920464
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыДоклад "А.Байтұрсынов ұлы - тұлға"

Доклад "А.Байтұрсынов ұлы - тұлға"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

2 «Затобол орта мектебі» ММhello_html_m2f3976f9.jpg



«Ұлтына ғұмырын арналған тұлға» секциясы

Тақырыбы: «Ұлттың ұлы ұстазы»

«Ахмет Байтұрсынов –ұлы ғалым» ғылыми – практикалық

конференция





Дайындаған: Кабаева Г.З.









Затобол 2014 жыл




"Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”.

                                                        Әбіш Кекілбаев


                  Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

                  Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

                  Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

                  Көңілін көгертуге құл халықтың.

                                                       А. Байтұрсынов

     Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…

        Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.

 Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан  1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше  буыны сауатын Байтұрсынұлының "Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының "Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында  емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж.  "Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. "23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері.

        А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы…

        Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері  мен категориялары  түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған.

Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері "Қырық мысал” , "Маса”, "Үзік” деген аттармен 1912 жылдан  1922 жылға  дейін бірнеше рет жарияланған. "Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.


          Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,

          Сап- сары аяқтары ұзын маса,

          Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

          Дегенмен қара яки қызыл маса.

 

          Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

          Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

          Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

          Қоймастан құлағына ызыңдаса?


Сұлтанмахмұт бір үйге келіп отырып: "Оқитын кітаптарың бар ма деп сұрағанда, оған үй иесі: "Маса” дейтін бірді айтып бірге кететін  бір қиссамыз бар”,- деп, қолына  Ахаңның кітабын беріпті. Соған назаланған Сұлтанмахмұт "Тұтқындағы Байтұрсынның "Масасына” деген өлеңін жазған екен /1914 ж/.


Онда мынадай жолдар бар:

        

          …Бағың  жоқ көр соқырдың көзі алдында,

            Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма:

            Гауһар тұрсын, айырып алтыныңды,

            Аузына керек тас деп бір алды ма?

            Өткірсің наркескеннің алмасындай,

            Жүйріксің "полный ходтың” арбасындай.

            Сен сұңқар, көңілі соқыр сенімен қас,

            Өзінің болмады деп қарғасындай…

 

    Сұлтанмахмұттың осындай  бағасынан кейін  "Маса” жинағына  қандай да болмасын пікір айтудың өзі артық болардай! 

Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер  ету жолдарын іздеген  ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов туындыларын аударып, "Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды.     Мысалдарда  әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара    тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық- зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып- тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар.

Қазақ халқының осындай біртуар азаматы қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1973 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың  сезім дүниесін, ой әлемін тербеп, толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының  озбырлығына  шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.

Ахаңның әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуға  білімі бар ешкімді таба алмаған. Сол уақыттта оның Ахметке берген ақылы, өтініші: "Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын  азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа  ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның  болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын” деген екен.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі  көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.

1909 ж. 1 шілдеде полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан- нақақ  8 ай бойы  азап- қорлық көреді

Абақтыда жатып құдай мен аруаққа сыйынған Ахмет Байтұрсынов:

                       

Я, құдайым! Аққа жақ!

                          Өзіңе аян- мен нақақ.

                          Мені ұстатып, айдатып,

                          Зығырданды қайнатып,

                          Масайрасып, мәз болып,

                          Қуанғанды өзің тап!…-

 

деп күйінсе де, осындай қиын ахуалда жеке бастың дұшпанын жазалауды арман тұтпай, жаратушыдан өзінің туған халқының болашағын нұрлы етуді жалынып сұрап былай деген еді:

             

                        …Аз күндікке алданып,

                          Аз нәрсеге жалданып,

                          Адасқанын алаштың

                          Түзу жолға түсір, хақ!

 

     1909 жылы Семей түрмесінде жатып, қазақ халқының болашақ рухани көсемі, міне, осындай "тілек  батасын” айтқан болатын.    

 Ақыры, Қазақстанда тұру хұқынан айрылғандықтан, 1910 ж. 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына кетті. А. Байтұрсынұлы өміріндегі  бір белесті кезең – 1913- 18 жылдары Орынбор шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет- "Қазақты” редакциялап, жарыққа шығарып тұруы. Оның бастап көтерген мәселелерінің бірі-   қазақ халқын қорлап, тарихи шын атын бұрмалауға наразылық болды. "Түрік баласы” деп қол қойған автордың мақаласында "Қазақ- қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында ешбір ілік жоқ. Түрікмен мен башқұрт қандай басқа болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа – басқа ел”- деп тайға таңба басқандай, қазақтың өз алдына дербес жұрт екені айқын да ашық айтылады. Осылай қозғалған қоғамдық пікір үдей түсіп, ақыры 1925 жылдың 15-19 сәуір күндері   жаңа астанасы Қызылорда қаласында Кеңестердің V съезі болып өтті. Сол съезде  А. Байтұрсынұлы тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің ҚАЗАҚ деген атын қайтарып, елімізді қазақтың Автономиялық Социалистік Республикасы деп атау жөнінде ұсыныс енгізді

1917 жылы А. Байтұрсынұлы газеттен кетіп, 1919 жылдың наурыз айына дейін "Алаш” партиясының  жұмысына араласады,  біршама адасушылық күй кешеді. Бірақ сол замандағы қым- қуат саяси күрестің  арасынан нақ жолын  тапқан ол кейіннен Совет қызметіне белсене араласты. Мемлекеттік қызметкер ретінде үлкен қызметтер атқарып, жас қазақ совет үкіметінің  басшыларының бірі болған    А. Байтұрсынұлының басына бұлт үйіріліп,  бағы таюы да  өз халқының  басына түскен ауыр күн, зұлматтармен  астас болып келеді. Қазақстандағы бар билікті қолына алып, "Кіші октябрь” саясатын жүргізе бастаған Ф. И. Голощекиннің  білек сыбана бір көрінген тұсы- ұйып келе жатқан қазақ интеллигенциясын сүтше іріту еді.

1929  жылдың 2 маусымында алғаш қамауға алынған 30- ға тарта оқығандардың  алды болып нысанаға, әлбетте, "рухани көсем” – Ахмет Байтұрсынұлы ілінді.  


Сол соңғы ұсталған сағаттан кейінгі халдерін Ахаңның қолында тәрбиеленген  Самырат Кәкішев естелік кітабында еске алыпты: "Пәтерімізге кіріп келсем, үй ішінде шашылған заттар, сынған ыдыстар жайрап жатыр… Падрес апа жылап отыр екен… Содан соң: "Ой, Самырат, ағаңды НКВД алып кетті қара машинаға салып. "Қайда апара жатырсыңдар?” – деп сұрасам, бір аласа бойлы, қараторы жас жігіт: "О  дүниеге,- дейді.- Сұмдық- ай!”- деп сөйлеп жатыр… Сыртқа қарасам, үйімізді студенттер қоршап алыпты, біздің үйіміздің жанында Заң институты бар еді…”   

   Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде1929-1934 жылдары  айдауда  болған қуғын- сүргіннің  жаңа толқынына  ілігіп біржолата кете барды.  Халықаралық  Қызыл Крест  арқылы М.Горькийдің әйелі       Е.П. Пешкованың  жәрдемімен кесімді мерзімі бітпей, 1934 жылы босанып, әуелі Батыс- Сібір өлкесіне, кейінірек Алматыға оралады.

Бірақ ол бостандық баянды болмай, 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына  ілініп, атылады.  Қазақ халқы өзінің рухани  көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.

 

                    Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,

                    Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-

 

деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің  Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді.


















































Қорытынды: Алайда мынаны ұмытуға болмас: ел боламыз десек А. Байтұрсынов

қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен

көрінуіміз керек,  "Байтұрсыновшыл” болу- бүгінгі  қазақ зиялысы

алдында  тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.

         … Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

             Ойлайтындар мен емес бір күнгісін

            Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын


            Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,- деген Ахаң бүгінде бізді болашаққа шақырып

тұр.Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын: «...Ахмет халықтың арын

іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен, Ахмет Байтұрсынұлы

ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл».
Ол шын мәнінде ұлт ұстазы, халқымыздың рухани көсемі бола білді.







































Мазмұны

Кіріспе ---------------------------------------------------------- 1 бет

Негізгі бөлім --------------------------------------------------- 2 бет

А.Байтұрсыновтың өмірібаяны ---------------------------- 3 бет

«А.Байтұрсынов – ұлы ұстаз»-------------------------------- 4 бет

Қорытынды ----------------------------------------------------- 6 бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ------------------------------ 7 бет









































Пайдаланған әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А.Әдебиет танытқыш.Зерттеу мен өлеңдер.

Алматы.Атамұра,2003.-208 бет. 

2. А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы.

3. А. Байтұрсыновтың өлеңдері.

4. Қазақ тілі Алматы «Мектеп» 2010 жыл

5.А.Байтұрсынов қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақ тарихы. – 1998. - № 3. – 75-78 бб.













































Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, өз

ұлтына деген сүйіспеншілігін таныту.

Ұлағаты ұстаз туралы білуге оның шығармаларын, өлеңдерін айта алуға үйрету.

Адамгершілікке тәрбиелеу.



Общая информация

Номер материала: ДБ-110517

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС технических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление информационной средой на основе инноваций»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Стандартизация и метрология»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.