Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Доклад "Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану"

Доклад "Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану"

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Баяндама авторы: Құрманғалиева Жадыра Құрманғалиқызы


«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың   заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай  жаңалық жаршысы болуымыз керек.Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Бұл құралдардың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы енгізілді.Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

Ағылшын тілі — бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.Ағылшын тілі — ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Вальтер Скотт сөйлеген.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз

Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.

Компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуына мүмкіндік туады . Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.

Оқушылардың шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

  • электрондық пошта (e-mail), телеконференция, видеоконференция;

  • жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

  • серверге жеке шығару;

  • ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі арта түсуде.

Шетел тілі сабағында интерактивті тақтамен жұмыс жасай отырып, оқушылардың

сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

лексиканы оқып үйретеді;

сөйлеу ырғағын;

диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

хат жазуға үйретеді;

грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр — түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын. Курстық жұмыстың көкейтесті тақырыбын зерттеу мақсатында мемлекеттік іс-тәжірибеден өту кезінде теориалық материалдарды іс-тәжірибемде қолдандым.

Іс-тәжірибе жұмысын Бесқарағай ауданы, Жыланды ауылы, Жыланды орта білім беретін мектебінде өткіздім. Мемлекеттік іс-тәжірбиесінен өткен кезде өз сабақтарымда қолдандым. Және мен өз сабағымда “English grammar for pupils», ’ “Enjoy english” электронды оқулықтарын жиі қолданамын.

English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.

Enjoy English” электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді.Бұл диск екі бөліктен тұрады.

1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады.

2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады.

Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

оқушылардың шығармашылығын арттырады;

оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.

А. Байтұрсынов айтып кеткендей: «….Мұғалім қандай болса, мектеп, пән сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:

1. Модельдік технологиясы

2. Рейтингтік жүйе

3. Дамыта оқыту технологиясы

4.Сын тұрғысынан ойлау

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін мен өзімнің алдымдағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзімнің шеберлігіме орай таңдап алдым.

Оқушының танымдық қабілеттерін дамытып өздеріне деген сенімін арттырып, істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек. К.Роджерстің пікірінше, мұғалім:

  • Оқушыға сенім көрсету;

  • Оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;

  • Оқушының шет тілін оқуға деген ішкі қызығущылығына мән беру;

  • Оқушы қиындыққа кездескенде кеңес беретіндей тұлға болу;

  • Оқушыға ұялмай өз пікірін айта алуға көмектесу;

Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.

Осы мақсаттарға жету жолында Бесқарағай ауданы, Жыланды ауылы, Жыланды орта білім беретін мектебінде мемлекеттік іс-тәжірибе кезінде өзімнің сабақ беретін сыныптарымда біршама жұмыстар жасадым. Мысалы, оқушылардың бәрі үздік, екпінді оқушы емес. Ол кезде мен оқушылардың өз деңгейіне қарай тапсырмалар беріп отырдым. Соның арқасында сыныптағы барлық оқушы бағаланып, қатысып отырды. Оқушының дарындылығының дамуы қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты. Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – оқушының шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеп, оның шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін жетік меңгертуде. Осы іс-тіжірбиеде мен өз сабағымда проект технологиясын қолдандым. Оқушылар бұл технологияны қолданғанда өз білімдерін өздігімен ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде мәні зор. Мысалы 5,6,7 сыныпта оқушылар әртүрлі тақырыптарға «I like sports», «My school» «How much is it?», «Which room do you live in» т.б. эссе жаза бастады.

Мақсатқа жету оқушылар арқылы жүзеге асады. Оқушы басты тұлғаға айналады, ал мұғалім білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы, баланың қабілетін, көзін ашушы тұлға. Тілді үйретудегі негізгі мақсаты — ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету; оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту; оқушыларды өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде жаңа технологияларды пайдаланудың мәні зор. Жаңа технологияны сабақта дұрыс қолдана білу керек. Санына емес сапасына назар аударған жөн. Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны пайдалану арқылы оқушының құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған. Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны ақиқат.

Жаңа технологияны ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

оқушылардың шығармашылығын арттырады;

оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.

Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болуымыз қажет.

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі арта түсуде.Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.

Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа техналогияны пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы — Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.



Қолданылған әдебиеттер:


  1. 1.Ағылшын тілі. Аяпова Т. 7 сынып

  2. 2.Ағылшын тілі. Т.Б. Клементьева.

  3. 3.Шет тілі журналдары. 2008, 2009ж.

  4. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.

  5. Полат Е.С. Интернет шет тілі сабағы. 2001ж.








Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.02.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров319
Номер материала ДВ-424629
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх