Инфоурок Другое КонспектыДоклад "Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану"

Доклад "Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану"

Скачать материал

 

 

 

                                     

                                   

 

                                    Жоспар:

I

Ойын – баланың  қызығушылығын арттыратын оқу құралы.

II

1. Ойын технологиясын сабақта қолданудың тиімділігі.

      2. Қазақ тілі сабағында пайдаланылатын ойын түрлері.

III

      Оқушы тұлғасын қалыптастыруда ойын элементтерінің ықпалы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Біз бүгін еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек » деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, дәуірлеген заманымызда ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын сала – білім саласы екені бәрімізге аян. Бұл орында мұғалім қауымына артылатын жүктің салмағы ауыр екені белгілі.

 Ұстаздың жүгін адал орындау – біздің парызымыз. Ең алдымен, мұғалімге керегі – өз пәнін жете меңгеру. Ол үшін үздіксіз ізденіп, өз біліктілігін арттырып, оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірибелерді іскерлікпен пайдалану керек.

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» деген пікірімен бала өміріндегі ойынның маңыздылығына көз жеткізуге болады.

Ойын дегеніміз – баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады, алғырлықты, тапқырлықты, логикалық ойды дамытады. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сабаққа белсенділігін арттырады.

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі түрі, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты – бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында өткен тақырыпты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Мысалы: дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жасына сай күрделенгені дұрыс. Ойынның түрлері көп. Сондықтан ойын баланың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға айналып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.

Сабақта ойын түрлерін өткізу оқушылардың  ой - өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтуға әкеледі.

Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, жағдаяттық жағдайда, бағыттық түрде іскерлігін көрсететін, өзін - өзі басқаруын жетілдіретін  іс - әрекет. Ұлы педагог  В. А. Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді.

«Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» , - деп

М. Жұмабаев атап көрсеткендей, оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі сабағында орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді.

Ойын түрлерін сабақтың тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Ойын әрекеті оқу барысында төмендегідей қызметті атқарады.

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Овал: қатысымдықОвал: дамыту                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

 

        Қазақ тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындарды сабақтың мақсатына қарай мынадай түрлерге бөліп қарастырады:

1.Тапқырлық ойындар

2.Ізденімдік ойындар

3.Рөлдік ойындар

4.Іскерлік ойындар

      1. Тапқырлық ойындар – оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастырады. Мысалы: асық ойыны,

«Қоржында не бар?» ойыны, «Дыбыстық ойыны»,«Әліпбиді білесің бе?» ойыны.

«Қоржында не бар?» ойыны (қоржында жатқан әріптерден сөз құрастыру керек) .

«Дыбыстық ойыны» (1 минут ішінде 1 - қатар «А» дыбысына, 2 -қатар  «Ұ» дыбысына, 3 - қатар «Ә» дыбысына сөз құрастыруы керек ) .

«Әліпбиді білесің бе?» ойынының шарты: қазақ әліпбиіндегі әріптердің реттік санын білу, сол бойынша жасырынған сөздерді, мақал-мәтелдерді шешу:

 

 

 


     1                25                     1                          17                    8                    14                        8                 18      

 

      18                        1                         18

 

 

2.  Ізденімдік ойындар – оқушыларды өздігінен ойлауға үйретеді. Мысалы: «Баламасын тап» ойыны, «Қандай сөздер жасырынған ?» ойыны,  «Буынды тез тап» ойыны, «Бинго» ойыны.

«Баламасын тап» ойыны (1 - қатардағы сөздерге 2 - қатардан баламасын табу керек )

Жалқы –                                                  Жалпы –

Деректі –                                                 Туынды –

Дара –                                                      Жанды –

Дерексіз –                                                Күрделі –

Негізгі –                                                  Жансыз –

 «Қандай сөздер жасырынған?» ойыны:

        РАЖАҚЫРЫЙД – жарқырайды

        ІРЕИД – ериді

        ПҰШЫ КЕДІЛЕ – ұшып келеді

        ҮЛГДІДЕЙ – гүлдейді

        БЫРЖАҢ УАДЫЖА – жаңбыр жауады

        ДЫҚАЗА – қазады

        ҚҰДЫЯ – құяды

        ЗҰДАРАЫ – ұзарады

        ДЫНАОЯ – оянады

        ДІКЕЛ – келді

«Буынды тез тап» ойыны ( «қар» буынынан басталатын сөздерді жазу керек. Мысалы: қарлығаш, қарға, т. б.)

3. Рөлдік ойындар – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар.

4. Іскерлік ойындар – оқушылардың түрлі жағдайда дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын, диалогтік және монологтік үлгілерін жетілдіретін ойын түрі.

«Дос тақырыбына сөз тіркестерін құра» ойыны: (1 - сөз сын есімнен   2 - сөз зат есімнен болу керек ) . Мысалы:  Жақсы дос

Сын есім + зат есім

Сан есім + зат есім

Зат есім + зат есім

Есімдік + зат есім

Зат есім + етістік

Сабақта  дидактикалық  ойын түрлерін пайдалануда бала білімінің деңгейін, біліктілік сапасын көтеретіндей, ұлттық санаға, салт - дәстүрге, тәрбиеге сай болуын ескеруіміз керек. Мысалы: жамбы ату, асық ойыны. Жазушылардың суреттерін көрсетіп, сол сурет туралы әңгіме құратуға, олардың шығармаларының атын атап, сипаттама бергізуге болады.

 «Тез ойлан» ойыны – үш буыны да ашық дауысты, үш дауыссыз дыбыс қайталансын. Ол қай сөз? – кереге, терезе.

Үш дыбысты сөз ойла. Оның дауыстысы жуан, ашық, еріндік болсын. Мысалы: қол, жол, мол. Сынып оқушылары ішінен аты үндіден басталып, ашық, жуан, езулік дауысты дыбысқа аяқталсын. Мысалы: Роза, Лара, Майра.

      Түрлі ойындарды өткізу сөзсіз сабақты жандандырып, оқушылардың қызығушылығын арттырады.

      Ойын – әрекет және белсенділік. Балалар шаршаған мезетте сергіту, бой жазу жаттығулары өте пайдалы. Сергіту ойындары балалардың сабақта зейін қойып тыңдауына, ақыл - ой бір нәрсеге тұрақтандырып, саналы түрде білуге септігін тигізеді.

      Ойын элементтерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдаланумен қатар, ұйымдастыру кезеңінде пайдалану тиімді.

      Білім беру жүйесінде үш тілді білу, орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту міндеттері қойылған. Оқушыларға қазақ тілін оқытудың сапасын жақсарту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатындай болып шығуына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Бірыңғай жазу жұмыстары, жалаң сөз, жаттау оқушыларды жалықтырады. Ал ойын технологиясын қазақ тілі сабақтарында қолдану жақсы нәтиже берері анық.

      Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет - қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттіліктерін іріктеп ала білу – ұстаз шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді тауып айт» . Ойынның мақсаты –

қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар керекті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында «Заттың атаулары» деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды. Жауаптарын жазады. Сондай - ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Кім тез, шапшаң?» ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады.

      Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын, зейінін, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орыны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында қолданылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т. б.

      Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «Кім тез?» , «Қуаласпақ» , «Аударыспақ » , «Құсбегі», «Вагондарды құрау» ,        « Қай әріп жоғалды?» , «Лоторея ұту» , «Жасырынбақ» , «Атын айт» ,                « Түсін таны» , т. б. ойындар.

      Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. «Синтаксистік касса» ойыны. Кәртішкеде бірнеше суреттер көрсетіледі. ( адам, құс т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар кәртішкесі жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.

«Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой - толғау, хабарландыру, жарнама құрастырылады. ( ауызша )

«Кедергіден өту» ойыны. Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырмасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп, мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.

«Вагон құрау» ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр

балаға – 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагоны алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.

«Атын айт» ойыны. Интерактивті тақтада бір - бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып, суреттерді       

«белгісі» арқылы топтап, себебін түсіндіреді.

Сабақтан тыс уақытта қимыл - әрекет ойындарына көңіл бөлінеді. «Туған күні» , «Ақ терек, көк терек» , «Ақ тоқаш» , «Айға ұшу» , «Кім болам?»          сияқты ойындар ойналады. Қимылдары дамуымен қатар, ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды. Оқушылар алдына түрлі өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар ойнап отырып, сол туындаған мәселені шешуге дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады. Мысалы: «Біздің үйіміз» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап алады.

«Жадыңа сақта» ойыны. Тақтаға немесе плакатқа жазылған 10 - 12 сөз оқушылар назарына көрсетіледі. 2 - 3 минут өткеннен кейін тақтадағы сөздер өшіріледі. Оқушылар есінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазу керек. Сөздерді дұрыс, нақты ( 10 сөз ) жазған  оқушы жеңеді.

«Мамандықтар» ойыны. Ойын мазмұны: Power Point - та мамандықтар суреттері беріледі. Олар 3 топқа бөлінген. Ойыншы солардың бірін таңдау керек. Суреттер кезек - кезек шығып тұрады. Әр сурет шыққан соң, оқушы 3 секундтың ішінде оның кім екенін айту керек. 3 секундтан кейін суреттегі мамандықтың аты өздігінен шығады. Егер ойыншы мен суреттегі мамандықтың аты сәйкес келсе, ойыншыға бір ұпай жазылады. Осылайша көп ұпай жинаған ойыншыға сыйлық беріледі.

«Көкпар» ойыны. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ойынды алуға тырысатындай етіп, жарыс түрінде өткізу керек. Әр топтан бір - бір ойыншыдан шығып, «Қоржыннан» асық алып, нөмірі оқылып, сол нөмірдегі конверт ашылып, ішіндегі жұмбақ оқылады.

Білім сайысы:

1. Ең терең көл? ( Байкал )

2. Ең ірі планета? ( Юпитер)

                              3. Жылқы қанша жасайды? ( 30 жас )

                              4. Ұшпайтын ең үлкен құс? ( страус )

Жұмбақтар:

Тілі жоқ, ақыл - кеңес береді. ( Кітап )

Қолы, қаламы жоқ, бірақ сурет салады. ( Аяз )

Синонимдер: Әр жолдан бір - біріне мағынасы жақын сөздерді тауып, астын сызыңыз.  1) Күн, сәуле, нұр, ай.

                     2) Шұғылдану, орналасу, ұсыну, айналысу.

                     3) Той, мереке, мейрам, жиналыс.

   Антонимдер: Әр жолдан бір - біріне мағынасы қарама - қарсы сөздерді табыңыз.

                                               1)Көлденең, ұзын, дөңгелек, қысқа.   

                                               2)Алыс, ерте, жіңішке, жақын.

                           Артық сөзді тап: Мағынасы жағынан сәйкес келмейтін артық сөзді тап.

 1) Жылқы, сиыр, аю, қой.

                             2) Түлкі, қасқыр, түйе, жолбарыс.

«Бір сөзбен айт» ойыны. Әр топқа 6 парақ беріледі. Парақтарға оқу құралдары, мамандықтар, жемістер, үй жануарлары, азық - түліктер, дене мүшелері, көкөністер, түстер, киімдер, отбасы мүшелері деген сөздер жазылған. Оқушы қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты бірнеше сөз айту керек.

    I топ

Оқу құралдары – дәптер, өшіргіш, қалам, күнделік, сызғыш.

Пәндер – тарих, қазақ тілі, ағылшын тілі, дүниетану.

Мамандықтар – инженер, дәрігер, суретші, жазушы.

Азық - түліктер – қант, нан, айран, сүзбе, кәмпит.

    II топ

Отбасы мүшелері – бауыр, әже, әке, ана, аға, ата, сіңлі.

Көкөністер – қызанақ, орамжапырақ, пияз, қияр.

Аңдар – қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, кірпі.

Киімдер – көйлек, жейде, шалбар, құлақшын.

Қазақ тілінде ойын элементтерін енгізудің маңызы зор. Ол оқушының шығармашылық қабілетін, сабақта белсенділігін арттырады, қазақ тіліне деген қызығушылығын оятып, білімін молайта түсуіне әсерін тигізеді.

5 – сыныпта ойын түрлерін қолдану арқылы өткізген сабақ үлгімді айтып өтсем деймін.

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты:

   1) Білімділік: дауысты дыбыстардың айтылу ерекшелігін ұғындыру;    жасалу жолын түсіндіру.

2) Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік: тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі, қалыпты жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі

                                  Оқушыларды түгендеу

                       Сыныпты 2 топқа бөлемін:  «Талап» тобы  мен «Достық» тобы.

                                      Жаңа сабақ

1. Дауысты дыбыстар туралы мағлұмат беру.

2. «Адасқан әріптер» ойынын ойнау.

 

 

1 - топ тапсырмасы:

2 - топ тапсырмасы:

р, о, б – бор

а, ж, л, у, а – жалқау

а, ш, а, ғ – ағаш

к, е, т, р, е, м, е – керемет

б, ғ, а, а, б, н – бағбан

ы, қ, а, з, н, қ, а – қызанақ

 

а, л, а, д – дала

і, м, б, л, і – білім

т, т, е, к, і – текті

ж, а, ғ, й, п, ы, а – ғажайып

қ, а, б, ы, й, л – байлық

д, е, ә, и, т, е, б – әдебиет

 

 

 

 

3. «Жұмбақтар» ойыны. Жұмбақтардың шешуінен дауысты   дыбыстарды табу.

1. Көк көйлекті жеңешем,

    Көлбең - көлбең етеді.

                          ( Түтін )               Дауысты дыбыстар: ү, і.

2. Ақ лағым арық еді, кеше ғана сымпиған,

    Әжем бір күні бағып еді, семіз болды бұлтиған.

                          ( Ұршық )            Дауысты дыбыстар: ұ, ы.

4.  «Арқан тартыс» ойыны:

А) Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай бөлінуі;

Ә) Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай бөлінуі;

Б) Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай бөлінуі;

В) Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы;

5. «Жасырынған әріптер» ойыны. Берілген сандар бойынша дыбыстарды  рет - ретімен қойып, сабақ тақырыбының атауын оқу.

 

11

13

9

10

5

1

14

6

4

15

2

7

12

8

3

ы

т

ы

б

с

д

а

т

ы

р

а

ы

с

д

у

 

 

 

 

 

6. Сабақты бекіту: ( сұрақтар арқылы )

 – Дауысты дыбыстардың ерекшеліктері қандай?

 – Дауысты дыбыстардың түрлері?

 – Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды атап бер.

7. Үйге тапсырма: Көркем әдебиеттен бес сөйлем жазып, дауысты дыбыстарды табу, түрлеріне ажырату.

8. Оқушыларды бағалау

 8 - сыныпта «Бәйтерек» тақырыбында өткен сабағымның үлгісі.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: оқушыларға байтақ қазақ жерінің кіндігінде  орналасқан     жаңа Астана тарихымен таныстыру, жан - жақты мағлұмат беру, сұрақ арқылы білімдерін кеңейту.

 2) Тәрбиелік: екі ғасыр тоғысында Еуразия құрлығында тарихқа енген жаңа астанамыз – Астана қаласымен мақтануға тәрбиелеу.

3) Дамытушылық: астанасына қарап, елін таниды дегендей, Астана мемлекетіміздің биік мәртебесі, бірліктің тұтқасы екендігін таныту,            «Бәйтерек» кешенін суреттеу арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, тілін дамыту.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын ойнау, жарыс сабағы.

       Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих пәні

Сабақтың барысы: I.  Ұйымдастыру

   II. Үй тапсырмасын тексеру. «Астана» туралы         мәтін дайындау ( 3 тілде )

   III.  Жаңа сабақ

     I. Мәтінді түсіндіру

 

  Астана

 

                                               Орынбор           Қызыл – Орда       Алматы

                                               1920-1924            ( Ақмешіт )          1929 - 1995

                                                                            1924 - 1929

 

 

  Астана

1995 жыл – көшіру туралы бұйрықтың шығуы

1997 жыл – Ақмолаға көшу

1998 жыл – Ақмола – Астана болу

II. Сөздікпен жұмыс

астана – столица

бас – главный

әйгілі – известно

III. 3 топқа бөлу

1. Бәйтерек

2. Ақорда

3. Атамекен

IV. «Сөйлем қуаласпақ» ойыны. ( интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. ) Эссе, ой - толғау, хабарландыру, жарнама немесе мәтін құру керек. ( ауызша орындалады )

V. Топтастыру әдісі

 

 

 


Овал:  БәйтерекОвал:   Астана 

 

 

 

 


Интерактивті тақтамен жұмыс

VI. «Бәйтерек» кешеніне саяхат.

1 - тапсырма: сұрақ - жауап. Ұяшықпен жұмыс.

VII. «Ақорда» , «Парламент үйіне» саяхат

2 - тапсырма: сөйлем мүшелеріне талдау

1- топ: Астана – байтақ елдің қаласы.

2 - топ: Астана қаласы 2008 жылы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті.

3 - топ: Бәйтерек – жер жаһанды кейіптейтін әлем ағашы.

VIII. «Думан» ойын - сауық  кешеніне саяхат.

3 - тапсырма: Бәйтерек, Ақорда, Атамекен сөздерін септеу.

IX. «Конгресс – холға» саяхат

4 - тапсырма: «Астана» , «Бәйтерек» туралы өлең оқу.

X. «Хан шатырына» саяхат.

5 - тапсырма: шығарма жазу

1 – топқа «Астана – тарихи қала»

2- топқа «Астана – экономикалық саяси орталық»

3 - топқа «Астана – болашақтың қаласы»

XI. Оқулықпен жұмыс

XII. Сабақты бекіту ( сұрақтар арқылы )

XIII. Үйге тапсырма:  «Бәйтерек»  түсінік айту

XIV. Оқушыларды бағалау.

   9- сыныпта өткен сабақ үлгісі:

Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев

Сабақтың мақсаты:

1)    Білімділік: оқушыларға қазақ халқының суретшісінің бірі Әбілхан Қастеев туралы өмірінен мағлұмат беру, сұрақтар арқылы білімдерін кеңейту.

2)    Дамытушылық: жаңа тақырып бойынша оқушының өз ойын айқын, түсінікті жеткізе білуіне үйрету.

3)    Тәрбиелік: қазақ халқының сурет өнерімен таныстырып, мәдени тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі: Ә. Қастеев портреті, суреттері, интерактивті тақта, кесте, сызбалар, слайдтар.

Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру

                                  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

                                  ІІІ. Жаңа сабақ

                         1.Топтастыру әдісі:

                 

Овал: Әбілхан Қастеев     

 

 

 

 


 2. Сөздік жұмысы: жарқын құбылыс-яркое явление;

                                 әкесінен ерте айырылған- оставшись рано без отца;

                                 таңғалдыру- удивить;

                                 даму- развитие;

                                 үлес қосу- внести вклад;

                                 дүниетаным- познание мира;

                                 ерекшеліктері- особенности;

                                 назар- внимание.

3. Мәтінмен жұмыс түрлері: мәтінді оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру.

4. Жаттығу жұмыстары:

            1- тапсырма: сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау.

           2- тапсырма: берілген сөздерге морфологиялық талдау жасау.

Суретшілерінің, мәдениетімізге, сыйлығының, шеберлігінің, тарихымыз.

5. «Суреттерді сөйлет» ойыны.

Интерактивті тақтадан «Абай жайлауда» (1977), «Түркісіб» (1932), «Жамбылдың портреті» (1937) көрсетіледі. Оқушылар суреттер бойынша мәтін құрастырады, берілген тақырып бойынша хат, эссе құрастыруға болады.

 

V. Қорытынды жасау. INSERT бетшесін толтыру.

Нені білемін?

 

Нені білдім?

Нені білгім  келеді?

Қазақстан суретшілері туралы білемін.

 

 

 

 

Әбілхан Қастеевтің туындыларымен таныстым.

Ә.Қастеевтің еңбектерімен терең танысқым келеді.

Ә.Қастеевтің отбасы жөнінде білгім келеді.

 

VI. Үй тапсырмасы: мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.

VII. Бағалау.

 

      Қорыта келгенде, ойын арқылы оқушының қисынды ой - қабілеті дамиды, өздігінен жұмыс  істеуге үйренеді, сөздік қоры байиды, тілі дамиды, зейіні қалыптасады, байқампаздығы артады, өзара сыйластыққа үйретеді, тәртіптілікке баулиды, бір - біріне сенімі артады, сабаққа қызығушылығы артады. Осылайша, ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді. Өз тәжірибемде ойын элементтерін қазақ тілі сабақтарында жаңа технологиямен ұштастыра отырып, солардың нәтижесін оқушыларымның мынадай жетістіктерінен көріп жүрмін. Білім байқауында, олимпиадаларда, түрлі байқауларда жетістіктерге жетіп жүрген оқушыларым бар.  

      Атап айтсақ, 9-сынып оқушысы Волкова Екатерина, ұлты-орыс, 2013 - 2014 оқу жылында «Тіл- халық жанын танудың кілті» қазақ тілі білгірлерінің облыстық байқауында І орын, республикалық байқауында «Алғыс хатпен» марапатталды. Ахмед Малика – өзбек ұлтының өкілі, аудандық білім байқауының жеңімпазы. Мектепішілік шараларда мемлекеттік тілді терең меңгергендігін, жетік білетіндігін, ерекше қызығушылық танытатынын көрсетіп отырады.

     Алдағы уақытта да өз сабақтарымда ойын элементтерін қолдану арқылы оқушыға қазақ тілін терең меңгертуді, оқушы сауаттылығын арттыруды мақсат етемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М. Жұмабаев «Ойын технологиясының ерекшеліктері»

2. С. Буланова «Құзыреттілік және ойын технологиясы»

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» 2014 жыл

4. «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері»

Авторы: А. Әбішева  Алматы: 2009 жыл.

5. «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың әдістемесі» Алматы, 1996жыл

Авторлары: Оралбаева Н. Жақсылықова К.

6. «Қазақ тілі сабақтары» журналы. №11-2010жыл. Астана қаласы.

7. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» 2006 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад "Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 973 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.10.2015 2342
    • DOCX 52.2 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Космагамбетова Зару Куанышкалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28066
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 11 регионов

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе