Инфоурок Начальные классы ТестыДүниетанудан тест 3 сыныптарға арналған

Дүниетанудан тест 3 сыныптарға арналған

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шағын жоба

 

 

Дүниетану пәніне арналған тест тапсырмалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобаны орындағандар:                                                                      Хуандаг А.                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.Кіріспе

1.Жобаның өзектілігі

Тың тұрпатты оқу бағдарламалары жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысындағы білім мазмұны модельдерінің бір нұсқасын бейнелейтін біртұтас оқу-әдістемелік комплекстің маңызды бөлімі болып табылады.

Бастауыш сыныптардағы білім мазмұнының қайнар көзі-құрамдас үш бөліктен: адам, табиғат, қоғамнан тұратын айналадағы дүние. Ендеше, осы мазмұнның өзі айналадағы дүние, оны танып білудің әдіс-тәсілдері туралы түсініктер  мен ұғымдарды біріктіретін біртұтас білім,білік дағдылар жүйесі болып табылады.

Білім мазмұны дәстүрлі ана тілі, математика, еңбек, бейнелеу өнері және дүниенің құрамдас үш бөлігін интегративті қарастыратын  Дүниетану пәніне жіктеледі.

Оқушыларды қажетті біліммен және танымдық әрекет әдіс-тәсілдермен қаруландыру арқылы олардың айналадағы дүниені танып білуінде ерекше рөл атқаратын пәндердің бірі-Дүниетану пәні.Бұл пән мазмұнында адамның табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен этикалық құқықтық қарым-қатынасына айрықша мән беріліп, оқушыларды осындай қарым-қатынастарды және өз өміріне, денсаулығына деген сауатты қатынасын тәрбиелеу көзделеді.

 Оқушының білімге ықыласы мен қызығуын арттыру үшін тақырыптарға сай сабақтың түрін, құрылымын, әдіс-тәсілдерін түрлендіре білуіміз қажет.

  Ұстаз үшін ең негізгі мақсат-оқушылармен бірге өткізетін уақытында әрбір сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу.Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген, оқушылардың білім сапасын көтеруге ықпал жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың ойлау қабілетін жамытуға көп көмегін тигізетін әдіс-тест тапсырмаларды қорытындылау сабақтарында қолдана білу.Мәселен, оқушылардың алған білімдеріндегі кейбір олқылықтарды толықтырып, өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін тест тапсырмаларды пайдалану өте тиімді. Бұл білім тексеруде негізгі ұғымдарды қалыптастырып, білімді, дағдыны баянды ету мақсатында қызмет атқарады.Оқушылар білімін қорытындылап, оны жүйелі түрде тексеріп отырганда оқушыларда оқуға жауапкершілікпен қарау әдеті тәрбиеленіп, олардың жеке ерекшеліктерін айқандауға мүмкіндік береді.

 

2.Жобаның мақсаты

Дүниетану пәніне арналған тест тапсырмаларын құрастыру

3.Жобаның міндеттері

Теориялық негіздемесін жасау

Жоба өніміне сипаттама беру

 

 

 

II.Жобаның негізгі мазмұны

1.Теориялық негіздемесі

 Тест тапсырмалары сыныптың барлық оқушылары бір мезгілде, әр оқушы дербес орындайды.Тест тапсырмалары жазба түрде әр бір оқушыға беріледі.Онда әр тапсырманың орындалу тәртібі көрсетілген.Жұмыс басталарда мұғалім тапсырмалардың орындалу реті, оның нәтижесі қалай қорытындылатыны туралы ауызша түсіндірілуі қажет.Жұмыс соңында тест тапсырма «кілт» көрсетіліп, оқушы еңбегі бағаланады.Барлық тест тапсырмаларды 80 пайыз  орындалған болса, оқушы өткен тарау бойынша пән бағдарламасын меңгерген болып есептеледі.

Тест тапсырмаларын пайдалану арқылы өткізілетін сабақтар оқушының логикалық тұрғыда тез ойланып, сабақтарда қаралған мәселенің негізгісін анықтауға дағдыланады,терминдерді дұрыс түсініп,мәнін аша білуге үйретеді,нақтылы түсінікке тез көшуге жәрдемін тигізеді.

4-сыныпқа арналған дүниетану оқулығы 13 үлкен тараудан құрылған.Әр тарауда 4-5 мәтін, әр мәтін соңында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.Өзім дайындаған тест тапсырмалар оқушының әр тараудан алған білімдерін тексеріп бағалауға көп көмегін тигізері анық.   

2.Жоба өніміне сипаттама               

                

 Адам-қоғам перзенті

1.Ч.Дарвин «Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталу»атты  

еңбегін қай ғасырда жазды?

А) 19 ғ

Ә) 20 ғ

Б) 18 ғ

        2.Жердің даму тарихында «мұз дәуірі»деп нені атаймыз?

А) сәтті

Ә) кезеңді

Б) жылды

3.Алғашқы адамның пайдаланған құралын тап.

А) сүйек

Ә) үтік

Б) пеш

4.Алғашқы адам пышаққа ұқсас қарапайым құралды неден  

жасаған?

А) темір

Ә) пластмасса

Б) тас

       

 

        5.Адам баласын адам еткен не?

А) ән

Ә) еңбек

Б) жүгіру

6.Көшпенді өмір неден туындаған?

А) табиғи ортаға бейімделіп,тіршілік ету қабілетінен

Ә) табиғи ортаға бейімделмей,тіршілік ету қабілетінен

Б)табиғи ортаға бейімделіп,тіршілік етпеу қабілетінен

7.Ең үлкен Хеопс пирамидасының биіктігі қанша метр?

А) 174 м

Ә) 145 м

Б) 147 м

        8.Родос алыбы неден жасалған?

А) күмістен, 63м

Ә) қоладан, 36м

Б) алтыннан, 36м

        9.Вовилондағы Семирамиданың аспалы бағына қай өзеннен су            шығарып құйған?

А) Ефрат

Ә) Ніл

Б) Жайық

10.Біздің елімізде Мәдениет министрлігіне қай жылдан бастап тарихи құрылыс ескерткіштері есепке алына бастады?

А) 1954ж

Ә) 1945ж

Б) 1953ж

 

         Кілті:

1.А                6.А

2.Ә                7.Б

3.А                8.Ә

4.Б                 9.А

5.Ә                10.Б

 

                                             Табиғат                                   

1.Табиғатты зерттеу жұмыстарында өте ертеден бастап қазірге дейін қандай әдіс қолданып келеді?

А) бақылау

Ә) диктант

Б) тест

2.Антарктидада бүкіл дүние жүзіндегі мұздықтың қанша пайызы шоғырланған?

А) 70%

Ә) 80%

        Б) 90%

3.Тікелей бақылауға келмейтін белгісіз құбылыстардың сырын ашу үшін арнайы не жасайды?

        А) тәжірибе

        Ә) жоспар

        Б) сурет

4.Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтауды қалай атайды?

А) сипаттау

Ә) пайымдау

Б) бағдарлау

 

5.Тұсбағдар құралы не үшін қажет?

А) желдің күшін анықтау

Ә) көкжиек тұстарын анықтау

Б) жауын-шашынды анықтау

 

6.Еркін айналып тұратын магнитті тіл мен циферблаттан тұратын құралды ата.

А) сағат

Ә) тұсбағдар

Б) таразы

7.Құмырсқалар өз илеуін ағаштың қай жағына салады?

А) оңтүстік жағына

Ә) солтүстік жағына

Б) батыс жағына

8.Қазақ жерінің аумағын белгіле.

                           2

А) 7 200 000 км

                           2

Ә) 2 700 000 км

                           2

Б) 7 222 777 км

9.Қазақстан жер көлемі жөнінен дүниежүзі бойынша нешінші орында?

А) 7-орын

Ә) 19-орын

Б)  9-орын

10.Қазақстан пайдалы қазбаның қай қоры бойынша үшінші орын алады?

А) мыс қоры

Ә) алтын қоры

Б) көмір қоры

 

                       Құрлық бетінің негізгі түрлері

 1.Құрлық бетінің тегіс немесе белесті алқаптарын қалай атайды?

А) тау

Ә)жазық

Б) шоқы

 2.Судың жер бетін жыртып,тілімдеуінен не пайда болады?

А) жыра

Ә) төбе

Б) жазық

 3.Жазықтар қандай жыныстардан тұрады?

А) тас пенг саз

Ә) құм мен тас

Б) құм мен саз

 4.Жер бетінің биік бөлігін не деп атайды?

А) тау

Ә) жазық

Б) жыра

 5.Таулар қандай жыныстардан тұрады?

А) саз бен құм

Ә) қиыршық тас пен саз

Б) гранит пен әктас

 

6.Қатты тау жыныстарының бөлшектеніп,ұсақталуын қалай атайды?

А) бұзылу

Ә) үгілу

Б) шөгу

 

7.Мұздық қандай жерлерде кездеседі?

А) тау етегінде

Ә) тау басында

Б) жазықта

 

8.Террикондар қай облыста көп кездеседі?

А) Қарағанды облысы

Ә) Шымкент облысы

Б) Атырау облысы

 

9.Колифорнияда қай жылы жердің қозғалғандығын тұрғындар сезді?

А) 1936ж

Ә) 1938ж

Б) 1993ж

 

10.Алматы қаласы қай таудың етегінде орналасқан?

А) Алтай

Ә) Тянь-Шань

Б) Іле Алатауы

 

                         Кілті:

               1.Ә                  6.Ә

               2.А                  7.Ә

               3.Б                   8.А

               4.А                   9.А

               5.Б                   10.Б

 

             Пайдалы қазбалар

1.Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары қалай аталады?

А) кен

Ә) қара метал

Б) түсті метал

2.Металл неше түрге бөлінеді?

А) 3

Ә) 2

Б) 4

 

3.Магнитке тартылатын металдар қалай аталады?

А) ала металл

Ә) түсті металл

Б) қара металл

4.Темір кені картада қандай шартты белгімен белгіленген?

А) қара үшбұрыш

Ә) алтын

Б) мұнара,мұнай

5.Темір кендерінің  магниттік қасиеті қандай құрылыммен анықтайды?

А) магнит

Ә) тұсбағар

Б) сағат

6.Темір кен қорының қанша пайызы Қостанай облысынан кен орнын ашқан?

А) 90%

    Ә) 80%

    Б) 85%

7.Мыс пен мырыштың қоспасын ата.

А) жез

Ә) көмір

Б) қола

8.Апақ Байжанов Қазақстанның қай облысынан кен орнын ашқан?

А) Екібастұз

Ә) Қарағанды

Б) Торғай

9.Парафин неден өндіріледі?

А) жез

Ә) көмір

Б) мұнай

10.Мұнайды картада қандай шартты белгімен белгілейді?

А) қара мұнара

Ә) ақ мұнара

Б) қара үшбұрыш

 

                           Кілті:

1.А                     6.Б

2.Ә                     7.А

3.Б                      8.Ә

4.А                     9.Б

5.Ә                     10.А

 

                        Топырақ

1.Топырақ деген не?

А) жер қыртысының өсімдік өсетін беткі қабаты

Ә) жер қыртысының өсімдік өсетін ішкі қабаты

Б) жер қыртысының сазды немесе құмайт жерлері

    2.Қарашірік қабатының түсі қандай?

А) сарғыш

Б) қоңыр

Ә) қара

3.Бозғылттау қабат қалай аталады?

А) қарашірік қабаты

Ә) шайылған қабат

    Б) шайылу қабаты

    4.Тау жыныстарымен байланысты қабатты ата

А) топырақ түзуші жыныстар

Ә) қарашірік қабаты

Б) шайылу қабаты

5.Тәжірибеге неше үңгі құйғыш керек?

А) 2

Ә) 4

Б) 3

6.Өсімдікке қолайлы топырақты ата.

А) сазды

Ә) құмайт

Б) саздық

7.Көң қандай тыңайтқыш?

А) органикалық

Ә) минералдық

Б) бейорганикалық

8.Фосфорит ұны қандай тыңайтқыш?

А) органикалық

Ә) минералдық

Б) бейорганикалық

9.Топырақты қорғау дегеніміз не?

А) мүлде тиіспеу,оны бүлдірмеу

Ә) мүлде тиіспеу емес,оны бүлдірмеу,дұрыс пайдалану

Б) мүлде тиіспеу,дұрыс пайдаланбау

10.Өсімдікке қолайсыз топырақты ата.

А) құмайт

Ә) саздық

Б) сазды

                   Кілті:

1.А                               6.Б

2.Ә                               7.А

3.Б                                8.Ә

4.А                                9.Ә

5.Б                                10.Б

 

                          

                                 Су

1.Табиғатта ең көп таралған затты ата және ол жер бетінің қанша бөлігін басып жатыр?

А) су,үштен екі бөлігін

Ә) ауа,екіден бір бөлігін

Б) топырақ,төрттен бір бөлігін

2.Қай қалада теңіз суын атом қуаты арқылы тазартып ішеді?

А) Арал

Ә) Ақтау

Б) Атырау

3.Сарыағаштың шипалы суы нешінші жылы ашылды?

А) 1964ж

Ә) 1946ж

Б) 1947ж

4.Сарыағаш курорты қашан ашылды?

А) 1999ж

Ә) 1954ж

Б) 1964ж

5.Көлдердің ең үлкенін ата.

А)Балқаш

Ә) Арал

Б) Каспий

6.Ең терең көлді ата.

А) Байкал (1620м)

Ә) Алакөл

Б) Зайсан                         2

7.Ауданы 17-22 мың км  көлді ата.

А) Каспий

Ә) Арал

Б) Балқаш

8.Сырдария және Амудария өзендері су мол жылдары қай теңізге    

   құйды?

А) Арал

Ә) Каспий

Б)  Зайсан

9.Соңғы 20-30 жылда Арал теңізінің ауданы неше есе кеміді?

А) 4 есе

Ә) 3 есе

Б) 2 есе

10.Ақтау қаласы қай теңіздің жағалауында орналасқан?

А) Каспий

Ә) Арал

Б) Балқаш

                               

 

             Кілті:

1.А                            6.А

2.Ә                          7.Б

3.Ә                          8.А

4.Б                           9.Б

5.Б                           10.А

 

                                Ауа

1.Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның қандай бөлігін құрайды?

А) екіден бір бөлігін

Ә) үштен бір бөлігін

Б) төрттен бір бөлігін

2.Ауа қоспасындағы ең көп затты ата.

А) инертті газ

Ә) көмір қышқылы

Б) азот

3.Ауа қысымы адам денесін қандай қысыммен басып тұрады?

А) 16 тонна

Ә) 18 тонна

Б) 14 тонна

4.Ауаның қай қабатында ауасыз бос кеңістік басталады?

А) бірінші

Ә) үшінші

Б) екінші

5.Жерге жеткен аспан денелерінің сынықтарын қалай атайды?

А) метеориттер

Ә) жер серіктері

Б) ауа шарлары

6. Ең суық температура қай айға сәйкес келеді?

А) ақпан

Ә) қаңтар

Б) желтоқсан

7.Ең жылы температура қай айға сәйкес келеді?

А) шілде

Ә) тамыз

Б) маусым

8.Өсімдіктер ауаны неге байытады?

А) азотқа

Ә) оттегіге

Б) сутегіне

9.Қай ғасырда ғалымдар оттегі және азот ауадан жеке газдар күйінде алынғанын дәлелдеді?

А) 18 ғасырдың басында

Ә) 18 ғасырдың соңында

Б) 19 ғасырда

10.Ауа қабаты болмайтын Айда күндізгі температура неше градус?

А) 130 градус

Ә) 110 градус

Б) 120 градус

                 Кілті:

1.Ә                         6.Ә

2.Б                          7.А

3.А                         8.Ә

4.Ә                         9.Ә

5.А                         10.Б

 

                    Біздің өлкенің өсімдіктері мен жануарлары

1.Шалғында қай құс көп кездеседі және онда неше жұмыртқа болады?

А) қарлығаш,1-2 жұмыртқа

Ә) бөдене,10-20 жұмыртқа

Б) бірқазан, 12-14 жұмыртқа

2.Мал жемейтін улы өсімдікті ата.

А) райхан

Ә) арпабас

Б) сарғалдақ

3.Суырдың іні неше метр болады және олар қауіп болғанда қалай белгі береді?

А) 10-15 метр,әңгіршік- әңгіршік

Ә) 10-18 метр,шық-шық

Б) 15-19 метр,әңгүдік-әңгүдік

4.Азық-қорек біткенде,уақытша ұйқыға кететін жануарды ата.

А) тиін,ақбөкен

Ә) түлкі,қасқыр

Б) кірпі,аю

5.Тікенекті бұталар қандай шөлде кездеседі?

А) құмды

Ә) тастақты

Б) сортаңды

6.Ақбөкендер суатқа қай мезгілде келеді?

А) түсте

Ә) таңсәріде

Б) кеште

7.Қалың тоғайда көп кездесетін құсты ата.

А) қырғауыл

Ә) жапалақ

Б) бүркіт

8.Қарағайлы ормандағы миуалы өсімдікті ата.

А) алма

Ә) итмұрын

Б) тошала

9.Биік тау құзырында мекендейтін құсты ата.

А) сауысқан

Ә) ұлар

Б) жарғанат

10.Биік тау жайылымдарында мекендейтін ірі аңды тап.

А) арқар

Ә) бұғы

Б) елік

                       Кілті:

1.Ә                         6.Ә

2.Б                          7.А

3.А                         8.Б

4.Б                          9.Ә

5.Ә                         10.А

 

                                Жер-ғарыш денесі

1.Жерге ең жақын планетаны ата.

А) Сатурн

Ә) Юпитер

Б) Марс

2.Ғарышқа жол қашан ашылды?

А) 1997ж

Ә) 1975ж

Б) 1991ж

3.Глобус деген не?

А) жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі

Ә) жердің жартылай кішірейтілген үлгісі

Б) планеталардың дәл үлгісі

4.Жердің күнді толық бір айналып шығуына кеткен уақытты қалай атаймыз?

А) тәулік

Ә) жыл

Б) күн

5.Ю.Гагарин нешінші жылы ғарышқа  ұшты?

А) 1961ж

Ә) 1962ж

Б) 1963ж

6.Т.Әубәкіров нешіншіи жылы ғарышқа ұшты?

А) 2002ж

Ә) 1991ж

Б) 2001ж

7.Күннің беткі қабатының қызуы неше градус?

А) 6000 градус

Ә) 5000 градус

Б) 4000 градус

8. Экватордың ұзындығы неше километр?

А) 40000 км

Ә) 50000 км

Б) 30000 км

9.Полюстерді бір-біріне қосатын сызықты ата.

А) меридиан

Ә) градус торы

Б) полюс

10.Жер шар тәріздес деп қай елдің ғалымдары болжаған?

А) орыс

Ә) грек

Б) латын

                   Кілті

1.Ә                                 6.Ә

2.А                               7.А

3.А                               8.А

4.Ә                               9.А

5.А                               10.Б

 

                               Біздің ауыл

1.Шаруа қожалығына неше жастан бастап ҚР-ның азаматы басшы бола алады?

А) 16 жас

Ә) 18 жас

Б) 17 жас

2.Мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіледі?

А) қарыз қаражат бөлінеді

Ә) қарыз қаражат бөлінбейді

Б) басшы таңдап белгіленеді

3.Нағашы дегеніміз қандай туыс?

А) сенің әкеңнің ата-анасы

Ә) сенің көршіңнің ата-анасы

Б) сенің шешеңнің ата-анасы

4.Асанның нағашы атасы бұрын қандай қызметте болған?

А)ұжымшар жүргізушісі

Ә)ұжымшар есептеушісі

Б)ұжымшар бастығы

5.Асанға атасы қазақтың қандай сөзін айтты?

А) Жер де сенің бір анаң

Ә) Жері байдың-елі бай

Б) Туған жерге туың тік

6.Ауылдағы мекемені ата

А) аурухана

Ә) хайуанбақ

Б) институт

7.Байсерке сүт заводында неше адам қызмет етеді?

А) 800-ден астам

Ә) 700-ден астам

Б) 600-ден астам

8.Сүтті алыстан тасымау үшін заводтың жанынан не ашу керек?

А) сүт комбинатын

Ә) сүт фабрикасын

Б) сүт фермасын

9.Теңізшевройл кәсіпорнында не өндіріледі?

А) мұнай

Ә) көмір

Б) тұз

10.Оқушылар мұнайлы өңірде нені қорғау мөселелерімен танысады?

А) мұнайды қорғау

Ә) қоршаған ортаны қорғау

Б) суды қорғау

                                 

                   Кілті

1. Ә                     6.А

2. А                     7.Ә

3. Б                      8.Б

4.Б                       9.А

5.А                      10.Ә

 

 

                                       Туған ел.Отан

1.Сәлім нешінші сыныпта оқиды және атасының аты кім?

А) 4-сынып ,Дүйсенбек

Ә) 3-сынып,Дәрібек

Б) 3-сынып,Дүйсенбек

2.Қытайлар ненің технологиясын құпия ұстаған?

А) табиғи шыт өндіру

Ә) табиғи жібек өндіру

Б) түрлі-түсті мата өндіру

3.Достық стансасынан кейін «Жібек жолы» поезы қай елдің аумағына өтеді ?

А) Өзбекстан

Ә) Қырғызстан

Б) Қытай

4.1615 жылы Тобыл бойында өткен ұрыстардың біріне басшылық жасаған ханды ата.

А) Тәуке хан

Ә) Есім хан

Б) Абылай хан

5. Тобыл бойындағы ұрыста жолы болып «Қазақтың хас батыры» атанған кім?

А)Райымбек батыр

Ә) Қарасай батыр

Б) Наурызбай батыр

6.-«Арқасы бар екен....Жанарынан қайтпас отты көріп тұрмын.Меселін қайтармайық».Бұл қай батырдың сөзі еді?

А) Қабанбай

Ә) Бөгенбай

Б) Наурызбай

7.Райымбек батыр кімнің немересі?

А) Наурызбай

Ә) Қарасай

Б) Хангелді

8.Абылай хан «Дарабоз»деп кімді атады?

А) Қабанбай

Ә) Наурызбай

Б) Бөгенбай

9.Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қашан қабылданып, тәуелсіздігі жарияланды?

А) 1991 жылы,25 қазан

Ә) 1991 жылы,16 желтоқсан

Б) 1991 жылы,10 желтоқсан

10.Семей атом сынақ полигоны қай жылы жабылды?

А)1992 жылы

Ә) 1990 жылы

Б) 1991 жылы

                          

                Кілті

1.А                      6.А

2.Ә                      7.Б

3.Б                       8.А

4.Ә                      9.Ә

5.Ә                      10.Б

Жобаның нәтижесін қолданушылар

Бастауыш сынып педагогтары

 

Әдебиеттер

 

1.     Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты.Астана-2002

2.     Оқу пәндерінің бағдарламалары.Алматы-2003.

3.      

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниетанудан тест 3 сыныптарға арналған"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.12.2015 3440
    • DOCX 88 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хуандаг Ализа Хуандагкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хуандаг Ализа Хуандагкызы
    Хуандаг Ализа Хуандагкызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17833
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 116 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе