Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Доклад
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Доклад

библиотека
материалов

МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІККЕ ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ

Ең алдымен «құзіретті маман дегеніміз не?»

Ине жіп пен қайшыны дұрыс пайдалана алмайтын тігінші, тарақ пен қайшыны ұстай алмайтын шаштараз, жеуге жарамсыз ас әзірлейтін аспаз, тағы да басқа мамандықтарының атына сай емес мамандар бар. Ондай мамандармен барлығымызда осы өмірде ұшырасып тұрамыз. Бірақ, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай кәсіптік білім беретін оқу орындарының білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс. Қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында мемлекетті одан әрі жаңарту мен демократияландыру бағытында жүзеге асырылатын нақты міндеттердің ішінен білім беруді, кәсіптік даярлық пен әлеуметтік саланы XXI ғасыр деңгейіне көтеру қажеттілігіне ерекше деп атап, білім беру сапасының басты міндеті – білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау, білім берудің тиімді инфрақұрылымын аяқтау, кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын іске асыруды тапсырған болатын.

Қазіргі ғылым мен техниканың дамып, адам баласы заман талабына сай түрлі жаңа технологияны пайдалана отырып одан да асып түсетін техниканың түрлерін шығаруды жолға қойған кезде көңіл бөлетін мәселелердің бірі – кадр дайындау және өнертапқыш адамға жағдай жасау.

Кәсіптік мектептерде оқыту процесін тиімді жасай отырып, оқу-тәрбиелеу жұмысының сапасын көтеру арқылы заман талабына сай білімді, білікті, кез келген жағдайдан жол тауып шыға алатын жас мамандарды дайындауға болады.

Болашақ маман дайындау сапасының көрсеткіштеріне :

  • жалпы техникалық және арнайы пәндерден алған білім;

  • кәсіби іс-әрекетке қажет білімді өз бетімен әдебиеттерден оқып үйренуі;

  • кәсіби пәндердегі өндірістікмаңызы бар есептерді шығаруда алған білімен қолдана білуі;

  • техникалық және экономикалық тұжырымдалған шешім қабылдай білуі;

  • өз жұмысын жоспарлай білуі;

  • әр түрлі жағдайларда жұмыс нәтижесін болжай білуі және тағы басқалары жатады.

Кәсіптік мектептерде математика пәні арқылы оқушыны өз бетімен ізденуге баулу, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, міне осы, проблемалық не мәселелік оқыту технологиясы деп алуға болады. Атап айтқанда:

  • оқушының белсенділігін арттыру, проблемалық сұрақтарды жеке шығармашылықпен шешу;

  • оқу еңбегін түрлендіріп ұйымдастыру;

  • оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселелерді қарастыру, шамадан тыс күрделі, шамадан тыс оңай материал қызығушылық туғызбайды;

  • оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймай, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, яғни болашақ өз өмірінің қажеттілігіне қарай қабылдайды;

  • оқытудың бала өмірімен және еңбегімен байланысын қамтамасыз ету.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың терең даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауына тікелей байланысты. Оқушыларға терең де тиянақты білім беру – мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру, яғни сабақты қызықты, тартымды өткізу мұғалімнің білімділігіне, тапқырлығына және оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білуіне тәуелді екені белгілі. Мұғалім оқушының қызығушылығын туғызуда басты орын алады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнген деген қызығушылығын арттыру. Оның пәнге деген қызығушылығы болса ғана оған көңіл қойып тыңдап, оқып үйрене бастайды.

Осы проблемалық, мәселелік оқыту технологиясын негізге ала отырып, сабақ барысында «келісімшарт» әдісін пайдалануды негізге алуға болады. «Келісімшарт» қазіргі нарықтық заман талабына сәйкес негізгі қажетті ұғым, яғни кез келген жерде осы ұғымды естіп-білуге болады және осы келісім-шарт талаптарын орындай отырып, әрбір оқушы өз басына деген жауапкаршілікке тәрбиеленеді, нарықтық экономика талаптарына сәйкес бір-бірімен бәсекеге түседі және әрбір оқушы «көшбасшылыққа» ұмтылады. Осы белгіленген талаптар бойынша жұмыс істеу арқылы оқушы сабақ барысында берілген материалдың оқу орнына немесе оқытушыға емес, тек қана өзіне керектігін түсінеді және бұл «келісімшарттың» негізгі қызметтерінің бірі – бірнеше оқушы жауап беріп қана қоймай барлық оқушының сабақ барысына атсалысуына септігін тигізеді.

Келісімшарттың талаптары мен ұпайлары жазылатын кестемен оқушылар сабақтың ұйымдастыру бөлімінде танысады. Сабақтың берілу тәсілі мен күрделілігіне байланысты, яғни уақыттың бөлінуіне байланысты ұпайлар енгізілетін кестені жәй кесте түрінде қағазға толтыруға болады немесе электронды түрде беруге болады. Қағазға толтыру үшін сол сабақтан оқушы сайланады. Оқушыны сабақ сайын ретпен ауыстырып отыруға болады, сол арқылы топтағы оқушылардың әрқайсысы қорытынды жасау мен сынып алдында өткен сабақтың нәтижесін қорытындылауға және жауапкершілікке тәрбиеленеді.

Мысалға алсақ, «логарифм және оның қасиеттеріне есептер шығару» сабағын алсақ, келісімшарт мынандай түрде болады:

  • үй тапсырмасы бойынша 2 ұпай

  • тақтамен жұмыста 3 ұпай

  • тест 5 ұпай

  • ойын бөліміне 3 ұпай

13 – 10 ұпай «5»

10 – 7 ұпай «4»

7-ден төмен «3»

Журналдың электронды түрін Excel таблицасы арқылы беру өте тиімді.

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Тақтамен жұмыс

Тест

Ойын

Ұпайы

Бағасы

Ахметкереева Диана

 

 

 

 

0

 

Ғизатова Гүлнұр

 

 

 

 

0

 

Исмагиева Шолпан

 

 

 

 

0

 

Лтупова гүлнұр

 

 

 

 

0

 

Нигметов Ерболат

 

 

 

 

0

 

Сүйенішов Нұрбек

 

 

 

 

0

 

Тажмухамбетова Бақытгүл

 

 

 

 

0

 

Тасбулатова Нұрлы

 

 

 

 

0

 

Тастанов Ернар

 

 

 

 

0

 

Хамидуллиев Мирболат

 

 

 

 

0

 

Хамзина Жанар

 

 

 

 

0

 

Шынгалиева Тұрсын

 

 

 

 

0

 



Осы әдіспен оқушыларға тапсырма беріп жауап алған бойда, олардың осы сабақтағы өз әлемдерінде, нарықтық экономика әлеміндегідей жан-жақты бәсеке пайда болады. Егер оқушы сабақтың бірінші бөлімінде 4-5 ұпай жинаса, ол осы ұпайы жойылып кетпес үшін тағы да ұпай жинауға тырысады, яғни алғашқы бөлімде оңай тапсырма беру арқылы жақсы ұпай алса ол әрі қарай да жауап беруге ынталанады. Сабақ соңында қорытындылаған кезде әрбір оқушы өз еңбегіне сай жинаған ұпайларының орнына сәйкесінше бағасын алып отырады.

Бұл «келісімшарт» әдісін қолданғандағы негізгі мақсатымыз, оқушылардың өзін өзі бағалауына мүмкіндік беру, яғни сабақ барысында оқушы өз ұпайларын өзі есептей отырып өзінің қандайда бір бағаға, деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді, ынталандырады. Оқушы өзін-өзі бағалап үйренеді. Көпшілік оқушыда мұғалім бағаны төмен қояды деген түсінік қалыптасқан, сол ойдан құтқарады. Міндетті қабылдау керек материалды өзінің қалай қабылдағанын көрген бала еңбектенуге тырысады.

Білім беру ісінің көп қырлылығы – оның өзіне тән ерекшелігі. Оқыту процесі оқушылардың кәсіби жетілуін қамтамасыз ету үшін пәнаралық байланысты қолданғанымыз дұрыс. Пәнаралық байланыс әр түрлі ғылым негіздерін оқытудың мақсаты мен мазмұнының ұштасуына, сондай-ақ оқушылардың білімі мен танымын қалыптастыруға, олардың іс әрекеттері мен танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл оқыту әдісі өзінің мәні жағынан көпмағыналы педагогикалық проблема. Өйткені оған ірі әдіскер ғалымдардың беретін анықтамалары сан алуан. Мысалы: Н.А.Лошкарева «пәнаралық байланыс дегеніміз оқу тәрбие процесінде объективті шындық өмірді баяндаудың диалектикалық формасы мен педагогикалық талап принципі» десе, В.И.Янец «пәнаралық байланыс білім берудің құрамды бөлігі» дейді. Ал кейбірі «пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің объектілері, құбылыстары мен процестері арасындағы синтиздеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін категория» дейді. Қалай болғандада, қазіргі білім беруді ізгілендіру және демократияландыру кезеңінде пәнаралақ байланыстың атқаратын ролі зор. Пәнаралық байланыстың мақсаты – оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, табиғат құбылыстарының біртұтастығын және дара байланысын көрсету, олардың білімі мен ұғымын тереңдету, яғни математиканың қандай да болмасын мамандықтың барлығымен байланысын ұштастырып, өмірге қажеттілігін көрсете білу.

Математика барлық дерлік пәндермен тікелей немесе жанама байланысты. Мысалға алсақ математика физика пәнімен тікелей байланысты деуге болады. Себебі, математика пәнінен жаңа сабақ түсіндіру барысында физиканың кейбір заңдылықтарын білмесе, берілетін материалды ұғыну өте қиынға соғады. Керісінше де солай, физика сабағында математикалық білім өте қажет.

Алгебра және анализ бастамалары курсындағы «функция» ұғымын алуға да болады. Ол ұғымның математикада ғана емес, басқа пәндер де әсіресе физика пәні үшін мәні өте зор. Оқушыларда шамалардың функционалдық тәуелділігін қалыптастыру өте күрделі және ұзақ процес. Математика сабағындағы оқушылардың назарын физикадан өтілген қозғалыстағы дене жылдамдығының уақытқа тәуелділігі қандай сипатта екеніне көңілін аудару керек. Математика мен физиканың пәнаралық байланысын нығайтуға мүмкіндік беретін математикалық ұғымдардың бірі ― y=lim(∆x/∆t)=dx/dt түріндегі шекке көшу. Физика сабағындағы есептердің көбісі математиклық заңдылықтармен тәуелді.

Алдағы айтылған пәнаралық байланыстар мен сабақ жүргізу барысындағы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыра отырып кәсіптік мектептерде жүргізілетін арнайы пәндерді математикамен де байланыстыра аламыз. Матемптиканы информатикамен де тығыз байланыстыруға болады. Ал негізінен кәсіптік мектептерді математика пінін арнайы пәндермен байланыстыру арқылы жақсы маман қалыптастыруға математиканың қосатын үлесі зор. Арнайы пәндермен, яғни «әмбебап тігіншілердің» құрастыру сабағында, «Аспаздарда» калькуляция сабақтарын алып математикамен байланыстыруға болады. Егер оқушылар басқа пәндерден тапсырма орындау барысында математика пәнінен алған білімін қолданатын болса, осы математика пәнін неге тереңірек меңгермеске?

Негізінен «Әмбебап тігінші мамандығында» арнайы пәндеріндегі тапсырмаларда, математикамен байланыс орнататын жерлері кездесіп жатады. Мәселен «құрастыру» сабағын алып қарайық, бұл сабақта негізінен ұзындық өлшем бірліктерін алуға болады. Берілген өлшемдерді сантиметрмен алып, соңғы нәтижені шығарғанда оны метрге айналдыру немесе өлшемдерді алып, оған жұмсалатын материалды есептеуге болады.

Мысалы, 164-96-104 (48 өлшем, 2-толықтық, см) берілсін.

  1. Мойын шеңберінің жартысы ― Сш – 18,5

  2. Артқы бойдағы қолтық ойындысының биіктігі ― Впр.з – 21,5

  3. Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы ― Дтс – 42,9

  4. Иық ені ― Шп – 13,3

  5. Бұйым ұзындығы ― Ди – 104

  6. Қосымша ― Пшг – 1

  7. Қосымша ― Пспр – 3,5

  8. Қосымша ― Пдтс – 1

  9. Қосымша ― Пш.гор – 1,5

Осы өлшемдерді қолданып кететін материалды анықтауға болады.

АоА2 (артқы бойдың мойын ойындысының ені) = Сш/3+ Пш.гор

А0Т(бел сызығының формуласы)= Дтс + Пдтс

ТБ(Жамбас сызығын табу формуласы)=0,5 Дтс-2

АН(Бұйым ұзындығын табу формуласы)= Ди + Пдтс

А2П1(иық енін табу формуласы)= Шп +бүкпе ені

А0Г(кеуде сызығын табу формуласы)= Впр.з + Пспр +0,5 Пдтс

Аспаздарда «калькуляция және есеп» сабағында шығарылатын есептерден мысал алып математика сабағында қолдануға болады. Мысалы: 1. Тамақ әзірлеу үшін наурыз айында тазаланбаған 300кг картоп бөлінеді. Ас әзірлеу үшін неше кг картоп аламыз. 300кг 100%

Х 40%

Х=(300·40):100=120кг

Мысал2: Тамақ әзірлеу үшін 180кг тазартылған картоп берілді. Егер бұл наурыз айы болса оның тазартылмаған кездегібастапқы салмағын табу керек.

Шешілуі: Наурыз айындағы картоптың қалдығы 40 % құрайтын болса 180кг картоп бастапқы картоптың 60% құрайды.

180 60%

Х 100%

Х=(180·100):60=300кг

Бұл есептердің математика пәніндегі сол сабаққа тікелей байланысы болмағанымен, сабақтың соңына қарай ойын бөлімі ретінде кірістіруге болады, яғна математика тілінде өрнектің орнына мәнін қойып есептеп шығу керек. Алдағы көрсетілген 6 формуланы интерактивті тақтадағы математикалық құралдардың ішіндегі сүйек тастау әдісімен ойын ойнатуға болады. Яғни оқушы шығып сүйекті тастайды, қандай сан шығады соған сәйкесінше белгіленген сұраққа жауап береді.

Ал аспаздарда грамды килограмға немесе керісінше, берілген адам санына сәйкес ас мәзіріне керекті азық-түліктің салмағын шығаруда олар негізінен прапорциялармен, проценттермен, бөлшектермен, негізгі амалдармен жұмыс жасап отырады. Мұндай материалдарды сабақта ұпайы жетіспей тұрған оқушыларға қосымша сұрақ ретінде беруге болады. Осылайша оқушыларға әрдайым кәсіптік білім математикамен тығыз байланысты екенін көрсетуге болады.

Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Олай болса, республикамымыздың кәсіптік оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған, саяси сауатты, терең теориялық білімімен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін толық меңгерген маман дайындау міндетіміз, парызымыз.



Дәстүрлі педагогикалық технологияны АҚТ арқылы пайдалану

Краткое описание документа:

В XXI векестратегической перспективой и основной тенденцией устойчивого и динамичногосоциально-экономического прогресса государств становится социальноориентированное развитие – изменения в политике, экономике и общественныхотношениях, ориентированные на расширяющееся воспроизводство социального ичеловеческого потенциала. Одним из главных генераторов такого развития могут идолжны стать социальные инновации, нацеленные на гармоничное,сбалансированное развитие человека и общества. В современном социальномгосударстве именно социальные инновации формируют инновационную среду, котораяспособствует научно-техническим, технологическим и информационнымнововведениям, обеспечивают их ускорение, повышение эффективности использованияновой техники и технологий, сокращение инновационных издержек

Общая информация

Номер материала: 292193

Похожие материалы