары, 14 оқушы (58%) орта, ал 5 оқушы (21%) төмен деңгейді көрсетті.

Төмен көрсеткішті көрсеткен оқушылар: Асанова Т, Ерназаров А. Ергалиев Н. Егембергенов Н. Турдыева Г. Қиындық тудырған тақырыптар: «Өсімдіктер тіршілігі» тарауы бойынша (Асанова Т, Ергалиев Н)

«Жануарлар мен құстар» тарауы бойынша (Егембергенов Н, Ерназаров А, Турдыева Г)

Осы тараулар бойынша оқушыларға женілдетілген жас ерекшелігіне өз деңгейіне сай тапсырмалар беріліп, жеке жұмыстар жүргізілді. Ата-аналармен тығыз байланыста болып, қосымша сабақтар өткіздім.


hello_html_m534bb47.png

Жылдың басында 2-сыныпта 12 оқушы (50%) жоғары, 9 оқушы (37%) орта, ал 3 оқушы (12%) төмен деңгейді, жылдың соңында 14 оқушы (58%) жоғары,7 оқушы (22%) орта, ал 3 оқушы (12%) төмен деңгейді көрсетті.

Төмен көрсеткішті көрсеткен оқушылар: Асанова Т, Ерназаров А. Ергалиев Н. Қиындық тудырған тақырыптар: «Өсімдіктер әлемі» тарауы бойынша (Асанова Т , Ергалиев Н). «Тау жыныстары» тарауы бойынша (Ерназаров А)

Осы оқушылардың жас ерекшелігіне өз деңгейіне сай тапсырмалар беріліп, жеке жұмыстар жүргізілді. Ата-аналармен тығыз байланыста болып, қосымша сабақтар өткізіліп, қайталау жұмыстары жүргізілді.


hello_html_390b357e.png


Бұл кестеге назар аударсақ, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын сапалы орындаған көрсеткіші болып келеді.

Жылдың басында 3-сыныпта 15 оқушы (62%) жоғары, 7 оқушы (29%) орта, ал 2 оқушы (8%) төмен деңгейді, жылдың соңында 17 оқушы (71%) жоғары, 6 оқушы (25%) орта, ал 1 оқушы (4%) төмен деңгейді көрсетті.

Төмен көрсеткішті көрсеткен оқушылар: Асанова Т, Ерназаров А. Ергалиев Н. Қиындық тудырған тақырыптар: «Өсімдіктер әлемі» тарауы бойынша (Асанова Т, Ергалиев Н)«Табиғат және адам» тарауы бойынша (Ерназаров А)

Осы оқушылардың жас ерекшелігіне өз деңгейіне сай тапсырмалар беріліп, жеке жұмыстар жүргізілді. Ата-аналармен тығыз байланыста болып, қосымша сабақтар өткізіліп, қайталау жұмыстары жүргізілді.

Төмендегі диаграммада дүниетану пәнінен 3 жылдық білім сапасы мен үлгерімі көрсетіліп тұр.

2010-2011 оқу жылындағы 1-сыныпта дүниетану пәнінен білім сапасы 60%

2011-2012 оқу жылындағы 2-сыныпта дүниетану пәнінен білім сапасы - 64% 2012-2013 оқу жылындағы 3-сыныпта 70%-ды құрады. Үлгерімі 100%.


hello_html_6857cd4b.png

Шығармашылық жұмыстарды орындай отырып, 3 жыл бойы көрсеткен нәтижелерім:

1). Мектепшілік олимпиада дүниетану пәнінен 1-орын Турсынкулова Мерей

2). Қалалық зерттеу жұмысынан «Сүттен алынатын сусындар» 3-орын Нуритдинова Оксана

3). Мектепшілік зерттеу жұмысынан «Суды тиімді пайдалану» 1-орын Смагулов Саризжан.

4). 2-3 сыныптар АБАЙ шығармашылығына арналған білім зияткерлік «ОҚУ КҮНІ» мерекесінен 3-орын.














Қорытынды.

Қорытындылай келе, оқушылар дүниетану пәні бойынша шығармашылық жұмыстарды орындау барысында мынаңдай нәтижеге жеттім:


hello_html_m6ecc4c58.gif









Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.-«Білім әлемі», 30.01.2004.

  2. ҚР «Білім туралы» Заңы

  3. ҚР МЖМБС 2008ж.

  4. Журнал «12 жылдық білім», № 2, 2007 жыл

  5. Журнал «12 жылдық білім», № 1, 2007 жыл

  6. «Мектеп алды даярлық» журналы № 5, 2008жыл.

  7. Құрманбаев М. «Адамгершілік тәрбиесі» Қазақстан мектебі 2003 №1

  8. Қаплиева А. Л. «Оқушылырдың салауатты өмір сүру дағдыларын рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қлыптастыру» Атырау 2003.

  9. Б.Төлентай , Р. Байғабылова. Сен білесің бе? Сериясы «Аруна» баспасы 2003 жыл

  10. Қ.Аймағанбетов. Дүниетану хрестоматиясы. Алматы «Атамұра» 1998жыл

  11. С.А Сапарғалиева. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. Алматы 1999 жыл

  12. Нұрғалиев Р.Н. Ол кім ? Бұл не? (энциклопедия ). Алматы 1986 жыл І,ІІ.ІІІ

  13. Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы «Рауан» 1994 жыл

  14. Басшыбаев М. Шығармашылық – уақыт талабы. Қазақстан мектебі , 1995жыл №9

  15. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Теміртау қаласының №3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дүниетану пәнінен әзірленген шығармашылық жұмыстар»

 

 

 

 

                                      

                                    Орындаған: «Теміртау қаласының №3 ЖББОМ» КММ

бастауыш сынып мұғалімі Хуандаг А.

                                                

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теміртау қаласы

2014-2015 оқу жылы

 

 

  «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады»

Ахмет Байтұрсынұлы

 

    Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған Республиканың « Білім туралы» Заңында «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның шығармашылығын дамыту» білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетілген.

 Мақсаты – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін , шығармашылық қабілеттерін дамыту.

    Шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарттарына мына міндеттерді жатқызуға болады:

1.  Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау(топтау,бақылау, қалыптастыру)

2.  Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру

3.  Оқушы потенциалына сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату

4.  Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу қажет.

   Осы мақсатқа жету үшін әдістемелік құрал әзірлеу керек деп алдыма мақсат қойдым.

     Шығармашылық деген не?

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы шығармашылыққа, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.

Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің санылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын баланың негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

«Білімді  ұрпақ – болашақ  кепілі», -  демекші,  қазіргі  таңда  елдің  болашақ  азаматтарын  қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру  мәселесі – мемлекетіміздің  басты  саясатының  бірі.  Білім  мен  ғылымның  ел  дамуына  оңтайлы  әсер  етуі  үшін  оқыту  жүйесін  заман  талабына  сай  үйлестіре  алу  міндеті  туындап,  білімге,  бүкіл  оқу – әдістемелік  жүйеге  жаңа  талаптар  қойылуда.  Сондықтан  ұстаз  іс – әрекетін  жаңа  талап  тұрғысынан  ұйымдастыру – бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі.

Сабақты  жаңашыл  үрдіспен  өткізу – оқушылардың  білім  сапасын  арттырып,  олардың  шығармашылық  және  ойлау  қабілеттерін  дамытып  отырады, ал  ұстаздар  үшін  кәсіби  шеберліктерінің  өсуіне  жәрдемдеседі.

Мектептің  тірегі  де,  жүрегі  де,  білімнің  тұтқасы  да -  мұғалім.  Бала  тағдыры  қолына  сеніп  тапсырылып  отырған  басты  тұлға  да  ұстаз  екені  барлығына  белгілі.

Тәуелсіз  елдің   тірегі – білімді  ұрпақ,  өркениет  біткеннің  өзегі – білім, ғылым, тәрбие  дейтін  болсақ,  осының  барлығының  бастауы – бастауыш  мектепте.

Ал  бастауыш  буынның  негізгі  міндеті – баланың  жеке  басын  бастапқы  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету,  оның шығармашылық  және  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  өздіктерінен  ойлана  алатын,  ізденгіш  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді»  тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық  — тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.

Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін осындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған».

Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.

Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері

Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақпен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсете кетейін:

Шығармашылық сабақтыңерекшеліктері

 

                        

 

Дүниетану пәні бойынша әзірленген шығармашылық жұмыстар

Енді сіздерге 1-сыныптан бастап 3-сыныпқа дейін дүниетану пәнінен жүргізілетін шығармашылық жұмыс түрлері ұсынылады.

Дүниетану пәні — жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия, тарих пәнінің бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастаыш мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік (қосымша №1 кітапша).

 

 

 

 

 

     Дүниетану пәнінен 3 жыл бойы оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрсеткіші.

 

 

    1 сынып

        2 сынып

   3 сынып

 

Жыл басы

жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

Жоғары

-

5/ 21%

12/50%

14/ 58%

15/62%

17/ 71%

Орта

-

14/ 58%

9/ 37%

7/ 22%

7/ 29%

6/25%

төмен

-

5/ 21%

3/ 12%

3/ 12%

2/ 8%

1/ 4%

 

Осы кестеде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 3 жыл бойы өткізген оқушылардың шығармашылық жұмыстарының қорытындысын көруге болады:

 

    

 

Шығармашылық жұмысты орындау барысында 1-сыныптың 2-жартыжылдығында 5 оқушы (21%) жоғары, 14 оқушы (58%) орта, ал 5 оқушы (21%) төмен деңгейді көрсетті. 

Төмен көрсеткішті көрсеткен  оқушылар: Асанова Т, Ерназаров А. Ергалиев Н. Егембергенов Н. Турдыева Г. Қиындық тудырған тақырыптар: «Өсімдіктер тіршілігі» тарауы бойынша (Асанова Т, Ергалиев Н)

«Жануарлар мен құстар» тарауы бойынша (Егембергенов Н, Ерназаров А, Турдыева Г)

   Осы тараулар бойынша оқушыларға женілдетілген жас ерекшелігіне өз деңгейіне сай  тапсырмалар беріліп, жеке жұмыстар  жүргізілді. Ата-аналармен тығыз байланыста болып, қосымша сабақтар өткіздім.

 

 

 

    

Жылдың басында 2-сыныпта 12 оқушы (50%) жоғары, 9 оқушы (37%) орта, ал 3 оқушы (12%) төмен деңгейді, жылдың соңында 14 оқушы (58%) жоғары,7 оқушы (22%) орта, ал 3 оқушы (12%) төмен деңгейді көрсетті.

Төмен көрсеткішті көрсеткен  оқушылар: Асанова Т, Ерназаров А. Ергалиев Н.  Қиындық тудырған тақырыптар: «Өсімдіктер әлемі» тарауы бойынша (Асанова Т , Ергалиев Н). «Тау жыныстары» тарауы бойынша (Ерназаров А)

  Осы оқушылардың жас ерекшелігіне өз деңгейіне сай  тапсырмалар беріліп, жеке жұмыстар  жүргізілді. Ата-аналармен тығыз байланыста болып, қосымша сабақтар өткізіліп, қайталау жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 Бұл кестеге назар аударсақ, оқушылардың  шығармашылық жұмыстарын сапалы орындаған көрсеткіші болып келеді.

Жылдың басында 3-сыныпта 15 оқушы (62%) жоғары, 7 оқушы (29%) орта, ал 2 оқушы (8%) төмен деңгейді, жылдың соңында 17 оқушы (71%) жоғары, 6 оқушы (25%) орта, ал 1 оқушы (4%) төмен деңгейді көрсетті.

 Төмен көрсеткішті көрсеткен  оқушылар: Асанова Т, Ерназаров А. Ергалиев Н.  Қиындық тудырған тақырыптар: «Өсімдіктер әлемі» тарауы бойынша (Асанова Т, Ергалиев Н)«Табиғат және адам» тарауы бойынша (Ерназаров А)

    Осы оқушылардың жас ерекшелігіне өз деңгейіне сай  тапсырмалар беріліп, жеке жұмыстар  жүргізілді. Ата-аналармен тығыз байланыста болып, қосымша сабақтар өткізіліп, қайталау жұмыстары жүргізілді.

      Төмендегі диаграммада  дүниетану пәнінен 3 жылдық білім сапасы мен үлгерімі көрсетіліп тұр.

2010-2011 оқу жылындағы 1-сыныпта дүниетану пәнінен білім сапасы 60%

2011-2012 оқу жылындағы 2-сыныпта дүниетану пәнінен білім сапасы - 64% 2012-2013 оқу жылындағы 3-сыныпта 70%-ды құрады. Үлгерімі 100%.

 

 

    Шығармашылық жұмыстарды орындай отырып, 3 жыл бойы көрсеткен нәтижелерім:

1). Мектепшілік олимпиада дүниетану пәнінен 1-орын Турсынкулова Мерей

2). Қалалық зерттеу жұмысынан «Сүттен алынатын сусындар» 3-орын Нуритдинова Оксана

3). Мектепшілік зерттеу жұмысынан «Суды тиімді пайдалану» 1-орын Смагулов Саризжан.

Автор
Дата добавления 22.04.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1064
Номер материала 491691
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх