Инфоурок Другие методич. материалыДүниежүзі тарихы (Жаңа әлемдік тәртіп бағытындағы халықаралық қарым-қатынастар)

Дүниежүзі тарихы (Жаңа әлемдік тәртіп бағытындағы халықаралық қарым-қатынастар)

Скачать материал

АҚШ пен Жапония арасындағы Окинава мәселесі

 

АҚШ-тың әскери базалары әлемнің түпкір-түпкірінде орналасқан.  Ұлттық қорғаныс бағдарламасына сәйкес Жапонияға қарсы шабуыл АҚШ-тан өзара әрекеттестікпен алдын алынуы мүмкін. Билл Клинтон тұсында АТА-дағы қалыптасқан жағдай мен жаңа әлемдік тәртіп жағдайын есепке ала отырып, біріккен декларация мен өзге де құжаттардың негізінде АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның орнының артуына және онымен әсери-саяси ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылыс жасалынды. Сонымен қатар Билл Клинтонның басқарған жылдарында әскери-саяси қарым-қатынастармен қатар американдық әсери база орналасқан Окинаваның тағдырын уағдаласу аса маңызды болды. АҚШ пен Жапонияның осы кезеңдегі әскери байланыстарында туындаған әрі шешімін табуға ұмтылыс жасалынған шаралардың бірі Окианва мәселесі болды.

Окинава Жапония территориясында орналасқан аттас префектураның құрамына кіретін аралдарының бірі. Аралдың көлемі – 1207 шаршы киллометрден асады, ал барлық префектура – 2276 киллометр. 1945 жылы Окинава аралдары 1972 жылы Жапонияның қайтарылғанға дейін АҚШ-тың әкімшілік бақылауында сақталған болатын. Алайда 1972 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін бұл арал АҚШ-тың әскери қатысуының негізгі орталығы болып отыр. Окинава аралы АҚШ-тың Тынық мұхиттың батысындағы әскери күшін қолдану үшін стратегиялық маңызға ие. Оның Корей жартыаралына және Қытайға жақындығы АҚШ-тың АТА-дағы стратегиясындағы орнын арттыра түседі [1].

Соғыстан кейінгі жылдары АҚШ-тың  әскери-саяси экспансиясындағы маңызды нысандарынан бірі Оңтүстік-Шығыс Азия болып табылды. Пайдалы стратегиялық жағдай, бай табиғи және адам ресурстары Вашингтонның қызығушылығын арттырды. 70-80 жылдарда Құрама Штаттар Азиялық-Тынық мұхиттық аймақта американдық әскери базалары мен нысандардың ықпалына әсер етуге бағытталған курс жүргізген. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қауіпсіздік шеңберіндегі ынтымақтастықты кеңейтуге басты назар аударды. Қазіргі уақытта шамамен Құрама Штаттың 100 мың сарбазы Гавай, Гуама, Оңтүстіктің Корея және Жапонияда шоғырланған.

Бірақ Жапония аймақтағы американдық әскери қатынасудың ісінде басты рөлді ойнайды. Токио мен Вашингтон арасында 1950 жылдары қауіпсіздік шеңберінде, екіжақты одақтық  заңды негізде қол қойылған келісімдер болған.  Алайда 1951 жылы Сан-Францискода бейбіт бітім шарты және қауіпсіздіктің келісіміне қол қойылса, ал 1952 жылы  Әкімшілік келісім жасалды. Жапон-америкалық  Келісім-шарттың  негізінде  және оның I бабына  сәйкес "Жапония  өзіне маңайлас аймақтарға АҚШ-тың жерасты,  әуе және теңіз күштерін орналастыру құқығын берген болатын». Жапонияда американың әскери штабы Токиоға маңайлас Йокосукада орналасқан. Сондай ақ осы жерде АҚШ-тың жетінші флотының базасы да орналасқан. Жапон аралының солтүстігінде Хоккайдо және Хонсюда Мисава әскери-әуе базалары, Татикава және Ацуи орналасқан еді. Тынық мұхиттың батыс бөлігіндегі жапондық Рюкю аралдары АҚШ-тың әскери күшіне демеуші ретінде алып стратегиялық мағынаға ие  болса, әсіресе дербес жағдайда Окинава болды. Окинавада нағыз әскери базалардың, полигондардың және аэродромдардың желісі кең болды. Вьетнамдағы соғыс жылдары бұл  арал АҚШ  әскерлеріне материалдық түрде қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарған [2].

Окинавада 16000 жаяу аттылар орналасқан Кэмп, Хансен, Кэмп Шваб және Кэмп Зукеран базалары бар. Осы базалардың окинава аралында орналасуына қатысты жапон халқының наразылығы XX ғ. 90 ж қайта туындады. Мәселен, 1995 ж.соңында АҚШ әскери қолбасшылығы мен  жапондық қоғам  арасында  өткір саяси жанжал туды.  Оған басты себеп Окинавалық он екі жасар мектеп оқушысына аралдағы АҚШ әскери қызметшілерінің тарапынан болған қорлаушылық әрекеті түрткі болды. Құрама Штат әскерилерінің бұл қылмысы жапон бейбіт қоғамының тарапынан  Окинавадағы америкалық әскери  қатысуына қарсы желеу ретінде үлкен толқуларға алып келді. Бұл қозғалыс префектуры аумағымен ғана шектеліп қана қоймай, бүкіл елді қамтып, түгелдей Құрама Штаттардан да көрініс тапты. Қарулы күштің мәртебесі мен  Келісім шартты қайта қарау туралы шешім қабылдау жолға қойылды. Енді барлық әскери қызметшілер, Жапонның аумағында қылмысты істесе, билік басындағыларға  ресми түрде  айыпталушы жақты көрсетіп ұстап  беретін болды. Ал АҚШ-тың  үш әскери қызметшісінің, мектеп жасындағы қызды қорлау фактісі бойынша қылмыскерлер алты жылдан жеті жылға дейін абақтыға қамалатын болды.

Окинавадағы америкалаық әскери базаларға қарсы  наразылықтың ең ірі ошағы 1995 ж. қазанда  аралдың оңтүстігінде, Гинован саябағында орын алды.  Манифестацияға 80 000 астам адам қатысты. Шерушілер АҚШ-тың Окинавада әскери қатынасуына қарсы наразылық қарарын қабылдады. Құжат әскери қызметшілерінің арасында тәртіптің күшейуі мен  перфектурадағы АҚШ-тың әскерлерін қысқартуға негізделген. Шеруге қатысушының айтуынша, «барлық шырғалаңның себебі қауіпсіздік Келісім Шарт жүйесі болып табылса, сол келісім бұзылып, базалар жойылу керек». Шын мәнінде бұл қауіпсіздік Келісім Жапонияны алдыңғы қатарлы мемлекеттер алдында беделін біршама төмендеткен еді. Өздерінің жерлеріндегі өзге елдің әскерилерінің болуы жапондықтардың ұлттық беделін түсіргеніне қарамастан Жапонияның біраз аудандарына аса ауыр ауыртпалық келтірсе, оның ішінде Окинава да бар. Баспасөз мәліметтері бойынша  «аралдағы американдық әскерилердің қатысқалы бергі уақытындағы префектура тұрғындарының ең ірі қарсылық көрсеткен әрекеті болды» [3]. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып АҚШ пен Жаапония басшылығы аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды шараны қабылдау қажеттігін байқады. Сол себепті 1995 жылы Окинавада арнайы әрекет комитеті құрылды. Осы бірлескен комитеттің 1996  жылы қорытынды баяндамасына сәйкес келесі іс-шараларды атқару қажеттілігі көзделді. Жапонияға Футэма әуе базасын қайтару; АҚШтың қолданысындағы «Северная, Аха» және «Кинбал», Емитан қосымша аэродромы, Кэмп-Куваэ аралының көп бөлігін қайтару; артиллериялық атыс орындарын префектуралық 104-ші  шоссесі аймағына Жапонияның негізгі аралдарына көшіру; Емитан аэродромынан Иэдзимаға парашюттық жаттығуларды көшіру; американдық армияның муниципалдық жоспар бойынша ұрандық қозғалысын тоқтату, т.б [4].

1995 г. қыркүйек – желтоқсан айларында барлық елді шарпыған жағдайлар аралдағы  АҚШ-тың әскери базаларының ығыстыруына мәжбүр етті. Құрама Штаттардың әскери қатысуына қарсы наразылық шерулеріне қарамастан, Жапон үкіметі жапон-американдық қауіпсіздік Келісімін қайта қарауды қолға алды. Өзара келісімдердің нәтижесінде 1996 жылдың сәуірінде  жағдайды ушықтырмас үшін Құрама Штаттар біршама шегінген еді.

АҚШ әскерінің Окинавада болуы біраз уақыттан бері Токио мен Вашингтонның қарым-қатынасын шиеленістіріп жіберген. Өзінің әскери саясатының жүзеге асуы үшін бұл аймаққа Вашингтон Тынық мұхитта қарулы күштері мен полигондар мен  аэродромдарын  орналастырды. Окинава аралында, Құрама Штаттың базалары аса ауыр ауыртпалықпен жергілікті халық үшін көптеген түйіткілді мәселенің бірі болып табылады

Сонымен, Жапон үкіметі, Вашингтонмен қарым-қатынасты бұзбас үшін, жапондықтардың ұлттық беделін алға қоятын қауіпсіздік Келісім мәселесін  радикалды түрде  үнсіз қайта қарауды дұрыс деп білді. Токионың мемлекеттік қайраткерлері Окинава халықтарына қатысты  өмірлік маңызы бар мәселелерді  байқатуға тырысты. Мураяма үкіметі Құрама штаттарға осы сұраққа байланысты 1996 г. сәуірдің ортасында, АҚШ президенті Билл Клинтонның Жапонияға келу сапарымен   келіссөздерді жоғарғы деңгейде өткізуді ұсынды. Осы кездесу барысында аменрикан-жапондық кеңес комитетінің шеімімен жоғарыдағы мәселеге қатысты екіжақтық қауіпсіздік бағдарламасы жасалды.

1996жылдың сәуір айының ортасында  Жапонияға Билл Клинтон келеді. Жоғарғы деңгейдегі келіссөздердің және кездесудің нәтижесінде арада Құрама Штаттың президентімен және Жапонияның Мураяманы алмастырған премьер-министрі Хасимото Рютаро, бастамасымен осы бекетте, "Жапон-американдық қауіпсіздік декларациясы. XXI ғасырдағы Ынтымақтастық" деп аталатын үндеуге қол қойылды. Құжатта әскери шеңбердегі екі елдің арасында ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатындығы және жапондық аралдарында АҚШ-тың 47 мыңдық корпустарын сақтап қалу туралы сөз болды.

Осы орайда, АҚШ басшылығы  өз назарында ұстау мақсатында  аралға 20% жер беруде даярлық жүргізіп, перфектураға  орталық Окинавадағы  Гимбару полигоны мен  Футенма базасын қайтаруды көздеді.  Сондай-ақ, Вашингтон түнде ұшулар санын азайтуды және артиллериялық оқу-жаттығуларларды аралда қысқартуға келісті.

1996 жылы сәуір айында Жапонияға Билл Клинтонның келуімен америкалық әскери қатысуға байланысты мәселенің радикалды шараларын шешуді  көздемеген еді. Жапония үкіметі АҚШ арасындағы қарым-қатынасты бұзбас үшін Окинавалық мәселеге біраз жол беретін,  екіжақты әскери ынтымақтастықты жалғастыратын декларацияға қол қойылды. 

Токио мемлекетінің қайраткерлері  АҚШ-тың әскери нысандарын Жапониядан ығыстыру туралы қауіпсіздік Келісім шартына   қатысты жапон қоғамдық қауымдастығының талаптарын жойды.

Осы жағдай соңғы жылдары Жапония үкіметін АҚШ  арасындағы іскери одаққа жаңаша көзқараспен қарауға итермеледі. Көптеген мемлкеттік қызметкерлер екі ел арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа байланысты құжаттарды қайта қараса да, орталық үкімет бұл орайда нақты шешімдер шығаруға асықпады.  1996 жылы  Токио Вашингтонмен әскери нысандарды қысқартуға байланысты жоспар жасауда келіспеушіліктерге барған болатын.  Алайда елдегі әсери базалардың саны сол қалпында қалып отыр. Мұндай шаралар жағдайды шешуде айтарлықтай өзгерістер әкелмеді.

Жапониядағы Құрама Штаттың әскери базаларының болуы экономикалық жағынан елдің артта қалуы мен Окинавада қылмыстың өршуі сондай-ақ, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне септігін тигізді.

«Окинавалық конфликт» кезекті рет орталық үкіметке АҚШ әскери базаларының өз жұмысын тоқтатпағаны жөнінде мәселені қайта еске түсіріп отырды. Көптеген жапондық мемлекет қызметкерлеріне түсінікті жайт ол,  американдық соңғы сарбаздың Жапония жерінен кетпейінше әскери қақтығысудың болуы анық.  Жұмыссыздық мәселесі және өмір сүрудің ең төменгі сатысы Окинавада ең өзекті мәселеге айналды. 1997 жылы қыркүйек айында Вашингтон мен Токио жаңа екі елдің қарулы күштеріне қатысты   «Қорғаныс саласындағы жапон-американдық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары» атты келісім жасалады. Бұл келісімнің жүзеге асуына халықаралық жағдай мен КСРО–ның құлауы себеп болды. «1978 ж. Негізгі ережелер»,  осыған сәйкес Жапонияға тікелей шабуыл жасаған жағдайда ғана Вашингтон мен Жапония әскери қауымдасқан әрекеттерге ғана бара алатыны жазылса, ал 1997 жылғы  құжатта екі жақ қорғаныс сипатындағы әскери одақтан бас тартты. 

1997-98 жж. Мәліметтер бойынша Окинавада шамамен 94 базаларда  АҚШ-тың  47000 жауынгері мен офицері және 27000 американдық әскерилер орналастырылса, бұл АҚШ-тың Жапониядағы барлық әскери құрамының жартысын құрайды. Дегенмен Пентагон Жапониямен әскери одақтық шеңберін кеңейтіп қана қоймай, Окинавадағы және елдің басқа да аудандарындағы,  Азия елдері мен Таяу Шығыстағы істерге араласуда күштерді шапшаң бақылауда ұстап отырғаны анық[2]. Билл Клинтон әкімшілігі тұсында екі мемлекеттің әскери қарым-қатынастарында Окинаваға қатысты біріккен шара қабылданды. Бұл АҚШ пен Жапонияның әскери қарым-қатынастарының Билл Клинтон әкімшілігі тұсында дамуы екі тараптың зымыранға қарсы қорғанысты бірлесе жүзеге асыруға ұмтылысынан байқалды.

 Бүгінгі таңда АҚШ Жапонияның Окинава аралынан 9 мың әскери қызметкерін Гуам аймағы мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы басқа әскери базаларына әкететін болды. Жапония мен АҚШ әскерилері бірлесе жасаған мәлімдемеде «Әскерді шығару аймақтағы қауіпсіздік мәселесі ширығып тұрған кезеңде Жапонияның қауіпсіздігі үшін жасалған оң қадам» делінген. Бірақ АҚШ әскерінің нақты қашан шығарылатыны әлі анықталмады.
        Вашингтон мен Токио Американың Окинавадағы әскери базасы аралдың басқа бөлігіне ауыстырылатындығы жайлы мәлімдеді.  Келісім бойынша американдық әскерилер аралдың тұрғыны аз шоғырланған жеріне көшіріледі. Бұдан бұрын Жапонияның премьер-министрі Юкио Хатояма сайлау алдында айтқан, «әскери базаны аралдан көшіріп тастаймын» деген уәдесінде тұрмағандығы үшін кешірім сұраған болатын
[5].

Жапонияның Токуносима аралының үш қаласының мэрі АҚШ президентіне қазір Окинавада орналасқан америкалық әскери базасын осы аралға әкелмеуін өтініп хат жазды. Хатта аралдың барлық тұрғындары АҚШ-тың бұл шешіміне қарсы болып отырғаны, «кейінгі ұрпаққа жерді бүлінбеген күйде тапсырып кетуді» армандайтыны айтылыпты.

Әскери базаны Окинавадан көшіру туралы шешім 2006 жылы қабылданған. Оған жергілікті тұрғындардың наразылығы себеп болды. Алғашында әскери базаны Окинава маңындағы қолдан жасалған аралға ауыстыру жоспарланған, бірақ арал басшылығына бұл да жақпай қалды. Кейін базаны Наго қаласына ауыстырмақ болған, жергілікті тұрғындар мен басшылық бұған да жол бере қоймады. Окинавадағы әскери базада АҚШ-тың теңіз әскері мен әскери әуе күштерінің 20 мыңға жуық әскери қызметкері бар. Жапондар АҚШ-тың әскери базасының өз аралдарында болуына қатты қарсылық білдіріп отыр. Олардың пікірінше, база орналасқан жерде қылмыстық оқиғалар көбейіп барады. 2008 жылы әскерилердің бірі жергілікті такси жүргізушісін өлтіргені үшін сотталған. АҚШ әскерилерінің жапон қыздарын зорлау оқиғалары да бірнеше рет тіркелген деседі…[6].

КХДР армиясы жоғары командованиесінің мәлімдемесінде «АҚШ-тың солтүстік кореялықтардың  Гуам мен Окинаваға бағытталған жоғары дәлдікті қарулары бар екенін ұмытпауы керек» екені айтылған. Пхеньян әскерилерилері сондай-ақ Гуамда бұл елдің Әуе-әскери күштері базасы бар екенін, онда В-52 ауыр бомбардировщиктері тұрғанын, ал жапонның Окинава аралында атом қаруы бар сүңгуір қайықтар тұрған Әскери-теңіз базасы орналасқанын еске салады. Мұндай мәлімдеменің жариялануына АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерлерінің бірлескен жаттығулары кезінде B-52 ұшақтары Корей түбегінің үстінен ұшып өткені себеп болды. Америкалықтар КХДР-дың теория жүзінде Окинаваға дейін соққы беруге жарайтын зымырандары болулары мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда, Пхеньянның батылы барып, бұл базаларға жаппай қырып-жою қаруларын қолданып, сұрапыл соққы бере алатынына күмән келтіреді [7].

 

 

________________________________________________________________

1 Садықова, Р.О. АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның рөлі (1945-2009 жж.): тарих ғылымд. канд.... дис.: қорғалған 25.02.10/әл-Фараби атын. ҚазҰУ.- Алматы: [б. ж.], 2010.- 163, [4] б.: қосымша.

2 Левчук А.Н. «Военное присутствие США в Японии. Проблема американских баз на Окинаве» //http://vostokoved.ru/books/levchuk.htm

3 Гребенщиков Э.АСЕАН-США: новые вызовы // Азия и Африка сегодня.-2001.-№6.-С.9-17

4 The SACO Final Report.December 2, 1996 // www.mofa.go.jp/region/n-america/us/security/96 socol.html

5 Азаттық радиосы//ЖАҢАЛЫҚТАР.29.10.2013//

АҚШ пен Жапония әскери базаның орнын ауыстыруы туралы келісті

http://www.azattyq.org/archive/news/20100528/330/330.html?id=2055005

6 Мейрамгүл Сатаева //Ақтөбе (облыстық қоғамдық саяси газет) 15 сәуір 2010//http://www.aktobegazeti.kz/p=6183

7 Сәкен Майлыбай. КХДР АҚШ-тың Тынық мұхит ауданындағы базаларына соққы беретінін жариялады//Новости Казахстана и в мире//http://i-news.kz/news/2013/03/21/6938714khdr_akshtyn_tynyk_myhit_audanyndagy_ba.html

 

 

 



 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дүниежүзі тарихы (Жаңа әлемдік тәртіп бағытындағы халықаралық қарым-қатынастар)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 765 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2016 983
    • DOCX 23.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурланкызы Камила Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурланкызы Камила Нурлановна
    Нурланкызы Камила Нурлановна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2846
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 540 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 587 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 227 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии антикризисных коммуникаций и управление репутацией в современном бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе