Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад "Қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану тиімділігі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Доклад "Қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану тиімділігі"

библиотека
материалов

Ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Оқу үдерісінде педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі», – деген.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Ақпараттық-коммуникациялық технология не?- деген сұрақ туындайды. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды пайдалануда келесі дидиктикалық мақсаттарды іске асыруды міндет ету қажет:

1. Оқу еңбегін рационалды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқылатын пәнге қызығушылық қалыптастыру.

3. Ойлау әрекеттерін жалпылау тәсілдерін мақсатқа бағдарлауды қалыптастыру.

4. Оқушының өз беттерінше жұмыс істеулерін дамыту.

5. Оқушыны шығармашылқ әрекеттерге баулу.

6.Алған білімдерін пайдалану біліктерін қалыптастыру және оны өз бетінше іздену арқылы кеңейту.

7. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау.

Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

Мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады;

аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдейді;

оқу материалын терең түсінеді;

оқу мотивациясы артады;

білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтеді.

Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:

- психологиялық ахуал туғызу;

- оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;

- ақпараттық –коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;

-ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы;

-сыныптағы әр деңгейлі оқушылар ескерерілуі керек;

- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;

- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету;

- оқушылар өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;

Оқушының білімін көтерудің ең бастысы-пәнге деген қызығушылығын арттыру. Қызығушылықты тудырудың тәсілдері көп. Олар: түрлі дидактикалық ойындар,сайыстар, жарыстар, кештер, үйірмелер, олимпиадалар.Сабақтың ойын түрінде өткізілуі сынып оқушыларының жалпы көңіл-күйлерінің көтерілуін, яғни белсендіктерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді. Ал осы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда АҚТ маңызы зор.

Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.

Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен, кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар, қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Компьютер оқушының жауабын бағалайды, келесі кезекте қандай материал ұсынылуы қажет екенін анықтайды. Оқу үдерісінде компьютер оқытушы, электронды интерактивті тренажер, эксперт, іс-әрекет серіктесі, құралы, үйретуші, тексеруші, бағалаушы қызметтерін атқарады.

Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.

Мұғалімге жаңа материалды өте қызықты әрі түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті ең бірден-бір құрал бұл – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Интерактивті тақта өзінің аты айтып тұрғандай мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырады. Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар, алдын ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгертуге арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді.

Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі-пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдар арқылы оқыту, т.с.с. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.

Ақпараттық технология арқылы біз сабақтарды түрлендіріп, жаңаша ұйымдастыра алуға мүмкіндік туып отыр. Мен қазақ тілі мұғалімі болғандықтан өз сбағымнан мысалдар келтірейін. Әр сабақтың басында тыңдалым тыңдату.Бұл міндетті түрде тақырыпқа байланысты бейнежазба немесе тыңдалым көрсету арқылы балалардың сабаққа деген уәжін көтеріп, белсенділігін арттыру. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – оқушы өзін белсенді және еркін ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндік береді.

Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы өткізу өте тиімді және қызықты. Мысалы мен сабағымда кез келген жазушыны өтіп жатып, оқушыларға гиперссылка жасау арқылы қосымша материал іздеуге дағдыландырудамын. Ұтымдылығы, оқушылардың қызығушылықтарының оянуы соншалық, деңгейі төмен шәкірттерінің өзі орындай бастайды. Сонымен қатар интернет желісіне қосылған компьютер арқылы сабақ өткізу, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология – оқу орындарында білім жетілдіруші құрал, иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.

Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды орындатуға болады:

Тақырыпқа байланысты көрген бейнежазбаға өз ойын білдіру; диалог, монолог құру; сурет арқылы ойын жеткізу;

Компьютер экранына сөйлемдер жазылады. Ол сөйлемдер белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз дәптерлеріне жазу керек;

Аудиожазба тыңдағаннан кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы? екенін топпен талқылап, мазмұндайды;

Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды. өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап, салыстырады;

Мәтіннің басын тыңдатып, аяғын өздері құрастырып, аяқтайды;

Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келетінін табу; т.б. компьютерлік технологиялардың арқасында өте жылдам және ыңғайлы жүйеде жүзеге асуда.

Қорыта келгенде оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден–бір шарты.









.





















Ақсу қаласы

4 Орта мектебі









Баяндама

Тақырыбы:

Ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану













Оқыған: Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі -Досымханова Зауреш Мұратқызы



Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров377
Номер материала ДВ-184680
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх