Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДоклад "Қазақ тілінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі"

Доклад "Қазақ тілінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі"

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Теміртау қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

Тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында ақпараттық – коммуникативтік технологияны (АКТ) қолдану тиімділігі»

 

 

 

 

 

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі

Исаева Алтынай Саматовна

 

 

 

 

 

 

 

 

Теміртау қаласы

2013 – 2014

«Баланың ынтасын артыру үшін

                                                       оқылатын нәрседен  біржаңалық  

                                                      болуы керек»                   

                                                                            Жүсіпбек Аймауытов

         Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.

        Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын

Білімді, іскер, шебер болу керек.

        Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары

Дарынды, өнерпаз

Іздемпаз, талапты

Өз алдына мақсат қоя білу керек.

Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігі қарай жүзеге асады.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық – коммуникациялық  технологиялар» ұғымы  «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне АКТ-ны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы есептеу техникалары біртұтас күрделі жүйе болып табылады. Сол себепті, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда АКТ - ны оқып - үйрену және оны қолдану күрделі процесс болып табылады.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым .

Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына  сүйенген  жаңа  білім  стратегиясына  көшу  болып табылады. Осыған  сәйкес  қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшеліктеріне – оның  іргелілігі,  алдын алу  сипаты  және  оларға  қол  жеткізу  мүмкіндіктері  жатады.

Ақпараттық – коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Оқу процесінде қолданылатын  АКТ  құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критериі ретінде  АКТ құралдарын әдістемелік тағайындау облысы болатын жол болып табылады.

Ақпараттық – коммуникациялық технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады.

Ақпараттық – коммуникациялық технология – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық – коммуникациялық технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады (1 - сурет).

 

 

1 – сурет. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның бағыттары мен міндеттері.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:

- Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру

- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;

- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).

- Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Мақсаты: білім беруді ақпаратттандыру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдану арқылы қазақ тілі пәнін оқытудың сапасын арттыру, оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Міндеттері:

-  жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының  өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу;

-  сол арқылы білім, білік, дағдының  жоғары деңгейіне шығу;

-  оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру;

-  пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-  пән бойынша білім сапасын арттыру.

Ирэна Веньяминовна Роберттің (педагогика ғылымының докторы) ғылыми-зерттеу еңбектерінде жаңа ақпараттық (коммуникациялық) технология құралдарын педагогикалық мақсатта қолданудың келесі негіздері белгіленген:

1. Ақпараттық технологиялардың негізінде оқу-әрбие үдерісінің барлық деңгейін қарқындату бағытында, яғни

-       оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін көтеру;

-       танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру;

-       пәнаралық байланыстарды тереңдету;

-       қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.

2. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту, ақпаратық қоғам жағдайындағы өмірге өзіндік дайындықтар, яғни

-       түрлі ойлау қабілеттерін дамыту;

-       байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту;

-       күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну;

-        компьютерлік графика мен мультимедиа технологияларын пайдаланып, эстетикалық тәрбиелеу;

-       ақпаратты өңдеу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;

-       жағдай немесе мәселені моделдей білуді дамыту;

-       тәжірибелі-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.

Білімді ақпараттандыру – қазақ тілін үйретудің басты талабы. Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің дамуына байланысты тіл үйретудің мазмұны жаңарып отырады. Қазақ тілін үйретуде қолданылатын ақпараттық білім ортасы тіл үйренушінің ақпараттық сана-сезімінің, қатысымдық құзыретінің қалыптасуына зор әсер етеді.

Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қазақ тілін үйрету мен ақпараттық технологияларды игеру жарыспалы түрде қолданылады. Ақпараттық қоғам кезінде оқытушы тіл үйренушілердің алдында жалғыз ақпарат көзі болмайды. Ол ақпарат алуды жеңілдететін аралық тұлғаға айналады. Адамзат өркениетінің іргелі сипаты қажетті ақпаратты іріктеп алу, жинақтау, өмірге бейімдеп өңдеу және тұтыну болып табылады. Ақпараттық қоғамда алғашқы компьютерлік сауаттылық пен оны пайдалана білуді меңгермейінше, белгіленген міндеттерді шешу үшін компьютерлік құралдарды пайдалана білмейінше қазіргі ғылым мен мәдениетте, өндірісте, іскерлік пен қоғамның басқа да саласында адамның шығармашылық әлеуметін толық пайдалану мүмкін емес. Сондықтан қазақ тілін үйретуде қатысымдық құзыреттіліктің жоғары белсенді түрін дамыту ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданғанда жүзеге асады.

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық технологияларды (электронды оқулық) пайдаланудың тиімділігі:

-         оқушының өз бетімен жұмысы;

-         аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

-          білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

-          шығармашылық есептер шығару;

-          қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

-          қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

-          экономикалық тиімділігі;

-          іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

-         қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

-          оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Мұғалім сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны (электронды оқулық)  пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Электронды оқулықты қолдану саласы өте кең: электронды – оқыту жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның  дамуының тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің  жұмысын жеңілдете түседі. 

    

 

Электронды оқулықты пайдалану арқылы:

-                сабақта техникалық құралдарды (компьютер), дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

-                мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;

-                оқушының пәнге қызығушылығы;

-                алынған білім, дағды деңгейі;

-                білімнің тереңдігі;

-                тексеру түрлері, бағалау;

-                практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

Электронды оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

-  Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

-  Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;

-  Жұмысты тиянақты түрде орындауға;

-  Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

- Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

-  Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

   Қазіргі таңда мен өз сабағымда дайындаған электронды оқулығымды пайдаланып өтемін. Онда әр тарауда кестелер, жаттығулар қамтылған. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары оқушы білімін бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор. Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының  нәтижесі әр оқушыға жауап беру деңгейіне қарай смайликпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.

Мәселен, сан есімді қорытындылау сабағымда электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген зейіні, қызығуының ерекше артқандығы байқалды. Сонымен қатар ұмытып қалған ережелерді тапсырмалар арқылы еске түсіруге зор ықпал етеді, уақытты үнемдейді.

Мысалы, Тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

... мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні.

...наурыз-Халықаралық бірлігі күні.

...тамыз Қазақстан Республикасы Конституция күні.

...желтоқсан-Тәуелсіздік күні.

...наурыз-көктем,береке мерекесі.

Керекті сөздер. Он алтыншы,отызыншы,сегізінші,бірінші,жиырма екінші.

Тапсырма. Реттік сан есімнің тиісті жұрнағын жалғаңыз.

он бес,  жеті, алпыс, үш, отыз, алты, екі, он, тоғыз

Керекті жұрнақтар.-ыншы,-ншы,-інші,-нші

Әр тарауда қайталау сабағында тест арқылы жұмысын  жүргізуге болады. Мысалы:

8. Кімдер? сұрағына жауап беретін сөзді тап. 

А) ұшқыштар           

Ә) терезелер              

Б) жылқылар

Ескерту. Тесттің «жауабы дұрыс» күлген смайлик, «жауабы бұрыс» болса жылап жатқан смайлик көрінеді. Осы тапсырмаларды орындағанда оқушылардың сауаттылығы жақсарып, сөз қорлары молайып, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады т.б. Жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану тиімді.

Бұл жинақта 3-сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қортындылау тапсырмалары жан-жақты қарастырылған. Қазақстан Республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілін жетік игеру үшін сөз құрамы,  жай сөйлем түрлері,  сөйлем мүшелері, сөз таптарынан гипермәтін (ереже), деңгейлік тапсырмалары, тест сұрақтарын кездестіруге болады. Осы ұсынып отырған жинақ оқушылардың білімін толықтыруға, алған білімін бекітуге қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді деп сенеміз.

Мақсаты: Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың ой - өрісін кеңейту, алған білімдерін одан-әрі тереңдету. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап және шығармашылық қабілеттерін, интеллектуалды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу. Жинақта 3-сыныпқа тарау бойынша жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жинақталып алынған. Тақырыптық тестік тапсырмаларды орналастырғанда оқулықтардағы тарау реті сақталды. Бұл жинақта 3 сынып материалдары толық қамтылған. Бұл жинақта пән қызыл түспен, гипермәтін (ереже) көк түспен, тапсырмалар жасыл түспен, ал тест сары түспен боялған.

Міндеті: Оқушылардың ой-өрістерін  кеңейту ойлау қаблетін дамыту. Сұрақтарға дұрыс жауап беру. Оқушылардың білімін толық ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылды.   Қазақ тілін құрметтеуге баулу.

Күтілетін нәтиже: қазақ тілі жинағы 3-сыныпқа арналған көмекші құрал ретінде оқушылар мен ұстаздарға ұсынылып отыр. Бұл жинақ тест тапсырмаларын пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысқа бейімділігін арттыра отырып, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Бұл ерекшелік сөз жоқ оқушыларды жан-жақты дамуға, өз пікірін айта білуге, білімге деген құштарлығын, пәнге деген сүйіспеншілігіне ықпал етеді деген мақсатпен құрылды.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Шығармашылықпен іздену мұғалімнің еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет-оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.

         Меніңше, осы оқыту жүйесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды   қолдану төмендегідей нәтиже береді:

-            Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;

-            Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;

-            Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;

-            Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;

-            Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс.

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.

 

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

Ø           Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.

Ø           Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ қазақ тілі пәнінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

Ø           Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.

Ø           Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.

Ø           Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

Ø           Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

Ø           Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

Ø           Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.

Ø           Пәнаралық байланыстың аздығы.

Ø           Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.

Ø           Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

Ø           Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.

 

 

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

1.          Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

2.          Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

3.          Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

4.          Дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

ü          Кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;

ü          Жай оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды электронды оқулықтардан қысқа уақытта табуға болады;

ü          Гипермәтінді түсіндірмелерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.

Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды қазақ тілі сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

Соңында, қорыта айтатын болсақ, АКТ - ның ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды молынан алады.

 «Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарымда ақпараттық – коммуникациялық технология құралдарын қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:

-                Оқушының оқуға деген ынтасы артады;

-                Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;

-                Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;

-                Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;

-                Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

-                Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.

Демек, жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.            “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.

2.            «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж. Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі»

3.            Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

4.            Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  

5.            “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл

6.         Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет

7.            Жүнісова Р.Қ. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлесуін еуростандарт негізінде ақпараттық коммуникативтік технологиялар арқылы дамытуды басқару”. - Ғаламтор желісі 

8.            Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 8-бап.

9.            Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

10.       Роберт И.В., Панюкова С.В., Кузнецов А.А., Кравцова А.Ю. Информационные и коммуникационные технологии в образова­нии: Учебно-методическое пособие для педагогических вузов. / Под редакцией И.В. Роберт. - М.: ИИО РАО, 2006. - 374 с. (ғаламтор желісінен)

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад "Қазақ тілінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 917 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.09.2015 3133
    • DOCX 184.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исаева Алтынай Саматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исаева Алтынай Саматовна
    Исаева Алтынай Саматовна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22118
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 521 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции