Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Доклад
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Доклад

библиотека
материалов

hello_html_190e626f.gifhello_html_2c8e2a15.gifhello_html_359d3ac8.gifhello_html_m57adc830.gifhello_html_m598a52ef.gifhello_html_m21b9f08e.gifhello_html_190e626f.gifКоллеги - педагогический журнал Казахстана

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

[ Добавить статью ]


http://s2.ucoz.net/img/fr/EmnAR_.gifhttp://s2.ucoz.net/img/fr/EmnTg.gifhttp://s2.ucoz.net/img/fr/EmnE.gifhttp://s2.ucoz.net/img/fr/EmnD.gifhttp://s2.ucoz.net/img/fr/Emn.gif

Тақырыбы: «Өткенге тағзым, болашаққа тағылым»

(қазақ хандығына 550 жыл)

«№11 ЖОББМ»КММ тарих пәні мұғалімі: Абжанова А.Ж

Елбасы НұрсұЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие», деп атап көрсетті. Тәуелсіздігінің ширек ғасырға жуық жаңа шежіресінде өркениеттік даму үрдісімен төрткүл дүниені таңдандырған Қазақстанның мемлекеттігі кейбіреулер айтқандай кеше ғана басталмаған. Оған Мемлекет басшысының 2014 жылғы 22 қазанда Астана қаласы активімен кездесуіндегі: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттігінің тарихы сол кезден бастау алады», деген сөзі дәлел. Бұл атаулы күн қазақстандық тарихшы ғалымдар Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі негізіне сүйене отырып, Қазақ хандығының құрылған жылын 1465 жылы деген тұжырымға келген болатын.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында биыл аталып өтетін мерекелердің қатарында Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы айтқан еді. Бұл мерейтой тәуелсіз Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін өсірері ақиқат. Себебі, осыдан 550 жыл бұрын Қазақ хандығы құрылып, халқымыздың арғы кезеңнен жалғасқан дәстүрі қазір нығайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаевтың төрағалығымен 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау  және өткізу жөнінде республикалық комиссия құрылды. Комиссияның құрамына орталық, жергілікті атқарушы және өзге органдардың өкілдері, белгілі тарихшылар, мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері мерейтой аясында негізгі мәдени-спорттық және бұқаралық іс-шараларды және салтанатты жиналыстар мен мерекелік концерттерді, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру көзделген.

Жобаға сәйкес мерейтойлық шаралар еліміздің барлық аумағында, соның ішінде шекаралас аймақтарында да өтеді. Мысалы,.Шығыс Қазақстан облысында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы өтеді.

II.1. XV ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы өмір сүрген. Олар жер және билік үшін бір-бірмен соғысып жатты. Оған қосымша Әмір Темір ұрпақтары да қазақ жеріне шабуылдар жасап, жағдай мүлде нашарлады. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетеді. Тарихи деректерге қарағанда Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген. Ал Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың билігін мойындамады. Сұлтандардың алдарына қойған басты мақсаты өздерінің жеке ұлттық мемелекетін құру еді. Міне, Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы елдегі саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болды.

Біртұтас қазақ ұлтының мемлекеті құрылуының негізгі экономикалық жағынан дамуы болды. Археологиялық зерттеулерге қарағанда Қазақстанда өмір сүрген ру-тайпалардың сонау қола дәурі кезінен бақташылық мал өсіру және теселі жер өңдеумен айналысқан.

Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетуі.

Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары.

Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.



Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар толастамауы.


Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылуы.




XVғ орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі.


Әбілқайыр ханның 1457 жылы ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсіруі.





Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды, сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты. Қазақ халқының бірігуінің, құрылуының іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін(хандығын) құрудың негізгі себептері мен алғышарттары еді.

Қазақ хандығы.png


II.2. Жаңадан құрылған Батыс Жетісу жері Қозыбасыда Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпақтары болғандықтан екеуінің де отыруға құқығы болды.Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша, хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолға алды. XVғ екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, орда тіккен Жетісу жеріне екі жүз мың жаны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті.

Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды:1)Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру; 2)Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ,Созақ, Отырар, Йасы (Түркістан) т.б.қалаларды қазақ хандығына қарату; 3)Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын кеңейту.

XVғасырдың аяғында-XVIғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саяси өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды.Темір әулеті Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапты. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті.Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер-Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан зандықтары тарих сахнасынан орын алды.

XVғасырдың 70-жылдарында қазақ хандары Сырдария бойы мен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды.Нәтижесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлдеқайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы отыз жылдан астам уақытқа созылды.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

Kazakh Khanate.svg


III.3. Сонымен 1465 жылы атамекенімізде тұңғыш рет Қазақ хандығы атты тәуелсіз мемлекет дүниеге келіп, бүгінгі біртұтас қазақ халқының негізі қаланды. Тарих сахнасына шыққан біртұтас Қазақ мемлекетінің ұлттық ұраны – «Алаш», мемлекеттік Елтаңбасы – «Төре таңба», яғни көне түрік заманынан келе жатқан бас таңба. Бас байрағы – төре таңбалы қызыл ту, Астанасы – қасиетті Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шерлі шежіресінде жиырмадан астам хан билік құрған екен. Ел билігін қолға ұстаған бұл тарихи тұлғалардың талайым тағдырлары да сан қилы, билік құрудағы қабілеттері де әр деңгейде болды.Мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де, елін тоздырып, дұшпанға таба қылғандары да жоқ емес. Бірақ олардың бәріне ортақ бір қасиет – өз замандарының қалыптасқан жағдайларына байланысты қал-қадірінше хандық туын жықпауға тырысты. Төрт ғасыр Қазақ хандығының билігін ұстаған ұлы тұлғаларды айта кетсек:



Ресей үкіметі тарапынан қазақ хандығы күшпен жойылғаннан кейін де бұл әулеттен көптеген саяси – әскери қайраткерлер, ғалым-ағартушылар (Ғ.Жәңгіров,Ш.Уалиханов, Ә. Бөкейхан, Б.Қаратаев, т.б.) шықты.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/tarihi%20rashidi_1.jpg


Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары (1465—1466)  билей бастады...». Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері,  Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді.  Ежелден осы алапты мекендеген  тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданыла бастады.

Қорытынды:Халқымыздың ертеңін ойлаған, болашағын болжаған хандарымыз бен билеріміз сол кездің өзінде-ақ еліміздің дәулеті мен сәулетін, ынтымағы мен қауіпсіздігін арттыру бағытымен жүріп, оны жалпақ қазақ даласына жариялап отырған. Қасым ханның, Есім ханның жолдары мен Тәуке ханның «Жеті жарғысы», міне, осындай ізгілікті мақсаттардан туындаған игілікті шаралар еді. Бүгінде ата-бабаларымыз армандап кеткен Тәуелсіздік туы көкте желбіреген біздің кең-байтақ Қазақстанымызда сол хандарымыз бен билеріміздің жолдары мен жарғы қазіргі дәуір талабына сай әртүрлі заманауи заңдар мен жүйелі жоспарлар, сан алуан бағдарламалар алмастырған. Солардың барлығы бүгінде еліміздің өркендеп-өсуіне, алға қойған мақсат-мұраттарымызға жетуімізге қызмет етуде. Бұл ретте басқасын былай қойғанның өзінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барша қазақстандықтарға жыл сайынғы стратегиялық Жолдауларын айтсақ та жеткілікті. Күн өткен сайын мемлекетімізде алға қарай қарыштап дамудың өзіндік ерекше үрдісі қалыптасып, әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген шексіз мақтаныш, үлкен сенім орнықты. Аз ғана мерзімде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының нәтижесінде әлемнің алпауыт елдерін мойындатқан Қазақстанымыздың экономикалық жүрек дүрсілі жаһан елдері басшылары мен саясаткерлері назарын еріксіз өзіне аударды.

Біз шын мәнінде іргетасы мығым, экономикасы дамыған, өркениетті, әлеуеті жоғары, мызғымас Мәңгілік Елге айналуымыз керек. Бұл жөнінде Президентіміз өткен жылғы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты өзінің халыққа Жолдауында жан-жақты тереңнен толғап, зерделеп айтқан еді десек те, биылғы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар Жол» Жолдауында Мәңгілік Ел идеясын тағы да нақтылай түсті. «Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!» 

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды. Біз мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз.

Нұрсұлтан Назарбаев

Категория: Английский язык | Добавил: 123bagi321 (2015-03-05) | Автор: Абжанова Асем Жанатбековна E

Просмотров: 26 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0


Всего комментариев: 1



Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Главная » Файлы » В помощь учителю » Английский язык

[ Добавить материал ]


http://s2.ucoz.net/img/fr/EmnAR_.gifhttp://s2.ucoz.net/img/fr/EmnTg.gifhttp://s2.ucoz.net/img/fr/EmnE.gifhttp://s2.ucoz.net/img/fr/EmnD.gifhttp://s2.ucoz.net/img/fr/Emn.gif

«ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ»


2015-01-09, 2:37 PM

Мақсаты: - Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі;
-Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру;
-шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану .

Шетел тілін жаңаща оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Үстаздардардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі оқушылардың шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады . Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады . Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен оқушыларға дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т б . Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым- қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақлау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісіне қолдана білу.
Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.
Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:
• білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т. б.
• жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т. б.
• әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б.)
• оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т. б.
Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады . Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.
Оқушылардың шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.
«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:
• электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;
• жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web
• серверге жеке шығару;
• ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).
Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның,олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді. Бұдан оқытушының шетел тілі сабағындағы орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек.
Керісінше, оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс қортындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық жағдай туындата алатын, олардың жүмысына бағыт-бағдар беретін бірден-бір субъект.
Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың коммуникативтігі, интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрену үрдісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда. Аталған ұстанымдар коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде мәдениетаралық біліктілікті дамытудың алғышартын жасайды. Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды жасап, қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі. Яғни,ол төмендегідей көрініске ие болады: «сөздік қор + қажетті құрылым = тіл». Алайда , тілдік құрылымды жаттаумен шектелу, тілді қарым- қатынас құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді. Шетел тілінде тілдік қарым – қатынасқа үйрету үшін шынайы, өмірлік жағдаяттар туындату қажет. Ол студенттердің қажетті материалды меңгеруіне және соған сәйкес мінез – құлықын қалыптастыруға жағдай жасайды. Аталған мәселені шешуде Интернет жүйесі айтарлықтай маңызға ие . Біз дәстүрлі шетел тілі сабағынатағы да сипаттама жасайық. Көп жағдайда шетел тілін оқыту үрдісінде оқытушы студент ойын басқарады, яғни , бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл әрекет, психологтар көрсеткендей, студенттердің ойлау процесін тежейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды беріп, студенттен сөйлеу барысында тек соған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік берілмейді.
Студент мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал мәселені шешуде жаңа ой , құнды пікір айту өте маңызды. Және ол міндетті түрде қортындыланып, көрініске ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Шетел тілін оқыту технологиясының тиімділігінің көрсеткіштері мыналар:
• Студенттердің моральдық психологиялық ,интелектуалдық және жас ерекшеліктерін ескеру.
• Оқуға жағымды көңіл күй қалыптастыру.
• Ұстаз бен студент арасында сөз алмасу, ғылыми қарым-қатынас және әріптестік принципін орнықтыру.
• Студенттердің еске сақтау қабілеті мен творчестволық деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.
• Оқуды игеруге мультимедиялық және басқа да техникалық арсеналды кең іске қосу.
• Сабақтардың бітуімен студенттердің келешекке қанағаттануының қорытынды нәтижесі.
• Білім беру технологиясының үш түрлі типі бар. Олар дәстүрлік, инновациялық және Ақпараттық. Бастысы – технологияның жиынтығы емес, оның дәрежесі.
Студенттің әртүрлі ақпарат көздерін, ресурстарын пайдалану арқылы компьютерлік технологияның көмегімен өздерінің дербес ізденуі арқылы тілді игеруге кәсіби шеберлігін шыңдайды. Жаңа ақпараттық технологияға әртүрлі ақпараттарды электрондық әдіспен енгізу, сақтау және беру болып табылады. Оларды оқу процесінде пайдалану ерекшелігіне сай мына төмендегідей топтастыруға болады:
Компьютерлік оқу бағдарламалары (электрондық оқулықтар, тренажерлар, тьюторлар, лабораториялық жаттығулар, тест жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай оқу жүйесі компьютер, видеотехника, оптикалық дискінің жиындысын пайдалану арқылы жүргізіледі. Интеллектуалдық және эксперттік жүйе. Ақпарат жиынтығы базасының қалыптасуы. Электрондық пошта, телеконференция , шоғырлы не аймақтық байланыс жүйесін біріктіретін телекоммуникациялық қондырғылар. Электронды кітапханалар. Бұл технологиялар білім саласында оларды пайдаланудан гөрі тезірек дамиды. Жоғары оқу орындарында көбіне – көп электрондық почталар жиі пайдаланылады. Қазіргі кезде аудиоақпарат алмасу, видеоақпарат алмасу, виртуалды аудиторлық тақта,тақырыптық ақпарат енгізілген клавиатуралар, файлды алмасу, көпжақты конференциялар өткізу кеңнен таралған көпке белгілі компьютерлік видеоконференц байланыстың әдістемесіне жатқызылады.Бұл технологиялар ағылшын тілін біршама меңгерген студенттің еншісі болып табылады. Өйткені бұл материалдар тек ағылшын тілінде ғана беріледі. Компьютер жүйесі оқу процесін жетілдіру құралы болып табылады. Дегенмен, Интернет жүйесіндегі оқуға байланысты ақпараттар сирек, аз, жүйеленбеген. Оқу процесін аралық байланыс арқылы басқару электрондық почта арқылы материалдар қабылдау, жіберу, курс және диплом жұмыстарын көшіру, интерактивтік хабарлар алмасу арқылы жүргізіледі. Бүгінде бұл технологиялар оқытудан гөрі жаңа дамушылық маңызға ие . Дегенмен, түрлі ақпараттық ағымды пайдалану арқылы шет тілін меңгеруге талпыныс келешек медик-студенттерге өздерінің жан-жақты дамып, сауатты маман ретінде қалыптасуына игі ықпал етеді . Студенттердің техникалық білімінің кәсіби бағдарламаға сәйкес шет тілін меңгере отырып игеруі, олардың осы мақсатта жүйелі түрде технологиялық ақпараттарды және педагогикалық технологияны пайдалана отырып үнемі дайындығын арттыруына, ізденуіне байланысты. Жаңа педагогикалық технология студенттерді шет тілін меңгеруге жеке бағыттап, даярлық кезінде олардың қарым – қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Технологияның методикаға қарағанда айырмашылығы мынада: оқуды жобалау тәжірибені қортындылау негізінде емес, оқуды ғылыми тұрғыдан негіздеуге бағытталған.
Технология нәтиженің тұрақтылығына негізделген. Оқудың жағдайы мен түрлі факторларына қарамайды Жеке іскерлік тұрғысынан педагогикалық технология жоғары нәтижеге жету үшін оқу процесіне эмперикалық инновацияны пайдалану арқылы ғылымды игеруге дидактикалық білімнің қасиетін нақтылау. Ол үшін оқудың мазмұнын, әдісін, оқу процесін ұйымдастыру формасын, оқу құралын жетілдіру қажет.
Интернет – технологияның мәселелерін зерттеушілер кез келген педагогикалық технология ақпараттық екенін баса көрсетеді. Ақпараттық технология оқу процесіне кеңінен компьютерлік технологияны пайдаланумен ерекшеленеді. Оқуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану негізгі педагогикалық технологияның негізгі принциптерін қанағаттандырады. Шет тілін кәсіби бағдар ретінде оқып үйренуде жаңа педагогикалық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану бүгінгі күнгі білім жетілдірудің инновациялық түрі болып табылады.
Педагогикалық технология деп оқудың сапасын жақсарту және жобалық қортындыға жету мақсатында оқытушы мен студенттер біріккен технологиялық іс- қимылын айтады.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта қолдану – бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.



Категория: Английский язык | Добавил: 123bagi321 Автор: Сарсенбенова Эльмира Жомартовна

Просмотров: 27 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0



Краткое описание документа:

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі
«Ересек адамдардың ісі, жұмысы,қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады.
Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да сондай адам болады».
А.С. Макаренко
Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
Егерде мұғалім ойынды тек балалардың көңілін көтеру, демалдыру үшін ойнатса, онда пайда болмайды. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады.
Ойын дегеніміз:
1. балалардың қарым-қатынас саласындағы маңызды іс –әрекеті;
2. қызықтыра отырып үйрету;
3. әр түрлі жастағы оқушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі;
4. баланың психикасын, ой-өрісін дамыту.
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір мұғалімді толғандыратыны сөзсіз.
Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: алфавитті және лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.
Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар да болады.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Жарыс түрінде өткізсеңіз (Кім өлеңді бірінші жаттайды?), оқушылар өлеңді жарыса отырып қалай жаттап алғандарын байқамай қалады.
Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар:
1. «Let’s draw a Rainbow!»ойыны.
Мақсаты: түстерді үйрету.
Ойынға қажет құралдар:түрлі –түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет.
Ойын барысы: біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды.
Мұғалім: This is a rainbow. I can see red colour(суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It’s beautiful. Let’s draw a rainbow!
Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды.
Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.
2. «At the Zoo» ойыны.
Мақсаты:can модальді етістігінің қолданылуын үйрету.
Ойынға қажет құралдар: әр түрлі партаға қойылған ойыншық аңдар.
Ойын барысы: оқушылардың біреуі – экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады.
Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly.
Келушілер: Can it hop?
Экскурсовод:No, it can’t.
Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын ары қарай жалғасады.
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.
3. Жазуға үйрету ойыны.
Мұғалім тақтаға қандай да бір сөзді жазады, мысалы:schoolchildren. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Мәселен: schoolchildren: he, she, side, shoe, nose, ill, red, doll, line, child, school және т.б. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңіске жетеді.
4. «Whose birthday is today?» ойыны.Мұғалім оқушыларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”.
Оқушылар: What colour is her hear?
What colour are her eyes?
What is her nose like?
What is she wearing?
What is her hobby? – деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.
Тиімді қолдана білген ойын арқылы білім беру сапасын арттыруға болады:
• оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады;
• қиын грамматиканы оңай, әрі қызықты етіп түсіндіруге болады;
• оқушы белсенділігі артады;
• материалды меңгеруге түрткі болады.
Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет.

Автор
Дата добавления 18.05.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров626
Номер материала 286654
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы
Доклад
18.05.2015
Просмотров: 388
Комментариев: 0

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх